Сені аяқтан шалатын, бойыңдағы рухты байлайтын паразит түсініктің бірі - сабыр.

Сабыр еткен адам, бәрі құдайдың жазуымен болады, сабыр етейін деп белсенді іс-әрекет жасаудан өзін тоқтатады.

Сабыр түбі сары алтын, күте тұрайын, жазмыштан озмыш жоқ деп шарасыз отыра беру нағыз бишаралық.

Ол біздің санамызға жат.

***

Бөрілі байрақты көтеріп, жаңа әлем жасаушылар сабыр деген сөзді өз сөздік қорынан алып тастады.

Бізде сабыр жоқ, бізде шыдам бар, онан соң төзім бар.

Сабыр паразит сөзінің салдарлары:

- Адамның рухын түсіру, болған істі құдайдың жазмышы деп, басты салбырату. Өмірге бей-жай қарау

- Адамның салақтығынан, олақтығынан, жемқорлығынан болған құбылысты, оқиғаны жауып, оны құдайдың ісі деп, құдай ісіне сабыр сақтау керек дегені.

- Сабыр деген қара халықты алдаусыратып, уақыт созуға пайдаланылатын, байлардың кедейлерді езіп отыруы үшін ойлап тапқан сөзі.

- Сабыр қиындықты кетіруге жол ашпайды. Тісі ауырған адам сабыр деп стоматологқа бармай отырғанымен, құрттаған тіс шірімей тынбас.

- Құдай сабыр етушілермен бірге деген далбаса сөз. Құдай сабыр сақтаушылармен бірге болса, 30-шы жылдары миллиондап қырылған қазақ та сабыр сақтады. Ұйымдасып өз малдарын алып қалмады.

Сабыр сақтады. Сол үшін өлді.

Сабыр ешқандай пайда бермейді.

- Сабыр сақтасам сауап аламын деген нағыз далбаса. Сабырмен адам уақыт оздырып, көштен қала береді. 

Бары сол.

***

Бөрілі байрақ көтергендер сабырдың орнына төзім мен шыдам сөздерін қолданады.


1. Төзім - тағдыр соққысын алған сәтте белің опырылып кетпес үшін қажетті беріктік. Қажетті беріктік бар болса, тағдыр соққысына

төтеп бересің. Аман қаласың. Қарсы әрекет жасауға шама келтірмей соққылар берген кезде, бар рухыңды бойыңа жиып, құлап қалмау үшін

жанталасасың.

Міне осы ТӨЗІМ.

---

Келесі кезекте, алған соққыңа қарымта қайтыруға бел буып, ЖОСПАР құрасың, айналаңмен ұйымдасасың.

Қапысын табатын мезгілін күтесің.

Міне, осы жерде Шыдам керек.

***

2. Шыдам. Жоспарыңды даярлап алып, қапысын табатын уақытты аңдып отыруды - шыдам дейді.

Шыдам адамның рухын көтереді, миының жұмыс жасауына себеп болады. Айналасына мүдделестер жинауына жәрдем береді.

Шыдам жасаған адам айналасына дұрыс энергетика шашады.

Қайталаймын, шыдам болуы үшін, алдымен қарымта қайтаратын жоспар болуы керек.

Жоспарсыз шыдам - сабыр деп аталады. Сабырдың не екенін жоғарыда айттым.

***
Жаңа әлем орнататын қазақ.

Сенің сөзқорыңда сабыр деген сөз жоқ.

---

Сенде соққыға төзетін Төзім, қарымта уақытын аңдитын Шыдам бар.

Әруақ!


Әлеуметтік желілерде:

https://twitter.com/NHLOJKbpQBGHOec - Twitter парақшам

https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/  - Instagram парақшам

https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344  - Facebook парақшам

https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011  - Youtube каналым

https://vk.com/mukhtar_shadyrman  - ВК парақшам

 

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...