Тәңірші емес, мұсылман емес. Нағыз Қазақ

Тәңірші қазақ
Мұсылман қазақ
Кришнаит қазақ
Атеист қазақ
Агностик қазақ
Баптист қазақ... деп кете береді


Біртұтас  қазақ деген Ұғымды бөліп жаруға кімнен рұқсат алды екен бұл "ғұламалар"?

***

Тәңірші қазақпын дегендерге айтарым, қазақ тәңірден басқаға қол жайып па еді?

Жаны қысылғанда ата-бабасының әруағынан медет сұраған қазаққа бір ғана атау беріледі - Қазақ деген.


Кей қазақтар араптың алласына қол жайып жатыр дерсіз.

Жөн делік. 

***

 

Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатыр емеспіз бе?

Діни-наным, сенім бостандығы бар ма? 

 

Маған салса шылаушынға табынсын

 

Бірақ қазақтың рухани мұрасы - салт-дәстүріне қарсы шықпасын дейсіз ғой.

Өте орынды.  

***

 

Ал енді сол қазағымызға арапша сөйлеген ұнайды екен.

 

Құдаймен арапша сөйлесу керек деп санайды екен.

Оларға кішкене былай арабилық араласып кетіпті...

***

Анасының ақ сүтімен қазақ тілі енеді екен дағы, есі кіргенде араби боп кетеді екен... 

 

О тобббаааа
:))
 

Олай болса олар мұсылман қазақпыз деп аталады екен.

 

Мұсылман болудың шарты, көзі тірісінде қазақша сөйлескен ата-бабаңмен, көзі кеткеннен соң арапша сөйлесу екен

 

О тоббаааа...

 

Әлігі мұсылман қазақпыз дегендерге қазақ болу жеткіліксіз екен дағы, мұсылман деген сөзді тіркестіріп қою керек екен...

 

Тіркессіз тек Қазақ бола салуға бола ма?

 

Қазақ дегенің дін де, иман да, ар да, ождан да... бәрі емес пе еді?

***

Әлемді Жаратқан арапша сөйлейді деп біреуі бастап еді, әруақтарымызға арапша сөйлеп бәле болдық қой...

 

О тобббааа...

 

Ана дүниеде ата-бабаң арапша біріне-бірі "ахи, ахи" деп сөйлеп жүр деп соқты ғой сабаздар...

 

О тоббаааа

***


Болды. Қазақтың тәңірі бар, әруақ-құдайы бар, ары мен намысы бар. Обал мен сауапты, ұят пен жаманды білетін нағыз Қазақтың өзі.

 

Нағыз Қазаққа "Тәңірші" деген ат беруге кім рұқсат берді?

 

Әлде ата-баба әруағы Қазақтың ішінен Тәңірші деп бөлініп шық деді ме?

Қазаққа тәңірші деген ат беру, құйрық жалы бар жылқы деген сықылды, миға қонбайтын дүние.

Барлық жылқыда құйрық жал болады. Сол секілді, әр қазақтың тәңірі бар. Тіпті бөрінің де тәңірі бар...

***

 

Тіпті бар ғой... әлігі арапша Құран кітаптың өзінде (Хирани Хираат дейсіз бе, өзіңіз білесіз): "Тәңірлерің бір тәңір" деп жазылып тұр.

 

Яғни, қазақтың Тәңірін араптың аудармашысы да мойындап отыр емес пе?

***

Мұсылман қазақпыз дегендер, өздерін, нақ осылай бөліп айтады, "мұсылман қазақ" деп...

 

Айналайын ау, қазақ болсаңшы, болды ғой. 

Тәңірші қазақ пен мұсылман қазақ деген сөз, бірі Қытайда шыққан Мерседес, екіншісі Жапонияда шыққан Мерседес деген секілді, болмайтын бөліп жару.

 

Нағыз Мерседестің Германияда шығатынын бәріміз білеміз. Ал  нағыз Қазақ - Қазақ.

Болды.

Тіркеме сөз керек емес.

***

 

Сондықтан, Қазақпын деген сөздің өзінде, ұлттық намыс та, рулық намыс та, ата-баба әруағына тағзым да, ел мен жерді сақтау да, бақилық болғанда барар жеріміз де... барлығы шешімін тапқан ғой.

***

Мұсылманмын деген бауырларымыз айтулары мүмкін, қабір әлемі мен қыл көпір, мизам таразы секілді ұғым қазақта жоқ. Жәһаннам мен жәннат ұғымы жоқ. Ана дүниеде арапша сөйлесетініміз Қазақилықта жоқ... деген секілді.

 

***

Жарайды делік... Олай болса, Қазақылық бойынша, біз дүниеден озғаннан соң, ата-бабамыздың қасына барамыз. Қайда болса, онда болсын, алайда ата-бабамның қасы мен үшін ағып жатқан арақтар мен сылаңдаған хор қыздарынан артық екен.


***

 

Қазақылық бойынша, өлгеннен соң қайда барамыз дейді?

Өлгеннен соң ата-бабамыздың кеткен жағына барамыз.

***

Сылаңдаған хор қыздары мен арақ пен шарап су боп ағатын жерге кеткіңіз келсе, өзіңіз білерсіз.


***

Тәңірші деген қазақтар айтады, мына дүниеге қайта келеміз деп...

Келе беріңіздер.

Жеке өз басым, мына дүниеден өзгеше, Аватар фильміндегідей ме, сондай бір қиял-ғажайып әлемге барып көргім келеді.

 

Алақандай жердің бетіне қайта айналып келе беру онша қызық болмай қалатын секілді.

Алайда, Сіздер айналып келе береміз десеңіздер, өздеріңіз білесіздер.

***

Тәңірші қазақ
Мұсылман қазақ
Кришнаит қазақ
Атеист қазақ
Агностик қазақ
Баптист қазақ... дегеннің барлығын қойып, БІРТҰТАС ҚАЗАҚ болайық.

***

Тіркемесіз Қазақ!

***

P.S. Айтпақшы, Қазақ деген ұлттың аты емес, ол Әлемдік Идеология!

 

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?