Құранның бір әрпі...

Құранның бұрмалануы туралы мұсылман ғалымдарының жеткізген хадистері.

 

Сүре немесе аяттарды азайту арқылы Құранның бұрмалануы туралы Риуаяттар

1) «Раджм» аяты туралы ("тасборан қылу")

«Раджм» аяты туралы риуаяттар Бұхари "Сахихінде", Муслимнің "Сахихінде",  Ахмад  ибн  Ханбалдың "Муснадында", Маликтың "Муваттасында" және басқа да ғалымдардың кітаптарында, яғни ең сенімді көздерде келтірілген.

Бұхари Омар ибн Хаттабтың айтқаның былай жеткізеді:

إن الله بعث محمدا صلى الله عليه وسلم بالحق وأنزل عليه الكتاب فكان مما أنزل الله آية الرجم فقرأناها وعقلناها ووعيناها رجم رسول الله صلى الله عليه وسلم ورجمنا بعده فأخشى إن طال بالناس زمان أن يقول قائل والله ما نجد آية الرجم في كتاب الله فيضلوا بترك فريضة أنزلها الله

«Алла тағала Мұхаммедті ақиқатпен жіберді және оған кітап түсірді, Алла жіберген нәрселердің аяттардың арасында тасборан ету (раджм) туралы аят бар еді, біз оны оқып, түсініп, есте сақтадық. Алла Елшісі (С) тасборан ететін, біз де ол кеткен соң тасборан ететінбіз. Адамдар: «Алла атымен ант етеміз, біз тасборан ету туралы аятты Алланың кітабында кездестірген жоқпыз деп айтып,  Алла тағала түсірген міндетін тастап, қояды», осылайша Алла жіберген міндетті ұмытып кететін уақыт туады ма деп қорқамын».

(«Сахих» Бухари,  8 том, 208 бет).

Сілтеме

 

Дәл осы риуаятты Муслим өзінің "Сахихінде" (3 том, 1317 хадис), сондай-ақ Ахмад ибн Ханбал "Муснадында" келтірген  (1-том, 40 және 55-беттер).

Малик ибн Анас (Маликит мазхабының негізін қалаушы) өзінің негізгі «Муватта» кітабында табииндердің басшыларының бірі болған Саид ибн Мусейбадан келтірген, Омардың сөздері:

إيّاكم أن تهلكوا عن آية الرجم أن يقول قائل : لا نجد حدّين في كتاب الله ، فقد رجم رسول الله ـ صلّى الله عليه وآله ـ ورجمنا ، والّذي نفسي بيده : لولا أن يقول الناس : زاد عمر في كتاب الله لكتبتها ( الشيخ والشيخة فارجموهما ألبتّة ) فإنّا قد قرأناها

«Мен сіздерді тасборан ету туралы аятты ұмытудан сақтаныңдар деп ескертемін! Біреуіңіз: «Біз бұл жазаны Алланың кітабынан таппай тұрмыз» деп айтпаңыздар! Міне, Алла елшісі (С) тасборан етіп жазалаған. Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, егер адамдар Омардың Алланың кітабына бір нәрсе қосқанын айтпаса, мен осы аятты жазар едім. Шын мәнінде, біз оны оқыдық (Алла елшісінің кезінде) ».

(«Муватта», 2-том, 824-бет, 10-хадис).

Сілтеме

 

Омар Құранға «Раджм» сүресін жазуға көп күш жұмсады.

Суюти, ең үлкен суннит ғалымдарының бірі - "Итканда" былай дейді:

وقد أخرج ابن أشته في ( المصاحف ) عن الليث بن سعد ، قال : أول من جمع القرآن أبو بكر وكتبه زيد … وأنّ عمر أتى بأية الرجم فلم يكتبها لأنّه كان وحده

«Ибн Ашта "Масахифте" Лейс ибн Саадтың былай дегенін келтіреді: "Құранды ең алғаш жинаған - Абу Бакр, ал Зейд оны жазды ... Сосын Омар тасборан ету туралы аятты алып келді, бірақ ол (Құранға) жазылған жоқ. Өйткені, ол оны жалғыз өзі әкелген »

(«Иткан фи улуми ль-куран», 1 том, 206 б.).

Сілтеме

 

Сонымен бірге Раджм аяты жайлы Айша да айтқан. Ибн Маджа «Сунан»  атты кітабында былай келтіреді:

لقد نزلت آية الرجم ورضاعة الكبير عشرا ولقد كان في صحيفة تحت سريري فلما مات رسول الله صلى الله عليه وسلم وتشاغلنا بموته دخل داجن فأكلها

«Раджм» және «Риза Кабир» аяттары түсірілген кезде, олар менің жастығымның астында жазбада сақтаулы болатын. Алла Елшісі (с) қайтыс болғанда, біз оның қазасына  аза тұтып жүрген кезде, бір ешкі келіп, осы аяттарды жеп кетті ».

(Сунан, Ибн Мажи, 1 том, 265 бет, хадис 1944).

Сілтеме

 

Суюти, сонымен қатар, Әбу Умама ибн Сахл санады бойынша Әбу Убейдадан келтіреді:

أنّ خالته قالت : قد أقرأنا رسول الله ـ صلّى الله عليه وآله وسلّم ـ آية الرجم : الشيخ والشيخة فارجموهما البتّة بما قضيا من اللذّة

«Оның апекесі айтты: «Алла Елшісі (С) бізге тасборан ету туралы аятты оқыды: «Еркек пен әйел – екеуін де құмарлықпен істегендері үшін тасборан қылыңдар» (Иткан фи улуми ль-құран, 3 том, 82 бет).

«Раджм» аяты туралы тек осы риуаяттармен шектелейік, ал мұсылман ғалымдарының кітаптарын біз келтіргеннен гөрі көп нәрсе бар.

Осы риуаяттардан түсінетініміз бірқатар сахабалар, соның ішінде, Омар ибн Хаттаб пен Айша сияқты сүнниттер арасында аса беделге ие адамдар, тасборан ету туралы аяттың Құранның бөлігі екендігіне сенімді болған, ол аяттардың Құранға енбей қалғанын айтып, кейіннен ол аяттарды енгізуге тырысқан.

Ондай ұстанымда болған адамдар:

  1. Умар ибн Хаттаб
  2. Айша
  3. Халид ибн Әби Умама ибн Сахл
  4. Убей Ибн Кааб (Суюти содан келтіреді).

Олардан тиісті риуаяттарды тарататын сунниттік деректер:

  1. Бухаридың "Сахихы"
  2. Муслимның "Сахихы"
  3. Ахмадтың "Муснады"
  4. Мәліктің «Мууаттасы»
  5. Ибн Маджаның «Сунаны»
  6. Сюутидың «Иткан фи улуми л-кураны» .

«Ахзаб» сүресіндегі аяттардың жоғалуы туралы хадис

Суюти «Дурр уль-Мансурда» былай деп жазады:

أخرج عبد الرزاق في المصنّف ، والطيالسي ، وسعيد بن منصور ، وعبدالله بن أحمد في زوائد المسند ، وابن منيع والنسائي ، والدار قطني في الأفراد ، وابن المنذر ، وابن الأنباري في المصاحف ، والحاكم ـ وصحّحه ـ وابن مردويه ، والضياء في المختارة : عن زرّ ، قال : قال لي اُبيّ بن كعب : كيف تقرأ سورة الأحزاب ـ أو كم تعدّها ـ ؟ ، قلت : ثلاثاً وسبعين آية ، فقال اُبي : قد رأيتها وإنّها لتعادل سورة البقرة وأكثر من سورة البقرة ، ولقد قرأنا فيها : ( الشيخ والشيخة إذا زنيا فارجموهما ألبتّة نكالاً من الله والله عزيز حكيم ) فرفع منها ما رفع

 

«Абдурраззак "Мусаннафта",

Тайалиси, Саид ибн Мансур мен Абдулла ибн Ахмад "Зауадиду ль-муснадта",

ал Ибн Мания мен Нисаи, Ибн Манзар мен Ибн Анбари «Масахифте»

келтіреді және Хаким бұны сахих деп атады,

- Ибн Мардавей Заррдан, ал оған Убәй ибн Кәаб былай дегенін айтады:

«Сендер Ахзаб сүресін қалай оқисыңдар, немесе онда қанша аят бар?» - деп сұрады. Мен «73 аят» -дедім.

 Убей: «Мен оны  (Ахзаб сүресін) (Алла елшісінің жанында) көрдім, ол Бақара сүресінің көлеміндей, тіпті одан да үлкен болды және онда мынадай аят болды: «Еркек пен әйел - оларға Алланың жазасы ретінде тасборан қылыңдар, және Алла - Ұлы, Дана»  деп оқитынбыз. Сүреден өшкен нәрсе өшті ғой».

(«Дурр уль-мансур», 5 том, 179 б).

Сілтеме

          

Муттаки Зарр ибн Хабиштің айтқанын былай жеткізеді:

قال اُبيّ بن كعب : يا زر : كأيّن تقرأ سورة الأحزاب ؟ قلت : ثلاث وسبعين آية ، قال : إن كانت لتضاهي سورة البقرة أو هي أطول من سورة البقرة

«Убей ибн Кааб былай деді: «Әй, Зарр! Ахзаб сүресінде қанша аят бар, сендер оны қалай оқып жүрсіңдер?»

Мен: «73 аят» дедім.

Убәйдің жауабы: «Расында, ол Бақара сүресінің көлеміндей, тіпті, одан да үлкен болатын», - деді.

(«Канз уль-уммаль», 2 том, 567 бет).
Сілтеме

 

Суюти Айша айтқынынан келтіреді:

كانت سورة الأحزاب تقرأ في زمن رسول الله ـ صلّى الله عليه وآله وسلّم ـ مائتي آية ، فلمّا كتب عثمان المصاحف لم يقدر منها إلاّ على ما هو الآن

«Ахзаб сүресі, біз оны Алла елшісінің (С) кезінде оқығанда 200 аяттан тұрды, ал Осман Құран тізімін құрастырған кезде, оларды енгізбеген, сол үшін қазір осындай-ақ...»

(«Иткан фи улуми ль-куран», том 3, 82 бет; «Дурр уль-мансур», том 5, 180 бет).
Сілтеме

 

Сонымен қатар,  Суюти Хузайфадан былай келтіреді: «Мен Ахзаб сүресін пайғамбарға оқығанмын, кейін сол сүредегі 70 аятты ұмытып қалдым да, қайта таппай қалдым»

(«Дурр уль-Мансур»  том 5, 180 бет)

Убай ибн Каабтан келген хадисте «Ахзаб» сүресінің аяттары Мұхаммедке түскенін, Құранның бір бөлігі екендігін айтады. Енді, ол сүрені кім алып тастады деген сұраққа Айша: «Осман Құранның өзіндегі нұсқасынан, кітапқа енгізбеген дейді»

3) Құрандағы «Рагба» ​​(«жиіркену») аяты жоғалғаны туралы

ثم إنّا كنّا نقرأ فيما نقرأ من كتاب الله : أن لا ترغبوا عن آبائكم فإنّه كفر بكم أن ترغبوا عن آبائكم

«Расында, біз Алланың кітабынан:« Әкелеріңнен жиренбеңдер, өйткені Ол, сендердің аталарыңнан бас тартқандарыңды жек көреді », - деп оқыдық.

(«Сахих» Бухари, том 8, 208 бет)

Сілтеме

 

Суюти айтады: Ибн Зурейстің Ибн Аббастан келтірген, хадисінде, Ибн Аббас былай дейді:

كنا نقرأ ( لا ترغبوا عن آبائكم فإنّه كفر بكم )

«Біз былай деп оқитынбыз: “Әкелеріңнен жиренбеңдер, өйткені Ол, сендердің әкелеріңнен бас тартқандарыңды жек көреді”».
(«Иткан фи улуми ль-куран», том 2, 42 бет).

Осы жерде аяттың араб үшін екені белгілі, болмаса 7 ғасырда қай қазақ әкесінен жеріпті?

Суютиде тағы да келтіріледі:

أخرج الطيالسي وأبو عبيد والطبراني ، عن عمر بن الخطاب ، قال : كنا نقرأ فيما نقرأ ( لا ترغبوا عن آبائكم
فإنّه كفر بكم ) ثم قال لزيد بن ثابت : أكذلك يا زيد ؟ قال : نعم

«Тийалиси, Абу Убейд және Табараниде Умар ибн Хаттабтан келтірген хадисте былай деді:

Біз «Әкелеріңнен жиренбеңдер, өйткені ол сендерді әкелеріңнен бас тартқандарыңды жек көреді» деп оқыдық.

Сосын ол Зайд ибн Сабитке (Мұхаммедтің хатшысы) қарап:

«Бұл дұрыс емес пе, Зейд?» - деді.

Ол: «Иә», - деп жауап берді.

(«Дурр уль-мансур», том 1, С. 106)

«Рағба» аятының жоғалуы арқылы, Құранның толыққанды емес екендігін айтқан, бірқатар сахабалар болған, олардың қатарында:

  1. Умар ибн Хаттаб
  2. Абдуллах ибн Аббас
  3. Зейд ибн Сабит

Бұл  хадис :
1. Бухаридың «Сахих» -ында
2. Суюти көптеген ислам ғалымдарынан келтірген, олардың қатарында:

  • Абдурраззак ибн Хаммам
  • Ахмад ибн Ханбал
  • Табарани
  • Абу Убейд Касим ибн Салам
  • Абу Абдуллах ибн Зурейс
  • Абу Валид Тийалиси
  • Ибн Хаббан - «Сахих» авторы

 

4) «Адам Ата баласы үшін екі аңғар болса ...» аятының жоғалуы туралы

  1. Муслим «Сахихында» Абу Асуадтан, оның әкесінен келтіреді:

بعث أبو موسى الأشعري إلى قرّاء أهل البصرة فدخل عليه ثلاثمائة رجل قد قرأوا القرآن ، فقال : أنتم خيار أهل البصرة وقرّاؤهم ، فاتلوه ولا يطولنّ عليكم الأمد فتقسو قلوبكم كما قست قلوب من كان قبلكم ، وإنّا كنّا نقرأ سورة كنا نشبّهها في الطول و الشدة بـ ( براءة ) فانسيتها ، غير أنّي حفظت منها : ( لو كان لابن آدم واديان من مال لابتغى وادياً ثالثاً ، ولا يملأ جوف ابن آدم إلاّ التراب

           «Абу Мұса Ашари Басраның Құран оқушыларына жіберілді, сонда оған 300 адам келіп Құран оқыды. Ол оларға: «Сіздер - Басра адамдарының ең кереметісіздер және Құранды өте жақсы оқыдыңыздар. Оқыңыздар, сіздерге дейін болғандардағы сияқты жүректеріңіздің қатаюына жол бермеңіздер.

 

Шындығында, біз ұзындығы мен күші Бараа сүресіне ұқсас сурені оқыдық, бірақ кейін ол ұмытылып кетті, кейбір сөздері ғана есімде қалды:

«Егер Адам Ата  баласының байлықтан тұратын екі аңғары болса, ол үшінші аңғарды алғысы келетін еді. Бірақ Адам Ата баласының ішін тек жер толтырады ».

(«Сахих» Муслим, том 2, 726 бет, хадис 1050).
Сілтеме

 

  1. Суюти келтіреді:

أخرج أبو عبيد وأحمد ، والطبراني في ( الأوسط ) ، والبيهقي في ( شعب ا

لإيمان ) ، عن أبي واقد الليثي ، فقال : كان رسول الله ـ صلّى الله عليه وآله وسلّم ـ إذا اوحي إليه أتيناه فعلّمنا ممّا اوحي إليه ، قال : فجئت ذات يوم ، فقال : إنّ الله يقول : ( إنّا أنزلنا المال لإقام الصلاة وإيتاء الزكاة ولو كان لابن آدم وادياً من ذهب لأحبّ أن يكون إليه الثاني ، ولو كان الثاني لأحبّ أن يكون إليهما الثالث ، ولا يملأ جوف إبن آدم إلاّ التراب ، ويتوب الله على من تاب

Абу Убейд пен Ахмад, 

Табарани «Аусатта»,

Бейхаки «Шаабу ль-иман» кітабында, Абу Уақид Ләйсиден келтіреді.

Абу Уақид Ләйси былай деді: «Алла елшісіне (с) аян келген кезде, ол бізге келіп, түсірілген аяттарды үйрететін-ді. Бір күні Мухаммед келіп былай деді:

"Аллаһ айтты: Біз намазды оқып, зекет беру үшін байлық жібердік. Ал егер Адам Атаның  ұлы алтын алқабына ие болса, онда ол басқасын алғысы келеді, оны алғаннан кейін, үшіншісін қалайтын болады. Бірақ, Адам ұлының ішін тек жер толтыра алады. Алла кешірім сұрағандарды кешіреді" – деді.

(«Иткан», том 30, 83 бет).

Сілтеме

 

  1. Суюти келтіреді:

أخرج أبو عبيد وأحمد وأبو يعلى والطبراني ، عن زيد بن أرقم ، قال : كنّا نقرأ

على عهد رسول الله ـ صلّى الله عليه وآله وسلّم ـ : ( لو كان لابن آدم واديان من ذهب وفضّة لابتغى الثالث ، ولا يملأ بطن ابن آدم إلاّ التراب ، ويتوب الله على من تاب

Әбу Убейд пен Ахмад ибн Ханбал, Әбу Йали мен Табарани Зайд ибн Аркамнан  келтірілген хадисте: "Алла елшісінің (с) тірі кезінде біз былай деп оқитынбыз: «Егер Адам баласының алтын мен күміске толы екі алқабы болса да, ол үшіншісін алғысы келеді. Адам баласының іші тек жермен толады, Алла кешірім сұрағандарды кешіреді».

