Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Ақ ғұндар (Эфталиттер) мемлекеті

V-VI ғасырларда Орта Азия, Ауғанстан, Пәкістан, Солтүстік және Батыс Үндістан жерлерінде,

 

Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Ақ ғұндар мемлекеті (Эфталиттер мемлекеті) аталатын жауынгер көшпелі тайпалар бірлестігі өмір сүрген.

Ақ Ғұндардың таңбалары, теңгелері

Саяси орталығы алғашында Балх (Тохарстан) болып белгіленіп, кейіннен Пайкентке көшірілді. Мемлекет құрамында түрлі этникалық топтар, соның ішінде түркі тайпалары бар еді.

 

V ғасырдың басында Сасан әулетімен күресте олар жеңіске жетті. 484 жылдан бастап бірнеше ондаған жылдар бойы ирандықтар Ақ ғұндарға салық төлеп тұрған.  

 

Ақ ғұндардың үстемдігі орнаған жерлерде олардың мәдениетінің негізгі орталықтары болған қалалар әлі де толық зерттелген жоқ. Археологтар Ташкент қаласы түбіндегі Топыраққала мен Варахшадағы сарай орнын (Бұхара қаласынан 35 шақырым жерде) қазған.

Ақ Ғұндар - фреска

Ақ ғұндар мәдениетінен қалған археологиялық ескерткіштер олардың этникалық құрамы жөнінде нақты тұжырым жасауға мүмкіндік бермейді.

 

Ғұндардың түркі тілдес халық болғаны анық, алайда мемлекет құрамында жергілікті иран жұрты басым болғандықтан, өскелең дамып келе жатқан парсы мәдениеті мен тілінің ықпалы зор болған.  

Ақ Ғұн заттары

Сол кездегі Византия тарихшысы Прокопий Кесарийскийдің естеліктеріне қарағанда, олардың бір бөлігі егіншілікпен, ал енді бір бөлігі дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысқан. Гурган, Балх, Самарқанд, т.б. қалалар арқылы Византиямен және Шығыс елдерімен сауда байланысын жасаған.  

Ақ Ғұндар фрескалары

Ақ ғұндар мемлекеті үнді, сасан және түрік билеушілерінің қатал қысымымен 530 жылы Үндістанда, 560 жылы Орта Азия мен Ауғанстанда күш-қуатын жоғалтып, біржолата ыдырап кеткен.  

 

VI ғасырдың екінші жартысында Түрік қағандығы мен Ақ ғұндар арасындағы қақтығыстар жиілей түскен. 563-567 жылдары Батыс Түрік қағаны Естемір (Істемі) Иранмен одақ құрып, Ақ ғұндар мемлекетін талқандайды.

Ақ Ғұндар теңгелері

Олардың иран мәдениетін қабылдаған бір бөлігі кейін өсіп-өркендеп, қазіргі ауған халқын құрады. Ал, түрік мәдениетінде қалып қойғандары Сыр бойындағы Оғыз мемлекетінің құрамына енді.  

Ақ Ғұндарды монеталары мен фрескалары

 

Ақ Ғұндардың билеушілері

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты