Садақа берумен қай жерге дейін барамыз?

Армысыз, ағайын! Эфирде Шадырман Шуылдақ. Мен бүгін ислам дінінің, мұсылмандықтың оның өзім көріп тұрған кемшіл тұстары мен ерекшеліктері жайлы жеке ойым мен тұжырымдарым жайлы бөлісетін боламын.

Әркім өзінің ақыл таразысына салып, ақ-қарасын ажырата жатар. Мен тұжырымдарымды бастадым.

Жалпы мұсылман дінінде садақаны не үшін береді? Хадистерде, аяттарда болсын, кез келген мұсылмандық ақпарат көздерінде садақа беріңдер, садақа берсеңдер бастарың аман болады, дендерің сау болады, тосыннан келген апаттан, мезгілсіз өлімнен, бәле-жала, аурудан аман боласыңдар деп жазады. Малдарыңа береке береді, көбейеді, о дүниеге барғанда мизам тарасызында сауаптарын артық болады дейді.

 

Садақа берумен қай жерге дейін барамыз?

 

«Ауруларыңды садақамен емдеңдер. Садақа барлық ауруды және бәлені қайтарады» деп Мұсылман Діни басқармасының сайтындағы хадистерде жазылған. «Жасырын, не ашық түрде көп садақа беріңдер. Ризықтарың көбейеді. Көмекке ашық болыңдар. Дұғаларың қабыл болады. Садақа беруге кедергі болған адамаға лағнет болсын».

Мысалы, бізде Қазақстанда жылына жол көлік апаттарынан көп адам қайтыс болады. Сіздер қалай ойлайсыздар, садақаны көп беріп жүрген адамның көлігі жол апатынан аман болады ма? Садақаны көбірек бере бастаса, жол көлік апаты азаяды ма? Германиямен салыстартын болсақ, 82 миллион халықтың 6-7 миллионы ғана мұсылмандар. Олар түріктер, арабтар болуы мүмкін. 2017 жылы Германияда жол көлік апатынан 3069 адам қайтыс болған, ал Қазақстанда 2500. Олардың халқы бізден 4,5 есе көп. Ал автокөліктер саны – 46 миллион, бізде 3млн 700 мың көлік тіркелген. Бізде көлік саны Германиядан 12 есе аз. Халықтың 0,004 пайызы жол апатынан қайтыс болса, Қазақстанда 0,14 пайызы осы апаттан көз жұмады. Адамның қайтыс болу деңгейі Германиядан 3,5 есе көп. Ал енді сұрақ, Германия көп садақа беретін ел ма? Жапония, Норвегия, Швеция, Швейцария, тағы басқа алпауыт елдермен салыстырсаңыз, өлім саны бойынша бізде көрсеткіш жоғары. Мысалы, Швецияда ешкім садақа бермейді. 0,15 пайыз мұсылман болса, олар садақаны өздері үшін береді.

Жол апаты

Садақа көп берген сайын, апаттар азайып, жолдарымыз қауіпсіз болып кетеді ме? Жоқ. Садақа түгін, бүкіл Қазақстанды садақаға беріп жіберсеңіз де ол тоқтамайды. Өйткені, бізге біріншіден жүргізуші мәдениеті керек. Оқымай-ақ куәлікті сатып алғандар қаншама. Оны жұрттың барлығы біледі. Ал ережені білмейтін адам бір күні ГАИ-ге ұсталады, не апатқа ұшырайды, болмаса, біреудің тағдырын опат қылады. Оның үстіне көліктердің ескілігі бар.

Германиядан шыққан жаңа көліктерде қауісіздік жастықтары, жолдан шығып бара жатқанда автоматты түрде тежегіш басылатын, т.б. системалар бар. Сол арқылы олар адамды басып кетпейді. Ал бізде көпшілігі әлі 90-шы жылдардың көліктерімен жүр. Мұнда садақаның не қатысы бар?

Садақа адам өмірін сақтайды деген - адасу.

 

Жол апаты

 

Өлім статистикасы. Қазақстанда 2018 жылы шамамен 165000 адам қайтыс болды. Садақа адамды тосын апаттан, мезгілсіз өлімнен сақтаса, пітір садақа қазір 300 теңге емес 3000 теңге етіп, әр қазақстандық азаматты аптасына 100-200 теңгеден садақа беруге міндеттеп қояйық. Сонда қайтыс болып жатқан адамдар саны азаяды деп ойлайсыз ба? Онда медициналық мекемелер, ғылыми зерттеу орталықтары, лабороториялар, медакадемиялар не үшін керек? Бәріміз садақаны беріп қойып, аман болып жүре бермейміз бе? Вирустан қорғайтын сабын, маска, антисептиктер не үшін керек сонда?

