Қажылық деген не парыз?

Армысыздар, ағайын! Эфирде Шадырман Шуылдақ. Ендігі видеоциклда қажылық жөнінде айтқым келіп отыр.

Қазақ қазақ болғалы, біз ислам дінін қабылдағалы бері бізді «Сендер құлсыңдар! Алланың құлысыңдар! Құл есебінде өз орындарыңды біліңдер. Жердің мүбәрәгі, кереметі – Меккеде, Мединада. Сол жерге барып намаз оқитын болсаң, 100 000 есе сауап. Ол - терең тарихты, табиғаты тасыған керемет жерлер. Пайғамбар мешітіне барып намаз оқысаң, бір намазыңа 50 000 сауап аласың. Ерусалимдегі Ақса мешітіне барып оқысаң, 5000 сауабы бар» деп үйретті. 

 

Ал енді, Құдай әділ болса, неге біреудің жерін артық, біреудің жерін кем қылып жаратады? Ол жақтағы қағба – Алланың жердегі үйі дейді. Молда, шейх, діндарлар мен теологтар айтып жүр ғой – Құдай жерге де, үйге де, ауаға да, суға да, әйел мен балаға да мұқтаж емес. Онда неге ол жерді үй деп, адамдарды айналдырып қойды?

Сирияның жерінде өмір сүрген Әз-Заһаби деген исламның ғалымы болған. Қателеспесем, ХІІІ ғасырлар шамасында. Бір дереккөздерде «Масчидал харамның ішінде Исмаил Пайғамбар анасы Хажар екеуі жерленген екен» деп айтылады. Тағы бір дереккөзде жазылған «Өзінің қауымынан айрылған Лут сияқты пайғамбарлар өмірінің соңына дейін сол Масчидал Харамның айналасында жүріп, сонда жерленген екен». Исмаил пайғамбар мен анасы жайлы дерек Әз-Заһабидің кітабында айтылған.  Сонда адамдар Исмаил пайғамбар жерленген қағбаны айналып жүреді ғой ... Исмаил деген арабтың атасы болып отыр ғой.

 

Ал енді, менің елім – Шуылдақ Сиқымнан тарайды, Сиқым Дулаттан тарайды. Дулат ары қарай ұлы жүзге барып тіреледі. Мен руыммен мақтанайын деп отырған жоқпын, руға бөлінейік деп отырған жоқпын. Әркім өзінің тегін білу арқылы, болашақ ұрпағына дұрыс жол көрсетіп, арабтар сияқты туған бауырыңның қызын алып кетпесін деген оймен айтып отырмын. Ол – бір. Екіншіден тегімізді біліп жүреміз.

Мына Түлкібас өңірінде Машат деген жерде Сиқым бабаға қойылған үлкен ескерткіш бар. Мен сол бабамның ескерткішін солар сияқты жеті рет айналып тәуаф жасайтын болсам, басқалары маған күледі ғой. «Сен Аллаға серік қосып отырсың. Оны саған Алла кешірмейді. Басқа күнәнің бәрін кешіреді, бірақ серік қосуды кешірмейді» дейді. Жарайды. Бірақ олар өздері Меккеде ата-бабаларының сүйегінің үстін мавзолей қылып алып, айналып жүр ғой ... Кезінде молдасы бар, басқасы бар мавзолейдегі Лениннің денесін айналып, көріп шығатындарға күлетін еді. Бірақ өздері де Меккеге барып, солай айналып жұр ғой ...

Мысалы, Қазықұртта Қанлы ескерткіші бар. Қаңлы руының адамдары барып, ескерткішті айналатын болса, мұсылмандықтан хабары бар жұрттың бәрі «серік қосып жатыр» деп күледі.

 

МеккеМекке

 

Алла әділ болса, онда неге қазақтың жерін де мүбәрәк қылмайды. Неге 2-3 жерді ғана мүбәрәк қылады?

Арабта Арафат, Мина деген таулар болатын болса, қазақта Шыңғыстау, Алатау, Ұлытау, Қазықұрт деген тауларымыз бар. Қазақтың тауы, қазақтың жері, арабтың зәмзәм суындай қазақтың суы, қазақтың дариясы, арабтікінен қасиет, әулиелік жағынан бірде-бір кем емес.

«Біз Қожамыз. Біз ақсүйекпіз. Мұхаммед үмметінен тараймыз. Бәрінен жоғары тұрамыз» деп айтатындар бар ғой. Ол қожа руының адамдары отбасыларында балаларына «Біз ақсүйекпіз» деп үйретеді. Мен бәріне топырақ шашпаймын. Бірақ, басым көпшілігінен солай естіп жүрмін. Қоғамда ондай нәрсенің бары – факт.

