Армысың Қағанат!

Біз үшін Жаратушы Құдай деген кім?

Құдайды көбі сырттан іздейді.

Ақ пен қараны, аз бен көпті таразылайтын көңіл таразысы өз ішімізде орналасқан.

Құдай жасайды деген сот, өз ішімізде.  Төрелік беру қасиетіміз, қабілетіміз бар.

***

Адамды құдай жаратты деп жатады.

Бірақ құдайды да, оның жасап жатқан адамын да ешкім көрген емес.

Бірақ адамды адам жасайтынын көріп жүрміз. 

***

Адамды адам жасайды. Яғни, адамда жаратушылық қасиет бар.

Айналадағы заттар мен факторларды пайдалана отырып, біз өндіріс құралдарын да, өзіміз секілді адамдарды да өзіміз жасаймыз.

Жаратушы деген өзіміз екен.

***

Бұдан мынадай қорытынды шығады:

Бізді жаратқан Абсолютты Сананы бар деп есептесек, ол Жарату қабілетін адамның өз ішімізге орналастырған.

Өзіміздегі жарату қабілетіне назар салмай, жеті қабат аспанның арғы жағынан Құдайды табамыз деу, ақымақтың тірлігі

Қағанат орнатам дегендердің есінде болсын, Жаратушыны көктен де, жерден де, судан да іздеме.

Жаратылыстың ең үлкен сыры өзіңде орналасқан.

Алдымен соған назар аудар.

 

***


Сенің қалауың бойынша әлем өзгереді, таулар орнынан жылжып, өзендер арнасын ауыстырады.

Құдайлық қуатты өзіңнен ізде, сол кезде сарқылмас бақытқа кез боласың.

Біреулердің іздеген жұмағын өзіңнен табасың.

Өзіңнің жаратушылық қасиетіңді ұмытсаң, кез-келгенге жем болып, тіріңде тозаққа өртенесің.

Жаратушының сөзін (Тәңірдің сөзін, Эволюцияның сөзін) естігің келсе, айнала табиғатқа көз сал, құлақ ас.

Жаратылыстың сыры айнала табиғатта жатыр.

Табиғатпен үйлескен адам, Жаратушымен үйлескен адам!

***

Сен, ешкімге құл емессің, тек Намысыңның құлысың.

Саған ешқандай соттың керегі жоқ, өйткені Сенде ар соты бар. Ол өзіңнің ішіңде. Жете, ақыл, сана, өре... барлығы да ар-ожданға қызмет етеді.

Бабаларыңның жеңімпаз жолында әлемді бағындыруға дайынсың ба?

Дайын болсаң, мынаны білуің керек: Сенің санаң күнделікті жаңғыру мен жаңаруға дайын болуы керек.

Жаңаруға бейімделе алмасаң, онда артта қалып, жойылып кетесің

Қағанат жолында Саған ең бірінші кім көмекші болады?

Ол ата-бабаңның әруағы. Бабаларыңның көрсеткен сара, дара жолымен жүретін болсаң, әруақтың разылығына бөленесің. Төл қазақы дүниетанымның мәнін ұғынасың

Бабаларыңның әруағына сыйын.

Әруақ сені желеп-жебейді, қуат береді. Алға жетелейді. Санаңа дұрыс шешім шығаруға жәрдем береді

(Осы жерде әруақпен сөйлесем деген аферистерге сеніп қалып жүрме)

Смартфоныңа қосымша қуат қосып алған секілді.

Ал дүниелік өзгерісті жасауға сеп болатын, қасыңдағы мүдделес жолдастарың. Солармен ауызбірлік жасасаң, әлемді билейсің.

***

Сен және сенің жолдастарың, мен және менің жолдастарым, біз - дүниені бағындыратын Қағанаттың құрушыларымыз! Біз өзіміздің кім екенімізді сезінген кезде, бүкіл әлем бізге бас иеді, құлдық ұрады. Біз жоғары орынға лайықпыз, өйткені ол біздікі!

***

Тәңір дүниеге теңгерім орнатты. Барлық құбылыс айналып, қайталанып отырады.

Жеңіске жетсек Теңгерімнің ішінде, сүрініп құласақ та Теңгерімнің ішінде.

Қағанат бар жерге Құт қонады, ал құт қонған жерге Жерұйық орнайды

Жерұйық дегеніміз, қазақтың арғы атасы Батыр Түріктің орнатқан дүниежүзілік Қағанатының жерінде орнаған үйлесімді тіршілік кешу жүйесі.

***

Қағанат орнауының кезеңдері:

Бірінші кезеңде Ар мен ождан біздің Жалғыз Жолбасшымыз. Ар-ожданды елге айналып, қазіргі технологиялық құрылымда әлемнен алға озамыз. 

Екінші кезеңде Адамзатты дамудың жаңа деңгейіне көтереміз. Экономикалық, техника-технологиялық секіріс жасаймыз. 

Ескерту: Әлемдік практика деп біздің жолымызды көшіріп ала алмайды. Ол үшін, жеті атасын білетін, жету рудың қамын жейтін ерлер басқаруы тиіс. Жеті атасын таратпаған елдер оны жасай алмайды.

