Қазақ жеті ата заңын қашан үйренді?

Ескерту: қазақ деген ұлтты да, оның арғы атасын да, Көк Түрік, Ер Түрік, Надұлыше, Сақ, Ғұн және басқа ата-бабаларымызға жалпылама қазақ деген атау беріп отырмын. Қабылдауға қарапайым етіп.


Кіріспе

Бір айтқыш былай деді:

Жәнібек хан ауырып қалады, сосын емшісін шақыртыпты. Емшісі айтыпты мыс:

"Мына ауруыңыз жақын жерден қыз алысқаннан болған..." деп. (Яғни, Жәнібектің ата-анасы жақын туыстар болған екен мыс)

Әлқисса, содан Жәнібек хан жарлық шығарыпты мыс, жеті атаға дейін қыз алысуға болмайды деп.

Сонда қазаққа жеті атаны сақтауды Жәнібек хан айтып берген болып отыр ма?

Бәлкім жылқы бағып, атқа мінуді де Жәнібек хан айтқан болар?

Бәлкім үйірді ұстаған айғырға да өзінің қарындастарын үйірден қуып жіберуді Жәнібек хан үйреткен болар?

Асылында, қазақтың жеті атаны сақтауы Сақ пен Ғұннан да ерте басталған.

Қашан бастаған, соған тоқталайын.


Негізгі бөлім

Адам баласы жер бетіне келді (жәннаттан түсті, эволюция жолымен қалыптасты және т.т. өзіңізге ыңғайлы нұсқаны таңдай беріңіз).

Факт мынау, жер бетінде адам баласы пайда болды.

Алғашқы адамдардың құралы тас болғаны белгілі.

Азықтары жемістер мен ауланған аң еті болды. От болмады, шикі ет жеп, үңгір-үңгірді сағалап жан бақты.

***

Содан не керек, адам баласы жануарларды қолға үйретіп, қой, сиыр, ешкі, түйе секілді жануарларды асырап, олардың, еті, жүні, терісін іске асыра бастады.

Жылқыны алғаш қолға үйретіп, оны мініп, еті мен сүтін, терісін пайдалана бастаған біздің арғы аталарымыз еді (тарихи фактілер айғақ).

***

Қой асырағанда отардағы қошқарларды ауыстырмаса, қозылар аурушаң болып, ұсақталып кетеді. Оны кез-келген қойшы айтып бере алады.

Ал қойды қолға үйреткеннен бастап, біздің аталарымызға қойдың өз ұрығының өзіне әлсіз болатындығы белгілі болды.

Ал жылқының үйірін қарап отырып, айғырдың өз анасына шаппайтынын, айғыр үйірдегі өзінің әпке-қарындастарын үйірінен қуып жіберетінін көрген кезде паззл жинақтала қалды.

Ұрпақ мықты болуы үшін, генге жаңа ақпарат керек. Ал ескі ақпарат ұрпақтың нашарлауына алып келеді.

***

Оның үстіне алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жақыннан қыз алу тәжірибеде болуы да мүмкін. Соның салдарынан мутациялық үдерістерді байқаған.

Қазақ мал баққаннан бастап, жақыннан қыз алудың кемшілігін білді. Табиғаттың ымдағанын түсіне қойды.

***

Жалпы қазақтың бір ерекшелігі, айтатыныңды емеурініңен түсіне қояды. Сол секілді табиғаттың емеурінін дұрыс, уақтылы түсініп, соған қарай әрекет жасай білді.

***

Қырдың алмасы аптап пен шөлге төзімді келеді, бірақ суыққа шыдамсыз, таудың алмасы суыққа шыдамды, бірақ аптап пен шөлге шыдамсыз.

Ал алманың осы екі түрін будандастырса, екеуінің де артық қасиетінен алған жаңа түр шығады.

Ол суыққа да төзімді, аптап пен ыстыққа да шыдамды болады.

***

Будандасу барысында алманың бойындағы ақпарат басқа алманың түрінен келген ақпаратпен толықты. Жаңа ақпарат жаңа ұрпаққа ерекше қуат пен қарқын берді.