Қазақстанда қан айналымы ауруларынан, оның ішінде гипертония, қан қысымының жоғарылауы, инсульт, т.б. аурулардан шамамен 31536 адам қайтыс болады.

Тыныс алу ауруларынан - 16635, ас қорыту жүйесі ауруларынан – 11589, әртүрлі ісіктерден – 15479, жазатайым өлім – 12538 адам қайтыс болады екен. Садақаны көбейтейік те, қайтыс болғандар санын азайтайық!

Егде жасқа келіп қайтыс болса жарайды, жасы келді, жасарын жасады, асарын асады деп айтамыз. Бірақ, жастарымыз қайтыс болып жатыр ғой. «Елуде ел ағасы, алпыс – бел ортасы», нағыз немерелерінің ортасында күліп-ойнап жүретін жаста, жоғарыда айтылған аурулардан қайтыс болып жатыр.

Біз садақа беру арқылы алдыға жылжымаймыз.

Германияда халықтың орташа жасы шамамен 79, Жапониядан 80 үстіне шығады, бізде 63-64 жас. Сонда, ең көп садақа беретін Жапония болып тұр ма?  Садақа мен адам өмірінің ұзақтығының арасында ешқандай байланыс жоқ. Ол адамның өзіне байланысты: өміріңді қауіпсіздікте ұста, жол ережесін сақта, дұрыс өмір салтын ұстан, спортпен айналыс.

 

Садақа мал-мүлікке береке береді дейді. Ол нені білдіреді?

 

Медина қаласы
Медина қаласы

 

Мысалы, кезінде Мұхаммед тұрған Медина қаласында байлар тұрды. Яхудидің, арабтың байлары болды. Бай – бай болып қалды, кедейлер – кедей. Олар әр жерде бір қайыр сұрап, жалшы болып есік алдын сыпырып, ыдысын жуып, амалдап өлместің күнін кешіп жүреді. Бір күні олар ойланады: «Біз байды байытып беріп отырмыз. Біздің арқамызда байып, ашлқып жүр. Қажылыққа барады, зекетін береді, сауабын алады. Біз болса, отымен кіріп, күлімен шығып жүрміз. Бұл әділетсіз ғой. Бала-шағам аш отырғанда, қазір барамын да қорасынан қойын тартып әкетемін де, сойып, бала-шағама беремін». Оны ешкім тоқтата алмайды. Өйткені, 10 бай болса, 1000 кедей бар. Сол үшін кедейлерге өлмес-талмас қылып, аптасына қойыңды сойып, кедейлерге таратып тұрды. Өйткені, олар аш болса, өзіңді де, малыңды да жеп қояды. Өзіңді де қуып жібереді. Аш адам бәріне барады. Бала-шағасы аш болып тұрғанда, оған ештеңе қызық емес. Сондай болмас үшін, садақа, зекет беріп, алдаусыратып қояды. Аурудың себебін жою емес, аурудың симптоматикасын, көрінісін жою деген сөз.

Мысалы, бір адамның аяқ киімі жұқа. Қыстың күні аяғынан сыз өтіп жүр. Үйіне келіп ауырады, дәрімен емделіп, ертең жұмысқа қайта барады, қайта ауырып, қайта емделеді. Оған табаны қалың, қыстық аяқ киім керек. Бізге арабтардың психологисы келмей тұрып, сақ, ғұн дәуірінде, Томирис патшайым кезінде психология қандай еді? Ол кезде бәрі ру болып өмір сүрді. Мысалы, мен -  Шуылдақ, біз бір жерде, қоңыраттар бірге, наймандар бірге ... олар өздерінің рулас бауырларын қайыр сұрайтын дәрежеге жеткізбеген. Жетім-жесірге садақа бер дейді. Қазақта жетімнің өзі болмаған ғой. Менің руласым бауырым, немесе оның әйелі, не екеуі де қайтыс болса, мен оның балаларын көшеге қаңғытып жібермеймін. Өзімнің шуылдақтарымда үйіме алып келіп, өз балаларыммен бірге өсіремін. Ешкімге қол жайғызбаймын. Егер біреу жесір қалса, әмеңгерлік деген бар. Қазір әйелдер ажырасып жатса,  бөтен біреуге барып тиеді. Содан кейін, зорлау, ұрып-соғу, педофилия деген қоғамда көбейіп кетті. Оның бәрі, қазақылықтан кеткеніміздің зияны. Арабтардың садақа бер, тиын-тебен лақтырып қой, өлмес-талмас қылып қой деген қазаққа жат нәрсе. Қазақтың даналығы – ешкімді қайыр сұрауға, жоқ-жітік болып, міскіндікке түсуге жол бермеген. Қазір таза салафи, муслим, хадиспен, шариғатпен жүретін небір жігіттердің үйіне жақындап көрші ... Үйіне қондырмақ түгілі, әйеліне 100 м жақындатпай, алыстан шайыңды беріп, шығарып салады. Ал біздің қазақ атамыз ешбір қазақтың баласы аш қалмасын, жолаушы болып келді ме, тамағын, шайын бер деген. Әйеліне деген сенімсіздік болмаған. Өйткені, ар-ождан деген мықты болған, біз өзімізді-өзіміз көріп тұрдық. Сол үшін, ешкімге қол жаймадық, бодан болған жоқпыз.

