Қазақ тілі жайында

2001 жылдың ақпан айы. Португалия. Albergaria a-Velha (Албергария а-Велья) ауылы.

Ceramigres қыш ыдыс шығару фабрикасы. Португалия жеріне аяқ басқаным жаңа ғана.

Португалша бір сөз білмеймін.

Бон диа (bom dia) - қайырлы күн. Адеуш (adeus)- сау бол.

Бара үйренгенім осы болды.

Жұмыс күні гипс пресс формаларының қалыбын жасайтын бөлімде басталды.

Бастығымыз синьор Жозе, оның әйелі Олимпия. Еуфемиа, Карина және Шуылдақ деген үш жұмысшы бар.

Бас аяғы бес адам жұмыс жасаймыз.

Барғаннан қалтама қағаз, қалам салып алдым.

Ауыздарынан шыққан сөзді жазып, бірден қолданам.

Жазғанымды Жозе мырзаға көрсетем. Қатесі болса туралап, үйретіп береді.

Менің ынтамды көріп Жозе мырза баласының спорт велосипедін әкеліп берді.

Енді жүріп-тұруым жеңілдеді.

4-5 шақырым жердегі Агеда қаласына барып, орыстілді мигранттарға арналған, тіл курстарына қатыстым.

Кешкі 19-00 21-00 арасында болады сабақ.


***

Үш ай тіл үйренгеннен соң, Oliveira de Frades (Оливейра де Фрадеш) қалашығына барып, гранит, мәрмәр өңдеу зауытына

жұмысқа тұрдым. (Айлығы жақсы еді)

Португал ортасында жүріп, мектепке барып, 3 айда португал-орысша, португал-қазақшадан аудармашы болдым.

***

Тіл керек болды, үйрендім.

Сол секілді қазақстанда жүріп, қазақшаны үйрене алмай жүрген бауырларымызға, қажеттілік туындаса, үйренеді.

Үкіметтен қайран жоқ. Олар он ойланып, жүз толғанып жүргенде, пойыз кетіп қалады.

Солтүстіктегі бауырларымызға, басқа да қазақ тіліне жете алмай жүргендерге, қазақ тілін жеткізейік.

***

Оңтүстіктің қазақтары, солтүстікпен тығыз байланыс орнату қажет.

Сол жақтағы қазақтармен тығыз байланыс орнатып, қазақ тілін сол жақтарға таратуымыз керек.

Егер біз қаласақ, оны да жасаймыз.

***

Тәңірлік танымды - қазақтың ділін тарата жүріп, қазақ тілін сыйлай жүріп, жоғары технологиялық қоғамға ұмтыла жүріп,
елімізді қазақтандыруымыз керек.

Шұғыл!!!


https://twitter.com/NHLOJKbpQBGHOec  - Twitter парақшам

https://www.instagram.com/shuyldaqshadyrman/  - Instagram парақшам

https://www.facebook.com/profile.php?id=100050346787344  - Facebook парақшам

https://www.youtube.com/user/Mukhtar2011  - Youtube каналым

https://vk.com/mukhtar_shadyrman  - ВК парақшам

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...