Сол секілді жан-жануар мен адам да жаңа ұрпақ өрбіту кезінде геніне жаңа ақпарат жаздыруы керек болады. Сол кезде ұрпақ сау болып, жаңа қасиеттермен толығып отырады.

Ал бұрынғы ақпараттың қайта жазылуы тектілікті төмендетеді, артықшылық қасиеттерінен айрылып қалуға сеп болады.

Мұны мал баққан қазақ жақсы түсінді.

***

Қазақ жеті атаны қай кезден бастап есептей бастады?

Мал баққаннан бастап.

Қазақ қай кезден бастап мал бақты?

Ықылымнан бері.

Ықылым деген қай заман?

Жер бетінде адам баласының пайда болу кезеңі.

***

Жер бетіне келу мен алғаш ұрпақ өрбіту, малды асырауға алғашқы бір ғасыр кете қойсын, сонда қазақтың арғы атасы жеті ата заңын жер бетіне келгеннен бастап, алғашқы жүзжылдықта біліп қойған.

Адам баласының жер бетіне келгелі бері көп жүзжылдық өтті. Бірақ жеті ата заңын әлі білмейтін ұлттар жетіп артылады.

***

Жеті атаны есептеу Жәнібек ханның заманынан бастау алды деу, қазақты атқа отырғызған Жәнібек хан дегенмен бірдей.


Қорытынды

Ұрпақ өрбітуде қазақ қандағы жаңа ақпарат кем дегенде 99% құрауы тиіс деген қағиданы ұстанған.

Өмірге келген нәрестеде 50% өз жұртының қаны, 50% нағашысының қаны болады деген орталама логикалық шарт қояйық.

Сүйек атаның ұрығымен әкеден, қалғаны ананың қанымен, сүтімен келеді.

Сонда өз балаңызда Сіздің қаныңыз жартысы, жартысы нағашы жақтан келеді.

***

Немередегі Сіздің қаныңыз

- 25% құрайды. Баладағы Сіздің қаныңыз 50% келін жақтан келген 50%. Немередегі Сіздің қаныңыз 25% болды.
- шөбереде 12,5%,
- шөпшекте 6,25%
осылайша жетінші буынға жеткенде 0,75% құрайды.

Осы кезде ғана қыз алысып, құдандалы болуға болады деп шешкен қазақ. Яғни қандағы жақын ақпарат 1%-дан да аз болды.

***

Өскелең ұрпақтың қанындағы ақпарат неғұрлым жаңа, тың болған сайын, гендік деңгейде ұрпақ өмірге бейім бола түседі.

Баланың түр-тұлғасы келісті, денсаулығы мықты, иммунитеті күшті, қабілеті жоғары болады.

Соны тектіліктің бастауы дейді.

Тектіліктен бастау алған ұрпаққа ендігі жерде білім мен тәрбие беру қалады.

***

Түйін: қазақ қашаннан бері жеті ата санап, шежіре тарқатуды бастаған?

Жауабы: "Ықылымнан бері".

Нақтырақ айтсақ: "Мал асырағалы бері".

P>S Қазақтың ықылым заманда шығарып қойған есебін, кейбір "элиталы" ұлттар әлі шығара алмай отыр...

Comments powered by CComment

Әруақ-құдай жайлы тағы да бірер сөз

Әруақ-құдай жайлы бірер сөз - екінші бөлім

Әруақ құдай емес...

Осы жұрт арапша сөйлейтін құдайға табынып кетті

Write comment (0 Comments)

Әруақ жайлы бірер сөз

Әруақ жайлы бірер сөз

Армысыз Ағайын!

Әруақ деген не, немесе кім, әлде ол қандай ұғым?

Write comment (0 Comments)

✴ Қазақылық Идеологиясының бастауы

Қазақылық Идеологиясының бастауы

Идеологиялық бастама, әу бастағы құдай, тәңір, жаратушыны араптан алып, қазаққа қайтарудан бастау алуы тиіс

Write comment (0 Comments)

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...