Аврамдық діндер

Армысыздар, ағайын! Менің есімім Мұхтар Шадырман болады. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасымын. 40-тың үстіне шыққан жасым бар. Осы уақытқа дейін көрген-түйгендеріммен бөлісіп, ортаға саламын. Ақыл-қисындарыңызға айтқан сөздерім қонып жатса,

оны көрерсіздер, ал кем-кетік тұстары болатын болса, оны айтарсыздар. Бірақ, «келісіп пішкен тон келте болмайды» деген қазақта сөз бар. Соның негізінде біз осы мәселені ортаға салып, сөйлесетін болсақ, бәлкім, бір тоқтамға келерміз...

 

Ал мен өз жеке басым үшін бір ұйғарым жасап қойған адаммын. Бірақ, сіздердің алып-қосарларыңыз болса, мен оны қуана-қуана тыңдайтын боламын. Сонымен, іске кірісейік.

 

Біздің қазақ елі жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының құрамынында болды. Өздеріңіз білетіндей, ол кезде дінге деген атеистік-коммунистік идеология болды. Содан соң, Тәуелсіздікпен бірге дініміз де қайта келіп, қуанып қауышып жаттық.

Өзім сонда: «Ата-бабамыз намаз оқыды. Егер біз бәріміз ислам дінімен жүретін болсақ, екі дүние бақытына жетеміз» деп ойлағанмын. Дегенмен, біз Құран Кәрімнен: мына дүние жалған, әйелдер мен балалар мына дүниенің ғана сәні, нағыз бақыт – Алланың қасында деген сияқты сөздерді көреміз.

Сонда жалындап жанып тұрған, ұшақ ойлап тауып, сүңгуір кеме, болмаса электроникалық құралды ойлап табатын жастың санасында жалған дүние үшін тырысып не керек, одан да Құранымды оқып, жиі мешітке барып, сауапты іс істеп, қайыр-садақа бермеймін бе деген ой қалыптасады.

Қазақстанның тәуелсіздің алуымен дін келе бастады

Тәуелсіздік алғаннан соң елімізге түрлі діни ағымдар келе бастады

Өз басым 1998-2018 жылдар аралығында намаз оқыдым. Оны тоқтатуымның себебі, мен өзіміздің байырғы ата-бабамыздың наным-сеніміне көштім деп ойлаймын. Ал ислам діні бізге сырттан, арабтардан әкеліп қосылған дүние.

Осы жайлы жиған-тергенімді айта кетейін. Өз пікірлеріңізді төменге жазып кетсеңіздер болады. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді қазақ. Бірақ, менің бір өтінішім, әркім менің пікірімді саралайтын кезде өзінің ақыл-санасын қосса, қатып қалған догмалық ойларды бір шетке ысыра тұрсаңыздар екен. Мүмкін сол догманың өзінде бір өзгеріс бар шығар.

Қазір жастар дін жолына келеді де, барлығына шариғат көзімен қарайды. Мен кезінде өзім де сондай болғанмын. Мысалы, концертке барайын десем, шам намазы қаза болады. «Егер концерт намаз қаза болатын уақытта болса, ол Алланың қаламайтын нәрсесі шығар. Ол концертке барудың не қажеті бар?» деген ойлар болады.

 

Исламдағы намаз оқу адамзат баласына парыз ба?

Намаз деген құлшылық дейді, Жаратқан Тәңір адамның құлшылығын қаламайды. Тек адамгершілік сақтап, ардан аттама

 

«Музыка деген адамның пейіл-ниетіне қарай болады» дейді имамдар: Егер жақсы ниетпен айтатын болса, ол адал, ал егер жаман ниетпен айтса, арам.

Мысалы, бір ортаға халық жиналды, ер адам жақсы пейілмен ән айтып отырды. Бір уақытта әдемі келіншек келді. Сұлу әйелді көрді де оның ойы бұзылды. Оны айналдырып алайын деп, мақтау айтып, 1-2 ән арнады. Ол адам пейілінің қашан бұзылғанын өзі біліп отыр, бірақ жиналған халық білмейді ғой.

Олар ән салған адам таза ниетпен айтып отыр, ал айтушының ниеті болса келіншекте... Сонда ол музыка тыңдаушыға халал ма, харам ба? Мен бұны шариғат тұрғысынан айтып отырмын.

