Мен, қазақтың (бөріемген) ұрпағы. Әлемді меңгеретін, бағытын айқындайтын, төрелік жүргізетін де мен.

Менің атым қазақ, затым қазақ. Текті елдің ұрпағымын.

Мен бірлігі нығайған, бойында ақылы мен қайраты қатар толысқан елдің баласымын.

Мен қазір дін бойынша таласып, тілімді ұмытып әруақ аттап жүрмін.

Мен өзіммен-өзім қарама-қайшылыққа келіп, өзімді-өзім тұншықтыруға бармын.

Бұл жәйт әрі қарай осылай кете беруіне мен жол бермеймін.

Қазақы төл Тәңір танымын жандандырамын.

Басқа сенім-нанымдар да бар, олар бізге қарасын. Бізден үйренсін. Ақылы асса бәсекеге түссін.

Тәңір жайында сен не ойладың?

Тәңір – теңгеруші. Әлемді теңдікте ұстаушы.

Тәңірі дүниені теңгеріп берді. Не үшін теңгерді, ғылым сатысымен көтеріліп, шексіз даналық мұхитында жүзуің үшін.

Ол мұхитты танып болған соң, келесі даналық мұхитына өтуің үшін.

Өмірдің мәні осы.

***

Ал жаныңды қарайтып, шексіз даналық мұхитына ұмтылмасаң, ел үшін емес, өзің үшін өмір сұрсең, әруақ атты деген сонда боласың.

Бала-шағаңның байлықта шалқуын еліңнің бақытынан жоғары қойсаң, әруақ алдында қарабет боласың.

Құдай ұрса оңдырады, әруақ ұрса оңдырмайды дегенді ұмытпа.

Ал енді таңда, қайсысы жаныңа жақын? Ата-бабаң жүзген Даналықтың мұхиты ма, болмаса, жаныңа жат надандықтың батпағы ма?

Оны өзің шеш.

***

Әлем жол таппай, кедейлікті жеңе алмай, соғысты тоқтата алмай келеді. Жер бетінде мамыражай орнатам деген талай даналар өтті. Істей алмады.

Үнемі бірдеңе жетпей тұрды. Ол нәрсе қанмен берілуі керек. Оларда және олардың маңайында басты нәрсе болмады.

Ол қазақы рух. Табиғатты терең ұққан қазақы рух, Тәңірінің заңдарын жете түсінді. Тәңірі заңдарын айнытпай орындау арқылы, түрмесіз, жетім мен жесірсіз қоғам орната алды.

Еркін жүріп бай болды, жау келгенде бір болды. Ақыл жастан деп, жастарын қолдай білді.

Қиналғандарын ел болып сүйейтін болды.

***

Кедейге садақа беру тиімді ме, әлде оған білім беріп, аяққа тұрғызу тиімді ме?

Бірінші жолда оның қарнын бір күнге тойдырасың, сонан соң таз қалпына түседі.

Ертеңіне қайтадан қолын жайып отырады.

Ал оған білім берсең, ол өз күнін өзі көретін дәрежеге жетеді. Олай етпесең, кедейліктен ұрлық, қарлық, қылмыс, жезөкшелік... деп кете береді.

Ал сосын, полицияға қаражатты көбейт, қару-жараққа қаражатты көбейт, көшені камераларға толтыр, түрмені кеңейт деп онан бетер шығынға бата бересің.

Кедейлік болған жерде балаларда витамин жетіспеушілігі, дамудың нашарлауы, сабақ оқуға мүмкіндіктің төмендігі бола береді.

Өскелең ұрпақ тағы да білім ала-алмай кедейліктің құрығынан құтыла алмайды.

Кедей адамның өзінде стресс, гигиеналық жағдайдың төмендігіне байланысты аурулар көбейе береді, санаторлық, профилактикалық ем-дом ала алмағандықтан өмір жасы да қысқа болады.

Кедейлікпен бірге алкоголизм, наркомания, жасөспірімдер арасындағы қылмыс секілді құбылыстар жиілеп орын алады.


***


Елде болса, ерінге тиеді деген қазақ бабамыз, ауылдасы мен ағайынын қайыр сұрайтын жағдайға жеткізбеген.

Жетім тентіретіп, жесірін қоя бермеген. Соның арқасында біртұтас тұрақты қоғам, мемлекет құра алған.

Ал қазақта мемлекеттік болмаған дегендер, оттапты. Қазақта әлемдегі ең керемет мемлекет болған. Бірақ, бөрілі байрақты қазақ қолынан түсіріп алған күннен бастап, басынан бақ тая берді.

Соңғы 2 ғасырдың көрсеткіштерін алатын болсақ, біз халық саны, территория, өндіргіш күштер, ғылым-білім, азаматтық қоғам деген көрсеткіштер бойынша қатты кенжелеп қалдық.

Басшыларды жамандаймыз, ол орынды мәселе. Бірақ, екінші жағынан қарайтын болсақ, жалпы алғанда ынжық, ез болып кеткеніміз өтірік емес.

Тіпті көріп тұрған кемшілікті айтудан тартынамыз. Тыныштық керек деп бұға береміз.

***

Құдайға саламыз. Айналайын қазағым. Құдайдың саған қарауға уақыты жоқ. Өз қотырыңды өзің қасы.

Егер Құдай саған қарасатын болса, кешегі 30-шы жылдардағы ашаршылықта 4,5 – 5 млн қазақтың аштан өліп кетуіне жол бермес еді.

Өз мәселеңді өзің шешпесең, сенің мәселеңді ешкім шешпейді. Тарихтың қойнауына еніп, қараңғы батпаққа батып жоқ боласың. Бітті.

Сол үшін, алдымен миыңды, ойыңды жөндеп ал.

***

Құдайдан сұрайсың, несін сұрайсың. 1000 жыл өмір сұрап көрші, бермейді.

Денсаулығыңды жақсылап күтіп, алдымен 100 жаса, онан кейін мына өмірден өзің де шаршайсың дейді.

Әлемнің бар білімін игерт деп сұрашы, керек болса оқып ал дейді.

Елімді аман қыл деші. Керек болса, ұйымдасып, өздерін қорғап, аман қылып алсын дейді.

Өлмей, аман жүрейін деп сұрайсың. Аман болу немесе өле қалу, ол да өз қолыңда. Кісінің ала жібін аттама, жүрегін ауыртпа, қауіпсіздік ережелерін сақта. Аман боласың.

Кісіге қиянат жасасаң, алдыңнан шығады.

***

Ата-баба әруағын сыйла, тіліңді, діліңді, тарихыңды құрметте, бала-шағаңның қызығын көресің.

Бауырым, ең бастысы ізденуді тоқтатпа. Ізденуді тоқтатқан күні, арқанға асыл да өле қал.

Адам болсын, ұлт болсын, мемлекет болсын ізденуді тоқтатқан күннен бастап – кері кете береді, кете береді.

Кері кеткенде ешқандай дұға да, садақа да, жалбарыну да жәрдем бермейді.

Аш қасқыр дұғада тұрған қойды жемей қойыпты дегенді естімедім. Аш қолтырауын, қасына барсаң, әулие болсаң да жеп қояды. Тәңірі орнатқан табиғаттың заңы солай.

***

Ауызбірлік жасаған күшті ұлттар, бытыраған әлсіздердің жерін сорады, өзара бөліп, бір-біріне сыйлай салады.

Ал елінің миын ашытып бір-біріне айдап салып, оқ шығармай құл қылып алады.

Ал сорлы елдің тілін, ділін, тарихын қоқысқа лақтырады. Қоқыста жатқың келсе, ұйықтай бер.

Елді, жерді аман сақтау үшін, дұға керек емес. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керек.

Сенің дұға қылам, құрбан шалам, жалбарынып құдайдан сұрап алам дегеніңнін бәрі далбаса.

Құдайдан сұрама. Өзіңнен сұра. Өзің істей алмағанға тізе біріктір. Ақты-ақ деп, қараны-қара деп ашып айтып, салиқалы ортаға сал.

Бірлік жасай алмаған ел өледі.

Ғұнсың ба, Сақсың ба, Қазақсың ба, асыл тексің бе, ақсүйексің бе оған қарамайды. Кім болсаң ол бол.

Бірлік жасай алмадың ба, өлесің де қаласың.

***

Құлаған Бөрілі байрақты көтереміз дедік. Ол оңай шаруа емес. Елім деп еңірімегенше, лайк басумен бұл мәселе шешілмейді.

Жетпеген ақша жетпейді, бітпеген нәрсе бітпейді. Бөрілі байрақты көтермесек, әруақтың қарғысын аларымыз ақиқат.

Төл дүниетанымымыздан, тілімізден, елімізден, байлығымыздан, ұрпағымыздан, жерімізден айрылып жатсақ, кімге керекпіз.

Сол ел мен жер үшін төгілген ата-бабаның қан зая кетті дағы. Осынау ел мен жерді ауызбірлік жасап сақтап қалған бабаларымыз бізге риза болады дей алман.

Олай болса, әруақ аттағанның нағыз өзі біз боламыз.

Ақталмай-ақ қой. Ішінде сен де барсың. Өз ана тілімізді жетім баладай етіп қойғанымыз өтірік емес.

Соңғы жылдары елдің әлеуеті, рухани жайы, ғылыми-өндірістік, медицина, білім беру және басқа да салаларының тұралап, шетелге қол жаятын бишара халге келгені жасырын емес.

Осының барлығын нағыз қазақы дүниетаныммен қолға алу үшін, бөрілі байрақты көтеру қажет.

***

Бөрілі байрақты көтеру үшін бірлік керек. Ел үшін жан аямас ерлер керек.

Алдымен өзіміздің қазақы дүниетанымымызды елге кеңінен насихаттап, бірігуіміз керек.

Сосын ғылым мен техниканың кезегі келеді.

Жасанды сана, бағдарламалық қамсыздандыру, жаңа материалдар, жаңа көлік құралдары, жаңа коммуникациялық құралдар секілді салалардан әлемнің алдына шықсақ, табиғатымызды сақтай білсек қазақ атымызға лайық боламыз.

Ата-бабамыздың аққан тері мен төгілген қаны зая кетпегені.

Ал оларды жасай алмасақ, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеміз.

Айтты да қойды дерсің

***

Бөрілі байрақты көтерісем дегендерге:

+7 705 284 89 99
+7 778 090 54 22

https://twitter.com/NHLOJKbpQBGHOec   -Twitter парақшам

https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/ - Instagram парақшам

https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344 - Facebook парақшам

https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011 - Youtube каналым

https://vk.com/mukhtar_shadyrman - ВК парақшам

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...