Тәңірі теңгерді

(Бөріемгеннің естелігінен)
Ерте-ерте ертеде,
Ібір-Сібір жерінде
Енесайдың жағасы, арлы елдің арасы
Шағаладай жарқырап, жаздың күні жалтырап
Бір топ киіз үй тұрды...


Аспанның көгін, судың көлін, нудың белін, желдің ебін тапты
Көк аспанмен тілдесті, табиғатпен үндесті.
Арлы деген аты төрт тарапқа тарады
***
Залым патшаның мыстаны түс көрді, түсінде жаман іс көрді.
Арлы елден, ақ маңдайлы ұл туды, аспан астын тітіретті.
Айы туып оңынан, жұлдызы туып соңынан, жаһанға билік етті.
Патшалығы мың жыл болды. Артынан еріп, талай ел арлы болды...
***
Мыстан шошып оянды, у ағызушыларын жинады. Арлы елдің көзін құртпаққа бекінді...
Патшаның аяғына жығылып, арлы елді жоюға бұйрық алды.
Әскерді мыстан өзі бастап барды...
Алғашқы садақты от тұтатып өзі тартқызды. Жебе ортадағы бегзаданың үйінің керегесіндегі тымақтың бауын үзді.
Тымақ дөңгелеп оты сөнген жерошаққа түсті...
Қара түнек әскері ақшаңқан арлы ауылға лап қойды. Ұл демей, қыз демей шетінен қырып салды.
Ауыл әйелдерінің ақ денесіне қол салуға тыйым салды. Тек қылыштап, найзаға түйрей берді, алқызыл қанды судай шашты.
Киіз үйлерді құлатты, үстінен мың жылқы айдап өтті. Жала жансарларды найзамен түйрелеп өлтірді.
Арлы ауылда тірі жан қалмады. Өліктің бәрін өртеді. Тірі жан қалмағанына көздері жетіп кері қайтқан
қара түнек әскері жерошақта жатқан біреуді білмеді...
Тәңірі теңгерді!
***
Жерошақтың ішінде жатқан бала қарны ашты, мазасы қашты. Алдымен қыңқылдап, ыңқылдап, тілін шығарып емшек сұрады.
Емшек бола қоймағасын жылауды бастады. Түнімен жылады. Дауысы қарлықты. Әлсіз қыңқылдаған сәбидің дауысы
әудім жердегі аудан қайтқан қаншық қасқырдың құлағына жетті.
Бегзаданың үйінің орнына келіп, тапталған киіздің астынан баланы иығынан тістеп-демеген күйі алып шықты.
Арқасына қойша лақтырып, таудың ар жағындағы апанына алып кетті...
Тәңірі теңгерді!
***
Патшаның сарайына жеңіспен оралған мыстан тамақ пен шарапқа тойды, саз ойнатып көңіл көтерді
Жақтастарын жинап, жағымпаздарды сөйлетті...
Тек таң ата бере көзі ілініп кетіпті.
***
Залым патшаның мыстаны тағы да түс көрді, түсінде жаман іс көрді.
Арлы елден, ақ маңдайлы ұл туды, аспан астын тітіретті.
Айы туып оңынан, жұлдызы туып соңынан, жаһанға билік етті.
Патшалығы мың жыл болды. Артынан еріп, талай ел арлы болды...
***
Кәрі қақпас шошып оянды. Ақырды. Ат-күймесін даярлатып қырғынның орнына қайта барды.
Әр шыбықты аударды, киіз астындағы жерошақты көргенде шыңғырды, шашын жұлып бақырды. Жан-жаққа шолғыншы жөнелтті.
Мен деген шолғыншының айласы бөріден аспады, жоғалған ұлды таппады. Тәңірінің теңгергенін түсінген кезде,
миына қан құйылды...
Осы сәтте:
Аштық пен жолдан шаршаған маңдайы торсықтай ұл қаншық қасқырды еміп, сүтке тойып, маужырап ұйқыға кетті...
Тәңірі теңгерді!
***
Бұла батыр әскерден оқшауланып, бұта айналып қайтпақ болды. Тоғай ішінде, алдынан бөрінің апаны кезікті.
Ішіне қараса, бөрі жоқ, бөлтіріктермен ойнап отырған адам баласын көрді.
Баланың көзіне-көзі түсіп еді, жарқ еткен найзағайдай. Әруақ, әруақ, иә сәт деп күбірлей берді...
Баланы қолына алды. Маңдайынан иіскеді.
Кәрі мыстанның іздеген ұлы осы екенін түсінді.
Нөкердің біріне жасырын тапсырма беріп, баланы алыс қияндағы андасына жөнелтті.
Ар елінің баласы болғасын, атын Арда деді.
***
Араға жиырма жыл салғанда Арда батыр жайлы атақ төрткүл әлемге тарады.
Әділдігі мен парасатына, ақылы мен айласына, бауырмалдығы мен мейіріміне, қабылет пен дарынына жететін жан болмады.
Алыс-жақын маңайдағы елдер Арда ханға өздерінің адалдығын білдірді. Бодан болып, әділ ханға бағынды.
Арда ханнан көп ұрпақ өрбді. Досына жұмсақ, жауына қатал, даналығы мен даралығы, сәні мен салтанаты жарасқан,
ұстаған жерден сынатын мәрт ел болды.
Алыс жақын сүйсінді.
Ел оларды "бөріемгендер" деп атады.
Бөрілі байрақ астында жеңілістің не екенін білмеді. Төрткүл дүниені бөріемгендер биледі...
Тәңірі теңгерді!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...