⚠ Өлгеннен соң не болады? | ☣ Емізгенді еме берме...

- Өлген соң не болады?

- Өліп көрмедім, айта алмайм

- О дүниеде не бар?

- Ата-бабамның әруағы бар

- Өлім періштесі келіп кәпірдің жаны деп, сені қинап алады екен...

- Оны кім айтты?

- Уағызда айтты...

- Сол уағызшының өзіне өлім періштесі анекдот айтып келе ме екен?

- Білмейм

 

 

- Мені  тұрмақ өзін білмей жатып, жұртқа ақыл айтпасыншы...

- Ол деген адамды имандылыққа баулиды ғой

- Баулыса не бопты?

- Адамдар құдайға сенеді

- Құдай маған сеніңдер депті ме?

- Иә, әрине

- Сенбесем іші кеуіп кете ме?

- Жоға астапыралла, құдай ашуланады

- О кісі де бір шикіөкпе бозбала сияқты біреу екен, ашуы мұрнының ұшында тұратын...

- Ашуланса не қылады?

- Апат келеді

- Апат айтып келе ме?

- Айтпай келед

- Апат тек кәпірге бара ма?

- Жоқ, бәріне бара береді

- Ондай болса, құдайға сенгенімнен не пайда?

- Есесіне ана дүниеде бақытты боласың

- Оны қайдан білдің?

- Уағызда айтты

- Барып көріп пе?

- Жоға, кітапта жазылған

- Кімнің кітабында

- Құдайдың кітабында...

- Құдай ақын-жазушы ма не?

- Құдай пайғамбарға айтып тұрған

- Сөйтіп, пайғамбар жазған ба?

- Жоқ, ол кісі жазбаған

- Сонда ол кітапты кім жазған?

- Сахабалар жазған

- Сахабалардың қолынан шыққан кітап па?

- Құдайдың сөзін сахабалар көшіріп жазған...

- Сахабалардың өзі айтты ма, жаздық көшіріп деп?

- Оны ғұламалар айтқан, Сахабалар көшіріп жазды деп

- Сахаба деген адам ба?

- Иә, тарихта болған асыл адамдар

- Демек, кітапты адам жазған болып тұр

- Жоқ, құдай жазған

- Құдайың да қызық осы, жазатын болса, аспанға неге жазып қоймайды, адамның қолы жетпейтін жерге

- Адамның қолы тиген соң белгілі ғой, коррупция басталып, бармақ басты, көз қысты боп кетеді, сөзді керегіне қарай бұрмалай береді...

- Бір әрпі де ауыспаған ол кітаптың

- Соны сен бақылап тұрдың ба?

- Жоқ,  ғұламалар айтқан

- Бір әрпі де өзгермегенін ғұламалар көріп тұрған ба?

- Жоқ, оларға кітап күйінде жеткен

- Ғұламалар көктен алған ба сол кітапты, жоқ әлде адамның қолынан алған ба?

- Адам көшірген кітап, адамнан адамға өтіп жатыр, самаурынды су алған дегені, Самарқанды су алды болып жатыр дағы...

- Құдайдың өзі біледі, қалай жазса да...

- Мен де өзім білем

- Осы мені кім жаратты?

- Құдай жаратты

- Мені жарататын кезде менен сұрапты ма, сені жаратайын ба? деп

- Ол сенен сұрап жатпайды, өзі қалайды, өзі істейді

- Аа солай ма? Олай болса мен де өзім білем, сенем бе, сенбейм бе...

- Құдай ұрып кетпесін

- Мені ме?

- Иә, құдайға қарсы шыққаның үшін

- Не деп қарсы шықтым?

- Кітапты аспанға жазбай ма, өзім білем?.. деп. Құдай өзі біледі, не істейтінін

- Өзім білем деп саған айтты ма?

- Құдай болғаннан соң бәрін біледі

- Бәрін білсе кітап жазып не керек? Есінде сақтай бермей ме?

- Кітапты біздер үшін жазған, яғни көктен түсірген...

- Көктен кітап түсе ме?

- Құдайдың құдыретімен түседі

- Түскенін сен көрдің бе?

- Жоқ, бірақ көктен төрт кітап түскені рас

- Оны кім көріпті?

- Көрмей сену керекпіз

- Қытайдан товар алғанда да, көрмей сеніп ала берсеңші...

- Дін товардан жоғары, ол рухани нәрсе

- Қытайдың товарын тексеріп аласың дағы, рухани жоғары нәрсені тексермей ала бересің бе?

- Біз оны қабылдау керекпіз...

- Оны кім айтты?

- Көктен түскен кітапта жазылған

- Көктен күн сәулесінің, жаңбыр, қар, бұршақ пен найзағай түскенін көрдің бе?

- Иә, әрине

- Ал кітап түскенін көрдің бе?

- Жоға...

- Жарайды, құдай кітап жазыпты делік...

- Енді, сол кітапты біздер үшін жазса, соны адамның қолы жетпейтіндей етіп жазбай ма? Бәріміз оқи алатын, алайда өзгерте алмайтындай етіп...

- Мммм бәрі оқи алатын, бірақ өзгерте алмайтын...

- Мына өмірде біз оқи алатын, алайда оны көшіріп жазуды қажет етпейтін, біз қанша тырыссақ та өзгерте алмайтын кітап бар ма?

- Қалай ойлайсың?

- Ммм, бар секілді

- Ол қандай кітап?

- Өмір кітабы

- Сенің ойыңша, өмір деген де бір кітап па?

- Иә, Өмір атты керемет, адам айтса нанғысыз, балтамен де шауып өзгерте алмайтын кітап... Отқа салсаң жанбайды, суға салсаң батпайды

- Өтіп кеткен беттерін, дүниені қопарсаң да өзгерте алмайсың...

- Әп бәрекелді, енді келдің. Ат айналып қазығын табар деген, қазығыңа енді оралдың қазағым

- Міне енді қазақ боп келесің...

*******

- Не ғой? бір сұрақ

- Өлгеннен соң жанымыз қайда барады деп ойлайсың?

- Ата-бабамыз бен апа-әжелеріміздің қасына

- Оны кім айтты?

- Солар кетті, біз де кетеміз, оны айтатын несі бар, осыған бас жетуі үшін диплом керек пе?

- ммм, жоға, сәл басты қоссаң болды екен ғой

- Сонда жәннат пен тозақ та жоқ па?

- Барып көрмедім, өтірік айта алмайм

*******

- Уағызда ана дүниеде арапша сөйлейміз, бізден арап тілінде сұрақ-жауап алады дейді

- Соған не дейсің?

- Осыны айтқан адам барып көріп пе?

- Жоға, кітаптан оқып айтады ғой...

- Қай кітаптан, өзгермейтін өмір атты кітаптан ба әлде адамның қолымен көшіріліп жазылатын кітаптан ба?

- аа болды, түсіндім

- Бізді емізіп жүр екен ғой...

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...