Үшінші кезеңде: Көрші мемлекеттер біздің қол астымызға еніп, біздің модельмен басқару жүйесін орнатуымызды сұранады. Артын ала бере, жер жүзінің алыс шетіндегі елдері де біздің Қағандық басқару жүйемізді орнатуымызды сұранатын болады.

Бұл кезеңдерді абыроймен атқарып шығуға негіз болатын негізгі алғышарт - Қазақы дүниетанымда жатыр. Қазақ - Көктүріктердің (көктен түскен, темірден түрік тымақ киген, әлемге билік орнатқан ел) мұрасын сақтап, оны байытып келген бірден-бір халық.

Сол үшін әлем елдері бізге қарап бой түзеп, халқы біздің қатарымызға қосылуға даяр тұрады.

Ескерту: қазақ деген атты кез-келген адам ала алады. Егер ол қазақ тілінде сөйлеп, қазақы дүниетанымды меңгеріп, жеті атасын тарататын болса.

***

Соңында Қағанат - әлемдік империясына барлық елдер қосылады. Біз жер бетіне Жерұйық орнатамыз.

Жерұйық орнап болған соң не болады дейсің бе?

Онан соң, ыдырау мен құлдырау басталады. Ол да мыңжылдыққа созылады. Теңгерім заңы солай

***

Ал оған дейін, Көктүріктің ұрпақтары, қайраттарыңды жиыңдар. Дүниеге кімнің өресінің артық екендігін көрсететін кез келді.

Әруақ!!!

Қағандар үшін өлім не?

Қағандар үшін өлім дегеніміз - бір бөлмеден екінші бөлмеге өту. Судың буланып, жаңбырға айналып қайта жауғаны секілді.  Өлсек, аталарымыздың артынан барамыз, жер бетіне көмек қажет болғанда жаңбырға ұқсап қайта жауамыз. Жауларымыздың үрейін ұшырып, сағын сындырамыз. Әруақ!

Жанымыздың ұшуы, теңгерімнің бір бөлігі ғана

Біз "Өлімнен ұят күшті", "Жаным арымның садағасы" деген елдің баласымыз. Абыройлы ақ өлім, біз үшін туған жермен қауышудай қуаныш. Туған анаңмен, асқар таудай әкеңмен, сағынысқан бауырыңмен қауышқандай қуаныш. Әруақ! 

Қағандар өлімнен қорықпайды, арынан қорқады. Қағандар азаптан қорықпайды, абыройсыз болудан қорқады. Ал абыройсыз болу деген, туралыққа қиянат жасау, ел сенімін ақтай алмау.

Ел үшін туып, ел үшін өле алмау...  


Түсініктер мен ұғымдар:

Көктүріктер - көктен түскен, Тәңір тарапынан жер бетіне түсірілген халық. Жер бетіндегі теңгерімнің айнымауына ерекше үлес қосып отыратын ел. Жер бетіндегі жазықсыз аққан жас пен жазықсыз төгілген қанның есесін қайтаратындар.

***

Теңгерім - әлемдегі ақ пен қараның теңдігі. Бірі басым болып тұрғанымен, екіншісіне де уақыт келтіретін жүйе.

***

Қағанат (қаханат) - жер бетіне теңгерім орнататын Тәңірдің қамшысы аталған ел, мемлекет, құрылым.

***

Тәңір - Абсолютті Сана, Жаратушы. Теңгерімді орнатушы. Қалаған адам Эволюция деп атай берсін. Онда тұрған дәнеңе жоқ.

***

Жерұйық - табиғат - адам - табиғат қатынасының үйлесім тапқан ортасы. 
Жетім мен жесір, түрме болмайды. Мемлекетті басқару, адамдармен қарым-қатынас жүйесі мүлдем жаңа деңгейде жүзеге асқан.

Нағыз құндылық адам мен оның өмірі екенін, ал қоршаған ортамен үйлесім болмай, ешқандай болашақ болмайтынын түсінетін қоғамдық орта.

Жерұйықтағы адамның санының көп болуы қиындыққа саналмайды.

Өйткені, табиғатпен үйлесім жолын жақсы меңгергендіктен, олар қоршаған ортаға ауырлық түсірмейді.

***

Қазақы дүниетаным - көктен түскен Көктүріктердің негізін салып, қазақ тарапынан дамытылған салт-жоралғы, тіл, ойлау мен қисын жүйесі.

Әлемге Жерұйық орнатудың бірден-бір ақпараттық негізі.


P.S. Көктүріктің аспаннан түскеніне таңқалудың қажеті жоқ. Аспаннан сөз түседі, қошқар түседі екен де, Көктүрік неге түспейді?

Ескерту: Түрік десе есімізге Түркия түріктері түседі. Олардың аты болмаса, заты Бөрілі Байрақты ұстап, Көктүріктің жолын жалғастыра алмайды.

Себебі, негізінен араптың идеологиясына берілген. Ал ең басты кемшіліктері, бабадан қалған Жеті ата заңдылығын жоғалтып алған 

 

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...