Жалпы, музыка деген бір таласты мәселе. Көптеген елдерде музыканың халал, харамдығы имамдардың «көңіл-күйі», «қалауларына», тұрып жатқан мемлекеттің саясатына қарай өзгеріп отырады. Харам қылғысы келсе, сондай аят-хадис тауып береді, халал қылғысы келсе, соған сай аят-хадис тауып береді.

Енді мынаған назар аударыңыз. Бізге үйреткен ислам дінінде былай дейді:

  • - Аллаға сену
  • - Періштелеріне сену
  • - Кітаптарына сендім
  • - Пайғамбарларына сену
  • - Тағдырға сену, жақсылық пен жамандық бір Жаратушы Алладан болатынына сену.
  • - Ақырет күні есеп-қисап болып, адамдарды тозаққа немесе Жәннатқа жібереді немесе ағраф, екі ортада қалып кететіндер болады...

Бұл Ыбырайымның негізін салған жалғыз құдайлық дін. Жалғыз құдайлықтағы христиандар болсын, яхудилер болсын, барлығында осы ақырзаман болады, Құдай барлығынын есебін береді деген негізге сүйенеді.

 

Мұсылман діні «Біз – Алланың құлымыз» дейді. Құл деген сөздің өзі құлиеленушілік заманнан қалған түсінік. Адам баласына Жаратқан иеміз сондай кереметтей мүмкіндіктер берген, адамның миы қандай, генетикасы қандай, жасампаздық қасиеті қандай, қабілеті қандай.

Егер адам өзінің ары арқылы қабілетін арттыра білетін болса, жер бетіндегі қан төгісті тоқтатып, өзінің арам пиғылын, не ашкөздігін тоқтатып, өзіне-өзі ынсап беретін болса, онда – Жәннәттің жер бетіне орнағаны. Сондықтан, мен «Адам - Алланың құлы» деген сөзге келіспеймін.

Қазақ елі өсіп-өркендеп, ғылым мен техниканы бағындырады

"Өнер білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды" ислами психологиямен, яғни ана дүниеде қарық боламыз деген ой, адамды ғылым мен білімнен мақұрым етеді

«Адам жер бетіне Аллаға құлшылық жасау үшін жіберілді» дейді. Адам да бір нәрсені жаратады, мысалы, телефон. Сіз телефонның жаратушысы болып тұрсыз. Сол телефонды жаратқанда, біз оны белгілі бір мақсатпен жараттық. Бірақ өзімізді мақтасын, құлшылық етсін демейміз.

Дені сау адам «Маған құлшылығын керек жоқ. Өз тірлігіңді істе, міндетіңді атқар. Азаннан кешке дейін қылып жатқан құлшылығын керек жоқ» дейді. Мақтан сүйер, даңғаза біреу болмаса.

Сондықтан, Құдай бізден зікір қалайды, бізді жер бетіне құлшылық жасау үшін, өзіне құл ету үшін түсірді дегенмен толықтай келіспеймін.

 

Діни көзқарас – кіріспе

Құдай өзін мақтауды қалайды деп ойлайтындардың, Тәңір жайлы түсінігі тым үстірт. Тәңір мақтау талап етпейді, мақтауды даңғаза, мақтаусүйер адам ғана ұнатады

 

Содан соң, «Ғайыпқа сену керек» дейді. Адам өлген кезде қабір азабы болады дейді. «О дүниені кім көріп келіпті?» деген сөз бар қазақта.

Оған былай деп айтып жатады: «Сен Аллаға, Алланың иманына, шариғатына шәт келтірме. Көмес нәрсеге, көрінбеген нәрсеге сенуің керек». Ислам діні осылай үйретеді. Құран кітаптың тәпсірінде былай деп жазылған, іздеп көрсеңіздер болады:

Ибраһим пайғамбарға Жаратқан Иеміз Алла Тағала пайғамбарлық жіберді. Сонда Алла Тағала оған былай айтты:

- Ей,Ибраһим! Мен өліні тірілтемін.

Ал Ибраһим Алла Тағалаға:

- Қалай тірілтетініңді маған көрсетші. Мен саған сенемін. Бірақ, көңілім орнына түссін,- деп жауап береді.

Халифа Алтай Ғақыпұлы аударған қазақша «Құран Кәрім. Мағына және түсінігі» деген кітап бар. Сол кітаптың ішінді осы түсіндірмелер жазылған. Басқа тәпсірлерде де бар.

Сонда Алла Тағала:

- Төрт түрлі құсты сойып, еттерін араластырып, төрт жерге көм. Сонан соң, оларды шақыр,- дейді.