 

Садақа беру

 

Көшеде қайыр сұрап отырғандарға 50 теңге, 100-200 теңге беріп кетіп, қарызымнан құтылдым деп ойлайсыз. Жоқ. Сіз оны одан бетер кедейлікке, қайыршылыққа итермелеп жатырсыз. Неге? Бүгін ол қайыр сұрап 5000 теңге тапса, ертең тағы шығады. Оның намысын оятып, жағдайына қарауымыз керек. Мемлекеттің беретін көмегін алуға қол ұшымызды беруіміз керек. Қазақстаннның азаматы болмаса, өз еліне жіберу керек. Өз елінде саяси босқын болса, Германия сияқты елдерге барып, жәрдемақысын алып, жергілікті өмірге іңісіп кетіп жатады.

Садақа, тиын тастап қою арқылы бұл мәселе ешқашан шешілмейді. Бай одан ары байысын, кедей кедей болып қала берсін деген ой адамзатты жақсылыққа апармайды.

Садақа арқылы малыңа береке береді деген – тиын-тебен беріп тұрсаң, кедейлер малыңды тартып алмайды деген сөз ғой.

Бір жағынан, садақа – адамды төмендету ғой. Мысалы, дүкені бар бір бай бар еді, күніне маған 1000-2000 теңге садақа тастап жүреді. Мен болсам, «Алла разы болсын!» деп сонын берген ақшасына күн көріп жүрмін. Күндердің күнінде маған да бір інім жол көрсетіп, намысқа тырысып, менде дүкен ашып, байып кеттім делік. Сонда мен «Еее, мен түк таппасын, байып кетпесін деп алдаған екен ғой» де ойлаймын. Өйткені, түк таппай тұрған адамға бірдене берген соң, көңілі орнығады да, миды істетуді қояды. Қарын тойғаннан кейін миды істетіп не қылады? Бүгінгіге қарны тоқ, ертеңгісі – тәуекел. Алла шешіп береді, ризық – Алладан дейді қоя салады. Садақа беру – адамды алдау деген сөз.

 

Қазақстанның қазіргі экономикасын алайық. Шикізатты шетелге сатып, ақшасына дайын товар алатын ел ешқашан байымайды, өсіп, өнбейді.

Шетелге 1 кг темірді 100 теңгеге сатып, 200 теңгеден 20 қарапайым қасық аларсыз 4000 теңгеге. 100 теңгеге сатқан нәрсеңізді 4000 теңгеге, өзің сатқан затыңды 40 есеге көп ақшаға өзің сатып алып отырсың. Басқа шикізаттармен де солай.

Мысалы, қойдың жүні. Тегін жатыр ғой. Қойы бар адамдар жүнін қырқып, өртеп жіберіп жатыр. Ал шетелден құрамында жүні бар киім алып көріңізші ... Құрамында 300 грамм болады ол «шерсть», бірақ кемінде 15 000-20 000 теңге тұрады. Бізде сол тегін жатыр ғой, соны өңдейтін орын ашып, киіп тігіп, халқымызға қолжетімді бағада неге сатпайды?  Киерге киімі, ішерге асы жоқ, далаға шығуға намыстанатын немесе қайыр сұрап отырғандарға садақа бергенше, жұмыс тауып беріп, әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесу керек. Адам олай қиналып үйінде отырмау керек. Жоқтықтан ұрлық, адам өлтіру сияқты жаман әрекеттер шығады. Бастамасы – кедейлік. Ал кедейлерге садақа тастай сал деген, оларды одан сайын төменге жіберу деген сөз. Керісінше, әр бауырымызға көмектесіп, ел қатарына қосуға әрекет етуіміз керек.

 

Садақа беру

 

«Садақа Алланың ашуын басады» дейді. Естеріңізде болсын, адам ашуланады, Жаратқан Иеміз ашуланбайды. Неге? Өйткені ол әрнәрсеге өзіне лайық заң қойып қойды. Ол заңды орындамадыңыз ба, шекеңізге келіп сақ ете калады, басқаша айтқанда.

Мен балама темекі шекпе деп айтып жүремін, бірақ шегіп жүргенін байқап қалсам, мен оған ашуланам, содан соң жазалаймын. Сонда менің әрекетін 3 этаптан тұрады. Ал Аллада ашулану деген жоқ. Неге? Өйткені, Тәңіріміз кімнің не істей алатынын, қалай және қашан істейтінін біледі.

