Ислам дініне байланысты көкейдегі сұрақтар

Осы исламда алланың ашуы неге мұрнының ұшында тұрады?

Қит етсе, қабір азабына салам, иек-бетіңмен жерге сүйреймін, қайнаған суды үстіңе құям, отқа жағам, қанды ірің ішкізем, жақында көрсетем, аз уақыттан соң ойбайлатам... деп адам шошитын нәрселер айтады...

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді - деген қазақ. Алланың бар жазасы таяқтау болып тұрғаны ма?

Жәбірейіл, Микаил, Исрафил, Азраил дегендердің бәрі ежелгі еврей аңыздарындағы періштелер екен...

Олар мұсылманның ішінде неғып жүр? Олар да дін бауыры ма?

Мұсылмандар айтады - Тәуратты адамдар өзгертті деп, ондай болса өзгермеген, жаңадан бастап жасау керек шығар.

Әлде, Құдай басқа ақпарат таба алмай қалды ма, неге еврейдің кітабындағы ақпаратты ала береді?

Тағы еврейлер, "Құранда Тәураттан алынған көптеген жерлері бар" десе мұсылмандар қапа болады...

Осы адамның миы барлығын жазып тұрғанда, Каримин, Катибин деген амалдарды жазатын періштелер не керек? Онсыз да миға, одан генге жазылып жатқан ақпаратты бөлек кітапқа жазып не керек?

Кәпір адамның қабірде көрген азабы Қияметте есептеліп, күнәларын неге азайтпайды? СИЗО-да жатқан уақытты түрме уақытынан шегереді ғой...

Араптың Алласы, бір қызғаншақ, қит етсе маған ғана табын, менен ғана сұра, маған серік қоспа, мені еске ала бер, мен ғана, мен ғана... деп тұратын не деген Жаратушы?

Нағыз даңғаза, мақтаусүйер ме? 18 мың ғаламды жарату Аллаға қиын емес екен. Бірақ қатты қиналғанға ұқсап, маған шүкір ет, зікір ет, мадақтау айт дей беретіні несі? Мадақ айтуға пенде мұқтаж дейді...

Мен ауаға, суға, тамаққа т.т. мұқтажбын. Бірақ мадақ айтуға деген мұқтаждық көріп тұрғаным жоқ.

Құдайдан қорқу керек дейді... Ата-анамызды қорықпай-ақ сыйлаймыз ғой, ал Құдайдан несіне қорқамыз? Құдай бізді қорқақ болсын деп жаратты ма? Құдай соттайды дейді, соттап неғылады? Адамның ар-ожданы өзі-ақ соттай салады.

"Ажалдан қорықпа, арыңнан қорық" деген. Негізі Тәңір, дүниедегі ақ пен қараны теңгеруші екен. Ал қалғанын адам баласы өзі жасайды. Ал ислам болса барлық іске, тіпті ұсақ түйекке дейін Алла араласып отырады дейді.

Бір қызығы Құранда бір әрпі өзгермеген, үтіріне дейін сол күйі дейді. Оны қайдан алдың десең, Құранда жазылған дейді. Ондай сөздерді кез-келген кітап жазған адам жазып қоя алады, "Менің кітабымда кемшілік жоқ, ешқашан өзгеріске ұшырамайды, адамзатқа тура жол көрсетеді" деп.

Сосын, мұсылманның атынан сөйлегендер керемет "жаңалықтар" ашады. Мысалы: Айша 9 жасында Мұхаммедке тұрмысқа шықтым деген Муслимнің "Сахих" кітабында.

Соңғы "жаңалықтары" мынадай: Айшаның балиғат жасы 9 жас есепке алынбайды, 9+9=18 болады дейді. Айша Мұхаммедке тұрмысқа шыққанда 18 жаста болған мыс...

Яғни, Айшаның жасын есептегенде 9 жас қосу керек екен. Олай болса, ер адамның балиғат жасы 10 жас десек, Мұхаммедтің қайтыс болған жасына 10 жас қосайық. Мұхаммед 63 емес 73 жасында қайтыс болды, пайғамбарлық келген жасы 40 емес 50 деп жазылсын.

Сосын, Құранда бір нәрсе жазылса, ол нәрсе қисынға қонбайтын болса, оны тек "ғалымдар" түсіндіруі керек екен.

Жалпы 11 сыныпты аяқтаған, орта білімді тіпті университет оқыған адамның өзі Құранды оқып түсінуге білімі жетпейді екен.

Олай болса, Құран ғалымдарға арналған кітап деген дұрыс-ау. Ендеше, 11 сыныпты аяқтаған адам түсінетіндей, қарапайым адам түсінетіндей етіп жазып беріңіздер.

Қит етсе "күшін жойған аят" дейді. Құдайдың құдыреті, аятты ауыспайтын етіп жаза алмайтын болып отыр ғой.

Сөйте тұра дінде кемшін жоқ деп бой бермейді. Үйлеспейтін жері шықса, оны түсінуге басың жетпейді деп жылы жауып қояды...

Қысқасын айтқанда: "Аңқау елге арамза молда"

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...