Көк Тәңірі сөйлесе?
Не дер еді біздерге?

күн көзі боп жымиып, 
бүйдер еді біздерге

әрі қарай Көк Тәңірі менің ішіме еніп, менің тіліммен сөйледі

***************************************************

Бабамның әруағы тіктелді

Жанарымнан жалын аттым,
Жаһанға қарадым

Әй адамзат

бермен қара,

мен, сол баяғы қара бала
атаның белінде
Ананың жатырында жатқан
шыр етіп дүние есігін ашқан

Мен, сол баяғы Еділмін
Естемі, Күлтегінмін

Мен, Көк Тәңірі, жерге түстім
Жаһанды билеп, жетім мен жесірді жұбатуға келдім

Қорланған адамзатты, құтқаруға келдім

Қиналғанға, қол ұшын бергелі келдім

Мен, Көк Тәңірі, Аспанды биледім

Жердегі өкілім - Ер түріктің ұрпағы

Сол түрікті жұмылдырып, 

Сілтегелі келдім

Қараңғылық дұшпаным

Серпілткелі келдім

Менің атымнан сөйлегендерді,

Орнына қойғалы келдім

Жеті атасын білмейтін жетесізді...

Жырғалтқалы келдім

Ғасыр бұрын, Мағжанға қондым

Әрірек жүрсең, Шыңғысқа қондым

Атилланың бойында едім

Көшпенді болдым,

Азия мен Еуропаны қатар биледім

Африканың қапырығына да қол салдым

Қосарланған қос құрылықта сайран салдым

Алтыннан киім кидім

Жер жүзінде түрік атты ұлым тұрғанда

Жердегі тіршілікті сөндірмедім

Түріктің бағын, кіші ұлым Қас Саққа бердім

***
Қассақ оғлан, тектілікті жоймады

Жақыннан қыз алмады

Сол үшін оған бүгін тағы қондым

***

Тәңірін іздегендер, мені - 

Бауырыңның көзінен көресің

Шешеніңнің сөзінен көресің

Қылықты қыздың бұрымынан көресің

Туылған сәбидің шырылынан көресің

Бөбегін емізген анадан көресің

Ел үшін түн қатқан, атадан көресің

***

Мені іздесең, ел болам деп ұмтылған

86-ның Желтоқсанынан көресің

Тектілікті қайтарам деген,

22-нің қаңтарынан көресің...

***

Мені іздесең, құдалықтан көресің

Ұл мен қыз өсірген, құдалардың қуанышынан көресің

***

Мен, құдыретті Көк Тәңірі, әруақтың батасын алдым

Шадыман болды

Ғайып Ерен, Қырық Шілтен аспаннан түсті

Қыдыр атаң зынданнан шықты

Көк Тәңірін мадақтайтын 1000 уәлі теңізден шықты

Самалмен Даула шықты,

Отпен Заула шықты

Сумен Саула шықты

Аспан мен жер құдыреті қара түнекке қарсы

Күреске шықты

***

Серпілт ойды, тапсыр әруағыңа өзіңді

Сен мұнан былай сен емессің

Сен, Шыңғыс қаһансың, әлемге теңдік орнатасың

Сен, Бумынсың бұлқынасың

Асау аттай жұлқынасың

Аждаһадай жұтынасың, деміңнен от шашасың

Сенің көзіңмен Көк Тәңірі қарайды

Ойыңды әруақ-сана билейді

Сананың түбінен шабыт шығады

Әруағың тіктелсін, арна батаңды

Сенің жаның мен тәнің бұдан былай әруаққа тән

Іш қасамыңды

Тапсыр өзіңді әруақ-құдайға

***

Әруақ сенің тіліңмен сөйлейді

Аяғыңмен жүреді

Қолыңмен шайқасады

Сенің ойың, бойың бәрі әруаққа тиесілі

***

Медет тіле, медет берейін

Бірлік тіле, біріктірейін

Қамшым екенің рас болса,

Әруақтың жетегіне қарсыласпа

Әруақты тыңда, әруағыңа сыйын

Оны жасамасаң - әруақ атады...

Көк Тәңірі араласа алмайды

Сенің тағдырың әруақ-құдайдың қолында

***

Атаң алтыннан киім киген еді

Әлемді билеген еді

Атаңның атын даула,

Бабаңның тағын даула

Ұл туатын жатырды бос қойма

Артық туған әруақты ұлды, 

Көк Тәңіріне арна!

***

Ұлыңды айдарлы ет

Қызыңды бұрымды ет

Ұлыңның айдарынан жел ескізем

Қызыңның самайына алтыннан желдік тағам

***

Бабаңнан асқан ел құрасың

Аты Жерұйық болады

Адамзаттың ақ, қара, сарысы демей

Бас ұрады

Даңқың мыңжылдарға жетеді

Сенің өрлігіңді

Сенің даралығыңды

Жер дүние мақтана сөз етеді

Ей Қамшым, тарт алға

Дандайсыған паңдарды,

Байсынған құтандарды

Қан төккіш ылаңдарды

Сал жөнге, аманатымды орында!

***

Әруағыңнан бата алдым,

Жолыңды ашты

Жұлдыздар сенің бағыңды ашты

Қараңғылық серпіліп, жарық түсетін кез келді

Әруақ!!!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...