Олар ақсүйек те, біз қара деген қайдан шыққан заң? Адам баласын Жаратушымыз әуел бастан тең қылып жаратқан. Сен арабсың ба, орыссың ба оған қарамайды. Адамның арына қарайды. Кімнің ары таза, ожданды болса, сол адамның Жаратушының алдында дәрежесі жоғары.

Әли-ғұмыран сүресінде «Мүмкіндігі бар әрбір мұсылман қажылыққа баруға қарыздар» деп айтылған. Қажылыққа барған адамда жақсы әдет қалыптасады деп те айтылып жатады. Өз басым оған келіспеймін.

 

«Сәфа мен Мәруаны жүгіру». Хажар деген Исмаилдың анасы баласы кішкентай кезінде шырылдап жылап жатқанда, су әперемін деп екі таудың арасында жүгірген дейді. Қажылыққа барғанда сіз де солай жүгіруіңіз керек екен... Арабтың атасының анасы баласы үшін ары-бері жүгірген болса, онда мен неге жүгіруім керек? Сіз қажылыққа барып неге жүгіруіңіз керек? Одан кімге қандай пайда? Одан біздің бала-шағамыздың қарны тояды ма, сауап алу арқылы дәрежеміз көтеріледі ма?  Одан ешкімге ешқандай пайда келмейді.

Ыбырайым пайғамбар шайтанға тас атқан дейді. Сол жерге де тас ату керек екен... Тас атқан адамның бәрі арлы-ожданды болып кетті ма екен? Адам өзінің санасын өзгертпей, шайтанға тас түгіл, одан зорғысын атсаңыз да ештене өзгермейді. Өйткені, өзгертетін нәрсені санамызға, миымызға салып қойған. Тас ату, жүгіруден ештене өзгермейді.

Бір намазыңа 100 000 сауап аласың да, қазақтың жерінде оқысаң неше есе аз сауап аласың... Әділетсіздік қой.

Құдайдың ісінде әділетсіздік деген болмайды. Мысалы, арабқа Құран түсірем, қазаққа ешқандай жазба түсірмеймін, арабтың айтқандарын істеуге мінеттісіңдер деген ақылға қонбайды. «Аңқау елге арамза молда» дегендей, кітапты жазып-жазып таратты. Арабтардың бауырлары еврейлер де «Тәурат», «Инжил» деп кітап жазып, католик шіркеуі, православ шіркеуі, Америка, Оңтүстік Америка, Австрия, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Кореяға біраз таратты ғой. Еврейлер өздерінің жерлерін  Мұса Пайғамбард мен  Иса пайғамбардың аяғы тиген «киелі жер» десе, ал арабтар Мекке мен Медина Мұхаммед Пайғамбардың аяғы тиген киелі жер дейді. Ол жерлер арабтар мен еврейлерге  киелі болса, маған өз ата-бабамның аяғы тиген қазақтың жері киелі.

Мына жердің астында менің ата-бабамның сүйегі жатыр, мен соларға құрмет жасаймын, бала-шағамды өсіріп, өндіремін, осы елім үшін қызмет жасаймын.

 

Намаз оқу

 

Жүз мың сауап болса,  Меккедегі адамдарға рахат екен қой: ғылым, техника, өсі, даму, алға жылжу, заман талабына қарай қызмет жасау керек жоқ. Намаз оқып, сауап жинап жүре бер. Жәннәтта саған тең келең адам болмайды. Бұл қайтадан әділетсіздік қой. Ал құдайдың ісінде әділетсіздік болмайды, сондықтан бұл, менің ойымша, «аңқау елге арамза молда» дегендей, ақылдылар ақымақтарды құл қылып, соларды пайдалану.

Бір жерден оқығаным бар еді, «Құдайды табу үшін еш жерге барудың қажеті жоқ» деп, Шыңғысхан айтқан дейді (Шыңғысхан ба, мүмкін басқа біреу ме). Ол рас. Құдайдың тапқыңыз келсе, сіз сүңгуір кемемен теңіздің астында жүрсіз бе, ұшақпен аспанда жүрсіз бе, ракетамен ғарышта жүрсіз бе, қазақтың даласындасыз ба – ешқандай айырмашылығы жоқ. Құдай адамның ар-ожданына қарайды. Арың таза, ожданды болсаң, сен құдайға жақын адамсың. Ал егер арсыз болсаң, Меккеде туылып, өмір бойы сонда тұрсаң да, саған оның пайдасы жоқ. Ар-ождан болмаған соң, не үміт, не қайыр?

