Женева 2020 автокөрмесі коронавирусқа байланысты тоқтатылғаннан кейін, премьераға даярланған модельдер презентациясыз қалды. Женева 2020 автокөрмесіне даярланған модельдердің ішіндегі көзге ерекше түсетін модельдердің бірі Koenigsegg Gemera.
Спорткар, суперкар деген сөздер автоәуесқойлар арасында бұрыннан танымал
Ал гиперкар немесе мегакар атауы жақында шыға бастады
***
Гиперкар (мегакар) дегенді қалай түсінеміз?
Қорыта айтқанда былай, гиперкар атану үшін автомобильде кем дегенде 1300 ат күші, максималды жылдамдығы 400 км/сағ құрауы тиіс.
***
Осы уақытқа дейін гиперкарлар екі орынды болып келді.
Ондай автомен демалыста саяхатқа шығу, гран-туризмо саяхаттары экстремалдар болмаса, суперкар иелерінің ойына да келе бермейді
***
Неге дейсіз ғой, өйткені оның шасси аспасы қатты, көбіне трэкке арналған, кешке дейін рульде отыру адамды шаршатады
Демалудың орнына шаршайсыз
***
Оның үстіне гиперкарда багаж қоятын орын болмайды, ауыстыратын киімдеріңіз бен басқа да заттарды қоятын орын жоқ
***
Ал автосаяхатқа ол заттарды алмай шығып кету көп қиындықтар туғызатыны анық. Осы секілді себептермен гран-туризмо автомобильдерінің арасында гиперкар атануға лайық ештеңе болған емес.
***
Ең қуатты гран-туризмо ретінде Porsche Panamera-ның қуатты версияларын атауға болатын шығар. Оған қоса компания басшысы өздерінің туындысына "отбасылық автомобиль" деген атау беріп отыр.
***
2 миллион доллар тұратын отбасылық автомобиль. Қалай екен?
Төрт орынды, отбасылық авто жасау туралы ой алғаш рет 2003 жылы келді. Gemera-ның 2022 өндіріске жоспарланып отырғанын ескерсек, бас-аяғы 19 жыл
Christian von Koenigsegg 4 орынды автомобиль жасау идеясының 2003 жылдары туындағанын айтады. Идея келу мен прототип даярлап шығуға 17 жыл кетті
300 данадан құралатын сериялық өндірістің 2022 жылға жоспарланғанын ескерсек, өнімнің даярлану уақыты 19 жылға созылмақшы...
Koenigsegg Gemera -ның негізгі көрсеткіштері
- ұзындығы: 4975 мм, ені: 1988 мм, биіктігі: 1295 мм
- доңғалақ базасы: 3000 мм
- клиренс: 117 мм (жатқан полицейден ыңғайлы өту үшін алдыңғы жағын 35 мм қосымша көтеретін жүйесі бар)
- іштен жану қозғалтқышының ерекшелігі: қос турбиналы ауқымы, цилиндр саны: 2000 см. куб (2л)/ 3 компрессиясы: 9,5:1
- айналдыру моменті: 600 Н*м (2000-7000 айн/мин арасында, 1700 айн/мин бастап 400 Н*м қолжетімді)
- қуаттылығы: 608 ат күші салмағы: 70 кг.
- отын түрі: бензин, биоотын, Е85 - этанол мен бензиннің қоспасы, этанол, метанол
- артқы электр моторларының қуаты: 507 ат күші мен 1000 Н*м ІШҚ (іштен жану қозғалтқышымен байланысқан электромотор көрсеткіштері) 405 ат күші, 500 Н*м
- электр моторларының айналдыру моменті: қуат батареясының сыйымдылығы: 16,6 кВт*сағ
- қуат батареясының кернеуі: 800 В
- батареяның максималды қуаты: 900 кВт (қысқа уақыт аралығында беріледі, батареямен автомобиль 300 км/сағ жылдамдыққа дейін үдей алады)
- тежелу кезіндегі рекуперация: 200 кВт
- алдыңғы және артқы доңғалақтар: тежегіш дисктері: 425 мм
- шанақтың бұрауға төзімділігі: 40 000 Н*град толық салмағы: 1850 кг қарқын: 1,9 сек 100 км/сағ
- максималды жылдамдық: 400 км/сағ бағасы: 1 700 000 евро
- аэродинамикалық қарсыласу коэффициенті, Cx: 0,278

1. Терезе тазалағышы спорт автоларының дәстүрінде тік тұрады. Бұл шешімді бұрындары спорт прототиптері қолданатын
2. 2,5 деңгейіндегі автопилот жүйсінің бір бөлігі - радар. Алдынан кедергі шыққанда автоматты тежелу (тоқтауға дейін), жолақты сақтау, автоматты үдеу функцияларын атқара алады
3. Доңғалақ гайкасы Формула 1 болидтеріндегідей жалғыз ғана

1. Маңдай әйнегі мен есіктің қосылған жерінде әйнек. Керемет, техникалық тұрғыдан күрделі шешім
2. Тежегіш суппорттарын спорттық автолар әдетте Brembo секілді атақты брендтерден алатын. Мұнда болса Koenigsegg деген жазу тұр. Тежегіш суппортын да компания өзі шығара бастаған ба?