(«Дурр уль-мансур», Ибн Аббас санады бойынша, том 6, 378 бет)

 

  1. Суюти келтіреді:

أخرج أحمد والترمذي والحاكم ـ وصحّحه ـ عن اُبيّ بن كعب : إنّ رسول الله ـ صلّى

الله عليه وآله وسلّم ـ قال : إنّ الله أمرني أن أقرأ عليك القرآن ، فقرأ : ( لَمْ يَكُنِ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ ) فقرأ فيها : ( ولو أنّ ابن آدم سأل وادياً من مال …

           Абу Убейд Джабир ибн Абдилляның былай дегенін келтіреді:

«Біз былай оқитынбыз: Егер адам баласының қазына толы жазығы болса, ол екіншісін қалайтын болады. Бірақ адамның ішін жер ғана толтыра алады. Алла кешірім сұрағандарды ғана кешіреді»

(Алдыңғы дереккөзде)

 

  1. Суюти тағы келтіреді:

أخرج أحمد والترمذي والحاكم ـ وصحّحه ـ عن اُبيّ بن كعب : إنّ رسول الله ـ صلّى الله عليه وآله وسلّم ـ قال : إنّ الله أمرني أن أقرأ عليك القرآن ، فقرأ : ( لَمْ يَكُنِ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ ) فقرأ فيها : ( ولو أنّ ابن آدم سأل وادياً من مال …

«Ахмад, Тирмизи және Хакимде келтірілген және мұның растығын Убей ибн Каабтан жеткізді. Алла Елшісі (с)айтты :«Алла маған саған Құран оқып беруді  бұйырды" деді де мынаны оқыды: «Иман келтіргендер, аһли кітаптан емес еді... және осы сүренің ішінде мынаны оқып кетті: «Егер Адам Ата баласы қазыналы алқапты сұраса ...» деп жалғастырды.

(«Дурр уль-мансур», том 6, 378 бет)

 

  1. Дәл осы хадисті «Джамиуль Усуль» -де Ибн Асир Тирмизиден келтіреді . Том 2, 500 бет, 972 хадис

 

«Егер адам баласының қазына толы жазығы болса...» аятының Құранда болғанына сенімді болған сахабалардың ішінде келесілерін атауға болады:

  1. Абу Муса Ашари
  2. Абу Вакид Лейси
  3. Зейд ибн Аркам
  4. Джабир ибн Абдиллях
  5. Бурейда ибн Хасиб
  6. Убей ибн Кааб
  7. Абдуллах ибн Мас‘уд (соңғысы тіпті бұл аятты өзінің мусхафына қосқаны жайында Рағиб Исбахани «Махазирату ль-абрар» кітабында жазған).

Осы аяттың жоғалғаны жайында риуаятты келтірген мұсылман ғалымдары.
1. Муслим,  «Сахих» авторы
2. Ибн Асир, «Джамиуғ ль-усуль» авторы
3. Рагиб Исбахани, «Махазират» авторы
4. Суюти, мынадай танымал мұсылман ғалымдарынан келтірген:
А. Хаким Нейшабури, «Мустадрак» авторы
Б. Абу Йали Ахмад ибн Али Моусәли, «Муснад» авторы
В. Ахмад ибн Ханбал, «Муснад» авторы, «Ханбали» мазхабының негізін салған имам
Г. Абу Касим Табарани, «Муаджиму саласа» авторы
Д. Абу Бакр Бейхаки, «Сунан кубра» авторы
Е. Абу Иса Тирмизи, «Сунан» авторы , алты «Сахих»-тың бірінің авторы

 

5) «Шахада» («Куәлік») аятының жоғалуы туралы

Муслим Әбу Мұса Ашаридің риуаяты бойынша "Сахихінде"  келтіреді:

- ( وكنّا نقرأ سورة كنا تشبّهها بإحدى المسبّحات فنسيتها غير أنّي حفظت منها :
يا أيّها الذين آمنوا لم تقولون مالا تفعلون ـ فتكتب شهادة في أعناقكم فتسألون عنها يوم القيامة

«Біз «Мусаббихат» сүрелерінің біріне ұқсайтын сүрені оқыдық, бірақ мен оны ұмытып қалдым, мына сөздер ғана есімде: "Әй, иман келтіргендер! Жасамайтын нәрселеріңді айтпаңдар!  Куәгерлік сіздің мойныңызға жазылады және сізден о дүниеде сұралады».

(Муслимның «Сахихы» 2-том, 726-б.).

Сілтеме

 

6) «Намазды сақтау» аятының жоғалуы туралы

  1. Ибн Хаджар Аскалани келтіреді:

- أنّه روى مسلم بن الحجاج وأحمد ابن حنبل من طريق أبي يونس عن عائشة : إنّها أمرته أن يكتب لها مصحفاً ، فلمّا بلغت : ( حافِظُواْ عَلَى الصَّلَوَاتِ ) قال : فأملت عليّ : ( حافظوا على الصلوات والصلاة الوسطى ـ وصلاة العصر ـ ) قالت : سمعتها من رسول الله ـ صلّى الله عليه وآله وسلّم

«Муслим мен Ахмад ибн Ханбал Абу Йунустан, ол Айшадан риуаят етеді: «Айша оған Құран кітабын жазып беруді өтінгенін жеткізді. «Намаздарды сақтаңыз» деген аятқа жеткенімде ол маған: «Намаздарды сақтаңыз - орта намазды да, түстен кейінгіні де оқыңыз» деп бұйырды. Айша сосын: «Мен оны Алла елшісінен естідім», - деді.

