Сезім жайлы ақпарат

Жаратылыс
 әлем
 ғалам
 дүние жүзі
 табиғат
 тау мен тас
 өзен-көлдер
 мұхиттар мен теңіздер
 жан-жануар... 

адамның көзі көріп, құлағы естіп, қолымен ұстап, мұрнымен иісін сезген, дәмін татып көрген заттарымыздың барлығы да, адамның сезім мүшелерінің берген ақпаратының - нәтижесі ғана. Яғни нейрондық сигналдардың негізінде қалыптасқан симуляция

 

Айнала қоршаған әлем адамның миының ішінде

Адамның өз денесі де сол сигналдардың жиыны

Қоршаған әлем, сенің өзің... бәрі санаңның ішіндегі бейнелер ғана

 

 

Айнала қоршаған орта жайлы ақпаратты біз 


-- көру
-- есту
-- иіс сезу
-- дәм сезу
-- сипап сезу... сықылды қасиеттеріміз арқылы алып отырмыз

 

 

Сезім мүшелерінің бірі істен шықса, әлем жайлы түсінігіміз де шолтиып, қысқарып қалады

Көз көрмесе, айналаның бар-жоғы адамға қызық болмайды

Сол секілді, тума соқыр жанға, күн мен аспанның ерекшелігін айтып жеткізу мүмкін де емес

 

********


Көзіміз көрмесе аспан жоқ

құлақ естімесе дыбыс жоқ

тіл сезбесе дәм жоқ

тері сезбесе жылы-жұмсақ жоқ

****

 

Бәріміз аспанды көк қылып көргендіктен ол көк түсті

Егер адамның көзінің бәрі аспанды жасыл деп көрген жағдайда, аспанды ауа көк деген адамды есінен ауысқан деп санайтын еді

 

Аспанның көктігі, барлық адам оны көк деп бірауыздан қабылдағаны үшін ғана көк түсті

 

Ал шынына келгенде, басқа жануарлар үшін аспанның түсі өзге түсте қабылдана береді...


Олай болса, аспанның шынайы түсі қалай?

 

Кімнің миы аспанды қандай деп қабылдаса, аспанның түсі сол адам үшін сондай


Егер біреудің көзі (көру мишығы) аспанды жасыл етіп көретін болса, оны басқаша қабылдата алмаймыз

Өйткені ол оның шындығы ғана емес, ол оның ақиқаты

 

******

Қазақылықтың бастты шарты - кісінің шындығы мен ақиқатына құрметпен қарай білу

 

Өзімнің көзім аспанды көк қылып көреді, қалғандары да солай көруі тиіс деген, ұстаным, диктатураның бастауы, радикализмнің іргетасы, қантөгістің себепкері...


*******

Күн мен түннің ауысуы да барлық адамның бірауыздан сезім мүшелерінің бірдей жұмыс жасап, қараңғы мен жарықты бірдей айырғаны себепті шартты түрде қараңғы немесе жарық деген ұғымға келіп отырмыз

 

Егер, адамның жартысы бөрі секілді көріп, күндізді түн, түнді күндіз деп ауыстырып алса, біз оған ештеңе жасай алмаймыз

 

Бұдан шығар қорытынды: біздің көріп тұрған әлеміміздің болмысын, біздің ортақ сигналдарымыз ғана анықтап отыр

 

Яғни, белгілі бір толқындағы сигналдарды бірдей қабылдау арқылы, біз әлемнің құрылымы, ондағы құбылыстарды бірыңғай бағалаймыз

*****

Егер Ортақ Сигналды өңдеу алгоритмі ауысып кетер болса, онда біз аспанның көк екенін, тастың қатты екенін, мұздың суық екенін... тағы сол секілді нәрселерді дәлелдей алмай кетер едік

 ***

Сонымен біздің қабылдап жүрген, Әлем дегеніміз, сигналдарды қабылдаудан туындайтын сезімдердің жиынтығы екен 

 

Сезім қайдан шығады?

Ақпаратты қабылдағандағы адам бойындағы импульстан шығады 

 

Импульстың қайдан шығады?

