"Құдайдан қорықпағаннан қорық"

Ажалдан қорықпа, арыңнан қорық (Халық даналығы)(мұнда түркеш пен қазақ сөздері бір мағынада қолданылып отыр)

Дүниені дүбірлетіп, атының тұяғы жеткен жерді өзіне қаратып, қарсы шыққанын қиратып араб (мұсылман) халифатының әскерлері қазақ даласының шетіне де таяп келеді.

VIII ғасырдың бас шенінде, Алланың құлы, Мұхаммедтің үмметіміз деген жанкешті әскер Мысырды, Византияны, Африканың солтүстігін, Таяу Шығысты, қазіргі Пәкістан жерлерін... басып алып, «хақ» дінді орнатуға кірісіп кеткен-ді.

Ендігі кезек қазақтың кең даласына келмек...Өзінен саны көп талай жауды жайратқан, өлімнен қорықпайтын, «Аллаһу Акбар» деп жауға шапқанда, қоғадай жапыратын араптың әскері, өздеріне тең келетін күш жер жүзінде жоқ деп санайтын-ды.

Алланың әмірімен ақиқатты дүниеге қылыштың жүзімен таратамыз деген тәтті ойға беріліп, мына дүниедегі рахат пен ана дүниедегі жәннатты аңсайтын нағыз мұсылман әскері еді.

Тек бір кемшілігі, өзінен өткен батыр, өзінен өткен айлакер, өзінен өткен жаужүрек әскердің жер бетінде болуы мүмкін екендігін тіпті ойына да алмайтын.60 мың қолды бастап келген халифат қолбасшысы Саид Абдул Азиз, 40 мың қолды бастап келген Сұлу (Сүлік) қағанның қолбасшысы Көл-Шар батырмен бетпе-бет келді.

Қазақ әскері араб әскерімен кескілескен шайқасқа түседі. Бір жағынан «Аллаху акбар» деп шапқан халифаттың әскері, екінші жағынан «Әруақтап» атой салған түргештер...Кескілескен шайқас, жанкешті соғыс, судай аққан қан...Атағынан ат үркетін халифат әскері тас-талқан болып жеңілді, беті қайтты, ұнжырғасы түсті.

Аллалаған арапты, әруақтаған қазақтың мысы басты. Өздерінен де рухы мықты әскерді көріп, араптар қайран қалысты...Сұлу қаған мен халифат әскерінің арасында талай қанды шайқастар болды.

Ертелі кеш қазақтың сағын сындырамыз деп араптар щабуыл жасай берді, шабуылдаған сайын қазақтар оларды қирата берді.

Алладан басқадан қорықпайтын араптар, енді қазақтан қорқайын деді...

Қарумен ала-алмаған қазақты, сөзбен қорқытуға көшті: «Бізге қарсыласуды тоқтатпасаңдар, тозақтың отына жанасыңдар. Қабір азабына ұшырайсыңдар. Араб әскері Алланың әмірімен жер жүзін жаулап келеді. Құдайдан қорқыңдар...» деп.

«Біз Құдайдан қорықпаймыз» десті еркін өскен, Көк Тәңірдің ұлдары.

Құдайымыз – Тәңір

Сотымыз – ождан

Қарауылымыз - ар

Қаруымыз – намыс

Жолбасшымыз – сана

Бағытымыз – дәстүр

Біз үшін ел мүддесіне қиянат – абыройсыздық.

Ал абыройдан айрылу – тозақтан да жаман.

Ел мүддесін қорғау – абырой. Ал абырой – кез-келген жәннаттан артық.

«Ер ел үшін туады, ел үшін өледі»«Біз Құдайдан қорықпаймыз!»

Мұны естіген араптар:

«Құдайдан қорықпағаннан қорық»

«Құдайдан қорықпағаннан қорық»

«Құдайдан қорықпағаннан қорық»деп шегіне берді...

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...