(«Фатху-бари фи шархи л-бухари», 8 том, 158 б.).

 

  1. Жоғарыдағы хадисті Айшадан, Муслим «Сахихында» келтіреді, «Мешіт пен намаз орындары» кітабында.

Сілтеме

 

  1. Малик ибн Анас (төрт «мазхабтың» бірінің негізін қалаушысы) өзінің басты кітабы «Муваттада» келтіреді:

Амра ибн Нафиядан риуаят:

كتبت مصحفاً لحفصة ، فقالت : إذا أتيت هذه الآية فآذنّي ، فأملت عليّ : ( حافظوا على الصلوات والصلاة الوسطى ـ وصلاة العصر

«Мен  мусхафты (Құранды), Хафсаға (Омардың қызы) арнап жаздым, сонда ол: «Осы аятқа жеткен кезде мені шақыр. Ол маған: «Намаздарды сақтаңыз - ортаңғы және түстен кейінгі намаздарды» деп бұйырды.

(«Муватта», 1-том, 139-бет, 26-хадис).

 

7)      «Тәубә» сүресінің аяттарын жоғалту туралы хадистер.

  1.   Суюти былай келтіреді:

- أخرج ابن أبي شيبة والطبراني في الأوسط ، وأبو الشيخ والحاكم وابن مردويه ، عن حذيفة ، قال : التي تسمّون سورة التوبة هي سورة العذاب ، والله ما تركت أحداً إلاّ نالت منه ، ولا تقرأون ممّا
كنّا نقرأ إلاّ ربعها

«Ибн Аби Шайба мен Табараниі  «Аль-Аусатта» , Әбу Шейх, Хаким және Ибн Мардуйа Хузейфадан келтіреді: «Сіздер «Тәубе» деп атайтын бұл сүре шын мәнінде «Жаза» сүресі деп аталады. Алланың атымен ант етемін, ол (сахабалардан) сүре ешкімді атамай қалдырған жоқ, ал сендердің оқығандарың, біз оқығанның төрттен бірінен көп емес...».

("Дурр ул-Мансур", 3 том, 208 бет).

 

  1. Суюти тағы былай келтіреді:

أخرج أبو الشيخ عن حذيفة ، قال : ما تقرأون ثلثها

«Абу Шейх Хузейфадан риуаят етті:« Сіздердің оқып жүргендеріңіз, бұл сүренің үштен бірінен көп емес», - деп келтіреді.

("Дурр ул-Мансур", 3 том, 208 бет).

 

  1. Суюти былай келтіреді:

أخرج أبو عبيد وابن المنذر وأبو الشيخ وابن مردويه ، عن سعيد بن جبير ، قال : قلت لابن عباس : سورة التوبة ! قال : التوبة ؟! بل هي الفاضحة ، ما زالت تنزل فيهم حتى ظنّنا أن لن يبقى منا أحد إلاّ ذكر فيها

«Әбу Убайда мен Ибн Мунзар, Әбу Шейх пен Ибн Мардуя - Саид ибн Джабирден риуаят етеді. Саид ибн Джабир  Ибн Аббасқа:«Тәубе сүресі»- деді. Ол: “Тәубе ме? Ол сахабалардың абыройын түсіретін сүре. «Оның уахи етілуінің ұзақ болғаны сондай, ол жерде атымыз аталмаған ешкім қалмайтын болды деп ойлай бастадық».

("Дурр ул-Мансур", 3 том, 208 бет).

 

  1. Дәл осыны ол Омар ибн Хаттабтан келтіреді.

("Дурр ул-Мансур", 3 том, 208 бет).

Бұдан байқағанымыз: «Тәубе» сүресі, Құранда қазір жазылған қалпынан әлдеқайда көлемді болған. Ол пікірді мына сахабалар жақтаған:

1) Абдуллах ибн Аббас

2) Хузайфа ибн Йамани

3) Омар ибн Хаттаб

Бұл сүренің бұрмаланғаны жайында риуаят келтірген мұсылман ғалымдары:

  1. Абу Бакр ибн Аби Шайба, «Мусаннаф» авторы
  2. Хаким Нишабури, «Мустадрақтың» авторы
  3. Абу Қасим Табараини «Муаджам» кітабының авторы
  4. Абу Бакр ибн Мардуйя
  5. Абу Бакр ибн Манзар

8) Көлемі мен күші жағынан «Бараа» сүресіне ұқсас сүренің жоғалуы туралы хадистер

Муслим "Сахихте", Хаким "Мустадракта" , Суюти "Дурруль-Мансурда" Абу Муса Ашариден, Басралық Құран оқушылардың айтқан сөздерінен келтіреді:

وإنّا كنّا نقرأ سورة كنا نشبّهها في الطول والشدّة ببراءة فنسيتها غير أنّي حفظت منها : لو كان لابن آدم واديان من مال لا بتغى وادياً ثالثاً ، ولا يملأ جوفه إلاّ التراب

«Шындығында, біз ұзындығы мен күші Бараа сүресіне ұқсас сурені оқыдық, бірақ кейін ол ұмытылып кетті, кейбір сөздері ғана есімде қалды:

«Егер Адам Ата  баласының байлықтан тұратын екі аңғары болса, ол үшінші аңғарды алғысы келетін еді. Бірақ Адам Ата баласының ішін тек жер толтырады»

(Сахих Муслим, 2-том, 726-бет, 1050-хадис).

Сілтеме

 

9) «Хальа» және «Хафд» сүрелерінің жоғалуы туралы

Суюти "Итқанда" осы екі сүренің жоғалғанын, негізі ол сүренің  Убей ибн Кааб пен Ибн Аббастың қолындарындағы жазбаларда болғанын, Омар ибн Хаттаб пен Абу Муса Ашари ол сүрелерді намазда Құныт ретінде оқығанын  

жазған.

(Иткан, 1-том, 226-бет).

 

10) «Жихад» аятының жоғалуы туралы

Суюти Мусаввир ибн Махрамнан келтіреді:

ألم تجد فيما أنزل علينا : ( أن جاهدوا كما جاهدتم أول مرة ) فأنا لا أجدها ؟
قال : اسقطت فيما اسقط من القرآن

«Омар ибн Хаттаб Абдуррахман ибн Ауфқа былай дейді:

Құранды бір аят бар еді. Былай оқылатын: «Олар сендер алғаш рет шайқасқандарыңдай шайққасын» деп. Сен сол аятты таба алдың ба? Мен соны Құраннан таппай отырмын. «Бұл аят Құраннан жоғалып кеткен аяттардың ішінде кетті»

(«Итқан», том 3, 84 бет)

Демек, Омар мен Абдурахман ибн Ауф, Құраннан «Жихад» аятының жоғалып кеткеніне сенімді болған.

 

11) Уақытша неке туралы аятты бұрмалау

«Ниса» сүресінің 24-ші аятында Алла былай деген:

«...Сонда олардан (әйелдерден) осы шартпен пайдалансаңдар, бекітілген мәһерін (сыйлығын) беріңдер...»

(4: 24).

Бірқатар сахабалар бұл аят басқаша түскен дейді:

فما استمتعتم به منهنّ إلى أجل

«...Сонда олардан (әйелдерден) белгілі мерзімге дейін пайдалансаңдар, бекітілген мәһерін (сыйлығын) беріңдер...»

Осы аятты сахабалардың кейбірі өздерінің жазбаларындағыдай етіп оқитын. Ибн Аббас былай дейді: «Алланың атымен ант етемін, бұл  аят дәл осылай түскен». Хаким осы хадистің сахихтығын «Мустадрақта» бірнеше риуаят бойынша дәлелдеп береді.

(Хаким «Мустадрақ», том 2, 35 бет)

 

Тафсир «Кабирде» былай келтірілген: «ИбнАббас пен Убәй ибн Кааб «белгілі мерзімге дейін» деп оқитын еді, ал қалған сахабалар бұл сөздердің Құранда болғанын жоққа шығарады»

(«Тафсир Кабир», 10 том, 51 бет).

 

Замахшари былай келтіреді:

وعن ابن عباس : هي محكمة ـ يعني لم تنسخ ـ وكان يقرأ : فما استمتعتم به منهنّ إلى أجل مسمّى ، ويروى : أنّه رجع عن ذلك عند موته ، وقال : اللّهم إني أتوب إليك من قولي بالمتعة ، وقولي في الصرف

«Ибн Аббастан: «Бұл нық (мухкам) аят болып табылады – яғни оның күші жойылған жоқ. Ибн Аббас: Сонда олардан (әйелдерден) белгілі мерзімге дейін пайдалансаңдар» деп оқитын. Замахшаридың жазуынша, Ибн Аббас өлер алдында: «Әй Алла, мен сенен уақытша неке туралы аят жайында, Құрандағы өзгеріс жайында айтқаным үшін кешірім сұраймын деген » дейді. »

(Кашшаф, 1-том, 519-бет).