Ибраһим пайғамбар дәл солай істегенде, шақырған құстардың барлығы жинала қалды.

Ибрахим пайғамбардың баласы Исхақты немесе Исмайылды бауыздауы

Ибрахим пайғамбар өз баласын бауыздайды, бірақ пышақ өтпей қалады... не деген жауыздық?

Сонда ол Алланың құдіретіне көзі жетіп, өліні тірілтетініне толық сенді. Өлген соң қайта тірілу деген «Иман-шарттың» ішінде де бар. «Ақырет күні Иман келтір. Өлгеннен кейін қайта тірілуге сенуін керек» дейді.

Өлгенді тірілту және басқа да істер Жаратушымызға қиындық тудыратын нәрсе емес. Бірақ неге, ол Пайғамбар бола тұра, Алладан Пайғамбарлық келе тұра, Жаратушыдан сендіруін сұрайды, ал біз неге сұрай алмаймыз?

Қисынға келмейтін дүние ғой! Адам өзінің басы арқылы жан-жақта болып жатқан оқиғаларға аналогия, анализ жасайды, зерттейді, көреді, салыстырады. Ал болып жатқан нәрсені сіз түсінбесеңіз, санаңызға қонбаса, оны ашық талқыға салып, басын ашып алу керек деп ойлаймын. Барлығына бірдей келісе бермей.

 

Сосын «Ғайыпқа сен» дейді. Ғайыптың бар екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Арабтар Мұхаммедті біздің пайғамбарымыз деп отыр.

Мен өз басым Мұхамммедті арабтың бір данышпаны, кемеңгер тұлғасы, арабтарға еңбегі сіңген адам деп білемін. Бірақ, бүкіл адамзатқа келіп, осы Ислам дінін таратсын деген «миссия» берілді дегенге сенбеймін.

«Неге?» дейсіз ғой.

Мысалы, айталық, сіз дәрігерсіз. Бүгін 2020 жыл 10 сәуір. Дүние жүзінде коронавирус жүріп жатыр. Бір ауруханада 10 ұлттың дәрігері бар деп елестетейік. Сол індетті жеңудің нұсқаулығы тек араб тілінде келді. Оны арабтың бір азаматы аударып берді: қазаққа қазақша, орысқа орысша, бірақ, бір кәрісті жақтыртпайтын еді, оған «қисық» қылып аударып берді.

Ол соған сеніп, басқаша істеп, науқастарға зиянын тигізді. Сол үшін, ешкімге зиян тимес үшін, нұсқаулықты әр ұлтқа өз тілінде ұсыну керек. Сонда ол қателікке ұрынбайды.

Ал енді Құран неге арабтарға түсті десең, олар азғындап кетіп еді дейді: қыздарын тірідей көметін, әйелдерін сыйлыққа беретін еді, құлдарды құл, күңдерді күң деп білгенін істейтін еді, Қағбаға мал сүйектерін іліп, Аллаға серік қосатын еді...

Яғни, арсыздық көп еді, соларды тазарту үшін Алла Тағала Мұхаммедті пайғамбар қылып, Құранды кітап қылып жіберіп, Мұхаммедтің хадистерімен өмір сүргізді. Онда араб азғын болса, оның қазаққа қандай қатысы бар?

Арап бәдәуилеріне түскен ислам діні

Араптың жабайы бәдәуилерін тәртіпке келтіу үшін, ислам діні ұйымдастырылды, оның қазаққа түк те қатысы жоқ

Адам Ата өзінің туған балаларын, ағасын қарындасына, қарындасын ағасына қосып, содан бүкіл адамзатты таратыпты. Өз басым туған қарындасына үйленіп,бала туғызыпты деген нәрсе үш ұйықтасам түсіме де, өңіме де кірмейді. Біздің санамызға кіріп, орнығып алған «құрттар» қой. Сол үшін өліп кете жаздаймыз ғой.

Мен өзім намаз оқыдым, содан білемін. Сізге айтайын, оған ере бермеңіз. Адам Атадан бүкіл адамзат тарапты-мыс. Ол тақырыпты жеке қозғауға болады. Мен қисынға қонбайтын жағын айтып жатырмын.

 

Сосын «Алладан қорқу керек. Алла сені қай жерге барсаң да көріп тұр» дейді. Қазақ айтады «Ажалдан қорықпа, арыңнан қорқ», «Соттың ең күштісі – ар соты». Ар сотында сен өз-өзіңді соттайсың.

