Тәңір сенімінде, "киелі" кітап жоқ,
Догмаға иландырып, сананы улайтын.
Тәңір сенімінде, пайғамбар жоқ,
Ыңғайлы сүре, аяттарды түсіріп, алдайтын.

***

Тәңір сенімінде, жұлдыздар жоқ,
Шайтандарды атқылайтын,
Әбәбіл құстармен,пілдерді қыратын.
Тәңір сенімінде, мешіт жоқ,
Ғибадат үйіне жинап,
Майда тілімен, "у ағызатын" қинап.

***

Тәңір сенімінде, аят, сүре жоқ,
Келініңді, қатын қылатын.
Тәңір сенімінде мақсат жоқ,
Туғандар, бір-бірінің қызын алатын...

***

Тәңір сенімінде, дәстүр жоқ,
Бүлдіршін қызды, шалға қатын ететін.
Тәңір сенімінде, ғұрып жоқ,
Арсыз, масқараға жол беретін.

***

Ұятсыздықты, тізе берсең, шегі жоқ,
Жүрегі кісендеулі ғаджемдерге, обал жоқ.
Кезі келді, сын көзбен қарайтын,
Арабтың қаңсығын, таңсық қылма,жарайтын.

***

Тәңір сенімінде, тылсым, жұмбақ табиғат бар,
Табиғатты аялап, қажетіңе жарату деген, насихат бар.
Тәңір сенімінде,сені құлым емес,ұлым дейді,
Көк Тәңірді, Ұмай-жер ананы құрметтеуге үндейді

***

Тәңір сенімінде, жарық дүниені, жалған демейді,
Ақиқатты, ғылыммен, біліммен ізде дейді.
Тәңір сенімінде, сананы керексіз іліммен былғамайды,
Сеніміне қарап, мұсылман, кәпір деп алаламайды

***

Тәңір сенімі, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан тұрады,
Ұстанымынан тайсаң, аруақ оңдырмай ұрады.
Тәңір сенімі, табиғатпен үйлесімде өмір сүреді,
Табиғи заңдылықпен үндесіп бір жүреді

***

Тәңір сенімі, қажылықты парыз етпейді,
Қыр асып, қара тасқа ақша құй демейді.
Шайтандарды ату үшін, тас сатпайды,
Зәмзәм суын, қаржы көзіне айналдырмайды

***

Тәңір сенімі, бес уақыт намазды міндеттемейді,
Соғыс пен қысастықты індет дейді.
Садақа мен оразаны салық қылып салмайды,
Иман жинамадың деп, жаныңды алмайды

***

Тәңір сенімі,төртінші иірімде дәуірлейді,
Тәңір ілімі,біліммен,
ғылыммен өрлейді.
Әлем түбінде, ислами санадан құтылады,
Тәңір сенімі, салтанатты шерумен басталады

***

Шымкент.қ.02.03.2021.ж.

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...