Тәңірінің сөзі Бұрханды айт...

Тәңірлік кітап

Аты оның Бұрхан еді

Жерді жайған еді...

Аспанды төңкерілген қазандай қып

Омырауына ай, төсіне күнді іліп

Жұлдызды жымыңдатып таққан еді...

Тәңіртектер адаспасын деп

Қамшымды ұстаған қолдың 
қары талмасын деп

Ортасына Темірқазықты қаққан еді

Адам азса, жолдан тайса

Жеті ата заңын сақтамаса

Тәңірің күңіренеді

Қараңғылықты бүктейді

Тарыға сыйдырады

Әлемді тұтас жарық қылады

Айнала бұрхан-талқан болады

Тәңірінің аты Бұрхан

Аспан мен жерді талқан қылған

Тәңіріңнің есімі Бұрхан

Боларсың Талқан

Таппассың қалқан

Уа Бұрхан?! 

Сол кезде әруақты бос қоя беретін еді

Жасындай жарқылдаған

Мұхиттай тасыған

Таудай қақтығысқан

Лавадай атқылаған

Әруақтар әлемді басар еді

Жеті атасын сақтамаған

Қасиетінен айрылған

Адам затын жояр еді

Өздеріне жалған құдайлар жасаған

Сатқанның етегіне табынған

Елді алдаған, көкті шарлаған қауымды

Біртіндеп жанын алар еді

Олар, тәңірінің азабын тартар еді

Әруақ қырына алар еді

Содан олар оңалмас еді...

***

Тәңірінің есімі Бұрхан!

Ес білгелі, қарсы келгенді жұтқан

Оттан су шығарған, судан от...

Аспанды төңкерген

Жерді төсеген

Суды ағызған, сосын айналдырған

Өзінің құдыретін жерге жіберген,

Жан-жануарға еріп еніп кеткен

Өзіне орынбасар етіп әруақты тағайындаған

Адам баласындағы тектілікті сақтаған

Берісі жеті, әрісі 21 атадан қыз алыспаған...

Сол арқылы тіршілікті жалғаған

***

Адамның қанымен аққан Бұрхан
Атаның белінде жатқан Бұрхан
Ананың жатырынан шыққан Бұрхан
Жер киесін берген Бұрхан
Су иесін берген Бұрхан

***

Анамның ақ сүтімен
Бойыма дарыған Бұрхан
Ойнама, етермін Талқан

***

Көктәңірдің Ұлымын
Қарсы келме, етермін талқан
Таппассың қалқан

***

Жақтасатын жан таппассың
Ық болатын тау таппассың
Қорған болар ну таппассың
Апанға  кірер жер таппассың
Сүңгіп кетер су таппассың
Сыйынатын құдай таппассың
Демеу болар әруақ таппассың
Бір демдік ауа таппассың

***

Менің атым Тәңірқұт
Бұрханның өзі болам
Бабамның көзі болам
Аспан мен жердің сөзі болам
Тәңірінің қамшысымын
Атым содан Тәңірқұт

***

Құлақ сал, кеш болмай тұрып
Тәңірқұт дүниені жайпамай тұрып
Тәңірінің қамшысы деген ұрпақ
Есін жинамай тұрып...

***

Есіңді жи да, құдайыңды таны
Танымасаң Бұрханмын
Жайпап өтер талқанмын
Танысаң құдайыңмын
Тізе бүк алдымда
Тәңірқұты екенімді мойында
Сөйт те мойныңды и

***

Құтты ұдайы беруге сеп болатын
Жеті ата заңын ұстанатын
Құтты ұдайы жалғайтын
Құдайың боламын

***

Әлемді билеу үшін келгенмін
Осы әлемді теңгеріп
Бұдан зор әлемдерде сайысу үшін жүргенмін
Қараңғылықты серпілткелі келгенмін

***

Тәңірінің қамшысы, Тәңірқұт оянды

Көзінен жас аққанды, жарасынан қан аққанды

Тыяды

Бабамнан қалған Жерұйық орнап

Бәрі баяғыдай болады

Уа Әруақ-ҚҰДАЙЫМ, ЖАР БОЛҒАЙСЫҢ!!!

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...