Үндеу

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның назарына

-------------------------------------------

4 наурыз 2022  Шымкент қаласы тұрғыны

Шадырман Мұхтар Сералыұлынан

------------------------------------------ 

 

Үндеу

 

Соңғы күндердегі украин халқының басына түскен зобалаң, Ресейдің шовинистік саясатының шынайы бет-бейнесін ашып берді

***

Ресей үшін ешқандай тәуелсіз республикалардың жоқ екендігі айдан-анық болды

Осы сөзді алдында шовинист-идеологтар айтып жүрген кезде, ол ресми позиция емес, жеке адамның пікірі деп құтылатын.

***

Ал ресей президентінің өз аузынан шыққан, "Украина деген мемлекет болмаған..." сынды сөздерден кейін,

Біз, Қазақ елі, ресей президенті, ресей электораты мен ресей шовинистері үшін жай ғана Орынбор губерниясының жалғасы деп саналатынымызды түйсіндім

Орыстың өз баласын украин жерінде "пушечное мясо" етіп жатқанда, "чурка" қазақ олар үшін жай ғана "биоқоқыс"

Иә, бұл 18 ғасырдың емес, 21 ғасырда орын алып отыр...

***

Еститін мемлекет, "Жаңа қазақстан" идеясын көтерген өзіңіз едіңіз.

Ендеше ДАТ!

***

Кезінде қазақтың ішінде шпион, инагенттер толып жүр деген дезинформация жасау арқылы, Сталин мен Голощекин 37-ші жылғы репрессияны жасап, көзі ашық азаматтарымыздан айрылып қалып едік...

***

Орынбор, Омбы, Бостандық ауданы, Мырзашөл ауданы секілді жерлеріміз өзге республикаларға сол орыстың қоластында жүргенде кетіп қалып еді... Назарбаевтың шекара демаркациясы кезінде де талай жерді беріп құтылдық Оған бүгінде тірі куәлар жеткілікті

***

Сталиннің жасаған геноцидін айыптайтыныңызды, өзіңіз де берген сұхбатыңызда айтқан болатынсыз

***

Сол кезде қазақтарды біріне-бірін айдап салу үшін, қызыл террор пропагандасы қолданылғаны, сол арқылы қазақты-қазаққа дұшпан еткені тарихтан белгілі

***

Минск келісімшартын орындамады, Донецк пен Лугансктегі орыстарды қырып-жойды деген сылтау тауып, бүкіл украин халқын, дербес украин мемлекеттілігін жер бетінен жойғалы отырғанын көзіміз көріп отыр

***

Ресейдің ақпараттық машинасына сеніп, бас шұлғып отыра берер ме едік, егер интернет болмағанда... (интернетті өшірудің қажеті жоқ)

***

Ресми пропаганда мен халықтың арасынан келген ақпарат әрқашан да сай келе бермейді

***

Менің Сізден, азамат ретінде сұранарым әрі осы дархан жерді қорғап, сол үшін жан берген бабалардың ұрпағы ретінде талап етерім, қасыңыздағы көмекшілеріңізді,

жағымпаздану арқылы ел мүддесіне көзжұмбайлық жасайтын адамдарды ғана тыңдаумен шектелмеңіз

Халықпен етене араласып, оның мұң-мұқтажын тыңдай ғана емес, ести де, көре де, сезе де біліңіз

***

Бұдан былай, "Аш бала, тоқ баламен ойнамайды..." принципі жүрмейді "Қарның ашса құйрық май же..." дегеннен тойғанбыз

***

Ел үшін жанқиярлық танытып, ата-баба әруағының мойныңызға салған аманатын ерлікпен ақтап шығыңыз.

Жас келсе іске деген. Асыл тастан, ақыл жастан деген қазақ атамыз. Заман динамикасына, сай келмегеніңізді байқасаңыз, жастарға орын беріңіз. Мен Тоқаевтың айналасына бірігеміз деген ұранға сенбейм

Өйткені айналасына жиналып болғам, алдыңғы президенттің...

Қандай шешім шығаратын болсаңыз да, келісімшарт жасасатын болсаңыз, елмен ашық ақылдасып, елдің батасын алып отырыңыз.

Сол кезде ғана ел Сізді құрметтейді. Олай болмаса, сарай маңындағы жағымпаздар ғана жақтайды, ал еліңіз - даттайды. Кешегі қаңтар қырғыны қайталанады

Бірақ, ендігі жерде халық басқаша көтеріледі

Унитарлы мемлекет статусынан айрылып қалу қаупі мен мұндалап тұр

Қарапайым мысал:

Батыс Қазақстанға сепаратистік идеялар таратылатын болса, (өйткені бюджеттік түсімдердің басым бөлігі Батыс Қазақстандағы кеніштерден келеді), алдымен әуежайлар бұғатталады.

Құла-далаға автомобиль, пойызбен жетем дегенше, сепаратистер тәуелсіздік жариялайды дағы, Эритрея, Қытай, Ресей, Белоруссия, Сирия секілді елдер ДНР мен ЛНР-ді мойындағандай, тәуелсіздігін мойындап жібереді

Әрі қарай, жіберген әскеріңізді, ДНР мен ЛНР ді атқылаған фашист етіп көрсете салады...

***

Мұндай сценарийлер Кремльдің арнайы қызметіндегі сөрелерде өз мезетін күтіп отыр...

Қазақ ұлтшылдарының орыстілді халықты ұрып-соғып, әйелдерін зорлап, геноцид жасауы, сол арқылы Солтүстік аймаққа ресей "құтқарушыларының" енуі секілді сценарийлер ФСБ сөрелерінде өз сағатын күтіп отыр

***

Мұның бәрі біз, орыс ықпалына көнбей жатқанымызда орын алады...

Ал үнсіз бас шұлғитын болсақ, орыс колониясы боп қала береміз Де-юре - тәуелсіз республика, де-факто - орыс колониясы

Тарихымыз бен бүгініміз осыны көрсетіп отыр.

Оны көрмеу, білмеу елге жасалған қастандық деп білем

***

Бір жиында сөйлеген сөзіңізде: "Әлемде ұлтшылдық тенденциясы артып келеді..." дегенге саятын сөз айтқан болатынсыз.

Дұрыс айтасыз!

Қазақ Ұлтышылдарын өзге елдерге колония болуға ендігі жерде намыстары жібермейді. Ұлты үшін, елі үшін қасқиып тұрған украин халқын қанатты ракеталармен атқылап жатқанда үнсіз қалу, адамзатқа жасалған қиянат деп білем

***

Айыптаңыз агрессорды!

Халқыңызға Қазақ рухының тірі екендігін. Қазақ тұрғанда ешкімнің көз жасы мен қасық қаны төгілмейтінін көрсетіңіз. Қазақ Еуразияда ғана емес, оның арғы аталары әлемді билеген мемлекеттер құрған.

Сондықтан, қазақ елінің тәуелсіздігі мен абыройын сақтаймыз десек, тәртіпті өз қолымызбен орнатуға кірісейік.

Алдымен агрессорды айыптайық!

Минск келісімі дегеннің өзі, унитарлы мемлекетті федерацияға бөлуге бағытталған, батыс пен украинаға қысым жасау арқылы қол жеткізілген путиннің келісімі болатын

Кезінде қазақты-қазаққа айдап салған қызыл террорлық пропаганда, ендігі жерде украинды фашист етіп көрсету үшін қолданылып отыр!

Соның салдарынан Қазақстан Республикасында дәл қазір "Z" белгісін жапсырып жүрген көліктер баршылық

***

------------------------------

Негізгі бөлім

Қазақ елінің экономикалық, әскери, технологиялық тұрғыда Ресей федерациясына үлкен көлемде тәуелді екені жасырын емес.

Тіпті біздің әуе кеңістігімізді қорғау жүйеміз де ресейлік әуе қорғанысымен үйлестірілген.

Ресейге ең алдымен транзиттік тәуелділігіміз бар. Алғашқы президенттің орыстарға бас ұруына себеп болған да сол, транзит мәселесі болатын

Қазақтың жігіттерін транзитпен бір қорқытып алған ресей федерациясы, бізді өз қарамағына жылдан-жылға ала берді...

Интеграция, сауда айналымы, ортақ шекара, ортақ мәдени кеңісітк, кедендік одақ деген процестерден қазақ елі ештеңе ұтпағанын аналитиктеріңіз айтатын да болар

Соншама жыл саясатта жүрген, өзіңіз де білетін боларсыз

Қазақ елінің шикізаты, газы мен мұнайы, металл қорытпа, руда секілді тауарларымыз да ресей арқылы тасымалданады

Осыны білген ресей империалистері, (иә, империалистері) бізді IT (ай-ти) саласында, күнделікті тұтыну тауарлары, қару-жарақпен жабдықтау нарығында да отандық альтернативаны ығыстыруға лобби жасап, дәл қазір, келген жерімізге келдік...

***

Дәл қазір, ата-бабамыздың әруағының алдында адал екенімізді көрсететін кез келді.

Ресейден тәуелділікті жоятын бағыт алып, бағдарлама жасау керек. Халықтық бағдарлама! Саны бар сапасы жоқ, декларативті бағдарламаның қажеті жоқ!

***

Ресми мәлімдеме жасай алмасаңыз, мен секілді "есалаңдарды" Жириновский, Соловьев, Никонов, Киселев секілді үрген иттей абалатып қойып, ақырын ғана "электорат талабы" дей салыңыз

Дипломат адамсыз, ол жағын тамаша білесіз

***

- mail.ru

- yandex іздеуіші

- beeline операторы

- 1C Bitrix

- 1С Бухгалетрия

- сбербанк секілді ресейлік брендтерді ақырындап Қазақстан нарығынан ығыстырайық

Орнына өзіміздің талантты жастарымызды жобаға тартып, IT саласын жолға қояйық

Ашық конкурс арқылы, білікті де білімді жастар айналыссын

Ашық болсын бәрі де

***

Ресейден келетін тауарларды санитарлық нормаларға сай емес, елден шағым түсіп жатыр... деген және басқа да сылтаулармен шектеп, оларға өткізу нарығын тарылтуымыз керек

Procter&Gamble

Unilever

Johnson&Johnson секілді брендтерге өндірісін Қазақстанда ашуы үшін ықпал жасау керек

***

Мұндай жұмысты күнделікті ел боп қадағалап, әр қимылын шалт басқызбай бақыламасақ, тағы да жемқорлыққа тап болып, опық жеп қаламыз...

***

Ішкі нарықты ынталандыру арқылы, өз өндірісімізді өзіміздің сұранысты қанағаттандыру үшін жұмсау керек. Қазіргі таңда нәрестеге қажет тауарлардан бастап, өзіміз шығарып, қытай мен ресейдің тауарларын сатып алу көлемін біртіндеп азайту керек

Мен жоғары технологиялы өнімдер жайлы әдейіге айтпай отырмын, өйткені, күнделікті тұтыну тауарларынан бастауымыз керек

Осы уақытқа дейінгі орын алған Қытай мен Ресей секілді алып экономикаларға қызмет көрсететін "сервистік экономика" концепциясы мүлде өміршең емес

Біздің экономиканы шикізаттық бағыттан ол шығармайды

***

Протекционизм бізге керек пе?

Дамыған экономиканың барлығы да кезінде протекционистік саясат жүргізген.

Онсыз болмайды Заңнама жүзінде болмаса да (мемлекетаралық келісімге қайшы келмеуі үшін), қоғамдық сана тұрғысынан өте керек дүние

Шетелдік тауарды алып, сол елдің қару-жарағына ақша құйып жатқанымызды білмей жүргеніміз өтірік емес

Ресейдің тауарын, Қытай тауарын алып, олардың кәсіпкерлерін байытып, олардың салығымен мемлекеті қуаттанып жатыр

Біздің қаржымызға ертеңгі күні бізге қарсы атылатын қару-жарақты жасауына жол ашып отырмыз

Әлем енді басқаша.

Бейбіт келісім, достық көршілік қарым-қатынас секілді жылымық сөздер өтпейді.

Тек қана технология, қуат, ұлттық рухпен ғана елімізді сақтай аламыз

 

Ел үшін туамыз, ел үшін өлеміз,

басқа жол жоқ. Әруақ!

-----------------------

Қорытындылай келе:

Мемлекеттілікті ұстау еш заманда оңай болмаған.

Отан ана топырағын ұландарының қанымен үнемі суарып тұрған...

Қаншама қанды қырғында боздақтарымыз ел үшін жан берген! Соның арқасында ғана біз қазақ жерін сақтап отырмыз.

Ешқандай алла, тәңір, құдай қазақты сақтамайды.

Тек өр ұландары ғана сақтайды.

Әруақ қолдасын!

Өз қаны мен жанын елі мен жері үшін аямай беретін Ұл менмін! Дулаттан тарағам, Сиқымның Шуылдағы болам!

***

2003 жылы қателеспесем, шекара демаркациясын жасап болып, енді бізге ешбір елдің шекаралық претензиясы болмайды деп едіңіз

Жоқ, олай емес, болады!

Қару-жарағы, экономикасы күшейіп, құтырған елді, бір жапырақ келісім қағазы ұстап тұра алмайды.

Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясы соны анық көрсетіп отыр.

Тіпті Өзбекістан мен Түркіменстанның да қойнына тыққан бір тасы бар...

Саясатта сөз бен қағазға сену, өліммен тең!

***

Мен Сізге сенбейм, Сіз де маған сенбеңіз. Ешкімге сенбей, ел үшін қызмет етіңіз!

***

Әруақ алдындағы міндетін орындау үшін ат ойнатқан бабаларымыз малын да, жанын да берген

Бірақ жерді, елді аман алып қалған.

Төгілетін қаннан қорқып, жерді бере салатын болсақ, бізді осы жер үшін қан төккен ата-бабаларымыздың әруағы атады

"Құдай ұрған оңалар, әруақ ұрған оңалмас" - деген қазақ

Жер болуы үшін ел керек, ел болуы үшін тіл керек.

ЖЕР, ЕЛ, ТІЛ - осы үш тұғыр барда, қазақ өлмейді

***

Нақты ұсынысым:

- ресей тауарларына, сервистеріне, тіліне, олардың қолдану аясына ресми - бейресми тарылту жобасы жасалсын (жасырын жоба)

- ресейдің телеканалдары, пропагандасы, ақпараттық, жаңалық сайттары бұғатталсын, немесе техникалық ақау деген сылтаумен нашар жұмыс істетілсін

- жергілікті өндірісті дамыту үшін кредиттік ресурстар қолжетімді етілсін. Жылдық ставка төмендетілсін

- бағаны ұстауға тырыспаңыздар, есесіне елдің нарығын жергілікті өндіріспен жасалған, сапалы тауармен үйіп тастау керек. Жемқорлық болмаса, баға өзі реттеледі (екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия секілді)

- стратегиялық нысандар мен инфрақұрылым нысандары мемлекеттік компания қарамағында болсын, ешқандай жеке серіктессіз

- протекционизм заңмен бекітілмесе де, қоғамдық санада өмір сүрсін, насихатталсын

- өзіңіз таза қазақша сөйлеңіз, мемлекеттік аппарат та қазақшаға өтсін Олай болмаса, қазақы рух сіңбейді.

Күшік кезінде таланған төбетше, орыстан қорқып жүре береміз

Орыс тілінің орнына тек ағылшын тілі болсын, қытайдың өзі ағылшынша, корей мен жапон да ағылшынша ғылым іздеп жүргенде, ресейдің университеттері мен орыс тілі бізге түкке керек емес

***

 P.S. орнына "Бабаларымыз Еуразия төрінде ат ойнатып, алпауыт мемлекеттер құрған... Кешегі Алтын Орданың мұрагері Қазақ ХАЛҚЫ" - деген месседжіңізді ұмытқаным жоқ

Осы үшін құрметтейм

Енді сөзді іспен дәлелдейтін кез келді

Арда болайық!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...