«Иман-шартта» періштелер сенің істерінді жазып отырады дейді. Оң иығыңдағы – жақсы істеріңді, сол иығыңдағы – жаман істеріңді. Көз, құлақ, мұрын арқылы барлығы миға жазылып жатыр, оны бөлек періштелер жазудың қажеті жоқ.

Жаратушы Ие барлығын кез келген уақытта оны принтермен қағазға шығарғандай шығарып ала алады. Періште жазады деген көп ертегінің бірі.

 

«Алладан қорық» дейді. Алла бәрін көріп тұрады, өзіне серік қосқаннан басқа күнәні кешіреді ғой. «Бір Алла өзі кешірсін» деп қойып, күнәмізді жалғастыра береміз. Ал арың көріп тұрса, сен өз-өзіңді көріп тұрсаң, сені басқа біреу көрудің қажеті жоқ.

Сенің үстіңнен періште қойсын, полиция, сот қойсын, бастысы сен өзіңді көріп тұрсың. Сен біреуді алдай аласың. Қажет болған соң алып едім деп, өзіңе «отмазка» тауып аласың. Адамды қалай алдасаң, Құдайды да солай алдайсың.

Мемлекеттің ақшасын жеп, мешіт салып беріп, «Құдай өзі кешірсін! Солардың дұғасымен менің күнәм кешіріледі» деп отырғандар да бар ғой.

Ол Құдайдың соты деп ойлайды. Шын мәтінде, соттау қабілетін адамның миына салып қойған. Қай ісің жақсы, қай ісің бұрыс екенін, қайда барарыңды да ар-ожданың шығарып береді. Бүгінге дейінгі өміріңізді сіздің «компьютеріңіз» шығарып қойған.

Мәселе, арыңды таза ұстауда, ожданыңды таза ұстауда. Әрқашан ар-ожданмен жүр.

Барлығын сіздің миыңызға, көкірегіңізге Жаратушымыз салып қойды. Қорыққаннан сыйлаған, сыйлағанға жатпайды. Ожданмен біліп сыйлаған – сол сыйластыққа жатады.

 

«Кітаптарына сен». Жаратушы иеміз жерге кітаптар жіберген. Құдайдан төрт кітап келді. «Тәурәт», «Зәбур», «Інжіл» және төртінші кітап «Құран». Заманына қарай пайғамбарларына кітаптар жіберіліп отырған. Соның соңғысы, дұрысы, әрі толықтырылғаны, мүкәммәл етіп түгенделгені «Құран» кітап.

Енді сұрақ: Неге төрт кітап? Неге үшеу емес? Неге бесеу емес? Неге біреу-ақ емес? Бір-ақ кітап жіберіп, соны неге бүкіл әлемге өзгермейтіндей етіп бекіттіріп тастамады?

Құдайдың оған құдіреті жетеді ғой.

«Құран» кітапты алып, ашып оқыңызшы. Ішіндегі адам аттарын айтайын: Мұса, Ибраһим, Иса, Яқуб, Сүлеймен, Дәуіт, т.б. Бәрі бәни исраилдың, еврейдің балалары.

Мұхаммед қана арабтың баласы. Ал араб пен еврей деген қазақ пен қырғыз секілді бір-біріне жақын. Мысалы, арабтар «салям» десе, еврейлер «шалом» дейді. Кішкене ғана өзгеріс.

Молдалар еврейлерді «дін бауырымыз», яғни, діндегі бауырымыз дейді. Еврейлер діндегі бауырың болса, қазақтар ше?

Мысалы, кешегі Мұса пайғамбар өзінің халқын 40 жыл бойы шөл далада асатаяғын алып-алып, көшіп жүрген кезде, біздің қазағымыз дүркіреп, дүниенің сұлтаны болып тұрды емес пе?

Арабтарға неге пайғамбарлар бара берген? Арабтар арсыздыққа көп барғаннан кейін, үнемі пайғамбарлар жіберіп, оларды тура жолға салып отырған дейді. Ал олардың істеген арсыздықтары қазақта болмаған.

Дүние жүзіндегі түрмесі, жетімі мен жесірі болмаған жалғыз ел. Оны мақтанып айтуға болады. Ал қазақ атамыздан қалған мұрамызға арабтар келіп, бес уақыт намаз оқу, Құдайға табыну дегенді қосты.

