АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Алтай жайлы өлең

(Мағжанның желісімен)
Менің рухым Алтай асып жүреді,
Алтай десе қаным тулап кетеді.
Ер Түрікке бесік болған құт Алтай
Ұйықтасам түсіме де кіреді

***
Ән саларда Алтай атын қосамын,
Алтай желін, Алтай лебін тосамын.
Сезіп тұрмын, осы жақын кезеңде
Алтай жақтан бір жаңалық боларын.
***
Жер бетіне Қаған болып келгенбіз,
Көз ашқалы Алтай белін көргенбіз.
Өр Алтайда өсіп өніп бабамыз
Жер бетіне содан тарап кеткенбіз.
***
Бір бауырым мұхит асып кетеді,
Арғы бетте үлкен жерге жетеді.
Баба рухын ұмытпаған асылым
Алтай десе көздің жасын төгеді...
***
Өр Алтай - бабам кіндік кескен жерім,
Төсіне, рух шомылып өскен жерім.
Түріктің бар баласы қанаттанып
Жер жүзіне иелік еткен жерім.
***
Алтайдай жер жүзінде жер бола ма?
Алтайға оңай ерлер кез бола ма?
Дүниені дүбірлеткен Көктүріктер
Алтайдан басқа жерден шыға ала ма?!
***
Алтайда өскен балада, арман бар ма?
Алтайда өскен жылқыда шаршау бар ма?
Өр Алтай маңдайыңнан айналайын
Киелі мекен болған Қағандарға!
***
Алтайдың ауасы мен суы қандай?
Жаныңды жадыратар нуы қандай?
Алтай десе арқамыз қозып кетер
Қағандардың рухтары жиылғандай...
***
Әруақты ер, Алтай десе қарап қалмас.
Бабамның сөздеріне боламын мас,
Әу бастан, Қаған болып жаратылдым
Бодан боп, кісенделіп тұраламас!
***
Алтайдан бөріемгендер шығады екен,
Хан Тәңірін бетке алып барады екен.
Алтай мен Хан Тәңірі қолдаған соң
Жер жүзіне Қаған боп қалады екен.
***
Ер Түрік Алтай десе тік тұрасың,
Хан Тәңірі әруағын арттырасың.
Бөріемгеннің мұрасын сақтап келген
Қазақ деген баласы сен боласың!
***
Өр Алтай туған мекен, құт Отаным.
Бауырыңнан тарады Қағандарым,
Тәңірінің қамшысы деген жұрттың
Қазақ деген баласы мен боламын.
***
Көктүрік дүркіреген қағанатта,
Лайық па, құл боп тұру біздің атқа?
Түбі түрік бері қара, сөзім тыңда,
Бөрілі байрақты ұстар - қазақ қана.


Шадырман Шуылдақ
4 ақпан 2021

 

Фесбукте: https://www.facebook.com/shuyldaq.shadyrman/posts/271247004563524

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты