Дулаттан бір ұл тумас па?

Дулаттан бір ұл тумас па 
Ата жолын қумас па?
Дүркіретіп дүниені...
Орданы қайта құрмас па?

*****

Дулаттан бір ұл тумас па?
Ата жолын қумас па?
Көк бөрінің рухына
Ақсарбасты шалмас па?

*****

Дулаттан бір ұл тумас па ?
Ата жолын қумас па?
Әлемде көп қантөгіс
Соның алдын алмас па?

*****

Сиқымнан бір ұл тумас па?
Ата жолын қумас па?
Қарақойлы - Аққойлы
Мемлекетін құрмас па?

*****

Ер Төленің ұлысын 
Тағы да ұстап тұрмас па?
Қасым ханның кезіндей 
Қиқымдай көп Сиқымнан
Жүз мың атты шықпас па?

******

Сиқымнан бір ұл тумас па?
Ата жолын қумас па?
Кутайбаны айырған
Сүлік қаған болмас па?

*****

Бес Дулының баласы, бір арада тұрмас па?
Тұрысатын жерінде
Атажауын қумас па?

*****

Үлкен ұлы Сиқымды
Жолы үлкен деп сыйлайды
Қиқымдайын көп Сиқым
Қазағым деп жырлайды

*****

Қамыстайын көп Жаныс
Қазағыма ол таныс
Төле бабам бас болған 
Жаныс та бір Жолбарыс!


*****

Ботпай деген бір ұлы
Даналары көп еді
Ел билеген Аттила
Ботпай ұрқынан еді

*****

Шымыр деген елім бар
Елім деген ері бар
Бауыржандай атамыз
Тарап отыр Шымырдан

*****

Дулаттан бір ұл тумас па?
Ата жолын қумас па?
Қазақ атын аспанға 
Алтындатып жазбас па?!.

*****

Ата бабамыздың әруағы желеп-жебеп жүрсін

Әумин

 

Шуылдақ Шадырман

7 қараша 2023

 

Дулаттардың таңбасы. Дулат руының таңбасы

Comments powered by CComment

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

☘ Арқаман концепциясы. Ақпарат

Мен Шуылдақ Шадырман, Арқамандардың үйлестірушісі

Арқайым елінің ұланы

Өзіме Ғалам артқан міндетті сезіне отырып, бойымдағы әруақ-құдайдың құдыретін мойындай отырып, төмендегіні баяндаймын

Write comment (0 Comments)

🌏 Арқамандар мектебі

Арқамандар мектебі

Мен Шуылдақ Шадырман, Арқамандардың үйлестірушісі

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...