Ашулану деген – эмоцияға берілу. Қайсыбір киноны алып қараңызшы немесе шынайы өмірде сот процесіне қатысып көрсеңіз байқайсыз, судья бейтарап болады. Эмоцияға берілген сот әділ шешім шығара алмайды.

Алла ашуланады деп айту – оған эмоция беру. Құран Кәрімде «Дін күнінің иесі» деп атайды. О дүниеге барғанда мизам таразысына салып, ақ-қарасын ажыратып береді деп сенеді мұсылмандар. Егер сіз Алланы сол күннің егесі деп белсеңіз, сол күндегі жалғыз шешім шығарушы сот деп ойласаңыз – ол бейтарап сот болады. Ал ашуланатын сот – сот болмайды.

Алланың жазған заңдары сондай. Мысалы, кетпен, тырма деп алайық. Тырманың басын бассаңыз, сабы келіп басыңызға тиеді. Екеуі тікелей байланысты. Яғни, тырманың басы – Алланың ескерту, тыйымдары, сабы – жаза. Арасында ашу деген жоқ.

Ал адамдар Алланың ашуын садақамен басамыз дейді. Жаратқан Иеміздің ұлылығын адамның психологиясымен араластырмаңыздар. Сондықтан, Алла ашуланады деген сөзді ұмытыңыздар.

 

«Адам баласы қияметте қылкөпірден өтеді» дейді. Сонда адам мына дүниеде сынақтан өтеді, қабірде кәпір болса азапталады, мизам таразысында өмірде істеген әрекеттері есептеледі, кітаптар оңынан, солынан және арт жағынан кітаптар беріледі де, қыл көпірден өтеді. Амал дәптері беріліп қойған адам қыл көпірден өтіп не қылады? Амал дәптерде бәрі жазылған ғой...

Менің ойымша, бұл қисынға келмейді. Ал Жаратқанның жұмысында қисынсыздық деген болмайды. Мен сияқты адамдар Жаратқанның ісіне «притензия» айта алмайды.

Енді Айт жөнінде. Жалпы, қазақта кедей деген жоқ еді. Біздің байларымыз жұртқа садақа беріп, қарызымнан құтылдым деп отырмайтын еді. Сол елде кедей адам болса, сауын сиырын, мінуге атын, алдына оншақты қойын салып беріп, бастапқы жағдайын жасап беретін еді. Бұл ең аз дегенде.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңінен мысал келтірейін:

Жер жүзін көк шөп басып түрленгендей,
Қызарып бәйшешектер гүлденгендей.
Киініп қыз, келіншек жарқылдайды,
Бір түрлі жаңа тұрмыс түрге енгендей.

Шаттықта өңі ашыңқы бала-шаға,
Оларды есіркейді қамқор ана.
Жастар да өз бетімен қырындап жүр,
Бұраң бел жас сәулемді есіне ала.

Әр үйдің, тілегенге есігі ашық,
Шаттық бар, жамандың ой кеткен кашып.
Сойған қой, берген қымыз құрметіне
Байлар да кердеңдейді алшаң басып.

Аттанған қожа-молда тиын қуып,
Сәлдемен он бес құлаш белді буып.
Мұрт басқан, сүрме тартқан, тырнақ кескен
Дәретпен жып-жылтыр қып бетті жуып.

Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп,
Аштықтан өңі кеткен беті де арып.
Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр,
Дегенге: «Құтты болсын, айт шәріп!»

Біз мидағы құрттан арылмай, ешқашанда ел болмаймыз. Қазір жұрттар айтады ғой «Бірденені өзгерту керек, Жоғары жақтағыларды ауыстыру керек» деп. Өз ақылың мен санаңды өзгертпей, ештеңе де болмайды.

Ұзын сөздің қысқасы, менің айтпақ  болғаным адам баласын қазақ болсын, өзбек болсын, орыс болсын, біздің елде, Қазақстанда садақа сұрайтын дәрежеге түсірмеуіміз керек, арнайы мемлекеттік орындар, әлеуметтік сақтандыру, әкімдік, іскерлік қауымдастық, кәсіпкерлер, басқалары арқылы қайыр-садақаға мұқтаж болған адамдарға көмектесіп, әлеуметтік жәрдем алатын, еңбек етіп, қоғамда өз орнын тапқан азамат болуға жәрдемдесуіміз керек. «Адамға балып берме, қармақ бер» деген сөз бар. Қармақ беру арқылы аамға өмірдегі жолын табуға көмектесеміз. Садақа беру арқылы балшыққа батыра береміз.

Келесі кездескенше! Арда, ағайын!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...