Намаз – адамға түскен парыз ба?

Армысыз, ағайын! Мен Шадырман Шуылдақ. Бүгін 11 сәуір, 2020 жыл. Өзімнің видео блогымды ары қарай жалғастырамын. Бүгінгі тақырып – бес уақыт намаз.

Бес уақыт намаз деген Ислам дінінде бес парыздың ішіне кіреді. Бұл бес уақыт намаз бізге қандай пайда береді десек, ол қияметте жағдайымызды жақсартады, Құдайға оның керегі жоқ, оны өзіміз үшін оқимыз дейді.

Бірақ Құранда оған байланысты қаншама аяттар бар. «Алладан көмек сұраңдар – намаз және сабыр арқылы» деген жолдар жазылған.

 

 

Өз басым, бес уақыт намаз қазаққа, жалпы адамзатқа парыз дегенге қосылмаймын. Неге?

Мысалы, адам бес уақыт намазды оқуды бастайды, тақуа болып, ғибадат, құлшылық қылады. Дүниеден өткен соң, дүниеден не көрдің деп сұрайтын болса,  мешіт пен үйдің арасын ғана көрдім деп айтуы мүмкін.  Физик, химик, биолог, программист  сияқты терең ғылымдарды зерттеген адам болса, ол адам мен құлшылық етуші адам екеуінің түсінігіндегі Құдай екі түрлі болады.

1000 жыл бұрынғы мұсылмандар калифорний, стронций, уран, платина, паллади, аргон сияқты газдарды білген жоқ.  Жаратқан иеміз оны жер бетіне жұмбат қылып салып қойды, адам баласы іздену арқылы, өзі пайдалану арқылы жер бетіне жақсылық жасап, жер бетіне мамыражай жерұйық орнатып, құт әкелі үшін. Оның барлығы осы дүние ғылымын оқу арқылы болады.  Азаннан-кешке дейін құлшылық ете бергеннен, о дүниеге барғанда жетісесің дегенге өз басым келіспеймін.

 

Намаз деген зікірге жатады. Зікір деген не? Зікір – Алла Тағаланы еске алу. Құранда хадистер, аяттар көп: аспандағы құстар да Алланы зікір етіп мадақтайды, балықтарда, 18 мың ғаламның барлығы да Алланың атын айтып тұрады дейді.

Бұл жөнінде өмірден мысал келтірейін. Бір ауыл бар, сонда бір бай тұрады. Сол ауылдың барлық керек-жарағын қамтамасыз етеді: мектеп, жол, әлеуметтік қамсыздандыру, электр энергиясы, қонаққа шақыратын құда-жекжаты бар, тойы бар, балалардың жүріп-тұруы, т.б. Ауылдың бүкіл шығыны соның мойнында. Сол ауылға көрші ауылда тағы бір ауқатты адам бар. Ол ауылдың да жағдайын сол кісі жасап, қамтамасыз етіп отыр.

Бірінші ауылдағы байға келіп, адамдар айтады: «Көшеге сенің атыңды берейік, мектепті сенің атыңмен атайық, сені дүйім жұртқа мақтайық». Сол бай оларға: «Иә, мақтаңдар, мадақтаңдар. Мен содан ләззат аламын. Мен сендерге бір ғибадатхана салып берейін, сол жерді мені, менің ата-бабамды мақтап, мадақтап отырыңдар» дейді. Дені сау адам, мені мақтаңдар демейді. Ал адамдар, Жаратқан иемізге мынадай сипаттама тағып қойды: Ол мақтауды сүйеді, өзін мақтағанды қалайды. Өмірді зікірмен, Алланы еске алумен өткізуіміз керек.  – Жоқ, олай емес. Өмірдің мәні, мағынасы басқада.

Ал енді, екінші ауылға келейік. Ол ауылда да халық байға барып, сізді мақтайық, мадақтайық, атыңызды баламызға қояйық. Бізге де ғибадатхана салып беріңіз, бізде сіздің атыңызға құлшылық жасап отырайық дейді. Сонда бай халқына: «Жоқ, бауырларым. Маған оның ешқандай қажеті жоқ. Мен қолымда бар кезде қолымнан келген жақсылықты жасаймын. Ол үшін сендерден қайтарым сұрамаймын» дейді.

Енді сіздерге сұрақ: осы екі бай адамның қайсысының даналығы жоғары? Әрине, екінші адамның аналығының жоғары екендігі көрініп тұр.

 

Ал дінде мақтау керек дейді. Турасын айтқанда, ол жаққа барып, көріп келген ешкім жоқ. Заманның ағымына, қажеттілігіне қарай халифалар болды, патшалар болды, олар да ата-бабаларын мақтау үшін айтқыза берген.  Менің түсінігімде: Құдай мақтауға мұқтаж деген адамдар, Құдайды даңғаза адамның дәрежесіне түсіріп тұр.

Намаз қайдан келді? Мұсылман әлемінде бірінші ақпарат көзі – Құран Кәрім, екінші – Пайғамбар хадисі. Хадис дегеніміз не? Мұхаммедтің айтқан сөздері, істеген істері, рұқсат берген нәрселері. Мұхаммед қарсы болмаған іс – сүннет деп аталады.

Иман Бұхари Муслим ибн Маджа, Науауи, Термизи, Суна Абу Дауыт деген хадис жинақтаған кісілер болған. «Сихаху сита» - алты шындық деген кітап бар. Осы кітапта жазылған іс болса, онда ол ақиқат, анық, оған ешқандай күмән келтіру мүмкін емес дейді.

Сіз «Мен мұсылманның ішіне кірмеймін, Біссіміллә деп , Құран оқып, ата-бабамның аруағына бағыштап тыныш жүре беремін. Ар жағына тереңдемеймін» деп ойлауыңыз мүмкін. Сіз тереңдемеймін дегенмен, жастар тереңдеп жатыр. Сол жастардың көзін ашып, көкірегін ояту үшін де осының барлығы жасалып жатыр.

 

 

Хадис 38.87. Бұны бір дерек көзінен алдым. Бірақ оны барлық имамдар да,  молдалар да біледі. Жұрттың аузында жүрген хадис. Ол жерде бес уақыт намаз қалайша парыз болғандығы жазылған.: Мұхаммед пайғамбар Миғражға көтерілді. Миғраж деген Алланың құдіреті, жеті қабат аспанның үсті. Бірінші қабатта бір пайғамбарлар, екіншіде басқа да пайғамбарлар отырды, соларға барып рұқсат сұрады деген жолдары бар. Тауып оқысаңыздар болады.

Мұхаммед Алланың құзіреттілігіне кірген кезде, Алладан міндет келді. Ол міндет – 50 рет намаз оқу. Сол міндетті қабыл алып, Алланың қабылдауынан шықса, алдында Мұса пайғамбар  тұр екен. Сонда Мұса айтады екен-мыс (Мұса Яхуди еліне келген көп пайғамбардың бірі): «50 рет намаз оқуға сенің еліңнің шамасы келмейді. Сен қайдатан кір де, Алла Тағаладан азайтуын сұра. Халықтың оған шамасы келмейді». Мұхаммед пайғамбар Алланың алдына қайта кіріпті, ақыр-соңында 10-ға азайтыпты. Шыққаннан кейін Мұса пайғамбар қайтадан айтады: «10 деген көп. Халықтың оған шамасы келмейді. Қайтадан кір де, азайтуын сұра». Мұхаммед Пайғамбар қайта кіріп, қайта азайтуын сұрайды. Сонда Алла Тағала адамдарға рақымшылық жасаймын, 5-ке дейін азайтамын депті. Мұхаммед қайта шығып, Мұса пайғамбарды көріп, 5-ке дейін азайтқанын айтса, Мұса қайтадан айтады екен «5-еу көп. Тағы да азайтуын сұра». Сонда Мұхаммед «Енді кіруге ұяламын» деп кірмеген екен деген сөздер бар.

Жалпы алғанда, бұл жерде Мұса білімдар, ақылды да, Құдайдың адамдардың жағдайымен онша шаруасы жоқ, ал Мұхаммед жас пайғамбар болып көрсетіледі. Сонда сұрақ туады: «Адам қанша намаз оқи алады, қанша оқи алмайтынын Құдай білмейді ме?». Бұл Құдайға жабылған жала деп білемін. Сыни тұрғыдан ойласақ, мүлдем ақылға қонбайтынын байқауға болады. Мұса пайғамбардың ақылы Құдайдан асып кетті. «Көзі соқырдан, көкірегі соқыр жаман» деген сөз бар.  Соны байқаған біз айтуымыз керек еді. 20 жыл бұрын намазды бастаған мен де айтуым керек еді. Бірақ мен де айтпадым. «Ақ десе алғыс, қара десе қарғыс» деп жүре бердік...

 

Қазір біздің жастарымыз 5 уақыт намазды мешітте оқимын дейді.  Жастардың кінәсі жоқ. Өйткені мына хадистерде мешітке барсаң намазыңа сауап болады деп жазылады. Кетіп қалайын десең, күнәхар болып, керемет нәрседен құр қалғандай боласың. Неге дейсіз ғой. Құранда «Мына дүниенің қызығын ақыретке айырбастамаңдар» делінген.

 

 

Мысалы, сен Америка, болмаса басқа елдің жасап берген ұшақтарына мінесің. Солардың затын пайдаланып ақырет үшін құлшылық қылуға барасың. Бірақ неге өзіміз жасауға тырыспаймыз. Жасайық десек, біздің уақытымыз жетпейді ғой... бір ақыретке дайындалып жүрміз. Христиандар, олардан басқалары  осы ноутбук, тағы басқа техниканың барлығын жасап, сатып, ақша жасап жатыр. Соны өзіміз жасасақ, оны 100 000 теңгеге алатын едік, мысалы. Ал біз олардан 300 000 теңгеге алып отырмыз.

Бізге Құдай сана берді. Әлемнің мықты елдері не жасап жатыр, біз де соны жасай аламыз. Ол үшін Намаз оқудың да, Қажылыққа барудың да, Оразы тұтудың да қажеті жоқ.

Қазіргі жастар мешіттен айналып шыға алмайды. Бірдене болса, барлығына шариғат көзімен қарайды, «мына дүние – жалған, тәркі дүние» дейді. Ол тәркі дүние үшін сопы болып, Тибеттің монахтары сияқты таудың ішінде отырмауы мүмкін, бірақ өмірге, тіршілік етуге деген құлқы, ниеті төмендейді. Өйткені, құранда «Кім дүниені қаласа, Алла оған береді, бірақ арғы дүниеде тозақ отына жанады»  деп көп айтылады.  Солай адам өзін-өзі ұмыта бастайды. Сақал өсірмегендер болса, онда олар әйел сипатын ала бастайды деген де хадистер бар. Ал оны қайтіп орындамайсың?

Мен намаз оқимын, бірақ басқаларын қабылдамаймын десең, онда бөліп алу керек. Бірақ, қазір жастар түрлі «Ұйымдарға» кіріп кеткен. Оларға жазып бергендері ғана дұрыс, ал менің айтқанымның бәрін қате, шайтан деп көреді.

Дәл қазір олар «Мұхтардың ішіне жын ба, шайтан ба кіріп, осы әрекетке итермелеп отыр. Бір күні төбесіне тас түседі, жер жұтады немесе Алланың қаһарына ұшырап, өліп тынады» деп ойлауы мүмкін. Сондай нәрселер біздің қоғамда тереңдеп кеткен.

 

Намазды бір оқысаңыз – бітпейді. Таң намазын оқығаннан кейін күн шыққанша Алланы зікір етіп, тәспіні қайырып, дұға етіп отырсаң – сауап. Күн найза бойы көтерілгенде күн бойы бір намаз оқысаң – сауап. Күн арқан бойы көтерілгенде бір оқысаң – сауап. Сосын бесін намазы, бесін мен асыр намазының арасында нәпір намазын оқыса тахаджуб намазының сауабындай болады дейді. Одан кейір асыр намазынан кейін мешітке барып, Алланы зікір етсең – керемет дейді. Шам намазы, арада 1,5 сағаттан кейін құптан намазы. Шын мәнінде солай адам дүниеден қалып қоя береді.  Жастарымыз намаз оқимын деп ұйқысы қанбай, жұмысы өнбей жүреді.

Жастардың арасында «әйелге бағынбаймыз» деген сөздер айтылып жүр. Жұмыстарында әйел адам бастық бола, «Әйел бастаған көш оңбайды» деп, жұмыс істеуге деген ниеттері де қашады. Бұның бәрі – манипуляция. Қалағанын істету үшін құрылған технология.

Намаздың медитациялық ерекшелігі бар. Тыныс алу техникалары жасап-ақ, өзіңізді жақсы сезіне аласыз. Ол намазсыз да істелетін нәрсе.

Алдымызда тарауих намазы келе жатыр. Намаздар бұрын қысқа болатын. Нағашы аталарым намаз оқыған, сонда ары кетсе намаз оқу жарты сағат алатын. Қазір сауап болады деп уақытын созып жіберді. Күндіз ораза ұстайды, түнде құран оқиды. Ұйқы қайда қалды, тіршілік қайда қалды? Өз басым оған қосылмаймын.  Тарауих намазы 20 рәкәт. Ол Құран кітапта да жазылмаған, Мұхаммед Пайғамбардың айтқан сөздерінде де жоқ. Оны кейінірек, өздерінің ғалымдары алқа құрып, солай шешім қабылдаған. Қазір адамдар соған барып, уақытын жоғалтып, өздеріне, отбасыларына, мемлекетімізге, халқымызға пайдасын тигізудің орнына, Арабтың құдайына табынуда...

Құрметті ағайын! Жанашырлықпен айтып жатырмын. Егер сөзімнің қисынға қонбайтын тұстары болатын болса, оны көре жатарсыз. Бірақ, әркімнің қисыны – өзінің ары болу керек? Кітапқа жазып бергенін жұта бер дегені емес. Әрқайсымыз миымызды іске қосып, еліміз, халқымыз, біраз уақыт бұрын бүкіл әлемге қалай үлгі-өнеге болса, сол халімізге қайтадан келейік. Өзіміздің баяғы жібімізді қайтадан ұстайық деген оймен айтып отырмын.

Тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...