Дулат таңбасы, Қазақылық идеологиясы

Уа Дулатым Армысың?!

Есен-аман бармысың?

Осылай бір толғасам

Қабыл алар жанбысың?..

 

Қазақ - әлем халықтарын бір-бірімен ұрыстырмай, соғыстырмай, тұрақты өсіріп-өндіретін әлемдегі жалғыз Дара жол

 

Жерұйық орнатқан аталарымыздан қалған мұраны әрі қарай алып кетуге толық дайындық жасауға тиіспіз

Қазақ баласы тақтан түскелі, жердің бетін қан жуып, соғыс пен аштық, қуғын мен сүргін тоқтамай отыр

 

Қазақ құдайын ұмытпаған халық!

Өз ары мен ожданы - көңіл таразысы. Оған аспандағы таразының қажеті жоқ

Тентегі мен бұзығын осы өмірдің өзінде тезге салып, орнына қоя білген халық, қазаққа ана дүниеде есеп-қисап жасап, бас қатырудың қажеті жоқ

 


Қазақ, бойындағы құдайын, әруағымен ұштастырып, ата-бабасының жолынан қуат алған халық

Өлім періштесінің өзі қазақты айналып өтетін болған, өйткені қазақты тозақ пен жәннат, қабыр азабы деген секілді ертегілермен қорқытып, қызықтыра алмайсың

Қазақ, өзгені өзекке теппеген, өзінікін бағалап, көкке асқақтатқан халық

Жер ана мен от иесі, су иесі, жан-жануардың киесі мен Көк Тәңірін ұғынған, сезінген халық

 

Қырықтың бірі - Қыдыр деп, адамның қадірін білген елміз, мыңның бірі уәлі деп, құдайы қонағын түнеткен елміз

Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған елміз

Сөз қасиетін ұғынып, қадірін бағалаған елміз

Басымыздан сөз асырмаған, асқақтағандарды тасытпаған, жақсының құтын қашыртпаған елміз

 

- Әлем коммунист болам деп, Жерұйық іздеді, таба алмай қанға бөкті

- Халифат құрам деп, Жерұйық іздеді, қанға бөгіп, айдалаға лағып кетті

- Жерұйық орнатам деп капиталистік демократияға келді, жетімі мен жесірі қараусыз қалып, бала атасын, қыз анасын сыйламайтын күйге жетті

- Жерұйық орнатам деп нацистік Үшінші рейх шықты, Арий болам деп, қанға бөгіп жайына кетті

- Крест жорығын жасап, әлемге дін таратам деп Рим папасының жандайшаптары онда шықты, масқара болып, өтірігі шығып онда кетті

 

Сиқым тайпасының руының таңбасы. Дулат - Сиқым

 

Әлемді Қазақылық ғана құтқара алады

Әр сәбиді бақытты, отбасын толық, кедейі мұңаймайтын, байлары талтаңдамайтын, ұрысы ұрлығын ұмытатын, қарақшысы жүзі ұялатын, атасының атына жаман сөз келтіруден қорқатын ел қазақта ғана

 


Қазақтың құдайдан түскен кітабы бар

Ол кітап - Қазақтың қаны!

 


Әр қазақ, құдайдың кітабын тасып жүрген - Кітапхана

Руларымыз, сол кітапхананың бөлімдері

Адамзаттың асыл тәжі - Қазақылықта, қазақтың тілінде, қазақтың рухында, салты мен дәстүрінде жатыр

 

*****
Уа, қасиетті қара топырақ, уа аққан су иесі, жанған от иесі, жыбырлаған аң мен ұшқан құстың киесі?!

Уа, ата-бабамның әруағы, қолдай гөр, қоштай гөр!

Демей гөр, жебей гөр


Құдайым - қаным. Қаным ақса құдайым жанымда, қаным тоқтаса, құдайым тастап кетеді


Құдайға жалбарма, құдайға керегіңді жасат қазақ

Бабаң Жерұйық орнатып, әлемді билеген Алтын тақта отырған еді

Алтын тағыңа қайта отыр

Оны жасамасаң, басың кетсін домалап!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...