 

Құрбан шалуды өздеріңіз білесіздер. Жылда құрбан айт келгенде жұрттар сабылып, шамасына қарай қой, өгіз, түйесіні құрбандыққа шалады. Ал бұл қайдан шықты?

Ummet.kz деген Қазақстанның сайтында (бұл ешқандай бахави, саляфи, шиға деген сопылардың сайты емес, Мұсылман Діни басқармасының сайты) былай жазылған: сахабалар Расулімізге айтты:

   - Уа, Алланың елшісі, құрбандық деген не?

   - Құрбандық сендердің Ибраһим бабаларыңның сүннеті,- деп жауап берді.

Сахабалар деген сол арабтар ғой, Мұхаммедтің айналасында жүрген ізбасарлары. Ибраһим деген арабтың бабасы екен, өйткені Мұхаммедтің өзі араб, айналасындағы сахабалары араб, сұрақты қойғандар да араб. Сонда бабаларыңның деп соларға бағыттап айтып тұр.

Мысалы, бізде Наурыз мейрамы бар. Арабтар неге соны тойламайды, біз олардың құрбан мейрамдарын тойлаймыз. Мал-мүлкіңе береке кіреді, бәле-жаладан сайтайды, қияметте көпірді сол малыңа мініп өтесің дейді. Ол да көп ертегінің бірі.

Мал-мүлкіңе береке кіру үшін, біріншіден қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Содан кейін заман ағымына сай білім-ғылымын дамыту керек. Сонда ғана береке болады. Әйтпесе, берекені мұсылман не қылады? Олар мына дүние жалған, өткінші деп айтады ғой.

О дүние үшін осы әлемнің қызықтары басқа категория, басқа өлшем. Мысалы, құмырсқаға Гималай деген тау бар, Антарктида деген континент бар, Атлант деген мұхит бар десең, құмырса «оны қойшы, бидай туралы айтайық» дейді. Біздің деңгейіміз қазір құмырсқадай. Келесі дүние, рухтар әлемі дейміз бе – оның бәрі басқаша.

Осы сайтта жазылған, хадистердің бәрінде бар, жұрт біледі: Ибраһим Пайғамбар түс көреді. Түсінде Алла Тағала оған балаңды құрбандыққа шал деп аян береді. Сонда ол Хажар әйелінен туылған 8-10 жасар Исмаил деген баласына:  - Мен сені құрбандыққа шалуым керек. Құдай солай аян берді,- дейді.  Сонда Исмаил: - Құдайдан әмір келсе, ешқандай қарсылық болмайды. Аяқ-қолымды байлап, осы істі бітіріп тастаңыз,- деп жауап береді. Сөйтіп, Ибраһим өткір пышақпен мойнынан кеседі, өтпей қалады. Бар күшімен салады, өтпейді. Сол кезде Алла Тағала аспаннан көк қошқар түсіріп, осыны сой, Алла сені сынады, сынақтан өттің депті.

 

Қажылық деген не парыз?

 

Осы әңгімені радикалды, экстремистік, секталық бағыт десеңіз де, соған толық сәйкес. Дені сау патша, сәбиді, баланы бауызда деп айтады ма? Қазір дін басылар, әулиелер, уағызшылар көп қой. Сонда түсінде Құдайдан балаңды бауызда деген аян келсе және сол әрекетке бармақ болса, оны ата-аналық құқығынан айырып, өзін психбольницаға жіберіп, қылмыстық іс қозғауы да мүмкін. Қазіргі заманда Ибраһим Пайғамбар сияқты адам болса, оны қылмыстық іс бойынша соттайды.

Құдай адамды сынамайды. Оған кім не істей алатыны, қолынан не келетіні белгілі ғой. Ал сынайтын болса, балаңды бауызда деп сынайды ма?

Бұл қандай ұғым? Қандай түсінік? Мен өзім кешегі күнге дейін Құдайдың сөзі, сынағы деп келдім. Қазір қоғамда қанша қорқынышты нәрсе болып жатыр ғой: баласын ұру, өгей әкеден зәбір көру... Бірақ, өз баласын өлтір деген Құдай емес.

Оны айтқан психологиялық ауырқуы бар адам немесе аңқау елдерді өздеріне құл қылып, жүгіндіріп қою үшін бір топ ұлттың ба, адамдардың ба ойдан шығарған оқиғасы.

Ағайын, сөзімді осы жерден тоқтатайын. Ар жағын өзіңіз ойлаңыз. Айтқан сөздерім ұнаса, арнама жазылыңыз. Лайк немесе ұнамаған жағдайда дизлайкты басыңыз. Комментарийге ойыңызды жазыңыз. Бірге болайық.

Діни көзқарас - кіріспе >>>

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...