Apple корпорациясы Siri виртуалды көмекшісі пайдаланушыларды олардың келісімінсіз
тыңдады деген айыппен сот ісін шешу үшін "95 миллион доллар" төлеуге келісті.
Бес жыл бойы жалғасып келе жатқан бұл сот процесінің мәні төмендегідей.
***
Айып тағушы тараптың мәлімдеуінше Siri әдейі қосылып, iPhone сияқты құрылғыларда жеке әңгімелерді жазып алып келген. Тіпті пайдаланушылар ассистентті шақырмаған кезде де, жазып алуын жалғастыра берген (!). «Эй, Siri» айтылмаған кездерде де.
Сотта бұл жазбалардың кейбірі тұтынушыларға тиімдірек болу үшін жарнама берушілермен бөлісілген деп мәлімденді.
Бұл жәйт Apple корпорациясының бас директоры Тим Кук тарапынан, негізгі адам құқығы ретінде көрсетіліп келген "Пайдаланушының құпиялылығы" туралы Қоғамдық келісімене қайшы келеді.
Осы ақпарат негізінде ме, әлде басқа себеп болды ма, компания акциялары
Apple компаниясы өз тарапынан ешқандай заң бұзушылық орын алмады деп мәлімдегеніне қарамастан, мәселенің нүктесін АҚШ аймақтық судьясы Джеффри Уайт 14 ақпанда қоймақ.
Егер Siri дауыстық көмекшісінің адамдардың келісімінсіз жазып алу жағдайы нақтыланса, Apple компаниясын басқа тұтынушылар да сотқа бере алады. Алайда әрбір құрылғыға берілетін өтемақы $20 аспайды, және бір адам ең көп дегенде 5 құрылғыға дейін көрсете алады делінген.