Армысың Қағанат!

Сүйінші!!!

Қағандардың алғашқы буыны нышан берді. Жарқ еткен сәуле шықты. Рух шырағы лаулай түсті.

Көктүрік Қағандарының ұрпағы жерде. Ол кім?

***

Жауап бермес бұрын мына бір жәйтке тоқтала кетейік.

Қағанаттың әрбір адамы қандай болады?
Таза қан мен асқақ арман, тәкәппар да өр мінезді ұландар. Арлы, ожданды. Жанынан арын жоғары қояды.

Намысының құлы.

***

Жеті атасын біліп, жеті рудың қамын жеген ғана емес, адамзатты жаңа деңгейге шығара алатын.

Тіршілікпен үндестіктің жаңа деңгейін көрсете алатын азаматтар (қызы да ұлы да Азамат).

Әлемді билейтіндердің жаңа буыны туылды. Олар өздерінің миссиясына кірісе бастады.

Ол қандай миссия?

Миссияның аты: Қазақы дүниетанымды дүниеге тарату, таныту

Қазақы дүниетаным дегеніміз, Мөде мен Бумынның, Атилла мен Шыңғыстың,  Білге мен Томиристің дүниетанымы

Тәңірлік дүниетаным - әлемді үндестікпен, үйлестікпен басқару жүйесі. Теңгерім.

Біреулері әлі күнге дейін өзінің Қаған рухын ояту үшін туғанын білмеуі де мүмкін.

Дегенмен, Қаған рухы оянды. Оны тоқтатар бөгет де, күш те жоқ.
Қағандар әлемнің әр түкпірін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Әруақ!

Қаған жерді басқанда жер қуанады, Қаған жермен жүргенде басқан ізі гүлге айналады. Қағанның Тәңірлік табиғатын барша әлем мойындайды

Қаған рухын тірілткен бір адам бір тұтас елдің санасын билейді, Қаған рухы қонған екі адам мемлекет құрады, Қаған рухы қонған жеті адам дүниені билейді. Әруақ!

Әлқисса, Қағандардың тұтас буыны туылып, әлемді мойындата бастады...

Қазақы Қағандық рухты таратып, Көктүріктің ізін басып келе жатқан біреу бар. Оны білесіздер ме?

Қарумен жасай алмай жүргенді бір ауыз сөзбен жасап, күллі әлемнің айтарлықтай бөлігін жатқызып тұрғызады.

 

Адамдар оны көріп ізгілік пен даму көреді.
Оның айтқанын тыңдайды, оның тілін үйреніп, дүниетанымын жоғары бағалайды. Оның ұлтына мың алғыс айтады.

Оның қазақша салған әндерін қазақ тілінде айта алу үшін қазақ тілін үйренеді.
Сол арқылы жеті атасын түгендеп, тектілікке жетеді.

Сонымен, қабыл алыңыз - Димаш Құдайберген!

Өзі ғана емес, оның қасындағы бүкіл командасы Қағанның командасын құрап отыр.

Қазақы дүниетанымды әлемге таратуда Димаштың жасағанын ешкім жасай алып жатқан жоқ.

Осы секілді ұландарымыздың саны жетіге жеткенде, әлемді билейміз.


P.S. Қағанатшылар Димашты өздеріне сырттай қосып алыпты дегендерге айтарым:
Қазақы дүниетанымды, қазақтың тілі мен рухын дәріптеген әрбір адам Қағанатшы. Діни сенімі мен саяси көзқарасы маңызды емес. Жаның Қазақ болса, Қағандар рухынан қашып құтыла алмайсың.

Бөрі өзін қоймын немесе ешкімін деп атағанымен, оның табиғаты Бөрі болып қала береді

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...