Тәңірді мадақтау

Тәңірді мадақтап, оның алдында дәреже алам деп әуре болма. Тәңірі сенің мадағыңды қажет етпейді. Өзінің бастығын мақтап, бастығынан шен-шекпен алған адам секілді масайрамай-ақ қой.

Тәңірі сенің мақтағаныңды елемейді, ескермейді. Өйткені Тәңіріні мадақтауға жететін жер бетінде сөз таба алмайсың.

Тәңірінің ұлылығын суреттеуге – ұлы деген сөздің өзі жетпейді. Сенің үйренген, көріп жүрген сөздеріңнің барлығы да адам баласы жер бетіне келгеннен кейін қалыптасқан. Ол сөздер осы дүниенің сөздері.

Тәңірінің қасиет-сипаттарын түсіндіруге олардың ешқайсысының құдіреті жетпейді. Тіпті бір-бірімен бірлескен жағдайда да, олар Тәңірінің қасиет-сипаттарын аша алмайды.

***

Қай тілде болмасын, ол тілдердің барлығы да жер бетіндегі тілдер. Тіл, ақпарат алмасу үшін қажет. Ал арғы жақтағы ақпарат алмасу тілдік сипаттан өзгеше болады.

Адамның өмірі компьютермен басқарылады. Оның аты сана. Желіге байланысқан компьютерлер бір-бірімен адам тілінде сөйлесе ме, әлде машина тілінде сөйлесе ме?

Машина тілі дегеніміз әмбебап. Кез-келген тілдегі ақпаратты өз жүйесіне ауыстырып ала-алады. Қай тілдегі ақпарат болмасын, өзінің ұтымды жүйесіне ауыстырып алады.

Ол тіл, дыбыс, эмоцияның тысында. Радиотолқынды байланыс секілді, санадан-санаға өтіп, ақпарат алмасып отырады.

***

Тәңірді мадақтаймын десең, одан еш пайда болмайды. Уақытыңды пайдалы іске жұмса.

Неге?

Тәңірге мадақ айттым деп, әр адам, әртүрлі мақсат көздейді. Кей адам өзінің ардан аттаған жерлерін Тәңіріні мадақтау арқылы жуып-шаям деп ойлайды. Біреулер Тәңіріні мадақтап отбасымның, ағайын-туғанның амандығына қол жеткізем деп ойлайды.

Қысқасын айтқанда, Тәңірімен қарым-қатынас, адаммен қарым-қатынас секілді деп санайды.

Тәңірі мақтаусүйер даңғаза емес. Сен мақтады екен деп сенің жасаған арсыздықтарыңды жойып, алдыңнан бақыт есігін ашпайды.

Оның барлығын өзің жасайсың. Тәңірдің сыйлығы сол, өз өміріңді өз қолыңа берді.

***
Жасаған арсыздықтарыңды қалпына келтіріп, ожданың байыз таппай, ешқандай Тәңірді мақтау саған пайда бермейді.

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...