АрқамандықЕрқайысТоқшылық
🚦 Ferrari компаниясы туралы мәлімет

Ferrari — әлемдегі ең танымал және престижді спорттық автомобильдерді өндіретін италияндық компания.

Оның тарихы 1929 жылы басталды, бірақ ресми түрде автомобиль өндіру 1947 жылы басталды.

***

Ferrari компаниясын негізін қалаушы - Энцо Феррари (Enzo Ferrari) құрған. Энцо 1898 жылы 18 ақпанда Италияның Модена қаласында дүниеге келген. Ол бала кезінен автомобильдерге қызығушылық танытты және автогонкаларға қатты құмар болды.

 

***

Alfa Romeo кезеңі

1920 жылдары Энцо Феррари Alfa Romeo компаниясында жұмыс істеді және оның жарыс командасын басқарды. 1929 жылы ол Scuderia Ferrari деп аталатын өз жарыс командасын құрды. Бұл команда бастапқыда Alfa Romeo үшін жарыстарға қатысты.

***

Ferrari Enzo моделі. 65 градуста орналасқан цилиндрлер саны 12, 660 ат күші, 355 км/сағ макс. жылдамдығы

Ferrari Enzo моделі. 65 градуста орналасқан цилиндрлер саны 12, 660 ат күші, 355 км/сағ макс. жылдамдығы

***

Ferrari-дің тәуелсіздігі

1939 жылы Энцо Феррари Alfa Romeo-дан кетіп, өз компаниясын құруды шешті. 1940 жылы ол Auto Avio Costruzioni компаниясын құрды, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс кезінде автомобиль өндіру тоқтатылды.

Auto Avio Costruzioni 815 моделінің өмірін Екінші дүниежүзілік соғыс тоқтатып тастады

Auto Avio Costruzioni 815 моделінің өмірін Екінші дүниежүзілік соғыс тоқтатып тастады

***

Соғыстан кейін, 1947 жылы, Энцо Ferrari S.p.A. компаниясын ресми түрде құрды және бірінші Ferrari автомобилін — Ferrari 125 S -ті шығарды.

Алғашқы 125 S моделі

***

Алғашқы қадам

Мектептегі бірінші күнің болсын, бірінші жұмысыңды бастаған күнің болсын, барлығының бірінші реті болады. Бұл оқиғалар сіздің ішіңізде естелік ретінде сақталады. Бұл Феррари үшін және оның 1947 жылы 125 S-нің арқасында келген алғашқы жеңісі. 

Бұл жеңіс Формула 1-де басқаларға қарағанда көбірек жеңіске жеткен команданың шын мәнінде теңдесі жоқ спорттық мансабындағы алғашқы белес болар еді. 

Бұл бірінші жеңістің тамыры 1945 жылдың ортасында, Энцо Феррари Джоачино Коломбоға оған толығымен инновациялық көлік жасауды тапсырған кезде пайда болды. Ferrari-дің амбициясы, әрине, ол өте жақсы білетін Альфа Ромеоны жеңу болатын...

125 S көпшілікке көрсетіліп жатыр

125 S көпшілікке көрсетіліп жатыр

125 S моделі Формула 1 -де Enzo Ferrari командасына алғашқы жеңісті әкелді. Жарыс көлігінің жүрегі моторы екені белгілі. Осы моторға аса назар аудара отырып, 12 цилиндрлі, мотор көлемі 1500 куб см., қуаты 120 ат күшін 6800 айналым/минутында береді. 

Автожарыстары сол кездің өзінде индустриалды Еуропада өте танымал-тын...

Автожарыстары сол кездің өзінде индустриалды Еуропада өте танымал-тын...

***

Әлі денеге орнатылмаған V12 Феррари гаражында гүрілдеп, сынақтан өтіп жатты. Мотор құрастырылғаннан кейін, 2 ай шамасында 125 S Piacenza Circuit жарысына қатысып, компанияға алғаш жеңіс сыйлады. 

Арғы жақта қарап тұрған балалардан болашақ Феррарилер шығатыны анық еді

Арғы жақта қарап тұрған балалардан болашақ Феррарилер шығатыны анық еді

***

Ferrari-дің алғашқы жетістіктері

Ferrari 125 S 1947 жылы 11 мамырда алғашқы жарысына шықты және бірден жеңіске жетті. Осыдан бастап, Ferrari автогонкаларда үздік командалардың біріне айналды. Компания Formula 1, Le Mans және басқа да престижді жарыстарда көптеген жеңістерге қол жеткізді.