Ақпарат келуі барысындағы толқынның тербелісінен шығады  

 

Тербелістің табиғаты қандай?

Ғаламдық қуат

 

Қуат қайдан шықты?

Кеңістіктің қай нүктесін алып қарамасақ та, оның қуаттан құралатынын көреміз. Қуат үшін ыстық орта, мұзды орта, вакуум секілді факторлар кедергі емес

 

Қуат кеңістікті толтырып отырған, электромагниттік толқындардың жиынтығы

Ол толқындардың шығу табиғатын - Ағыс деп айтуға болады

 

Өмір өзен ағып жатқан дегендегі, өмір өзенінің ағысын, ғаламдық қуат ағысы деп атай аламыз

Қуат - органикалық және бейорганикалық қосылыстардың қайнар көзі

 

Оның қимыл-қозғалысын, ағымын, жүйесін адам баласы дөп басып, қолмен қойғандай етіп айтып бере алмайды

Тек білері, қуаттың кеңістіктегі

- қозғалу

- толқу

- бұлқыну

- түрлену әрекеттерінің ортақ сипатының барлығы

 

Ол сипаттың атауы: Теңгерім

 

Қуат қозғалса да, түрленсе де, бұлқынса да, толқыса да - әрқашан теңгерімнен ауытқымайды

 

Адам баласы қуанса, қайғырса, ашуланса, шаттанса, түнерсе, күлімсіресе... ойлау - қабылдау тепе-теңдігінен ауытқиды

Алайда қуат, қанша толқыса да, бұлқынса да, ақса да, әрдайым тепе-теңдік аясында болады

***********


Сезімнің қайнар көзі - Ғаламдық Қуат - Энергия екені мәлім болды

 

*********


Адамды адам ететін сезімі болса, құдайды құдай ететін - Адам

Адам мен адамгершілік бар жерде құдай бар дағы, адам мен адамгершілік жоқ жерде құдай да жоқ


Құдайшыл болу үшін адамгершіл болу керек дағы, құдайға араптың тілі арқылы, араптың кітабы арқылы жетем деп санау, қазақылығыңды қоқысқа итермелеумен бірдей

Адамды адам ететін сезімі, құдайды құдай ететін адам

Көктен жаңбыр мен қар, сәуле мен бұршақ, найзағай түседі, алайда көктен кітап түспейді

 


 

Жан-жануар мен табиғатты да құдай жаратқан, оларда адамгершілік болмаса да құдайшылық бар деуіңіз мүмкін...

Жарайды, алайда сол жануарда қамқорлық, аналық, аталық инстинкттің бар екендігін сізге көзіңіз, құлағыңыз, мұрныңыз секілді сезім мүшелері білдіріп отыр емес пе?

 

****

Әлде сіз көз, құлақ, мұрын... секілді сезім мүшелерін қолданбай-ақ, миыңыздың ішіне тікелей аян келіп отыра ма?

Сіздің бар болуыңыз, сезім мүшелерінің жұмыс жасауының арқасында ғана орын алып отыр. Сол секілді, құдайды жаратып отырған ді сіздің санаңыз

 

Аспанда құдай бар дегеніңіздің өзі, жоғары мен төменді ажырата алатын вестибулярлы аппаратыңыздың жұмысының нәтижесі

Құдайды бар деп мойындағыңыз келсе, мәрхамат, оған ешкім қарсы емес

Алайда мына нәрсені нақтылап ұғынып алу керек:

 

Құдай деген де сіздің миыңыздың жұмысының жемісі ғана

Құдай деген атауды да адам баласы қойып отыр...

 

Адам жоқ болса құдай жоқ... 

Өйткені ол құдайды мойындап, оған жалбаратын адам жоқ

Адамды адам ететін - сезім, құдайды құдай ететін - адам

Сезім бар жерде адам бар, адам бар жерде құдай бар

 

*****

Ешкім ешкімге ұқсауға міндетті емес, ешкім ешкімнің үңгірде жатып жазған кітабын қабылдауға да міндетті емес

Қазақылық кітабы адамның қанында жазылып қойған

Оны оқу үшін араптың тілін білу міндетті емес...

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...