 

Алайда Ибн Аббастың олай айтуы жайында Ибн Хаджар өзінің түсіндірмесінде былай деді:

أمّا رجوعه عن المتعة فرواه الترمذي بسند ضعيف عنه ، وأمّا قوله : اللّهمّ إني أتوب إليك من قولي بالمتعة فلم أجده

«Уақытша неке туралы сөздерді қабылдамағаны туралы айтатын болсақ, Тирмизи оны әлсіз санад арқылы жеткізді, мен оның «Әй Алла, мен сенен уақытша неке туралы аят жайында, Құрандағы өзгеріс жайында айтқаным үшін кешірім сұраймын» деген  сөздерін таба алмадым:.

 

12) Пайғамбарға (С) салауат айту бұрмалау туралы.

في مصحف عائشة ( إنّ الله وملائكته يصلّون على النبي يا أيّها الذين آمنوا صلّوا عليه وسلّموا تسليماً ـ وعلى الذين يصلّون الصفوف الأول

«Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Пайғамбарға және алдыңғы қатарда намаз оқитындарға салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер».

Ол  (Айша) айтты:

قالت : قبل أن يغيّر عثمان المصاحف

«Осман Құранды өзгерткенге дейін осылай оқылатын еді».

(«Иткан, 3-том, 82-бет).

 

13) «Таблиг» аятын бұрмалау туралы

Суюти былай келтіреді:

أخرج ابن مردويه عن ابن مسعود ، قال : كنّا نقرأ على عهد رسول الله ـ صلّى الله عليه وآله وسلّم ـ ( يا أيّها الرسول بلّغ ما انزل إليك من ربك ـ إنّ علياً مولى المؤمنين ـ وإن لم تفعل فما بلّغت رسالته والله يعصمك من الناس

«Ибн Мардуя Ибн Масудтан риуаят етеді: "Біз Пайғамбардың (с) кезінде былай оқитын едік: «Уа, Елші, сен  Раббыңның айтқанын, яғни, Али – мүминдердің билеушісі екенін жеткіз! Ал егер олай етпесең, онда Оның рисаласын (елшілік тапсырмасын) жеткізбеген боласың. Алла сені адамдардан қорғайды».

(«Дурр ул-Мансур», 2 том, 298 б.).

 

14) «Риза Кабир» аяты туралы

Ибн Мажа өзінің "Сунанында" Айшадан келтірген:

لقد نزلت آية الرجم ورضاعة الكبير عشرا ولقد كان في صحيفة تحت سريري فلما مات رسول الله صلى الله عليه وسلم وتشاغلنا بموته دخل داجن فأكلها

«Раджм» және «Риза Кабир» аяттары түсірілген кезде, олар менің жастығымның астында, жазбада (мусхафта) сақтаулы еді. Алла Елшісі (с) қайтыс болғанда, біз оның қайтыс болуына қайғырып жүргенде, бір ешкі келіп, осы аяттарды жеп кетті».

(Сунан, Ибн Мажи, 1 том, 265 бет, хадис 1944).

Сілтеме

 

15) «Расында, Алла Адамды таңдады ...» аяты туралы

Саалаби өзінің "Тафсирінде" Абу Ваил иснадын келтірген. Абу Уайл былай деді: 

قرأت في مصحف عبدالله بن مسعود : إنّ الله اصطفى آدم ونوحاً وآل إبراهيم وآل عمران ـ وآل محمد ـ على العالمين

«Абдулла ибн Масғудтың қолындағы мусхафтан былай оқыдым: "Шынында Алла Адам Атаны, Нұхты, Ибраһимнің ұрпағын, Имранның және Мұхаммедтің ұрпақтарын бүкіл  әлемнен  ардақты етіп таңдады».

(«Тафсир» Саалаби )

 

17) Құрандағы әріптердің саны туралы

Суюти Абдулла ибн Омар ибн Хаттабтан келтіреді:

لا يقولنّ احدكم قد أخذت من القرآن كلّه ، وما يدريه ما كلّه ؟! قد ذهب منه قرآن كثير ، ولكن ليقل : قد أخذت منه ما ظه

«Сендерден ешкім де, қолындағы Құранды толыққанды Құран деп айтпасын. Толық Құранның не екенін біле ме екен өзі? Құраннан көп нәрсе жоғалып кетті, сондықтан былай деп айтсын: «Менің қолымдағы Құранның айқындалған бөлігі».

(«Иткан», 3-том, 81-бет).

 

Суюти келтіреді: Табарани Омар ибн Хаттабтан риуаят етеді:

القرآن ألف ألف ( وسبعة وعشرون آلف ) حرف

«Құранда 1 027 000 әріп бар»

(Иткан, 1-том, 242-бет).

Қазіргі Құранда 267.033 әріп бар.

Соған қарағанда Құранның үштен бірі ғана сақталды ма?

Алланың өзі де рас, сөзі де рас >>>

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...