Қазақтың заманы келді

Әрбір 800 жылда Ер Түріктің ұрпағы дүниені дүбірлетіп тұрады.

4-5 ғасырда Ғұндар

12-13 ғасырда Шыңғыс хан

Ал 21 ғасырда дүниені дүбірлететін Ер Түріктің өр ұлы - Қазақ

Иә, ол Сенсің


***

Көтер басыңды, тұр орныңнан, тікте еңсеңді. Тәңірінің қамшысы деген атқа лайық, дүниені дүбірлеткен ата-бабаңды есіңе ал.

Төрт құбыланы тең еткен, Тәңірінің саған берген ұлылығын есіңе ал.

Ешкімге намысын бермеген, Тәңіріден бата алған, ата-бабаңның дүниеге Қаһан болғанын есіңе ал.

Тәңірі сыйлап, ата-бабаңның әлемге Шырақ-Сана болғанын есіңе ал.

Бір шымшым ар үшін, жылт сәуле намыс үшін, малы түгіл жанын да қиып жіберген ата-бабаңды есіңе ал.

Бауырының бары үшін, басы бүтін, денінің сауы үшін, елімде молшылық болсын деп, қалың қазақтан құт қашпасын,

жұт жайламасын деп, отар-отар қойы мен табын-табын жылқысын елі үшін сарп еткен жомарт бабаңды есіңе ал.

Ғұрпы Ғұннан, Салты Сақтан қалыптасқан, шежіресі ықылымнан келе жатқан, қолына таяғын алып қой баққалы,

қамшысын алып ат мінгелі, қан тазалығын сақтауды білген, жеті ата заңын есептеп тапқан, кемеңгер бабаңды есіңе ал.

Ешкімге тізе бүкпеген, Тәңіріне тік тұрып сөйлеген, қаулап келген дұшпаны басын шапқалы жатса да,

миығынан күлген ата-бабаңды есіңе ал.

Тәңірі алғыстан биік деп, Жаратқанға алғыс айтпаған, шымбайыма батты екен деп, жолын кескенге қарғыс айтпаған.

Тәңіріні мадақтауға сөз жетпес деп, мадақ айтпаған, жаудың саны көп деп, Бөрілі байрақ көтергенде, жорықтан қайтпаған.

Кешірімді Тәңіріден емес, адам мен арынан сұраған, елінің ала жібін аттамаған, елінің нанын жемей,

қамын жеген ата-бабаңды есіңе ал.

Тәңірінің теңгеру құдыретін сезген, таңертең істегеніңнің өтемі кешке келетінін білген, "Күлме досқа, келер басқа" деп,

осы өмірде істегеніңнің ақысы, осы дүниеде берілетінін білген, дана ата-бабаңды есіңе ал.

Атаңның құтын молайтқан, жолында құрбан болып, ел қорғаған, жауға қарай жебесі ысқырған, қылышы жарқылдаған,

жау қолына түсерде, жауына жемтік болмас үшін, өз қанжарымен өз кеңірдегін орған, өжет апаларыңды есіңе ал.

***

Ағайынның амандығы үшін, жайылым мен шабындық үшін, сыңғырлаған бұлақ пен жағасындағы құрақ үшін, асқар тау

мен шалқар көл үшін, ну тоғай мен жасыл бел үшін, күндіз-түні тыным көрмеген, аттан түспеген, әруаққа сыйынып

жаудың бетін қайтарған, қазақтың сахарасын атының терімен, ел амандығы үшін қазақтың

қара жерін, өзінің қызыл қанымен суарған қазақтың қара баласын ұмытуға қақың жоқ!

Ел іргесі сөгілмесін деп, жетім жылап, жесір боздап жүрмесін деп, ата-бабаң даналықты игерді, оны ұмытуға қақың жоқ.

Алтай мен Атырау арасын еркін жайласын деп, онан арғы елдерден таңдап, бек сайласын деп, ырыққа көнбегенді қамшымен айдасын деп

ата-бабаң мұра қалдырды, оны ұмытуға қақың жоқ.


***


Тәңірі ғалам берді, сұрау алмады. Бабаңнан мұра қалды, сұрауы болады.

Тәңірі әлемді жасап бастап берді, дегенмен алғыс керек қылмады - ұлылығынан, әруақ қоштап берді, желеп-жебеп келді қуат алып

Тәңірінің ұшқынынан.

Тәңірі дүниені теңгеріп берді, әруақ сын-сағатта желеп-жебеп келді.

Тәңірі сансыз ғалам жаратты, алғысты керек қылмады. Әруақ сара, ар жолын таңдап берді, ұстануды керек қылды.

Тәңірі ақ пен қараны жаратты, қалағаныңды таңда деді. Әруақ ақ жолын таңдады, содан ешқашан тайма деді.

***

Тәңірі заң берді, аттасаң шалт басасың.

Тәңірі ар берді, аттасаң омақасасың.

Арды қорғасын деп намыс берді, қорғамасаң қор боласың.

Ар мен намысты теңгеріп тұратын, ождан берді. Ожданмен ар-намысты теңгеру қолдан келді.

Ожданның үстінен қарайтын сана берді, санамен іс қылғандар, елден оза берді.

Тәңірі заң берді, аттасаң шалт басасың

Тәңірі ар берді, аттасаң омақасасың...

***

Қаһан атына сай бол
Арыңды сатпа, әруақ аттама,
Тәңірі заңдарын таптама,
Олай болмаса...
Тәңірінің жебесі жүрегіңді табар,
Әруақтың қылышы басыңды шабар
Елің қор, жерің сор болар.

***

Ел үшін туып, ел үшін өлер ер бар ма?
Рухымызды асқақтататын жаһанға,
Ер Түріктің әруағы жар болып
Қазақ атын айшықпен жазар аспанға!

Ардақты ағайын, қазақтың бөрілі байрағын көтеріп, ғылым мен техниканы меңгеріп, өнер мен мәдениет, әлеумет пен әлеуеттен

әлемнің алдына шығып, өнеге көрсететін кез келді.

Жеті атасын білген жетелі елдің, жеті атаны білмейтін елдерден артық екенін дәлелдейтін заман туды.

 

Бөрілі байрақтың астына жиналам дегендерге:

8 747 500 85 50 whatsapp арқылы байланыс
8 778 090 54 22
8 705 284 89 99

Facebook парақшамыз

Twitter парақшамыз

YouTube каналымыз

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...