70 жыл бойы Кеңес Одағы болды да, Алла Тағала жоқ дегені үшін, кәпір болғаны үшін оны Алла Жоқ қылып жіберді дейді. Осыны қазіргі молдалар, уағызшылар айтып жүр.

Олай болса Ислам Халифаты қайда кетті? Осман Империясы қайда? Ислам дінін ұстап, шариғатпен жүрген басқа империялар қайда? Мен Рим империясы деп жатқан жоқпын? Олар да кәпір болды ма?

Жоқ. Мұсылман бола тұра жоқ болып кетті ғой олар. Неге? Кеңес Одағын кәпір болғаны үшін жоқ қылып жіберсе, Ислам Халифатын не үшін жер бетінен жойды?

Мен Жаратушымыға, Тәңірге тіл тигізіп отырған жоқпын, мен оған қарсы емеспін. Мен араптардың басқа елдерге барып, «Бізге кітап түсті, осы кітаптың айтқанын жасайсың! Мұхаммед Пайғамбар адамзаттың бәріне пайғамбар» дегенге келіспеймін. Пайғамбар болса, арапқа пайғамбар шығар, қазаққа қалай пайғамбар болады. Өйткені тілі басқа, әдет-ғұрпы басқа, дүниетанымы басқа, істеп жүрген тірлігі басқа.

Араб пен еврей халқы бір-біріне ағайын ғой, тілдері жақын, туыстығы жақын. Мұхаммед еврейлерге пайғамбар десе, сенуге болатын шығар...

Ислам мен иудаизмнің таласына қазақтың еш қатысы жоқ

Мұхаммед, пайғамбар болса, арап пен еврейге бола берсін. Қазаққа түк те қатысы жоқ

«Тағдырға сену керек. Жақсылық пен жамандық бір Алладан болады» деп жазылған. Жақсылық пен жамандық сенің санаңа, ақыл-ойыңа байланысты. Егер ниетің, пейілің, ұстанымың жаман болып, қате ойлайтын, өмірдің зандылықтарын түсінбей жүрген адам болсаң, онда басыңа жамандық келеді.

Бұл жерде саған дұға да, құрбандық та көмектеспейді. Дұға мен құрбандық көмектесетін болса, жоғалып кеткен Ислам Халифатында адамдар дұға қылмады ма не? Мысалы, Сирияда қанша адам босып жүр, олар дұға қылмай жатыр ма не? Бұл жерде басқа нәрсе керек.

 

Діни көзқарас – кіріспе

Құранның қазақ санасына сай келмейтін жерлерін қазақ білсе, исламды әлдеқашан тәрк етер еді

 

«Мұсылманның қаруы – дұға» дейді. Ал мен айтамын: мұсылманның құруы – білім. Ислам діні де білім ал, бірақ ең бірінші Құран мен Хадисті ал дейді. Мен айтамын: мына дүниеде іс істеуге не керек, соны ал.

Бізде кейбір мұсылмандар үшін бәрі жаман: Қытай – мұсылмандарды қинап жатыр, Америка адасушылар дейді. Кім тура жолда деп сұрасаң, біз, мұсылмандар ғана дейді. Солай ма?

Мен сізге бір қызық айтайын. Мен ғана тұра жолдамын, қалғандары қателесуде дегендер секта ғой. Діни секталарда солай деп үйретеді.

Таза шариғат бойынша, мүртәт - діннен беті қайтқан адам. Омар, Осман, Әлилердің заманында діннен шығамын деген адамдардың бірден басын алған. Ол не «Итальянская мафия ма»?

Итальян мафиясы неге өлтіреді, егер ол мафиядан шығып, әдемі өмір сүріп кетсе, басқалары да қызығып, сол адамның артынан кетіп қалуы мүмкін.

Дінде де солай, мысалы, біреу исламнан шығып, христиандық немесе басқа дінді қабылдап, сол жақта үлкен жетістіктерге жетсе, басқалары да соның артынан еруі мүмкін. Сонын алдын алу үшін өлтірген.

Біз зайырлы мемлекетпіз ғой. Тіл бостандығы, дін бостандығы, наным-сенім бостандығы – бәрі бар. Егер шариғат мемлекетінде болсақ, көп нәрсе басқаша болар еді. «Қуырдақтың көкесін – түйе сойғанда көресің» демекші, "қызық" сонда болатын еді...

Қазір қоғамда неше түрлі болып жатыр ғой. Мысалы, бір адам көлігіне мүлде қарамай жүреді. Ал көліктің дөңгелегі жарылып, болмаса көлікте бір ақаулықтар болса, біреудің үйінің қабырғасын, не шарбағын сындырады.

Шарбағы сынған адам, көлік иесіне барып, ақшасын төлеп бер десе, «Алланың ісі ғой! Мен не істеймін!» деп жауап беруі мүмкін. Жоқ. Барлық нәрсе адамның өзінен. Еш нәрсені тағдырға, жақсылық пен жамандықпен байланыстыра беруге болайды.

 

Мысалы, қазақтың тарихын алайық. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Біздің соңғы екі ғасырлық тарихты алатын болсақ, қазақ артқа кетіп бара жатыр. Тіл жағынан, территория жағынан, халық саны жағынан және басқа көрсеткіштер жағынан.

Кеше оқыдым, Мақтаралының 11 совхозы Өзбекстанға өтіп кеткен, әлі қайтпаған. Омбы, Оренбург та солай өтіп кетті ғой. Бірақ, оны жоқтап жатқан қазақ жоқ. Кредиттен бас ала алмай жүрміз ғой өзі...

Созғыла сопы денеңді... дегендей...

Осы күні бауырларымыз сүннет деп, ортағасырлық арап үлгісіндегі киімді киіп жүр...

«Ақырет күніне иман» дейді. Ақырет күні деген – қиямет болады, өлгендер қайта тіріледі, Жаратқаннын алдында есеп-қисап беріп, мизам таразысында адамдардың жақсылығы мен жамандығы өлшенеді.

Мысалы, мен бүгін бес уақыт намазымды оқып, мың-мыңнан 5000 сауап алсам, бір күнә жасап, - 500 болса, ұйқыға жатқанда менің «балансым» 4500 болады. Адамның жақсылығы мен жамандығы өлшеніп, есебі алдын-ала шығып қояды.

Таразыға салып өлшеудің қажеті де жоқ. Таразымен өлшеу деген баяғы заманда еді ғой. Адамның миын – ең күшті компьютер. Адамның ары соның бәрін көріп тұр. Ар-ождан сіздің плюс-минусыңызды есептеп, балансыңызды шығарып қойған.

«Кімде кім кәпір болса, Құдай соны мәңгілік тозаққа салады. Мәңгілік тозақта ол мәңгілік жанады» дейді. Иә, Құранда Жәһим, Хултома, Хауя деген тозақтар бар. Соған жандырам деп адамды қорқытады. Нағыз даналық иесі – қорқытуға мұқтаж емес.

Ал қорқыту деген – бопсалау. Егер сен мұсылман болмасаң, шариғатпен жүрмесең, Мұхаммедті мойындамасаң – сені отқа жағады.

Мен 80 жыл бойы кәпір болып өлдім делік. Мәңгілік тозақта жануым керек делік. Бірақ 81-ші жылға өткенде мен «кешіріңдер, Құдайдың барын, шариғаттың шындығын көрдім.

Мені мәңгі жақпай-ақ қойыңдарды» деп айта алмаймын ба? Құдайдың мақсаты – адамды мәңгі тозаққа жандырып, рахаттану ма, жоқ әлде, өзінің ұлылығын таныту ма? Мен тірі болғанда оның ұлылығын білмеппін, өлгенде көрдім.

Бәрібір, ұлылығын таныдым ғой. Құдай маған кеңшілік жасасын да...

 

Қазақта «Білмегенді кешпесең, білгендігің қайсы» деген сөз бар. Ол адамға айтылатын нәрсе, Жаратқанның деңгейінде оны айту – күлкілі болар...

Ал енді күнәһарлар бар ғой. Қан төккендер, адамзатқа зұлымдық жасағандар – олар қайтеді?

«Өлімнен ұят күшті» дейді қазақ. Егер кімде кім арсыздық істеген болса, ол ұятқа қалады, ол абыройсыз болады, абыройсыз адам – тірі өлік. Оны тозаққа салып, жандырып, бақа-шаянға шақтырудың қажеті жоқ. Абыройсыздық деген – төменгі дәрежеге түсу. Ол тозақтан да жаман. Абыройсыздық – ұятқа қалу.

Жоғарыда айтылған құлшылық, наным-сенімдердің ешқайсысына қосылмаймын. Уақыт бөліп, көргендеріңізге рахмет! Ары қарайғы видеоларымда өмірден түйгенімді, жиғанымды айтатын боламын. Арда болыңыз!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...