Балаларды дүбара қылу, ұлтты іштен іріту

 Бүгінде ата-аналар мектептегі бала тәрбиесіне көңілі толмай отыр

Мектеп қабырғасындағы білім және тәрбие беру жүйесін талқылай келе, көптеген түйіні шешілуі қиын мәселелерге жолығуда

Атап айтар болсақ, мектептегі білім беру жүйесінде көптеген кемшіліктер бар екенін журналисттер жиі айтып келеді және мұны Білім министрлігіндегі мамандар да жоққа шығара алмайды.

***

Жоғары сыныптарды айтпақ түгіл бастауыш сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті жете бермейтін қиын және тығырыққа тірейтін тапсырмалар оқулықтарда жиі кездеседі

Тапсырманы орындау қиынға соғатындықтан балалар интернетті пайдаланып, дайын жауаптарды жазып ала салуға әбден дәніккен

Нәтижесінде білім алу жайына қалады да, өзгенің еңбегін оңай иелену балалар үшін әдеттегі жағдай болып қалыптаспақ

Бұл әрине жақсы әдет деп айтуға келмейді. Тәрбие жөнінен келер болсақ, қазіргі заң нормалары мұғалімдерге тек мектеп аумағында ғана жауапкершілік артады.

Мектептен шығып кеткен балаға тек ата-анасы жауапты болмақ. Мұны балалар өте жақсы біліп алған. Мектеп аумағынан шыға салып, қарсы беттегі үй ауласында жөнсіздікке бой алдырады.

***

Шылым тартады, өзара теке тіреске түседі, күш сынасады

Сорақысы сол, төбелес ұйымдастырудың мақсаты – қатарластарының бейшара хәлде қалғанын тамашалау.

Ұрып-соғу барысын смартфондарымен видеоға түсіріп, күш көрсетуге қошемет көрсетіп жатады

Жеңілген баланың басынан тебеді.

Талып, ессіз қалғанша күш көрсетуін жалғастыра береді. Басқалары қоршап қарап тұрады немесе делебесі қозып кетіп, өздері де бастан тебуге үлес қосуы мүмкін.

***

Егер, сырттан біреу-міреу көріп қалып, араша түспесе жеңілген баланың денсаулығына орсан үлкен зиян келуі ғажап емес. Жатқан балаға қатарластарының ешқайсысы көмекке қол ұшын созбайды да.

Кездейсоқ адамдар бір қайырымды шара қолданса жақсы, әйтпесе ол да жоқ. Ендігі кезекте мектеп қабырғасындағы балалардың осылай моральдық іріп-шіруінің басты себебін іздейтін болсақ, айтатын сылтау көп.

Бәріне смартфон мен интернет, сонымен қатар ессіз бейне ойындар кінәлі деп шығамыз. Қала берсе ата-аналардың өзі тәбиесіз, болмаса ұстаздардың деңгейі төмен деген тұжырымдар айтамыз.

Алайда, мәселенің мәні жүйеде екенін іштей бәріміз түсінетін шығармыз. Балаларға білім беру жүйесі салбырап кеткенін жоғарыда айттық.

Смартфон мен интернеттің жазығы жоқ. Ол үлкендердің өзімізден жауапкершілікті алып тастауға арналған сылтау ғана деп ойлаймын

Дамыған мемлекеттерде де халықтың басым бөлігі экрандарға телміріп отыр. Бейне ойындарды олардың да балалары ойнайды. Алайда мектептен шыға салып төбелесіп жатқан олар жоқ

***

Барлық түйткіл балардың уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыра білмеуде деп ойлаймын. Сабақ дегеніміз тек көшіру болса, оны 5-10 минутта қатырады.

Спорт секцияларының барлығы ақылы, құны удай қымбат.

Айлығын азық-түлігіне жеткізе алмай отырған ата-ананың ақылы үйірмелерге, спорт секцияларына беруге шамасы жоқ.

Бала бос уақытын телефонға телмірумен өткізеді немесе тірі төбелес көргісі келіп тұрады деген сөз.

Ендеше, құрметті қауым, баршамыз білім жүйесіндегі олқылықтарды кеңінен талқылауға және балалар тәрбиесіне бей-жай қарамауға шақырамын

***

Тиісті жауапты мекемелер заң нормаларын қайта қараса және ұстаздың негізгі міндеті қағаз толтырып, саяси додаларда сайман болу емес, бала тәрбиесі екенін естен шығармай, тиесілі «құрметті ұстаз» дәрежесін қайтарып берсе деп сұраймыз.

Бала тәрбиесінде арнайы білім бар және елдің болашағы үшін тұлға қалыптастыруға үлкен үлес қосатынын сезінген ұстаздар ғана бізді бұл тығырықтан шығара алады деп ойлаймын

 

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...