1. Төбеден түтін шығатын жүйені бұрын соңды көрмеген едік
2. Диффузор - жоғары жылдамдықта автомобильдің астындағы ауа ағындарын дұрыс ұйымдастырып, көтеру эффектін азайта түседі

1. Қаладағы тар кеңістікте есігіңіз кедергіге тиіп қалады деп қорықпайсыз. Айқара ашылатын есіктерге А кесіндісі кем дегенде екі есе артық болуы керек

2. Тежегіш дисктері карбон керамикадан жасалған. Жоғары жылдамдықтан мезетінде тоқтау, трэктегі қайта-қайта тежелу мен үдеудің жүктемесіне шыдамды келеді

1. Астыңғы ауа қабылдағыштарынан ауа енеді
2. Дәл алдыңғы ауа қабылдағыштан енген ауа, алдыңғы бөліктегі арнайы туннельмен алдыңғы әйнек жақтан шығады
3. Екі шеттегі ауа қабылдағышқа енген ауаның бір ағымы бампердің қапталынан шығып, алдыңғы доңғалақтан сырғып өтеді. Сол арқылы алдыңғы доңғалақтың айналасында пайда болатын ауа сапырылысуы азаяды
4. Ауаның негізгі бөлігі доңғалақ аркасынан өтіп, тежегіш дискілерін салқындатып өтеді, сырттағы ауамен қоса артқы ауатартқыштарға еніп, радиаторларға барады
5. Терезесі жартысынан ашылатын гран-туризмоға келісесіз бе? Gemera -ға оны кешіруге болады

1. Тұмсығы Формула 1 болидтеріне келіңкірейді, ал ауа тартқыштары мына ракурстан акуланың аузын еске салады
2. Классикалық Koenigsegg сұлбасы
3. Ерекше атап өтуге тұрарлық деталь - доңғалақ дискілері. Алдыңғы доңғалақ өлшемі 295/30 R21, артқы доңғалақ 315/30 R22. Карбоннан жасалған, салмақтары 5-7 кг арасында. Мұндай әр дисктің бағасы шамамен 60 000 евро. Кәдімгі құйма дисктердің салмағы болса 19-23 кг арасында

1. Суыту радиаторларының орны. Ауа ағыны артқы доңғалақтың алдыңғы жақтағы тесігінен еніп, осы жерлерден шығады
2. Аэродинамикалық қарсыласу коэффициентін төмендету үшін, шанақтың астыңғы жағы теп-тегіс. Ауаны ұстауы мүмкін жерлер, арнайы панельдермен жабылады

1. Аэродинамикалық қарсыласу коэффициенті Сx=0,278. Өте жақсы көрсеткіш

1. Алдыңғы жүксалғыш. Бір чемоданға арналған
2. Алдыңғы ауатартқыштардан енген ауа ағымы, жоғары көтеріліп, маңдай терезеге қарай шығатын туннельдер

1. Артқы жүксалғыш 3 чемоданға арналған

1. Төрт орындық салон сары алькантарамен көмкерілген. Қауіпсіздік белдіктері орындыққа кіріктірілген. Монокок ретінде жасалған орындықтар 25 кг тартады. Жылыту, алға-артқа жүру, иілу-шалқаю функциялары сервоберіліспен басқарылады

Артқы монитор интернетпен байланысқан, Netflix, Youtube қызметтерін толық пайдалана аласыз. Керемет стереожүйе орнатылған. Сонымен қатар сабвуфер де бар!
Стаканға арналған қуыс ысыту функциясымен жабдықталған. Кофеңіз суымайды

Артты көрсететін кішігірім мониторлар қажет жағдайда алынып тасталып, артқы камераның орнына айна орнатыла алады
Панельдің ортасында, домалақ, 360 град. түсіретін камера
Орталық монитормен - iPhone Car Play бағдарламасымен жұмыс жасай аласыз. Навигатор, аудио мен климатты басқару секілді функциялар кіріктірілген

Салондағы орынды үнемдеу үшін орындық арқалықтары мейлінше жіңішке етіп жасалынған
Артқы орындықтарға Isofix қатырмалары орнатылған. Балалар орындығын орнатуға болады
Дизайнер скетчіндегі салонның бастапқы концепциясы фотоның сол жағында

Күш құрылымының жалпы нұсқасы
Солдан оңға қарай:
- іштен жану қозғалтқышы
- артқы қос даңғалақтың электр моторлары
- кернеуді айналдыратын инверторлар
- алдыңғы жетекке баратын кардан, оның сыртында карбон туннель.
***
Қуат батареялары, алдыңғы осьтің электр моторы, алдыңғы жетек

Tiny Friendly Giant (шағын доскөңіл алпауыт) (TFG) - 608 ат күшін 7500 айн/мин, 600 Н*м моментін 2000-7000 айн/мин арасында береді. Керемет дүние

Қос турбина екі айналым диапазонында жұмыс жасайды. Бірі төменгі айналымнан үрлесе, екіншісі жоғары айналымда іске кіріседі. Тек мына жетек белбеулерін алмастыру оңайға соқпаса керек...

TFG - моторын ерекше ететін тағы бір инновация, ол Freevalve жүйесі.
Яғни клапандардың қимылын электроника басқарады. Сол арқылы үлестіруші білік (распределительный вал) қажет емес.
Мүлдем. Сол арқылы мотордың салмағы бар болғаны 70 кг. Жанар май тұтынуы шамалас моторларға қарағанда 20-30% кем
Біз автомобиль жайында айтқан кезде, әлемдегі ең үздік автомобильдерді қазақ инженерлерінің жасауын күтеміз
Comments powered by CComment