Адамзат баласы дүниеге келгелі бері, сана трансформациясына түсіп келеді. Санадағы сілкініс кейде керемет нәтижелер беріп жатады.

Сана сілкінуі үшін белгілі бір құбылыс пен оқиға қажет болады. Сол оқиғаның салдарынан, адам баласы өзіне ой түйе бастайды...

***

Тоқыраған сана адамды артқа тартады.

Адамдарды билеп-төстеу үшін психоэнергетикалық технологиялар жасалады. Соның бірі, құдай арқылы адамды басқару.

Адамға құдайдың атынан бұйрық беріп, адамды зомбиландырып, өз дегенін істетеді.

Белгілі бір "уағызшы" адамдар тобы, араптың, болмаса басқа құдайлардың атынан, адамдарға үкім жүргізуге тырысады.

Әрбір пропаганданың күшіне қарай, оның артынан ерушілер болатыны да анық.

Қазақ даласына құлдық сананың келуі, алдымен төре тұқымдарына тиімді болды. Сол үшін де олар жаттың идеологиясының келуіне жол ашып берді.

***

Жалпы төре тұқымы өзара қырқсыу арқылы, қазақты ресейге бодан қылып бергені белгілі. Бір-бірімен бақ таласып, тақ таласып, ақыры ресейдің бодандығына сұранды.

***

Құлдық сана

Ешқандай құдайға құл керек емес. Құл - құлиеленуші адамдарға ғана керек. Адамға тегін жұмыс жасатып алу үшін, 

небір идеология ойланып табыла беретіні анық.

Қазақтың төл дүниетанымы бойынша, біздер деген, Тәңірдің ұлдарымыз.

Біз азат, еркін, дара елміз.

Бізге құлдық сана енбейді.

Құлдық сана

***

Ақпарат заманының келуімен, осы шақта семиттік идеологияның заманы өткені белгілі болып отыр. Семиттік идеологияның арбасы өздігінен тура жолға түсіп қалмайды.

Сол баяғы құлдық құбылыс өзгермейді.

***

Құлдық сананың басымдылығы:

- адамдарды басқару оңай
- адамдар артық сұрақ қойып, басқа жол іздемейді
- арзан еңбек күшіне қол жетеді
- адамдардың мүлкіне ие болу да оңай (қожаның бір ауыз сөзімен, үйдегі қалы кілемді қожаның үйіне апарып тастаған...)

Құлдық сананың кемшін тұстары:

- қоғамдық сана тоқырайды
- ғылыми-техникалық прогресс, сана дамуы тоқырайды
- догмалар мен жалған қағидаттар арқасында, адамдардың өзге түсініктегі адамдарға жиреніші, жек көруі, ақыр соңында соғысуы, айналып келгенде ондай қоғам өзін-өзі іштен жеп тынады...

-----------------

Тұтынушылық сана 

Жаңа электроника, смартфондар, машина, пәтер, киім-кешек, тәтті тамақ... барлығы да тұтыну тауарлары мен қызметтеріне табынуға алып келді. 

Тұтынушы сана

Ақшаға табыну да соның бір бөлегі. Адамдар өмірдің бақытын тұтынушылықтан іздейді. Тауар мен қызметтерді көптеп, сапалы тұтынған сайын, адам бақытты 

болады деп ойлайды.

Алайда, мына өмір тұтынушылық санамен ұзаққа бара алмайды. Тұтынушылар экологияны құртып барады.

Тұтынушылық сананың артықшылығы:
- тауарлар мен қызметтердің тұтынушылық қабілеті артады
- бәсекенің арқасында, баға төмендейді, қолданбалы ғылым тез дамиды
- елдің әл-ауқатының артуына себеп болады

Тұтынушылық сананың кемшін тұстары:

- табиғат ресурстарын экстенсивті пайдаланудың арқасында, экологиялық апатқа алып келеді
- тұтынуды қатты ойлаған адамдар, өзімшіл, менменшіл болады, сәйкес, қоғамдағы жанашырлық, қарайласу, татуласу азаяды
- бай-кедей бөлінісі қатты білініп, соңы әлеуметтік таптар арасындағы қақтығыстарға әкеліп соғады
- тұтынушылық жүйені жасап отырған күштер ұлғайып, қоғам мүшелері соларға мәдениетте құлдыққа түседі

Араптың идеологиясы, ана дүниеге барып, тұтынушылық сананың шегіне жетесіңдер деп отыр. Олар Елдік санадан бейхабар!

------------------

Елдік сана

Әрбір азамат елі үшін қызмет ететін, ашық, демократиялы, адамға және табиғатқа жанашыр жүйе.

Елдік сана

Елдік сана, негізі жалпыадамзаттық сана дегенге саяды.


Елдік сананың басым тұстары:

- жетім, жесір, түрме секілді түсініктер жойылады
- ғылым мен техниканың дамуы арқасында, тұтынушылық сана, өмірді жалғастыруға қажет деңгейде ғана қолданылады
- қоғамдағы немесе табиғаттағы кез-келген түйткілді мәселе, ашық талқыланып, уақытында шешіліп отырады
- адамның мен деген сезімінен, қоғамдық біз деген сезімі жоғары тұрады

Елдік сананың кемшін тұстары:

- қандай да бір мәселе бойынша уақтылы шешім қабылданбаса, елдік сана идеологиясына қауіп төнеді. 


*************

Қорытынды:

Адамзат баласы құлдық санадан өтті, тұтынушылық сананы бастан кешіруде. Ал ертедегі қазақтың өзі Елдік санада болған.

Өзіміздің ауызбіршілігіміздің кеткенінен, біз Елдік сананы тастап, өзгенің айтақтағанынан еріп, құлдық санаға түстік, онан әрмен 

қазіргі таңда тұтынушылық пен құлдық сананы араластырып қолданып келе жатырмыз.

Алдымыздағы мақсат болса, Қазақы Елдік санаға жету!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...