***

Ferrari құрастыру зауыты

Ferrari құрастыру зауыты

***

Қазіргі кездегі Ferrari 

Қазіргі уақытта Ferrari әлемдегі ең танымал және құнды автомобиль брендтерінің бірі болып табылады. Олардың автомобильдері жоғары өнімділік, дизайн және технологиялармен ерекшеленеді. Ferrari сонымен қатар Formula 1 жарыстарында өз табысты тарихын жалғастыруда.

***

Қазіргі модельдік қатары

SF90 Stradale
SF90 Spider
296 GTB
296 GTS
Ferrari 12Cilindri
Ferrari 12Cilindri Spider
Ferrari Purosangue
Ferrari Roma
Ferrari Roma Spider

***

SF 90 Stradale - 986 ат күшін өндіретін 4.0 литрлік V8, 350 км/сағ максималды жылдамдығы. 0-100 км/сағ үдерісі 2,8 сек. 1/4 мильді - 9,3 секундта өтеді

SF 90 Stradale - 986 ат күшін өндіретін 4.0 литрлік V8, 350 км/сағ максималды жылдамдығы. 0-100 км/сағ үдерісі 2,8 сек. 1/4 мильді - 9,3 секундта өтеді

***

SF 90 Spider - үсті ашық, моделі. Жылдамдық көрсеткіштері кішкене төмендеу болады. Үсті ашық шанақты астыңғы жағынан күшейтуге тура келеді, ал ол артық салмақ қосады...

SF 90 Spider - үсті ашық, моделі. Жылдамдық көрсеткіштері кішкене төмендеу болады. Үсті ашық шанақты астыңғы жағынан күшейтуге тура келеді, ал ол артық салмақ қосады...

***

Ferrari 296 GTB - plug-in-hybryd. 830 ат күші, V6, максималды айналдыру моменті 740 Нм, максималды жылдамдығы - 330 км/сағ, 0-100 км/сағ 2,9 сек. 

Ferrari 296 GTB - plug-in-hybryd. 830 ат күші, V6, максималды айналдыру моменті 740 Нм, максималды жылдамдығы - 330 км/сағ, 0-100 км/сағ 2,9 сек. 

***

Ferrari 296 GTS - Spyder нұсқасы

Ferrari 296 GTS - Spyder нұсқасы

***

Ferrari 12Cilindri - V12 қозғалтқышы 830 ат күшін береді, максималды жылдамдығы 340 км/сағ

Ferrari 12Cilindri - V12 қозғалтқышы 830 ат күшін береді, максималды жылдамдығы 340 км/сағ 

***

Ferrari Purosangue - 6,5 литрлік V12 қозғалтқышы, 0-100 км/сағ үдерісіне 3,3 сек. шығады, максималды жылдамдығы - 311 км/сағ.

Ferrari Purosangue - 6,5 литрлік V12 қозғалтқышы, 0-100 км/сағ үдерісіне 3,3 сек. шығады, максималды жылдамдығы - 311 км/сағ.

***

Ferrari Roma Spyder - 3,9 литрлік V8 620 ат күшін береді. 

Ferrari Roma Spyder - 3,9 литрлік V8 620 ат күшін береді. 

Ferrari Roma - 0-100 км/сағ үдерісіне 3,4 секундта шығады, максималды жылдамдығы 320 км/сағ.

Ferrari Roma - 0-100 км/сағ үдерісіне 3,4 секундта шығады, максималды жылдамдығы 320 км/сағ.

***

Арнайы сериялар:
SF90 XX Stradale
SF90 XX Spider
812 Competizione
812 Competizione A

***

Icona - балбал модельдер
Daytona SP3
Monza SP1
Monza SP2

***

Суперкарлар
F80
LaFerrari Aperta
LaFerrari
Enzo Ferrari
F50
F40
GTO

***

GT жарыс
296 GT3

P.S.

Ferrari компаниясының тарихы — бұл құштарлық, инновация және жетістіктер тарихы. Энцо Ферраридің арманы әлемдегі ең танымал автомобиль брендтерінің біріне айналды және оның мұрасы әрдайым сақталып, дамып келеді.

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты