АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Алтын Орда мемлекеті

Дешті Қыпшаққа жорық. Шыңғыс хан өзінің көзі тірі кезінде әлемнің төрт бұрышынан жаулап алған жерлерін балаларына түгелдей бөліп берді.

Бірақ үлкен үлы Жошының үлесіне Моңғол үлысының қарауына әлі толық өте қоймаған Дешті Қыпшақ пен Хорезм жұрты тиді. ¥лы ханның екінші үлы Шағатай еншіге Мәуереннахрды, Жетісуды және Шығыс Түркістанның оңтүстік бөлігін алды.

 

Үшінші ұлы Үгедейдің үлысына Шығыс Түркістанның солтүстік аймағы қарады.

 

Кіші ұлы Төлеге ежелгі түркі-моңғолдардың дәстүрі бойынша, әкесінің ордасы - Орталық Моңғолия атырабы, сондай-ақ, Солтүстік Қытай өңірі бұйырды.

 

1225 жылы Жошы дүниеден өтті, ал Шағатай барынша қатыгез жан-тұғын. Шағатайдың бұл мінезіне қанық әкесі Шыңғыс хан өлер алдында бүкіл империяның билеуші ханы етіп өзінің жұмсақтығымен және парасат-пайымымен, төзім-шыдамдылығымен дараланатын сабырлы баласы Үгедейді тағайындауды тапсырады.

 

Сөйтіп, кезінде жаһанды өзінің қаһарымен әрі күшімен және сұсымен тітіркенткен Шыңғыс хан 1227 жылы бұл фәниден бақи дүниеге аттанады.

 

1229 жылы Шыңғыс ұрпақтары, белгілі қолбасшылар, нояндар, рубасылар түгел қатысқан ұлы құрылтайда Төле әкесінің аманатын көпшілікке жария етіп, Үгедей өсиет бойынша ұлы хан болып сайланды (1229 - 1241).

Құрылтайда Цзинь империясын бағындыруды жалғастыра беру, бірнеше әскер бөлімін Корея жеріне аттандыру және Жошы ұлысының әскери күшін шоғырландыру арқылы батыстағы қыпшақтардың жеріне шабуыл жасау туралы шешім қабылданды.

 

Сүбедей мен ханзада Құтай 30 мың әскерді бастап қыпшақ жерлеріне суыт жорыққа аттанды. 1228 жылы олар қалың қолмен Орал даласында бейбіт жатқан шығыс өңірдің қыпшақтарын үстем күшпен бағындырды.

 

Содан кейін Сүбедейдің атты әскері Жайықтан көктей өтіп, Каспий даласына бойлай енді.

 

Татар-моғолдар қыпшақтардың ұшы-қиыры алыс салқар көштерін түкпірге ығыстырды және бұлғарлардың алысты шолушы қарауыл бекеттерін бұзды.

 

Жошы хан кесенесі. ХІI ғасыр. Сарыарқа. Ұлытау

Жошы хан кесенесі. ХІI ғасыр. Сарыарқа. Ұлытау

 

Моңғолдардың қос бүйірден қысқан темірдей қыспағынан қыпшақтар Еділ бұлғарларының жасыл жазира жеріне қарай үдере қоныс аударды.

 

Ал Еділ бұлғарларының даласына жорық жасау моңғолдардың жоспарында жоқ еді.

 

Шығыс өңірінің қыпшақ жұрты Еділ бұлғарларының жеріне ығысып бас сауғалағанда, қалған бөлігі Еділден өтіп, Дон алқабын мекендеді.

Бұл кезде Батыс өңір қыпшақтарының ханы Құтан Галиц князьдігіне шабуыл жасады.

 

Сүбедей әскери жорық аяқтала салысымен, Қытай еліне шұғыл аттанды. Бірақ бұған қарамастан, қыпшақ жерін жаулау әлі де жалғаса берді. 1235 жылы Алтайдан Еділге дейінгі жер Моғол империясына еріксіз осылайша қосылды.

 

Үгедей Қытаймен арадағы соғысты тоқтатып, 1235 жылы үлкен құрылтай шақырды. Құрылтайда Бату бастаған біріккен әскер Еділ бұлғарлары, Дешті Қыпшақ, Русь, Черкестен Дербентке дейінгі алаптағы кең көлемді жерді жаулап бітуі керек деген шешім қабылданды.

 

Бірақ құрылтай шешімінен белгілі болғанындай, Батыс Еуропаға жорық арнайы түрде жоспарланбап еді және оны Батудың өзі ұйымдастырған болатын.

 

Жаулап алу жорығына 11 ханзада қатысты, олардың арасында

- Мөңке

- Күйік

- Қадан

- Орду

- Байдар

- Бөрі

- Бечак

- Бұрындай және т.б. болды. 

 

Бату қолбасшы ретінде қасына Шыңғыс ханның жақсы көретін әскербасы - Сүбедейді ертті, ал штабы әскери кеңес қызметін атқарды. Батудың әскері, шамамен, сол кезде 250 мың жауынгерге жетті.

 

Әскердің сапында тек бірнеше мыңы ғана моғолдар, ал басым көпшілігі түріктер болды.

***

Еділ бұлғарларын, Дешті Қыпшақты жаулап алу. 

1236 жылы Бату әскерлері Ұлы Бұлғар елін ұрыспен алды, 1237 жылы көктем мезгілінде аландар мен қыпшақтарға шабуыл жасады.

 

Еділдің бойында қыпшақтардың батыр көсемі Бачман қаза болып, Құтан ханның әскері Доннан әрі қарай шегінді.

 

Бату әскері қыпшақтармен соғыстан кейін дамыл алмастан 1237 жылы күзде солтүстік бағытқа қарай жылжыды.

 

Рязань князьдігінің шекарасына жақын келіп,

- буртас 

- эрзю

- мокшу ұлыстарын өзіне бағындырды.

 

Сөйтіп, Руське жол ашылды. Әскердің алдыңғы қанатында Бату тұрса, оң қанатын Мөңке қолбасшы басқарды. Моңғолдардың әу бастағы соғыс жоспары былай болатын: қыпшақтар Донды өздеріне қорғаныс етіп тұрғанда, олардың ту сыртынан келіп тұтқиылдан шабуыл жасамақ еді.

 

Чернигов князьдігі қыпшақтармен одақтас болғандықтан, елдің солтүстігінен, Владимир князьдігі арқылы өтіп, тосыннан соққы беру керектігі айқын білінді.

Бату Рязань князьдігінің әскерін талқандап, Владимир князьдігіндегі 14 қаланы өз қарауына бағындырды. Сить өзені бойында Юрий II князьдігінің жасағын ес жидырмай қоршап, екі апталық қоршаудан соң 1238 жылы 5 наурызда Торжок қаласына келіп кірді.

 

Бату хан. Қытай суреті

Бату Хан. Қытай суреті

 

***

Соғыстың бұрыннан қалыптасқан моғолдық тәртібі бойынша, өз еркімен берілген қалалар «гобалык» - «мейірімді қала» деген атауды иеленетін.

 

Моғол-татарлар осындай қалалардан алынатын соғыс салығын тұрғындарға жылқымен, азық-түлікпен өтетті.

Бірақ қасарысып қарсы тұрған қалалар көп қасірет шекті.

 

Моңғол-татар әскері жаулап алған жерлерінде көп тұрақтап тұрмады, сондықтан олар бұл жерден біржола кетісімен, тұрғындар қалаға қайта оралып жатты

 

1238 жылы жазда Бату хан оң қанат әскерімен бірігеді, бірақ қыпшақтар моңғолдарға қосылудан бас тартып, Венгрия жеріне өтіп кетеді. Сондықтан мойынсұнбаған ержүрек қыпшақ жұрты моғолдарға қай кезде де қауіп төндіріп тұрды.

 

Ендігі жерде есірген жау Құтан ханның ізіне түсу керек деп шешті. 1239 жылы моғолдар Черниговты, ал 1240 жылы Киевті басып алды, жолшыбай қарақалпақтарды жаулады.

 

Сонымен бірге түркі-моғол әскерінің бір бөлігі Кавказ және Қырымға аттандырылды.

 

1239 - 1241 жылдары моғолдардың жорығымен бір мезгілде крест жорығы да басталған болатын.

 

***

 

Еуропаға жорық

 

Мажар деректері бойынша, 1237 жылы Құтан хан венгр патшасы Бела ІV-ге пана сұрап келеді.

1239 жылы Бела патша оны қабылдап, Құганның 40 мың әскерін құрметпен қарсы алып, Венгрияның ішкі аймағына орналастыруды өз шенеуніктеріне тапсырады.

 

Олар Дунай мен Тисса өзені арасына және мемлекеттің шығыс бөлігіне жайғасады. Бела қыпшақтарды қабылдай отырып өз уәжін айтады: олардан католик дініне өтуді және патшаға ризалықпен мойынсұнуды талап етеді.

 

Мұны естіген Бату Бела IV патшаға оның бұл жөнсіз әрекеттеріне наразы екендігін білдіріп, арнайы елші жібереді.

 

Патша оған көнгісі келмей, елшілерді қысастықпен өлтіртеді. Бұл оқиғалар Батудың Еуропаға жорығының басталуына себеп болып еді.

1241 жылы Батудың әскері Карпатты басып өтіп, Венгрияға жетеді.

 

Олар жолда Польшаны қиналмастан жаулап алады. Генрих Благочестивыйдың еріктілерден құралған біріккен неміс-поляк әскері моғол әскерін 1241 жылы 9 сәуірде Лигницте қарсы алады.

 

Ал Бела ІV-нің біріккен венгр-хорват әскері 1241 жылы 11 сәуірде моғолдардың басқа бөлігімен Шао қаласы маңында шайқасқа түседі.

Алтын Орда әскерінің шабуылы

Алтын Орда әскерінің шабуылы 

 

Бірақ осы аталған екі әскерді де моғолдар тас-талқан етеді. Алтын Орда әскерінің шабуылы Шайқас ауыртпалығынан Венгрия халқы көп зардап шегеді.

 

Венгрияның көптеген қалалары:

 - Пешт

- Варадин

- Перег

- Егрес

- Темешвар

- Дьюлафевар жау қысымына төтеп бере алмай, құлдыққа түседі. Венгриядан кейін Словакия, Шығыс Чехия, Богемия, Силезия, Моравия, Иллирия талқандалды. 

 

Осыдан кейін Батыс Еуропаны, оның ішінде Германияны, Францияны, Бургундия мен Испанияны үрей биледі және бұл салдарлар Англияның басқа елдермен екі жақты саудасының кенеттен тоқтап қалуына әкеп соқты.

 

Тек Батумен құпия түрде өзара байланыс орнатқан Фридрих II ғана болды. Бату Фридрихтан өзіне бағынуды талап етіп, оған қарсы шабуыл жасаспаудың бітім шартын ұсынды.

 

Алтын Орда әскері Шыгыс Еуропада

Алтын Орда әскері Шыгыс Еуропада. Миниатюра

***

 

1242 жылы Ұлы хан Үгедей қайтыс болады. Оның өлімі туралы ресми хабар Венгрияға 1242 жылы наурызда жетеді.

 

Моғол елінің ежелден келе жатқан ескі дәстүрі бойынша, елде өтетін барлық мемлекеттік шаралар жаңа хан сайлауына дейін тоқтатылуға тиіс еді.

 

Таққа бірден-бір үміткер Үгедейдің ұлы Күйік болатын, ал оның шешесі Дорэгэнэ ханшайым ол кәмелет жасына толғанша уақытша ел басқаруды өз міндетіне алады.

 

Бату қыпшақ ордасына шабуыл аяқталды деп ұйғарып, өз әскеріне Еділдің төменгі ағысына түсуді бұйырды. Сүбедей Адриат теңізінен Днестрге дейінгі аралықты жайлаған барлық әскерді еліне қайтарды.

 

Еуропа осылайша өзіне төнген дүлей қауіптен құтылды.

 

***

 

Алтын Орданың құрылуы

 

Шыңғыс ханның өсиет еткен мұрасы бойынша, оның тұңғышы Жошы 4 мың қолды құрайтын моңғол әскерін және иелігіне әлі де толық өте қоймаған Қыпшақ ұлысы жерлерін өз қарауына алды. 

 

Жошы өлген соң оның күллі мұрагерлігі ұлы Батудың қолына өтті. 1243 жылдың бас кезінде Батыстан жорықтан қайтқан Бату қыпшақтардың жерін ен жайлап, өз алдына жеке мемлекет құра бастады.

 

Алғашқы мезгілде Бату Бұлғар қаласына келіп біршама уақыт тұрақтады. Оған осы аймақтағы көркі көз тартатын көптеген шаһарлар ерекше ұнады.

 

Еділ маңына, оның бұйрығы бойынша, бұл жерде бұрын болып көрмеген жаңа қала - Қазан салына бастады. Бірақ жергілікті жағдайлар Батудың көңілінен шыға қоймады.

 

Бұл өңірдің ауа райы өте ылғалды және суық боп келетін, айнала қоршаған орман, малға жайылып жүрер кеңіс жер болмады.

 

Ақыры, орда мемлекеттің шекарасында нық бекініп тұруға жарамай шықты. Бату енді ордасын Еділдің төменгі жағалауына түсіріп, оның ағысының Ахуба аталатын саласына Сарай шаһарын тұрғызды.

 

Орда стратегиялық жағынан ерекше маңызға ие болды: аталған аймақ ауа райы құрғақ, қысы жұмсақ, айналасы ашық дала еді.

 

Бұл жерден Еуропа елдерін де, Жошы ұлысының шығыс бөлігін де бақылау қиынға түспейтін.

 

Түгел төңіректен Орта Азиямен, Кавказ және Иранмен сауда жасау үшін сан тараптан ағылған «¥лы Жібек жолының» керуені күн-түн демей, толассыз өтіп жатты.

 

Бату және одан кейінгі басқа да Алтын Орданың хандары да астанада көп жатып, аялдай бермейтін. Көктем айы басталысымен-ақ Батудың ордасы Еділ өзені бойымен Қазан шаһарына дейін көшіп, ал қыс мезгілінде ел астанасы - Сарайға кері оралатын.

Сондықтан жаз айларында Бату Қазан қаласына, суық түскенде Сарайға барып тұрды. Бату жорық жасау үшін жинаған әскерін таратып жіберді.

 

Моңғолдардың негізгі бөлігі Моңғолияға кетті. Қалған әскерді ол өз інілері - Орда Ежен, Шайбани, Берке және т.б. арасында жеке-жеке бөліп берді.

 

Батудың өзінде 4 мың атты әскер ғана қалды. Олар, негізінен, түркілерден құралды. Бату Дунайдан Алтайға дейінгі аймақтағы қыпшақ жерлерін екі қанатқа бөлді.

 

Сол қанаты Орда Еженнің үлесіне, ал оң қанаты Батудың өз үлесіне тиді. Батудың жері Оралдан Дунайға дейінгі өңірлерді қамтыды.

Ордасы Еділдің төменгі ағысында жайғасты.

 

Батудың ұлысы Алтын Орда (немесе Жошы ұлысы) деп аталды. Сол қанат ұлысы оң қанат ұлысына тәуелді деп саналды. Бірақ Орда Ежен ұлысының Еділдің бойындағы ордаға сөз жүзінде ғана бағынатын.

 

Орда Еженнің ордасы Жошы ордасына жақын, Ертістің жоғарғы ағысында орналасты.

 

Оның жері Алтайдан Оралға дейінгі алапқа созылса, ал оңтүстігін жазиралы Жетісу алып жатты. Бұл тарихта Ақ Орда деп аталады, қайсібір тарихи деректерде ол Ақ Орда деп те кездеседі.

 

Орда Еженнің ұлысы оң және сол қанаттарға бөлінді. Орда Еженнің оң қанаты Батудың тағы бір інісі Шайбаниға берілді.

 

Оның ұлысы Орал мен Жетісу арасына жайғасты. Бұл қанатқа оғыздар да кірді.

 

Орда Еженнің інілері - Удур, Тоқай Темір, Шингкур, Сингкум да Алтын Ордадан өздеріне тиесілі ұлыстарын иеленді.

***

 

Бұл аталған ордалар ұсақ әкімшіліктерге бөлінді, оларды тиісінше дәрежедегі жергілікті ақсүйектер басқарды.

 

Бату мемлекетті одан әрі нығайту шараларын жүргізді.

 

Дешті Қыпшақта өмір сүріп жатқан түркі халықтарының арасына «Жасақ заңы» қауырт жағдайда енгізілді.

 

Жаңа керуен жолдары түзіліп, арнайы тоқтайтын бекеттер қалыптастырылды.

 

Соғыс кезінде күл болып қираған қалалар қайтадан бой көтере бастады. Мемлекет ісімен айналысқан Бату таққа үміткер болып табылатын бірден-бір мирасқор Күйік екенін біліп, Қарақорымға Батудың Руське жорыгы сапарға аттануға асықпады.

Батудың руське жорығы

***

Осыған байланысты Ұлы хан сайлау науқанын өткізу кейінге қалдырыла берді. Шыңғыс ұрпақтары арасында тақ үшін тынбай жүрген толассыз дау-шарлар екпіні басыла қоймады.

 

Тек 1246 жылы тамызда ғана Қарақорымда көптен күткен құрылтай шақырылды. Күйік маңына топтасқандар оны хан етіп сайлауда көздеген жеңіске жетті.

 

Салтанатты жағдайда өткен ханды таққа отырғызу рәсіміне Еуропа және Азия елдерінен елшілер, ханзадалар және патшалар келді.

***

Құрметті қонақтардың ішінен

Бағдад халифін

Рим папасы Иннокентий ІV-ті

Плано Карпиниді, өзге де атақты адамдарды байқау қиын емес еді.

***

Батудың туған ағасы Орда Ежен, інілері - Шайбани, Берке, Танғат, Тұқай Темір - барлығы құрылтайға қатысты.

 

Олар Күйіктің таққа бірден-бір үміткер екендігіне қызғанышпен қарап, оның дұшпанына айналды.

 

Бату екеуінің арасындағы бұрынғы қарым-қатынас Күйік ресми түрде хан сайланғаннан кейін мүлдем шиеленісе түсті. 1248 жылы Бату мен Күйік әскерлері бір-біріне қарсы жүреді.

 

Бірақ Күйік ханның мезгілсіз қайтыс болуы арадағы шайқасты болдырмай тастайды.

 

Дешті Қыпшақ пен Еуропаға жасаған жорықтан қайтқан соң Бату өзімен бірге Шығыс Еуропа даласына бірнеше өзгерістер әкелді.

 

Кейбір қыпшақ ордалары Дон және Қара теңіз аймағы даласынан Төменгі және Орта Еділ салаларындағы өңірге, сондай-ақ, Еділ Бұлғариясына мекен ауыстырды.

 

Шыңғыс ұрпақтарының басып өткен жерлерін қынадай қырып-жоюының салдарынан мал жаюға арналған жайылымдық жерлердің тарылуы, мал басының азаюы себепті қыпшақтар енді отырықшылық шаруашылықпен де айналыса бастады.

 

Еділ бұлғарларында да біраз өзгерістер жүзеге асты. Мұнда қыпшақтар кезінде моңғол шапқыншылығынан үдере көшіп кеткен жергілікті халықтардың босап қалған елді мекендеріне орнығып, қоныстана бастады.

 

Қыпшақтар саны уақыт өткен сайын бұлғарлардан асып, көбейе берді. Сондықтан Алтын Орда заманында Еділ бұлғарларының тілі қыпшақ тілі болып қалыптасты.

 

Бірыңғай түркі тайпаларынан тұратын қыпшақтардың негізгі бөлігі өздерінің бұрынғы ата қоныс жерлерінде көшіп-қонып жүрді

 

Польшадагы Лигница қаласы түбіндегі шайқас. 1241 жыл. Ортағасырлық миниатюралар

Польшадагы Лигница қаласы түбіндегі шайқас. 1241 жыл. Ортағасырлық миниатюралар 

 

Енді соғыс кезінде өлген немесе тұтқындалған қыпшақ хандары мен бектерінің орнына елді басқаруға моғол бектері келе бастады.  

 

***

Моғол кағандығындағы өзара кыркыстар

 

1248 жылы Күйік хан қайтыс болды. Осыдан соң жаңа хан сайлау қажеттігі туды. Қаялықтан (Қойлықтан) жеті күндік жерде орналасқан Ала-Камакада қосынына аялдап, Бату рудың үлкені ретінде Шыңғыс үрпақтарын тақ мұрагері жайлы кеңінен ақылдасып, бас қосуға өзіне шақырады.

 

Ол таққа мұрагерлікке Төленің ұлы Мөңкені ұсынады. Басқалары онымен бірауыздан келіседі.

 

1251 жылы Батудың талабы бойынша құрылтай шақырылып, онда Мөңке хан болып тағайындалады.

 

Үгедейдің ұрпақтары Мөңкені хан ретінде мойындағысы келмей, оған қарсы қастандық ұйымдастырады. Бірақ олар ұсталып қалып, астыртын топтың 77 мүшесі Батудың бұйрығы бойынша тегіс өлтіріледі.

 

Мөңке ханның тұсында Кіші Азияға жорық жасау туралы шешім қабылданды. 1256 жылы жоспарланған жорық басталды.

 

Оны Мөңке қағанның інілерінің бірі - Хулагу хан басқарды. Хулагу ханға көмекке Иранды және Бағдадты алуға қатысқан Алтын Орданың әскері жіберілді.

 

Бұл жылдары Алтын Орда Қарақорымға әлі де болса тәуелді жағдайда еді. Жошы ұлысы Мөңке ханды ұлы хан ретінде таныды.

 

Батудың өзі Мөңкеге «кіші інісі» ретінде емес, өзімен дәрежесі тең билеуші ретінде қарады.

 

Ол Ұлы ханға тәуелді екенін мойындап қана қоймай, оның атымен теңге шығарды.

 

Бату Мөңке ханға Сартақты Алтын Орданың ханы ретінде бекітіп беруін сұрап-білуге жібереді. Мөңке хан Сартақты ерекше қошеметпен қарсы алып, әкесінің орнына билікке келуін мақұлдап, оны лауазымы жағынан хандықтағы екінші адам деп жариялайды.

 

Сартақ Мөңке ханның ордасында жүрген кезде 1256 жылы Бату кенеттен қайтыс болады. Берке хан. Бату хан өлген соң тақ үшін өзара қырқыс басталды.

 

Берке мен оның жақтастары тақ үлкен ағасынан кіші інісіне қалатын ата-баба дәстүрін сақтауды талап етті.

 

Сартақтың жақтастары Алтын Ордадағы билікті бұдан былай тек Батудың ұрпақтарына бекітіп қоюды қалады. Сартақты Мөңке хан мен моғол ақсүйектерінің бір бөлігі жақтап шықты.

Беркені мұсылман дінінің өкілдері қызу қолдады.

 

Ол Бату хандық құрған дәуірде өзіне мұсылмандықты қабылдаған болатын. Сартақ күтпеген жерден опасыздықпен өлтірілді. Көне шежіреде оны у беріп өлтірген Беркенің жақтастары делінеді.

 

Сартақтың қаралы хабарын естіген Қарақорымдағы Мөңке хан Алтын Орданың ханы етіп Беркені емес, Сартақтың ұлы Ұлақшыны қойды.

Ол Батудың үлкен бәйбішесі Беракчин ханымға Ұлақшы әкесінің орнына таққа отыратын жасқа жеткенше тәрбиелеуді және уақытша ел басқаруды сеніп тапсырды.

 

Бірақ Ұлақшы да сол жылы белгісіз жағдайда жан тапсырды. 1258 жылы Берке өз жақтастарымен бірге ақыры көздеген мақсатына жетіп, билік басына келді.

 

Оның таққа келуі мұсылман миссионерлеріне дінді насихаттау үшін даңғыл жол ашып берді. Берке хан таққа отырған соң Алтын Орданың әскери саладағы жүргізіп отырған саясатына зор мән беріп, оны барынша нығайта түсуге күш салды.

 

Хан билігі кезінде қала құрылысында, ең алдымен, Батудың бастамасы бойынша қолға алынған ел астанасы - Сарай қаласында көп өзгерістер жүріп жатты.

 

Сарай кең алқаптағы ен далада, елді мекендер аз қоныстанған жерге салынды.

 

Берке өзінің мемлекетінің ауқымын біртіндеп кеңейте бастады. Қарақорымның ішкі және сыртқы саясатындағы өзгерістер. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін Үгедейдің билігі кезінен бергі уақытта ел билеушілері Ордада қытайлық жоғары лауазымды шенеуніктерді және мемлекеттік кеңесшілерді ресми түрде қабылдай бастады.

 

Осылайша, Қарақорымда жаңадан дүниеге келген үш одақ қалыптасты.

 

Алғашқысы - Қытай партиясы болды, оны бірінші министр, сондай-ақ Үгедейдің бірінші кеңесшісі Елью Чу-Цай басқарды. Бұл партия Хань және Таң империясы кезіндегі жолға қойылып, қалыптасқан қытай үстемдігін қайта жандандыруды мақсат етті.

 

Сондықтан олар Қарақорымдағы орданы Қытайға көшіру керек деген ортақ пікірге келді.

 

Екінші партия мүсылмандар мен несториандар партиясы еді.

Түркі мұсылмандары елдің мұсылман дініне бағыт түзеп, бет бұруын қалады. Осыған байланысты олар орданы Қарақорымнан Бұхараға көшіруді ұсынды.

 

Несториандықтардың көптен көздеген ой-мақсаты да осыған ұқсас болды.

 

Олардың орталығы Түркістанда, Алмалықта және Мервте жайғасқан. Сондықтан олар орданы Түркістанға көшіруді қолдады.

 

Үшінші партия тәңіршілдікті ұстанатын түркі және моңғолдар болды.

 

Егер моңғолдар үшін орда Онон мен Керулен арасындағы Шыңғыс хан жерленген делінетін Делигун-Булдак саналса, түркілер үшін ол (найман, татар, керейт, ұйғыр) Қарақорым деп есептелді.

 

1259 жылы Үлы хан Мөңке өмірден өтті. Оның өлімінен кейін екі інісі Арық Бұға мен Құбылай бастары бірікпей, таққа таласып, дүрдараздық отын өршітті.

 

Қарақорымда осы күрделі түйінді шешу үшін шұғыл құрылтай шақырылып, нәтижесінде,

Арық Бұға Ұлы хан дәрежесіндегі жоғары лауазымды иеленді,

ал Құбылай Пекиндегі моғолдардың Ұлы ханы болып сайланды.

***

Бұл шақта елде ежелгі дәстүрді сақтайтын көзі тірі бұрынғы қолбасшылар да, не болмаса бұрынғы қарт кеңесшілер де қалмаған еді.

 

Үгедейдің немересі, Сүбедей тәрбиелеген Хайду жан-тәнімен Арық Бұғаны қолдады.

 

Оған пікірлес болып Шағатайдың баласы Алғұй да қосылды. Бірақ Алғұй кейін күрт өзгеріп, Құбылай жағына шығып кетті, 1264 жылы оның қолтығына су бүркіп, жеңіске жетуіне көмектесті.

 

Қытайдың ұстанған мемлекеттік саясаты бойынша хан ордасы Қарақорымнан Ханбалыққа (қазіргі Пекин) көшірілді.

 

Құбылай өз әулетін Юань деп атады. Юань әулеті Қытайда 108 жыл салтанат құрды. 

 

1368 жылы қытай халқы көтеріліс жасап, моңғол әскерін Қытайдан түре қуды және Ұлы Далаға өз бетінше жаңа жорықтар жасай бастады.

 

1388 жылы Қытай әскері Моңғолияның түкпіріне дейін бойлай еніп, Қарақорымды быт- шыт қылып қиратып, орнын үйіндіге айналдырды. Құбылайдың моңғолдар ордасын Қарақорымнан Ханбалыққа көшіруі Моңғол империясының іштен ыдырап құлауына және жаңадан жеке мемлекеттердің пайда болуына әкелді.

 

Олар:

Үгедей ұлысы

Алтын Орда ұлысы

Орта Азиядағы Шағатай ұлысы

Алдыңғы және Кіші Азиядағы Хулагу мемлекеті еді.

***

Басқа ұлыстардың әлсіздігін пайдаланып, Берке өкіметі Шағатай мен Хулагу ұлыстарының ішкі істеріне тікелей араласып отырды.

 

Хулагу өзінің мемлекетінің болашақ астанасы ретінде Әзербайжан облысын таңдады.

 

Елдің астанасы етіп оңтүстік Әзербайжан қаласы I Мармгу шаһарын белгіледі.

 

Хулагу мемлекеті құрылғанға дейін Алтын Орда ұлысы Әзербайжанның сауда жолдары мен жайлауларын қалауынша пайдаланып келген болатын.

 

Қара теңізден шығып, Әзербайжанның оңтүстігіне баратын бұл сауда жолдарын жеке-дара иемденгісі келетін жаңа мемлекеттің пайда болуы олардың бұл ниетінің іске асуына кедергі жасады.

 

Осыдан барып, Алтын Орда мен Хулагу елі арасында өзара келіспеушіліктер мен кикілжіңдер бой көрсетті.

 

Египет мемлекеті келешекті көздеп, Алтын Ордамен байланыс орнатуға тырысты.

 

1261 жылы Бейбарыс сұлтан мол сыйлық-тартуларын артып, арнаулы елшілерін Сарайға аттандырды.

 

Бір жылдан соң Каирге Берке ханның атты әскері салтанатты түрде келіп кірді.

 

Оларды бүкіл қала қуанышпен, қошеметпен қарсы алды. Сұлтан Бейбарыс Беркенің құрметіне орай өз баласына Берке есімін қояды.

 

Египетпен келіссөз жүргізу кезінде Берке Хулагуға тізе батырып, басымдық күшін көрсеткен болатын.

 

Ол Хулагудан елінің бір бөлігін беруді сұрайды және Алтын Орда әскері оның жорықтарына белсене қатысқандықтан, олардың ұстаған тұтқындары үшін белгіленген мөлшерде ақы талап етеді.

 

Тұтқындардың кесімді нарқын, ақысын сұрау бағзыдан келе жатқан дәстүр еді. Хулагу ханның қойылған талапты орындаудан бас тартуы Шыңғыс ханның Жасақ заңын бұзғандық мағынасын білдіретін.

 

 Бұл оқиға Берке үшін Хулагуға қарсы соғыс ашуға таптырмас сылтау болды. Бірінші жорық кезеңі 1262 жылы тамыз айында басталып, Дербент жағынан Ноғай бастаған қалың әскер Ширванға Алтын Ордаға шабуыл жасайды.

 

Алтын Орда басқақтары

Алтын Орда басқақтары. С.Ивановтың суреті

 

Хулагудың әскерімен алғашқы шайқас Шемах шаһары түбінде болып, бұл шайқаста Ноғай жағы жеңіске жетеді.

 

Бірақ 1262 жылы 14 қарашада Хулагу әскері Шемахтың солтүстігіндегі Шарбанда Ноғай әскерін талқандал, қарымта қайтарады.

 

Осыдан кейін бір ай өткен соң Хулагудың тікелей өзі басқарған әскері Дербентке жорыққа аттанады. Бекіністі алу бір күнге созылып, ақыры алтынордалықгар күші тең болмағандықтан, қаланы тастап кейін шегінеді.

 

1263 жылы 13 қаңтарда Берке қалың қолды алға бастап, Хулагу әскеріне елеулі соққы береді, сөйтіп Дербентті азат етеді. Бір өңірдегі Әзербайжан және Кавказ аумақтарында татар-моңғолдар осылайша бір-бірімен соғысты.

 

Жасақ заңының қалыптасқаи ережесіне қайшы келіп, Сарай тағындағы алғашқы сайланған мұсылман дініндегі Берке хан өзінің ағайыны - Хулагумен бетпе-бет келді.

 

Ал Қытайдағы ¥лы хан оқиғаның бұлайша ушығып кетуінің алдын алған жоқ.

 

Осы уақытта батыста Ливон ордені Литваға ат басын тіреп, Новгородқа шабуылға шығуға дайындалып жатты. Александр Невский мен Литва князі Миндовг 1260 жылы шығыстағы немістердің құрсаулы қыспағына қарсы тұратын бірлескен одақ құрды.

 

Александр Невский Сарай шаһарына арнайы келіп, Беркемен бірге ортақ қорғаныс одағын құруға келісім жасасты. Ливон орденіне осылайша қауіп төнді, бірақ сол жылы 43 жастағы Миндовг пен Александр Невский дәм-тұзы таусылып, қаза болады.

 

1265 жылы қуатты ел билеуші Хулагу дүние салды, алайда оның орнын басқан ұлы Абаки басқа мемлекеттермен татулық қарым-қатынас орнатуға асықпады.

 

Осылайша Хулагу мен Алтын Орда арасындағы екінші қақтығыс ойда-жоқга басталып кетті. Алтын Орда әскерін Ноғайдың өзі басқарды. Ноғай Жошының жетінші ұлы - Бұвылайдың кіндігінен тараған еді, ол ешқашанда таққа отырмаған Жошы ұрпақгарының санатына жататын.

 

Екі жақтың әскері 1265 жылы жазда Ақсу өзенінің сол жағалауында Кура маңында кездесті. Жеңіске әдіс-айласы мен күші мол Хулагудың әскері жетті.

 

Ноғай әскері еңсесі түсіп, Шемахқа қарай шегінді. 14 күн бойы жауына тіресе қарсылық көрсеткен Берке Тифлиске суыт аттанды. Ол жорық кезінде қатты ауырып, бойын мендеген сырқаттан қайтыс болады.

***

 

Алтын Орданың тәуелсіздік алуы.

Алтын Орданың алғашқы хандары ел басқарған кезде (Бату мен Берке хан тұсында) оларға берілген құқықтар шектеулі дәрежеде болды.

Яғни, басқа да көптеген моңғол ұлыстары секілді Жошы ұлысы да империя орталығы Қарақорымнан басқарылды.

 

Бұл кезеңде Алтын Орда хандарының басқа елдермен келіссөз жүргізуге, елшілер қабылдауға құқығы болмады.

 

Мысалы, Иннокентий папаның арнаулы елшілері Карпини мен Рубрукты Бату ешқандай шешім қабылдай алмастан, тұп-тура Қарақорымға жібереді.

 

Сондай-ақ, Жошы ұлысының хандары өздерінің атынан теңге соғып шығара алмады. Алтын Ордада Мөңке мен Арық Бұға хан бейнесі салынған теңгелер сауда айналымында жүрді.

 

Сарайшық қаласының орны

Сарайшық қаласының орны

 

Сарайшьқ монеталары

Сарайшьқ монеталары

 

 

XIV г. ¥лыс ханын сайлау құқығы да тек ¥лы ханның құзырына жататын. Беркеден кейін Алтың Орда тағына Батудың немересі Мөңке Темір отырды.

 

Мөңке Темір ханның басқаруы кезінде (1266 - 1282) Алтың Орда іс жүзінде тәуелсіз болды, ол занды түрде бекітілді. Оған Мөңке Темірдің атымен өрнектелген теңгелердің шығуы дәлел. Ең алғашқы теңгелер Бұлғар қаласында соғылды.

 

1267 жылы Мөңке Темір Алтын Орда хандарының ішінде бірінші болып орыс шіркеулеріне еркіндік беріп, оларды салықган босату және Алтын Орда хандарымен қарым-қатынасты жолға қою жайлы жарлық шығарды.

 

1269 жылы новгородтықтардың сұрауы бойынша Мөңке Темір Ливон рыцарьларымен соғысу үшін Новгородқа арнайы әскер жіберді.

 

Алтын Орда мен Орта Азиядағы Шағатай ұлысы арасында соғыс қимылдары басталды.

 

Соғыс Шағатай ұлысының ханы Барақ тарапынан қауіп төніп тұрған шығыстағы керуен жолдары үшін қажет болды. 1269 жылы Талас өзені өңірінде құрылтай өтеді.

 

Құрылтайда Жошы, Үгедей, Шағатай ұлыстары арасында өзара татулық орнап, Хулагу мемлекетіне қарсы күрес жүргізу үшін үш ұлыс арасында одақ құрылды.

 

Құрылтайдың қабылдаған шешімі үш ұлыстың әрі қарай өркендеп-дамуында үлкен рөл атқарды. Сөйтіп, одақ өз алдына жеке мемлекет ретінде танылды.

 

Олар енді Солтүстік Қытайды басқарып отырған Төленің ұрпақтарына бағынбайтын дәрежеге жетті. 1269 жылы құрылтайдың шығарған шешімі бойынша, Алтын Орданың сыртқы саясатындағы мәселелердің бірқатарын ойдағыдай шешкен Мөңке Темір ұлыстың өз ішіндегі билікті нығайту үшін тиісті шаралар қабылдады.

 

¥лы ханның билігіндегі басқақтық тәуелділіктен азат етілді. Осыған дейін барлық басқару құрылымы Қарақорымға бағынып, ұлыстың тапқан табысы Шыңғыс ұрпақгары арасында орталай бөліске түсетін.

 

¥лы хан үстемдігінен құтылған Мөңке Темір өкіметі тек қана Бұлғар қаласында емес, сол сияқты Қырымда, 1279 жылы Хорезмде теңгелер шығара бастады.

 

Мөңке Темір өкіметі Берке хан қолға алған жаңа қалалар құрылысын жүргізу саясатын әрі қарай жалғастырды. Қалалар тез бой көтерді: олар Днестр бойындағы

- Ақкерман (Белгород-Днестровкий)

- Орданың батыс жақ шетінде орналасқан, Дунай сағасындағы - Килия

- Днепрдің сол жағалауындағы - ТаваньҚырым

- Бақшасарай маңындағы - Қырық-Ер

- қазіргі Феодосия - Кафа

- қазіргі Судак Солдай

- қазіргі Азов аумағындағы - Азак

- Жайықтың оң жағасындағы - Сарайшық

- Ертіс бойындағы, қазіргі Тобыл маңындағы - Искер және т.б. қалалар еді. 

 

Алтын Орданың астанасы - Сарайға ұдайы көңіл бөлініп отырды. Ол алғашқыда Бату Сарайы, кейінірек Берке Сарайы деп аталды.

 

***

Мөңке Темір билігінің соңғы ширегі кезінде Сарай тек Алтын Ордадағы ғана емес, сондай-ақ, ортағасырлық Еуропадағы ірі қалалардың бірі саналды.

 

Мәселен

-  XIII ғасырда Римде - 35 мың

- XIV ғасырда - Парижде 58 мың

- ал Сарайда XIV ғасырдың басында 100 мың тұрғын қоныстанып, тіршілік етті. 

***

 

Алтын Ордадағы алғашқы өзара соғыс

 

Алтын Орданың ханы Мөңке Темір көз жұмғаннан кейін Ноғайдың ұсынысымен таққа Мөңке Темірдің інісі Туда Мөңке отырады, яғни ханның тапсырған аманаты орындалмайды.

 

Бұл жәйт Жошы ұлысында мазасыз дүрбелеңнің басталуына себепші болды. Билік басына келген Туда Мөңке дін жолына түскен тақуа адам-тұғын.

 

Ол 1283 жылы билікті ұлы Төле Бұғаға беріп, өзі өмірден баз кешкен сопылық жолға түсті. Төле Бұға бірден-ақ өзінің ел басқарудағы қайратты ісімен ерекше көзге ілінді.

 

Алайда, мұндай іскерлік қасиетті Ноғай одан күтпеген еді. Сондықтан олардың арақатынасы бұзыла бастады.

 

Келіспеушілік 1287 жылы Венгрия мен Польшаға жорық кезінде одан әрі шиеленісе түсті. Жорық Венгрияда католик дінінің қыспағында қалған қыпшақтардың қиын

 

Алтын Орданың күміс монеталары. XIV г. 

Алтын Орданың күміс монеталары. XIV г. 

 

жағдайынан туындаған өтініштеріне орай жасалды. Алтын Орда әскері жолында кездескеннің бәрін қиратып, сол екпінмен Венгрияның астанасы Пештке дейін келді.

 

Пешт көп ұзамай жаулап алынды. Жорық басшылары Венгрия королінен қыпшақтарды бұдан былай қыспаққа алмайтындығы жөніндегі уағдасын алып, мол олжамен еліне қайтады.

 

Елге қайтар жолда олар Ноғай ханды алдап, Браш арқылы өтіп, Дунайдағы өз иелігіне кетіп қалады.

 

Бейтаныс жолдарда көп уақыт адасқан Ноғай хан қар басқан суық тауларда біраз әскерінен айырылады. Осыдан кейін бұл екеуінің арасындағы теке тірес ақыры соғысқа ұласып тынады.

 

Бірақ тәжірибесі мен айласы мол Ноғай Төле Бұғамен билікке таласқан Тоқтамен (Мөңке Темірдің ұлы) оңаша бірігеді. Ноғай Төле Бұғаны алдап, кездесуге шақыртып алып, опасыздықпен Тоқтаның әскеріне өлтіртеді.

 

Сол жерде Төле Бұғамен бірге еріп келген оның бауырлары Алғұй, Тагрудж, Малаган, Кадан және Кутугак та қастастарының қолынан қаза табады.

 

Төле Бұғаны өлтіріп, арам пиғылын іске асырған Тоқта 1291 жылы таққа ие болады. Бастапқыда Ноғай мен Тоқтаның арасында достық қарым-қатынас орнайды. 

 

 

Алтын Орда дәуірінде жасалған қола айна. Жетісу, шамамен XIII - XIV гг.

Алтын Орда дәуірінде жасалған қола айна. Жетісу, шамамен XIII - XIV гг.

 

Тоқта билікке орныққаннан кейін екеуінің арасындағы қатынас нашарлай түседі. Ноғай атақты Жошы ұлысынан шыққандықтан, құрылтай шақыруға, кеңес беруге, артықшылықтарды пайдалануға құқылы еді.

 

Бірақ ол Батудың ұрпағы болмағандықтан, тақтан үміткер бола алмайтын.

 

Ноғайдың ханзадалармен тығыз араласып, жақындасуында өзінің көздеген жеке мақсаты болды, ол тақтың Бату ұрпақтарынан ауысып, Жошының өзге ұрпақтарына да тиесілі болуын армандады.

 

Сондықтан Батудың ұрпақтары Ноғаймен арадағы қақтығыста Тоқта ханды жақтады. Ноғай Жошы ұрпақтарынан өзіне қолдау таппай, олардың ортақ жауы Хулагуға келісім жасау үшін барады.

 

Тоқта хан жан-жақтан әскер жинап, Узи (Днепр) және Тарка (Днестр) өзендерінен асып өтіп, Куканлықта қарсы ұшырасқан Ноғайдың әскерін жеңіп шығады. 

 

Алтын Орда дәуірінің күміс ыдысы. XIV гасыр. Эрмитаж қоры

Алтын Орда дәуірінің күміс ыдысы. XIV гасыр. Эрмитаж қоры

 

Қартайған, әл-қуаты сарқылған Ноғай шайқаста шейіт кетеді. Ноғайдың ұлдары қоршаудан сытылып шығып, қашып құтылады.

 

Тоқта хан кетісімен, олар әкесінің ұлысына қайта оралып бас қосады, бірақ бір-бірімен ортақ мақсат жолында мәмілеге келе алмайды.

Ноғайдың үлкен ұлы Жеке өз інісі Текені тақ үшін өлтіріп, елді басқарады. Тоқта ханның бұйрығымен опасыз ел билеуші тұтқындалады.

 

Ноғайдың кенже ұлы Тұрай өзгенің иелігіндегі әкесінің ұлысын қайтарып алмақшы болады, бірақ Тоқтаның әскерінен оңбай жеңіледі.

 

Ноғай ұлысының халқы Тоқта ханның билігін бірауыздан мойындайды. Тоқта хан заманында шыдамды әрі мейірімді жан болды.

 

Сондықтан оның қол астындағы халық та бейбіт өмір кешті. Ноғайдың басқа ұлдарымен және жақтастарымен екі жақты соғыс Днестр өзенінің бойында әлі де жалғасып жатты.

 

Мемлекеттің батыс аймағында өрістеп, он екі жылға созылған дүрбелең лебі Алтын Орданың басқа ұлыстарына да әсерін тигізбей қалған жоқ.

 

Ол ең алдымен Орда Ежен қайтыс болғаннан кейін күш-қуаты әлсіреген Ақ Ордаға ықпал етті.

 

Орда Ежен өзінің орнына ұлы Күн Қыранды мұрагер етіп қойып, 1253 жылы дүниеден қайтты. 1288 жылы Күн Қыран қайтыс болып, одан ұрпақ қалмағандықтан, оның орнын 'Орда Еженнің немересі Қоныша басты.

 

Ол өз орнына үлкен ұлы Баянды тағайындап, 1301 жылы өмірден кетеді. Бірақ оған қарсы Орда Еженнің немересі Куплюк жақтастарын жинап, көтеріліске шығады.

 

Баян осы мезгілде Ноғаймен соғысып жатқан Тоқтадан жәрдем сұрайды. Бірақ хан оған көмек бере алмай, Үгедейдің ұрпағы Хайдуға Баянның өтініші бойынша көмек көрсетуін өтініп, арнайы елші жібереді.

 

Бірақ Хайду Куплюкты қолдағандықтан, оған жарытымды жауап бере алмайды.

 

1309 - 1310 жылдары Тоқта Куплюкке қарсы өзінің інісі Бурлюкты басшы етіп көп әскермен шайқасуға жібереді. Куплюк ұрыс алаңында масқара жеңіліске ұшырап, елден қуылады.

 

Баян Ақ Орданың басшысы болып қалады. Осы дүрбелең жылдары хандар елдің ішкі саясатымен түбегейлі айналыса алмады, нәтижесінде, Алтын Ордаға қараған Русь князьдіктеріндегі олардың қуатты билігі әлсірей берді.

 

Мөңке Темір қайтыс болғаннан кейін Русь князьдіктерінен алынатын алым-салықты жинауды князьдер өз қолына алды.

 

Тоқтаның ел басқару кезеңінің соңғы жылдары мемлекетте қатал тәртіп қайта күшіне ене бастады.

 

1312 жылы Тоқта хан қайтыс болды.

 

***

 

Ханның  қалдырып кеткен аманаты бойынша тақ мұрагері болып ұлы Елбасмыш жарияланады. Ол дала ақсүйектерінің бір бөлігімен қосылып тәңіршілдік ағымын ұстанды.

 

Ақсүйектердің келесі бір тобы ислам дінін қолдап, Мөңке Темірдің немересі Өзбекті (Тоғырұлдың ұлы) тақ мирасқорл ығына ұсынады.

 

Әмір Құтлұғ-Темірдің және Хорезмнің беделді дінбасы Иман әд-Дин Элмискаридің көмегімен Елбасмыш пен оның жақтастарының көзін жойған Өзбек таққа отырады.

Алтын Орданың алтын теңгелері. XIV ғасыр. Эрмитаж қоры

Алтын Орданың алтын теңгелері. XIV ғасыр. Эрмитаж қоры

 

Өзбек хан билік басына келісімен, тәңіршілдікпен бітіспес күрес жүргізіп, ислам дінін уағыздайды.

 

Алтын Орданың мемлекеттік діні - ислам деп жариялайды. Өзбек хан өзінің 30 жыл хандық құрған кезінде билікті өз қолында берік ұстады.

 

Жошы ұлысының барлық ханзадалары оның билігін бірауыздан мойындап, бұйрықтарын бұлжытпай орындады.

 

Ақ Орданың билеушісі - Баян ханның ұлы - Сасы Бұқа елге ұнаған жақсы билеуші болды.

 

Ол 1321 жылы өмірден өткен соң, оның баласы Ерзен Өзбек ханның «бұйрығы» бойынша Ақ Орданы басқарушы ретінде билікке келді.

 

Алтын Орда өзінің тарихта өмір сүрген 100 жылдық дәуірінде Еуропа мен Азиядағы ешкімді тең келтірмес жойқын да қуатты мемлекет болды.

 

Берке хан тұсында басталған Хулагу мемлекетімен арадағы бітіспес соғыс XIV ғасыр ішінде жиі-жиі тұтанып тұрды.

 

ХVІ ғасырда әлденеше рет болып өткен екі жақтың да шабуылынан кейін араны бөліп тұрған Дербент жанындағы жолға арнайы күзет қойылды.

 

Мұндағы негізгі мақсат тек қорғаныс қана емес, жаудың келе жатқанын білдіріп, дабыл қағу еді. Алтын Орданың күзеті Дербенттің өз ішінде орналасса, Хулагу мемлекетінің күзет орны оның оңтүстігінде болды.

 

Алауыздық отына май құйып, Өзбек хан соғысты одан әрі жалғастыра берді. 1318 - 1319 жылдары ол Дербенттен өтіп, күтпеген жерден Әзербайжанға келді.

 

Жолында ешқандай қарсылық кездестірмеген оның әскері Пирсагат өзеніне дейін ілгері жылжып, одан әрі Курдың жағалауына қарай аттанды.

 

Бірақ одан әрі өтіп кете алмады, себебі өзеннің қарсы жағалауында бес қаруы сақадай сай хулагулік әскерлер шоғырланып тұрды. Екі жақ та ұрысты бірінші болып бастай алмай, бірнеше күн бойы аңдысып садақпен атысқаннан кейін, алтынордалықтар кері қайтты.

 

1325 жылы Хулагу әскері Дербентті басып өтіп, Терекке жақындағанда, қарсыластар оған күтпеген жерден соққы берді. Олар тереңдей еніп елге кіруге бата алмай, терек пен талдардың ортасындағы аудандарды тонаумен және талқандаумен шектелді.

 

Келесі жылы Өзбек хан Дербент арқылы бері өтіп, Курға тікелей шығады. Бірақ оны өзеннің арғы жағалауында Хулагу әскері көз жазбай күтіп тұрды.

 

Ұрыс тағы да өзеннің екі жағалауында тұрып қарсы жақтардың бірін-бірі садақпен атуымен ғана тәмамдалып, Алтын Орда әскері уақыт өткізбей Дербентке кері қайтты.

 

Өзбек хан тұсында Алтын Орда мен Хулагу мемлекетінің арасындағы соғыстар айтарлықтай нәтиже әкелмеді. Шекаралас аудандар, әсіресе, Солтүстік Әзербайжан ер-азаматтарды соғысқа аттандырып, ел іші сиреп қалды, бірақ көзге көрінерлік өзгерістер болмады.

 

1336 жылы Хулагу әулетінің соңғы ханы қайтыс болды. Өзбек хан Русь князьдіктері төңірегінде қалыптасқан өзінің дербес саясатын жүргізді.

 

Өзбек ханның таққа келу дәуірінің алғашқы кезінде Тверь мен Мәскеу князьдіктерінің арасында Новгородты иелену үшін талас жүріп жатты.

 

Жаңа ханды қүттықтау үшін және Мәскеу князінің үстінен арыз айту үшін Тверь князі Михаил Ярославович Сарайға келіп, сонда екі жылдай уақыт тұрады.

 

Ақырында Өзбек хан оның мәртебелі құқығын бекітіп, Тай-Темір батырмен бірге еліне риза етіп қайтарады. Артынша Михаил князьдің берген арызы бойынша Мәскеу князі арнайы түрде Сарайға шақыртылады.

 

Князь Юрий Даниилович Сарайға келіп, ханға және оның маңындағыларға көп тарту-таралғылар мен сыйлықтар әкеледі. Ол Ордада Өзбек ханның қарындасы - Қоншаққа үйленіп, ханның сенімді ең жақын досы болады.

 

Бұл неке Мәскеу князіне Тверь князінен кеткен есесін алып береді. Өзбек хан оны Владимир князьдігіне құрметпен аттандырып, қасына серік етіп Каугади батырды ертіп жібереді.

 

Мұны естіген Михаил қалың қолмен Юрий мен Каугадидің әскеріне қарсы шығады. Қызу шайқас болып, Михаил басым түсіп жеңіске жетеді.

 

Юрий Даниилович әйелімен бірге қолға түсіп, тұтқындалады. Оның тұгқындағы әйелі белгісіз себептермен сонда қайтыс болады. Каугадиді әскерімен Ордаға қайтарады.

 

Істі анықтап, ойдағыдай шешу үшін екеуі де Сарайға шақыртылады. Юрий Каугади арқылы ханға тікелей ықпал етіп, Михаилды барынша кінәлайды.

 

Нәтижесінде, Михаил Ордада өлтіріліп, ал Юрий Владимирге қайтарылады. 1325 жылы Михаил князьдің баласы Дмитрий Михаилович Тверьской Сарайға арнайы келіп, Юрий князьдің үстінен шағым айтады.

 

Оған құдайдай сенген Өзбек хан оны Тверьдің князі етіп жібереді. Бірақ насырға шапқан іс мұнымен ғана шектеліп қалмайды: Юрий мен Михаил князьдің балалары - Дмитрий, Александр және Константин князьдердің арасында қырқысқан бақталастық күрес басталады.

 

1325 жылы Сарайда олардың Өзбек ханмен кездесуі өтеді. Дмитрий князь Өзбек ханның тағының қасында тұрған, әкесін өлтірген Юрийді ашу мен кекке шыдамай шауып өлтіреді.

 

Юрийді өлтіргені үшін Дмитрий өлім жазасына кесіледі. Осыдан кейін князьдікті басқару билігін хан Александрға береді. 1327 жылы Өзбек хан Тверьге әлдебір тапсырмамен арнайы қолбасшы жібереді.

 

Ал жас Александр князь болса, халыққа оны христиан дінінің арасына ислам дінін енгізу үшін жіберді деген жалған қауесет таратады.

 

 Нәтижесінде, Өзбек ханның адамдары құрбан болып, князьдіктегі әскерлер мұсылмандардың басын алады. Бұл жаман хабарды естіген Өзбек хан шындыққа көзі жетісімен, Сарайға Мәскеу князі Иван Калитаны шақырып алдыртады. Оған 50 мың жауынгер қосып беріп, Тверьді бағындыруға аттандырады.

 

Әскердің Тверьге келіп кіргенін естіген Александр князь қорыққанынан Литваға қашады. Өзбек хан осы көмегі үшін Иван Калитаны күллі Русьтің князі етіп тағайындап, Мәскеуге жібереді.

 

Біршама уақыт өткеннен кейін Литва еліне қашқан Александр князь Сарайға келіп, Өзбек ханнан кешірім сұрайды.

 

Бірақ Иван Калита оның опасыздық әрекетін кешірмейді, сөйтіп 1339 жылы Өзбек ханның бүйрығымен Александр князь өлім жазасына кесіледі.

 

1340 жылы Иван Калита князьдікті тастап, монастырьге тақуалық өмір кешу үшін кетеді. Князьдің орнына Өзбек хан оның үлы Симеонды қояды.

 

Өзбек хан түсында ешбір орыс князьдігіне әскери жорық жасалмады. Бірақ Алтын Ордаға бағынбаған князьдіктер Литвамен соғыс жүргізді.

 

Осы уақытта Литва князі Гедимин (1316 - 1341) Полоцк, Туров, Пинск, Витебск және Волыньды бағындырды. 1321 жылы Гедимин Киевті басып алды.

 

Осы кезде Русь князьдері Алтын Ордадан көмек сұрады. Гедимин де өзіне одақтастар іздей бастады, сондықтан ол Ливония, Рига, Дания және Тевтон орденімен ортақ келісімге келді.

 

Гедиминнің баласы Ольгерд (1341 -1377) бұл жорықтарда зор жетістікгерге жетті. Ол Литваны қарауына кіргізу үшін Киевті, Брянск, Ржев, Солтүстік Русьті бағындырды.

 

Алтын Орда тағын шайқалтқан өзара қырқыс. Алтын Орданың ұлы хандарының бірі Өзбек хан 1342 жылы дүние салды, Өлер алдында халыққа ол өзінің үлкен ұлы Тыныбекті орнын басар мұрагер деп жариялайды.

 

Ханның үш ұлының ішінде дараланып шыққан Тыныбек 1343 жылдан бастап мұрагер ретінде мемлекет билігіне жекелей араласып, хан әскерін тікелей басқарды.

 

Өзбек хан сырқаттанып ауыр халде жатқан кезде Тыныбек Сарайда болмады, ол Орта Азиядағы Шағатай ұлысында жүрген еді. Әкесінің өлімін сонда жүріп естіген Тыныбек таққа тезірек отыру үшін асығып жолға шығады.

 

Алтын Орда жауынгерінің томагасы (бет қалқаны)

Алтын Орда жауынгерінің томағасы (бет қалқаны)

 

Тыныбек  елге жеткенше, Өзбек ханның ортаншы ұлы Жәнібек қолтығына су бүріккен әккі де айлалы әмірлердің көмегімен бүлік шығарады. Ағайындылар арасында қызғаныштан қырқыс басталып, Тыныбек көп ұзамай тұтқындалады.

 

Жәнібек оны өлімге қиып, өзі таққа отырады. Көзіне қан толған ол бұдан соң кіші інісін де сылтау тауып өлтіреді. Жәнібектің таққа отыруы салтанатпен өткеннен кейін бұрынғы Орда Еженнің ұлысы, Ақ Ордада дербес ұлыс ретінде тәуелсіздік алу туралы ой қалыптасты.

 

Осылайша бөлініп шығу ниеті Шайбани ұрпақтарында да бой көрсете бастады. Бұл бытыраңқылық үрдіс Алтын Ордадағы Өзбек хан қайтыс болғаннан кейінгі мезгілдегі жаңа саяси дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығын айғақтайды.

 

Дағдарыс 1346 жылы Қытайдан келген қатерлі ауру - обадан кейін мүлдем шиеленісіп, күшейіп кетті.

 

Оба Қытайдан керуен жолдары арқылы Алтын Орданың күллі аумағына және Қырымға да тарап үлгерді. Тіпті Еуропаны да жайлады. Қатерлі обадан Алтын Орданың, Қырымның және Еділ бойының халқы көп қырғынға ұшырап, шаруашылық күйзеліске түсті.

Алтын белбеу. Ақмола облысынан табылган. XIV гасыр. Эрмитажда сақтаулы

Алтын белбеу. Ақмола облысынан табылган. XIV гасыр. Эрмитажда сақтаулы

 

Алтын Орда өз ішіндегі қырқыстан бой көтере алмады, тек Жәнібектің билігінің соңғы жылдары ғана Кавказда Хулагу мемлекетімен соғысты қайта бастап, жоспарын іске асыруға мүмкіндігі жетіп, жағдайы түзеле бастады.

 

1358 жылы Жәнібек хан әскері Дербент арқылы Кур өзенін басып өтіп, Ардабилге жетті. Хулагу мемлекетінің билеушісі Мелик-Ашраф ашық қарсылық көрсете алмады.

 

Алтынордалықтар еш кедергісіз алға жылжып, Сераб, ¥ждан қалаларын алып, жеңіспен мемлекеттің астанасы Тебризге келді. Мелик-Ашраф қолға түсіп, көп кешікпей Тебризде өлтірілді.

 

Алтын Орданың ендігі қол астында қазіргі Әзербайжанның солтүстігі мен оңтүстігі ғана қалды.

 

Әзербайжанда сырқатқа шалдығып ауырған Жәнібек орнына ұлы Бердібекті қалдырып, шұғыл Сарайға оралды.

 

Бердібекпен бірге әмір Сарай-Темір де қалып, өздері жаулап алған Әзербайжанды басқару ісіне белсене араласты. Хан кеткеннен кейін екі айдан соң Тебризге ханның ауыр халде екендігі туралы суыт хабар жетті.

 

Сарайдағы беделді әмірлердің бірі Төлебей Бердібекпен құпия байланыс жасап, оны хан тағына отырғызуға уәде беріп, арнайы шақыртады.

 

Бердібек Әзербайжанды қалдыра тұрып, тездетіп Сарайға жетеді. Бұл уақытта Жәнібек хан ауруынан оңалып жазылады. Сенімді адамдарының бірі оңашада оған Бердібектің келгенін жеткізеді.

 

Бірақ Жәнібек ханның жағдайды зерттеп, анық-қанығына көз жеткізуіне мұрша бермей, оны қапыда қастандық жасап, зұлымдықпен өлтіреді.

 

Ханмен бірге оның тума-жақыны болып келетін 12 ағайынды ханзада да қан қасапқа түсіп, аяусыз құрбанға шалынады.

 

Осылайша, Өзбек ұрпағының ханзадалары түгел жойылып, тұқымы тұздай құриды.

 

Әкесінің түбіне жеткен Бердібек те тақта көп отырған жоқ. Оны бақталастары өлтірді. Осыдан кейін ел басқарған хандардың ауысу кезеңі басталды.

 

Бердібек ханды өлтіргеннен кейін (1359), 1379 жылы Тоқтамыстың билікке келген дәуіріне дейінгі 20 жыл ішінде Сарайда 25 хан ауысты. Бердібектен кейін:

Құлпа

Наурыз

Қыдыр

Темір қожа қолына алады.

 

Қыдыр өзінің ұлы Темір қожаның (Тимур-Ходжа), Ордамәлік, Мамай, Абдуллах, Келдібек, Мірполат, Мұрат, Болат Темір, Болат қожа, Әзиз, Қажы Шеркес (Ходжа-Чер- кес), Хасан, Әліпқахы, Қоғанбек, Араб шах, Махмедбұлақ, Түленбек, Орыс, Тоқтақия, Темір Мәлік, Тоқтамыс билікке келді.

 

Бұл соғыста тек хандар ғана емес, олардың нояндары, әмірлері мен жақтастары да көп қаза болды.  

 

«¥лы дүрбелең»

 

Әкесін өлтірген Бердібекті 1359 жылы өзін-өзі Жәнібектің ұлымын деп жариялаған алаяқ Құлпа өлтіреді.

 

Алтын Орда пайзасы. Батыс Сібір аймагынан табылган. Эрмитажда сақтаулы

Алтын Орда пайзасы. Батыс Сібір аймагынан табылган. Эрмитажда сақтаулы

 

Алты ай басқарған Құлпаның көзін Жәнібектің ұлымын деп жар салған Наурыз жояды.

 

1360 жылы Сарай бектерінің шақыруымен Ақ Ордадан шыққан Сасық Бұқаның ұлы Қыдыр (Жошының ұлы Шайбанидің ұрпағы) қалың қолмен келеді.

 

Наурыз бен Қыдырдың арасында Еділ маңында қатты шайқас болып, Наурыз тұтқынға түседі.

 

Қыдырдың бұйрығымен ол ұлы Темірмен бірге өлім жазасына кесіледі. Қыдырдың таққа келуіне орай, бұрын-соңды әулеті Алтын Орда тағына отырмаған Жошының кіші тармағы Орда Еженнің руынан шыққандар билікті өз қолына алады.

 

Қыдыр өзінің ұлы Темір қожаның қараулығынан қаза болады. Ол алты күн таққа отырып үлгермей, Сарай әмірінің қолынан ажал табады.

 

Билікке Орда Еженнің ұрпақтарының бірі Ордамәлік келеді. Ордамәлікке тақ қызығы бұйырмайды, оны әмір Мамай өлтіріп, таққа Абдул- лахты отырғызады.

 

Мамай Бердібек ханның қызына үйленген болатын. Ол тегі жағынан хан ұрпағынан тарамаса да, ханның күйеу баласы болған соң, оған қисапсыз көп артықшылықтар берілді.

 

Сондықтан ол өзінің таққа отыратын дербес құқығы болмағасын, Абдуллахты Өзбектің баласы деп жұртты алдап билік басына әкелді.

 

Оларға қарсы Батудың кіші інісі Тұқай Темірдің ұрпағы Келдібек сайланып шығады.

 

Бұл кезде Мамай Абдуллахпен бірге Еділдің оң жағалауына кетіп қалады. Келдібек мінезі өте қатал, жан түршігерлік адам болған, ол қанқұмарлықпен көптеген кінәсіз әмірлерді өлтіреді.

 

1367 жылы өзі де әмірлердің қолынан ажал құшады. Таққа Мірполат отырып, үш күннен соң ол да алдыңғылардың кебін киеді. Сарай әмірлері марқұм болып кеткен Қыдырдың інісі Мұратты елге билеуші етіп тағайындайды.

 

Сарайда және сол аймақтағы жақын аудандарда өзара кескілескен соғыстар болып жатты. Мұратқа Абдуллахпен ауыз жаласқан Мамай қарсы шықты.

 

Сарайдағы өзара қырқыстарды пайдаланып, орталықпен байланысты шорт үзген шет аймақтағы иеліктер өз алдына тәуелсіздік алып жеке хандық атанды.

 

Солардың бірі Болат-Темір Бұлғарда отырып, Еділдің шығыс жағасына ел апарып хандық құрғысы келді. Болат-Темір шыққан тегі жағынан хан ұрпағынан емес еді, сондықтан да ол марқұм Жәнібектің атынан Бұлғардың билеушісі ретінде жекелей әрекет ете бастады.

 

Еділдің жағасында да тыныштық орнай қоймады. Әмір Тағай Болат-Темірден қалмас үшін Наровчат шаһарын астана етіп, жекелей хандық құруға кірісті.

 

Орта Еділде екі жеке хандықтың құрылуына байланысты (сол жағасындағы біріншісінің орталығы Бұлғар қаласы, оң жағалауындағы екіншісінің орталығы Наровчат қаласы болған) Орта Еділдің үлкен аумағы Сарайдан бөлініп қалды.

 

Егер Мамай Қырым мен Тан (Дон) аймағына билік жүргізе бастаса, әмір Қажы Шеркес орталығы Қажы Тархан қаласы (Астрахан) болған жеке хандықтың негізін қалады.

 

Қажы Шеркес күшейіп, тіпті Сарай үшін Мамаймен соғысқа дайындала бастады. Осы «дүрбелең» кезеңінде Ақ Орда да Сарайдан іргесін аулақ салып, ұсақ хандықтарға ыдырап кетті.

 

Бірінші болып Хорезм ұлысы дара отау тігіп, Өзбек ханның қызына үйленген әмір Нангудайдың баласы Ақ-Суфия хан болып сайланған жаңа хандық құрылды.

 

Жайық бойындағы Сарайшықта Әлібек-Айбек әмір өзін хан деп жариялады.

 

Шайбани ұлысы да көп күттірместен тәуелсіздік алып үлгерді. Осылайша қаһары жер тітіренткен ұлы мемлекет ұсақ хандықтарға ыдырап, бөлшектеніп кетті.

 

Осындай алмағайып қиын кезенде 1362 жылы Литва князі Ольгерд Днепрдің оң жағалауында көшіп жүрген үш моңғол мырзасына тұтқиылдан шабуыл жасайды. Мамай бұл мырзалар өзіне жақтас болмағандықтан, оған бейтарап қалып танытады. Мамайдан осылайша қолдау тапқан Ольгерд Чернигов, Новгород, Северск, Трубчевск, Путивль қалаларын бағындырып, Киевті де Литваға қосып алады.

 

Мамай мен Абдуллах Мұратты бірігіп жеңе алмай, Қырымға қайтып оралады. Бірақ Мұрат Сарайда билікте көп уақыт отырмайды. 1364 жылы оны Ілияс әмір тақтан тайдырып, түбіне жетеді. Мұраттан кейін аз ғана уақыт Болат қожа хан сайланады, бірақ оның да өмірі ұзаққа бармайды.

 

Бұдан соң Болат қожаның мұрагері Әзиз билікке келеді. Ол Темір қожаның баласы болатын. Әзиз 1367 жылы Мамайдың жақтастарының қысым жасауымен биліктен ығыстырылады да, Сарайға Абдуллах князь келеді.

 

Бірақ Астрахан иелігінің билеушісі Қажы Шеркес Мамайдан басым түсіп, хан атанады. Ал оны Хасан ығыстырып, Сарайдан қуып шығады.

 

Осылайша Сарай хандарының өлімі мен ауысуы біраз жылдар бойы үздіксіз жалғаса берді. Сарай дүрбелеңі Алтын Орданың басқару құрылымын қатты әлсіретті.

 

Кейбір ұлыстар Сарай шенеуніктеріне бағынуды қойды. Жеке шыққан дербес хандықтар Сарайға салық төлемеді. Орыс князьдіктерінің Алтын Ордаға бағынуы тек қағаз жүзінде ғана қалды.

 

Әмірлер князьдіктерден Сарай үшін салық жинауды да доғарды. Ақ Ордада Орда Ежен мен Шайбанидің ұрпақтары әрқайсысы өздерін жеке хан жариялап, Арал теңізінің жағалауын бірінші болып иемдену үшін бір-бірімен соғыс әрекетін бастап кетті.

 

1368 жылы Ақ Орданың тағына Орыс хан отырды. Ол Ақ Орданы біртұтас етіп біріктірмекші болып сұлтандарды, әмірлер мен бектерді құрылтайға шақырды.

 

Кейбір сұлтандар құрылтайға келуді қажет деп санамады, олардың ішінде Маңғышлақ билеушісі Той Қожа оғлан да бар еді. Орыс ханның жарлығы бойынша, Той Қожа ұсталып, өлім жазасына бұйырылды.

 

Сұлтандардың басын қосып, 1375 жылы Орыс хан Ақ Орданы қайта біріктірді. Осы жылы ол Алтын Орданы да біріктіріп, бір мезгілде Ал- тын Орданың ханы да болғысы келді.

 

Сондықтан ол Еділге жорыққа шығып, алдымен Қажы Тархан қаласына шабуыл жасады, бірақ Қажы Шеркес оған лайықты тойтарыс берді.

 

Орыс хан амалсыздан қаланы қоршауын тоқтатып, келген жолымен кері қайтты.

 

Сарайды Әлібек хан билеп тұрған тұста Орыс хан Сарай әл-Жәдидке басып кіргісі келді, бірақ бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. 1376 жылы ақыры көздеген мақсатына жеткен Орыс хан Сарай әл- Жәдидті алып, Еділдің шығысында орналасқан Алтын Орданың барлық ау- дандарын өз қарауына бағындырды.

***

Батыс ұлыста әмір Мамайдың ықпалы күшейе түсті. Сарайдан бой тасалап қашып Қырымға келген ол батыс ұлыстағы ахуалды тұрақтандырды.

 

Ақсүйектер арасында атақ-даңқы тарай қоймаған Абдуллах ханды тақтан тайдырып, Батудың ұрпағынан тараған Мұхаммедбұлақтың моңғолдар арасындағы дәреже-атағын пайдаланып, оны хан етті.

 

1377 жылы жаз мезгіліне қарай Еділдің шығысында орналасқан Алтын Орданың барлық ұлыстары, Қажы Шеркестің ұлысы, Астраханды қоспағанда, Мамайдың тікелей қол астында болды.

 

Нәтижесінде, Алтын Орда Мамай мен Орыс ханның арасында өзара бөліске түсті.

 

Бұл кезде Мамай Алтын Ордадан іс жүзінде сырт қалып, Шыңғыс ұрпақтарының жауына айналған.

 

Маңғышлақ билеушісі Той Қожаның өлімінен кейін оның ұлы Тоқтамыс Ордадан бірнеше рет қашып шығады, бірақ ол кәмелетке жасы толмаған соң, оны әр кез кешіріп кері қайтарып отырады.

 

Бірақ Тоқтамыс кәмелетке жасы толысымен тағы да қашады, бұл жолы Темірге келіп паналайды.

 

Осы уақытга Орыс хан Алтын Орданың ханы сайланған еді. Темір сарайына пана іздеп келген Тоқтамысқа үлкен сый-құрмет көрсетіледі.

 

Темір оған Сауран, Отырар, Сығанақ өлкелерін басқаруға беріп, Сауран шаһарына хан етіп сайлайды.

Тоқтамыс әскерінің Мәскеуді алуы. Миниатюра, ХVІ ғ.

Тоқтамыс әскерінің Мәскеуді алуы. Миниатюра, ХVІ ғ. 

 

Тоқтамыс Сауранда біржола бекіне алмады: мұны естіп-білген Орыс хан оған қарсы өзінің ұлы Құтлығ-Бұға оғланды аттандырады. Саурандағы шайқаста Құтлығ-Бұғаның өзі қаза болса да, бастаған ісінен бас тартпаған Орыс хан жеңіске жетеді.

 

Тоқтамыс Самарқандқа қайтып оралады. 

Темір оны тағы да мұздай қаруланған әскермен Сауранға жібереді. Орыс хан да өзінің үлкен ұлы Тоқтақияны бірнеше сүлтандармен бірге Сауранға аттандырады. 

 

Тоқтақия тағы да қарсыласып, төтеп бере алмай, жеңіліске үшырайды.

 

Осыдан кейін Темірдің ордасына Тоқтамысты үстап беруін сұраған Орыс ханның талабын жеткізбекке арнайы елшілер келеді.

 

Темір оны орындаудан бас тартады. 1377 жылы қыста екі жақта соғыс басталады. Екі үлкен қалың қол Сауран маңында кездеседі.

 

Күтпеген жерден соққан қарлы боран мен қатты аяз соғысты үш ай уақытқа кідіртті.

 

Орыс хан Қара Кесекті қолбасшы етіп тағайындап, әскер қосынынан алыс кетіп қалады. Оның жоқтығын пайдаланған Темір Алтын Орда әскеріне ойда-жоқта жойқын шабуыл бастап, Қара Кесекті амалсыздан қашуға мәжбүр етеді.

 

Саураннан сапардан қайтқан Темір Тоқтамысты таңдап, осы байтақ өлкеге хан етеді. 1377 жылы Орыс хан дүниеден қайтады. Оның ізбасары - Тоқтақияның ұлы мемлекетті тек екі ай ғана басқарады, бұдан соң оның орнын басқа баласы - Темір Мәлік басады.

 

Темір Мәлік Тоқтамыстың көзін құртпақшы болып, Сауранға шұғыл түрде әскер жібереді. Темір Мәліктің әскерінен ес жимастай соққыға ұшыраған Тоқтамыс ебін тауып құтылып кетіп, Темірдің сарайына қайта оралады.

 

Тоқтамысты жеңгеніне масаттанған Темір Мәлік мемлекет ісімен айналысуды біржола қояды. Мұны Темір мен Мамай оңтайлы пайдаланады.

 

Мамай Орыс хан мен оның ұлдарының Тоқтамысқа қарсы соғысқа даярланып жатқанын біліп, бұдан былай Сарайдың қол астында қалғысы келмеді.

 

Венеция мен Генуя көпестері оған ақшалай жәрдем бергені үшін оларға қайырымдылық жасап, Қырымға қоныстануына рұқсат етті. Мамайға бұл кезде аса көп қаржы керек болды.

 

Ол орыс князьдеріне өзіне вассал ретінде бас иіп, ақшалай салық төлеуді шарт етіп қойды. Бұл шарт, яғни, салықгы Сарайға емес, тек оған ғана төлеу деген мағынаны білдірді.

 

Орыс князьдерінің алдында шешімі күрделі екі таңдау тұрды:

Мамайға салық төлеу және Ордамен одақтасудан бас тартқан генуялықгар мен Рим папасын Руське кіргізу немесе

 

Мамай мен оның одақтастарымен қасық қандары қалғанша ақырына дейін соғысып, мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалу.

 

1374 жылы Нижний Новгородта архиепископтың бұйыруы бойынша, Мамайдың осында келген елшілері өлтіріледі.

 

1377 жылы Мамай жіберген Араб шах сұлтан басқарған қалың әскер Руське кіріп, Пьян өзені бойында біріккен суздаль-мәскеу әскерін талқан етіп, Нижний Новгородты басып алып, қаланы тамтығын қалдырмай өртеп жібереді.

 

Бірақ Мамайдың Бегич мырза басқарған дербес әскері 1378 жылы Дмитрий Московскийдің басқарған арнаулы жасағынан ойламаған жерден жеңіліс табады.

 

Мәскеудің ойға алған негізгі бағыты түпкілікті анықталды. Ол өз ұйғаруымен Алтын Орданың ханымен одақтас болып қалды. Мамай үшін бұл жаманат хабар оңайға соқпады.

 

1379 жылы Мамай өзіне бүкіл Солтүстік Кавказды бағындырды, келесі жылы Қажы Шеркес билеген Қажы Тарханды иемденді.

 

Темір Мәліктің Сарайда жоқтығын пайдаланып, Мамай Мәскеуге жорыққа аттануға қызу дайындала бастады. Жорық алдында Мамай Литва князі Ягайломен екеуара бірігіп, Мәскеуге шапқыншылық жасауға уәделеседі.

 

Мамайдың әскері жалдамалылардан құралды, оның құрамында венециандықтар, генуялықтар, осетиндер, черкестер, т.б. бар еді.

 

Жорық алдында Мамай әлдебір себеппен Мұхаммедбұлақты өлтіреді. Моғолдар қанша наразылық білдірсе де, Тұлық-Бекті оның орнына хан етіп қояды.

 

Дмитрий Московский бұл кезде Мамайдың келе жатқанын естіп, соғысқа тас-түйін дайындалады. Екі жақтың да күші тең түсті, ұрыс алаңында 100 - 150 мың жауынгер бір-біріне қарсы тұрды. 1380 жылы қыркүйек айында екі жақтың да әскері Куликово (Күлік) даласында жан берісіп шайқасты.

 

Мамайдың одақтастары аралары алшақ орналасқандықтан, бір-біріне көмекке келе алмады. Орыс әскері әр түрлі діндегі тайпалардан құралған Мамай әскерінің тоз-тозын шығарды.

 

Тек жүйрік атқа мінгендер ғана қашып құтылып кетті.

 

Мамай бұл жеңілісіне пәлендей қайғыра қоймады. Себебі, қаза болғандардың басым көпшілігі жалдамалылар еді.

 

Алтын Орданың уақытша қайта қалпына келуі.

 

1379 жылы Темір Темір Мәлік ордасының жағдайы мәз еместігін біліп, ордасын шабу үшін жорыққа дайындалды. Оның әскерін тәжірибелі әмірлер ¥рлұқ Темір, Шияс әд-Дин Тархан, т.б. басқарды.

 

Сығанақтың оңтүстігіндегі Қараталда сейіл құрып жүрген Темір Мәлік жау тұзағына түсті, көптеген әмірлер хандарынан бөлініп өз алдына кетті.

 

Бұдан кейін қуат-күші әлсіреген Темір Мәлікке Қарабақ өзені жанында Тоқтамыс шабуыл жасады.

 

Шайқастардан титықтап, әлі құрыған Темір Мәлік өзінің бас әмірі - Едігенің әкесі - Балтышпен бірге тұтқынға алынды.

 

Темір Мәлік жау ретінде өлтірілді. Балтышқа Тоқтамыс жағына өту ұсынылды, бірақ ол қайсарлық танытып өз ханын сатқан жоқ, сөйтіп өлім жазасына кесілді.

 

Әмірдің қазасы Тоқтамыс пен Едігенің арасында кек отын тұтандырды. 1379 және 1380 жылғы қыс айларында Ақ Ордада болған Тоқтамыс 1380 жылдың көктемінде Сарайға бет түзеді.

 

Бастапқыда Тоқтамыс өзінің билеушісіне сенімді болып көрінді. ¥рлұқ-Темір және Ақ-Бұғы әмірлер бақилық болғаннан кейінгі кезеңде Тоқтамыстың жанына жаңа адамдар жиналды, осылайша оның жүргізген саясатында түбегейлі өзгерістер жүріп жатты.

 

Тоқтамыс Алтын Орданы қайтадан күшейтуді қолына алады. 1382 жылы Алтын Орда қол астынан шығып кеткісі келген орыс жеріне жорық жасады.

 

1382 жылы Мәскеу мен басқа да көптеген қалаларды басып алып, талқандады. 1384 - 85 жылдары Тоқтамыстың өз билеушісі Темірге деген пиғылы мен көзқарасы біртіндеп өзгере бастады.

 

Темір Иранды жан-жағынан жаулай бастап, шапқыншылығын үдете берді. Оның 1380 жылы Иранға жасаған бірінші жорығы Шығыс Иранның стратегиялық жағынан маңызды саналатын аймақтарын иемденумен аяқталды.

 

1385 жылы Темірдің әскері Исфаһан мен Әзербайжанға аттанды. Олар Дербент арқылы Әзербайжанға жетіп, Тебризді қоршады. Қаланы өз қолына алғаннан кейін 1385 жылдың басында әскер Мерагуге қарсы жылжып, оны да өзіне қаратты, одан әрі Тебриз арқылы Маранда және Нахичеваньды аяусыз шапты.

 

Жорықты сәтті аяқтап, олар Қарабақга бас қосты, содан соң Алтын Ордаға қайтты. 1386 жылы Тоқтамыс Қарабақта Темірдің әскері қыстап жатқанын білмегендіктен, Әзербайжанға қайтадан аттанғысы келді.

 

Нәтижесінде, оның әскері Самур өзеніне дейін барды. Тоқтамыс Темірдің жіберген барлаушы әскерімен қақгығысқа түскеннен кейін солтүстікке қарай шегініп кетеді.

 

1386 жылдың қарашасында Темір Грузияны да басып алады. Ол Кавказдағы жағдайын нығайтып, күш-қуатын еселеп жатқан кезде Тоқтамыс Темірдің ежелгі жауы - Моғолстанның әмірі Қамар әд- Динмен өзара одақ қүрып, оның Орта Азиядағы иеліктеріне тікелей қауіп төндіреді.

 

Тоқтамыс Қамар әд-Динге қолдау көрсету үшін әмір Ақ Қажы оғланды қарауына сансыз әскер беріп, Орта Азияға аттандырады.

 

Ақ Қажы мен Қамар әд-Дин Шығыс Түркістан арқылы Мәуереннахрға, ал Хорезмнен шыққан Махмүд сұлтанның басқаруындағы Тоқтамыстың тағы бір жасағы Темірдің иелігіне кенеттен басып кіреді.

 

1387 жылы күзде Тоқтамыстың әмір Бек-Жарлық оғлан, Илымыш оғлан, Исабек және Сатық баһадүр басқарған қалың қолы Сауран қаласын айналдыра қоршауға алды.

 

Олар қаланы қоршағанымен, шаһарға кіре алмай, Сауранның маңындағы елді мекендерді қиратумен тынды.

 

Тоқтамыстың әскери бөлімдерінің бірі Бұхараны алды. Бұл жайсыз оқиға Темірдің де құлағына шалынып үлгерді.

 

Олар дереу соғыс қимылдарын тоқтатып, Самарқанд қаласына бағыт түзеп жолға шықты. Тоқтамыс қаншалықты күш жинағанымен, Ходжентке барар жолда Темір қуып жетіп, оны амалсыздан соғысуға мәжбүр етті.

 

Осылайша оның тас-талқанын шығарды. Ханның саясаты ел шонжарлары арасында қатты наразылық туғызды.

 

Орыс хан ұрпақтары - Кунче оғлан (Орыс ханның ұлы) және Темір- Құтлұғ (Темір Мәліктің ұлы) Тоқтамыс ханды тақтан түсіру үшін бүлік ұйымдастырды.

 

Алайда көтеріліс бола қоймады, сұлтандар енді Темір ордасына қайтты. Бұл бүлікті ұйымдастыруда Темір-Құтлұғтың туысы және онымен бірге Темірге пана іздеп барған Едіге де маңызды рөл атқарды.

 

Тоқтамыстың Мәуереннахрдағы салған ойранына тиісті жауап ретінде Темір 1387 жылы Хорезмге арнайы жорық ұйымдастырды. Темір әскері жолда ешбір кедергі-бөгетке ұшырамастан, 1388 жылдың көктемінде Хорезм ұлысына келіп кірді.

 

Тұтқынға алынған малшыдан жауап ала отырып, Темір Хорезмдегі Тоқтамыстың ел билеушілері - Илымыш оғлан мен Сүлеймен сопының Хорезмнен шығып, Тоқтамыстың артынан кеткенін естиді.

 

Темір Кушкент пен Кирге дейін кідірместен Тоқтамыстың ізіне түседі. Үргеніш қаласы дұшпанға соғыссыз беріледі.

 

Хорезмді жауларының талқандағанына қатты ызаланған Тоқтамыс Орта Азияға баса-көктеп кіреді.

 

1388 жылы күзде Тоқтамыстың әскері Сырдария өзенінен аттарын жалдатып өтіп, Иасы мен оның маңындағы аудандарды өз уысында ұстады.

 

Тоқтамысқа тойтарыс  беруге шамасы келмесе де, Темір қаланы қалай да қорғауға тырысты. Бірақ сол мезгілде айбынды көрінген Тоқтамыстың әскері жауған қар мен аяздан кібіртіктеп, қарқынды соғыс қимылдарын жасай алмады.

 

Темір ойға алған алғашқы бағытын өзгертіп, дұшпанына күтпеген жерден тойтарыс беру керек деп шешті. Шайқас кезінде олар Тоқтамыстың қолбасшысы - Айды-Бердібақшыны тұтқынға алды.

 

Ал Тоқтамыс әскерінің негізгі бөлігі артқа шегініп, Сырдарияның басқа жағалауына ығыстырылды.

 

Темір бүкіл әскерін бір орталыққа жинап шешуші соғысқа тыңғылықты дайындалды.

 

1389 жылы ақпан айында Темірдің қалың қолының алдыңғы шебі Сырдария өзенінің арғы жағына шығып, Тоқтамысқа тосын шабуыл жасап, оны Сарыөзен сағасындағы Белак өңіріне дейін қуып тастады.

 

Бірақ сол шақта Хорасан мен Моғолстандағы бұрқ ете түскен көтеріліске байланысты Темір жорығын тоқтатты. Осылайша, 1388 - 1389 жылдар ішіндегі оқиғалар бойынша Тоқтамыс жеңіліс тапты.

 

Ол 1389 жылы Темір басып алған Хорезмді өзіне қайтарып ала алмады. Моңғол ақсүйектерінің ішінен айлакерлігімен аты шыққан, кезінде Орыс ханды тастап, Тоқтамысты паналап барған Едіге енді оның ащы жеңілісінің хабарын естіп, Темірге жүгінеді.

 

Оның көздеген мақсаты - Темірді Алтын Ордаға қарсы қою болатын. Бірақ Темірге, шын мәнінде алғанда, Едігенің әрекеті емес, Тоқтамыстың қайта-қайта өктемдікпен шабуыл жасауы ызасына тиді.

 

Алтын Ордаға қарсы жорық 1391 жылы қаңтардың аязында басталды. Тоқтамысқа бұл суыт хабар тез жетіп, ол жедел түрде Темірге елшілерін аттандырды. Тоқтамыс жіберген елшілері арқылы Темірден өзіне кешірім беруін өтінді.

 

Темір оған

«Егер Тоқтамыс ақылға келіп кешірімді шын пейілмен сұраса, қойған талаптарымызды орындау үшін бізге Әлібекті жіберсін» деген жауап қайтарды.

 

1391 жылы 21 ақпанда Темір шұғыл құрылтай шақырып, Тоқтамысқа сенбегендіктен, Алтын Ордаға ымырасыз соғыс ашпаққа шешім қабылдады.

 

Алтын Ордаға аттанар жорыққа ол Иасы, Сауран, Карачук шаһарларын және Сарысу өзені арқылы өтетін жолды таңдады.

 

Темірдің бұл тосын жорығы Тоқтамыс үшін күтпеген жағдай болды. Ол туралы Сарай қаласына хабар 6 сәуірде ғана келіп жетті.

 

Тоқтамыс өзінің құрған жоспары бойынша қарсыласына Жайық өзенінен өтер өткелде соққы бергісі келген.

 

Темір оның бұл ойын түсініп, Жайықтың жоғарғы жағын өрлеп өтеді. Тоқтамыстың әскерінің алдыңғы шебі амалсыздан кері қайтып, соңында қалып қойған жасағы Темірдің әскерінің тұтқынына түседі.

 

1391 жылы 18 маусымда екі жақтың әскері де ұрысты таңертеңгі мезгілде бастап, бір-бірімен аяусыз шайқасады. Тоқтамыс бұл жолы Еділге қарай тықсырылған әскерінің көбісінен айырылады.

 

Темір қолбасшыларына Тоқтамыстың бой тасалап қашып кеткен адамдарын түгел ұстауға жарлық береді.

 

Темір өзімен талай күн бірге жорықта болған Кунче оғлан, Темір Құтлық оғлан және Едігеге өздерінің ұлыстарына оралып, көп аялдамастан әскерімен бірге осында қайта жиналу жөнінде шарт қояды.

 

Едіге Жайықтың жағасына өз тайпасына келіп, жұрттың басын қосып, өзін маңғыттардың бегі деп паш етті.

 

Кейін осының негізінде Ноғай ордасы құрылды. Жорыққа қатысқан тағы бір сұлтан Бекболат Донның жоғарғы ағысында орналасқан ұлысына оралды, оны елі хан етіп сайлады.

 

Темірге қайта оралған қолбасшы тек Кунче ғана болды.

 

Жеңілістен кейін Тоқтамыс дәрменсіз жағдайда қалды.

 

1391 жылдың күзіне дейін Тоқтамыстың қайда жүргенін ешкім білген жоқ.

Бұл сәтті оңтайлы пайдаланып, Бекболат осы кезде Сарайда өзін хан жариялады.

 

Тоқтамыс аман қалған әскерімен қайтадан күш жинап, 1392 жылы Бекболатпен шайқасқа түсіп, оған ажал құштырып, Сарайды өзіне қайтарады.

 

1393 жылға қарай Ақ Орданың кейбір аудандарын Тоқтамыс қайтадан өзіне қаратып алады. Ол уақытты босқа өткізбей, Темірге қарсы өзіне одақтас іздей бастайды.

 

Ол Литва князі Ягайлоға, Египет сұлтаны Эззахарға, түрік сұлтаны Баязидке астыртын елшілер жібереді, бірақ олардан әскери көмек болмайды.

 

1394 жылы Тоқтамыс Дербент арқылы еңіске түсіп, Ширванға шабуыл жасайды. Бұл кезде Әзербайжан қаласы - Шекида болатын.

 

Темір Тоқтамыспен қайта соғысуға зауқы соқпай, оған үзілді-кесілді талап қойған хат жолдайды. Тоқтамыс та қарап қалмай, оған өз жаушысын аттандырып, соғыс ашатындығын мәлім етеді.

 

 Темір бұған қатты ызаланып, әскеріне ұрысты бастауға бұйрық береді. Бірақ Тоқтамыс қайтадан өз сөзінен айнып кетіп, бейбіт келісімге қол жеткізу үшін Уртак атты елшісін жібереді.

 

Бірақ бұл елшілік зая кетеді. Темір өзінің таңдаулы әскерін жұмылдыра отырып, Тоқтамыстың әскерін Тарка бекінісінен ары қарай асырып қуып тастайды.

 

Қарсыласының ізіне өкшелей түсіп Темір Терек өзенінен өтеді. 1395 жылы 14 сәуірде екі жақтың да әскері ашық шайқас алаңына шығады. Тоқтамыстың әскерін Бек-Жарлық оғлан, Ақтау Дәуіт-Сопы және Утургу, Исабек, Бакши Қажы әмірлер оңтайлы басқарып, Темірдің әскеріне тұс-тұстан соққы береді.

 

Бірақ бұл жанкешті әрекет жағдайды жеңілдете қойған жоқ. 16 сәуірде әмірлер дүрдараздықпен өзара қырылысып, ынтымағы ыдырай бастайды.

 

Темір ұлы мақсат жолында тек бұл шайқаспен ғана шектеліп қалмады. Ол одан әрі шабуылын өрістете түсіп, осы аймаққа жаңа жорықтар жасады.

 

Темір енді Еділ және Дон өзендеріне қарай бағыт түзеді.

Сарайға дейінгі қалалардың бәрі де тізе бүкті.

 

Темірдің жарлығы бойынша Сарай шаһарында Орыс ханның баласы Құйыршық оғлан салтанатты түрде Алтын Орданың ханы болып жарияланды.

 

Тоқтамыстың жүрген ізінен жаңылған Темір Еділден батысқа қарай бұрылды. Ақ Орданың шығыс бөлігі оған оңай берілді.

 

Тоқтамыс амалсыздан Камаға ығысып, бас сауғалады. Бірақ Дон мен Днепрдің аралығындағы Ақ Орданың оң қанаты Темірге бас имеді.

 

Тоқтамыстың оң қанатының әмірлері өздеріне жаңа хан етіп Жошының баласы, Тұқай Темірдің ұрпағы, Жанақтың баласы - Тас Темір оғланды сайлады.

 

Алтын Ордада жаңа ханның осылайша пайда болуы Темірдің құрған жоспарын бұзды. Сондықтан да ол асығыс түрде Алтын Ордаға аттанды.

 

Орданың  оңтүстік-батыс ұлыстарына мезгіл-мезгіл шабуылдар жасап, оларды күйзелтті.

 

Қырымда Тоқтамыстың жақтасы Бек Қажының ұлысы тонау мен талан-таражға ұшырады, Қырым қалаларын талқандаған Темір Кондурчи мен Терек маңында өзінің әскеріне қарсы тұрған Бек-Ярлықтың ұлысына қауіп төндірді.

 

Одан әрі ол Орыс жерлеріне көз тікті. Темірдің әскері Дон өзенін бойлай жоғары өрлеп, Елец қаласын алып, оны өртеп жібереді. Елецте 25 күндей болып, 1395 жылы 26 тамызда Темір кері қайтады.

 

Темірдің Алтын Ордаға екінші жорығы оның мемлекеттілігінің іргесін қатты шайқалтты, ол қайтадан бұрынғы аумағының тұтастығын сақтап, өзінің қалыптасқан қалпына келе алмады.

 

Едіге әмір.

 

Алтын Орданың бұдан кейінгі жағдайын жақсарту мүмкін болмады. Айтулы қолбасшылар өз елін жан-тәнімен қорғап, қиян-кескі шайқастарда қаза тапты.

 

1396 жылы Темір тарих сахнасынан кеткеннен кейін Алтын Орданың орнына Жошы ұлысын өзара бөлшектеген бірнеше хандықтар пайда болды.

 

Еділдің сол жағалауындағы Сарай шаһары маңында кезінде Темірдің өзі хан етіп жариялаған Құйыршық ханның ұлысы қоныс тепті.

 

Еділдің төменгі ағысында - Темір- Құтлық, Жайықта Едіге, Қырымда - Таш-Темір билік құрды. Тоқтамыс өзінің көптеген жақтастарын жинап, Қырымға бағыт алған әскери жорыққа шығады.

 

1396 жылы Тоқтамыс әуелі Кафты, содан кейін Қырым түбегін бағындырады. Осылайша, 1396 жылы бір-біріне тәуелсіз, өзара дұшпандық ниеттегі төрт орда дүниеге келеді.

 

1396 жылы Темір-Құтлық Қырымда Тоқтамыстың жолын бөгейді. Темір-Құтлық дұпшанын әлсірету үшін Қырымның ақсүйектеріне әр түрлі жеңілдіктер бөліп беріп, өз жағына тарта білді.

 

Қырым ақсүйектерінің қолдауынан айырылған Тоқтамыс масқара жеңіліске ұшырап, Киевке Литва князі Витовтқа қашып барады.

 

Витовт Тоқтамысқа барынша көмектесіп, 1397 жылы жазға салым Қырымға жорыққа шығып, Темір-Құтлықтың әскерін біріккен күшпен ойсырата жеңеді.

 

1397 жылы Темірге Темір-Құтлықтың, Едігенің және Жетісудан Қызық Қожа оғланның арнайы елшілері келеді.

 

Олар өздерінің билеушілерінің атынан өздерінің бодандығын қабылдауын, яғни қорғаны-одақтасы болуын өтінеді.

 

Осылайша қуат-күшке ие болған Темір-Құтлық Жошы ұлысының ханы болып жарияланады.

 

1398 жылы қыста Темір-Құтлық Тоқтамысқа майдан ашадьі, сөйтіп оны жеңіп, тағы да Киевке қашуға мәжбүр етеді.

 

Бұл уақытта Витовт бүкіл Шығыс Еуропаның басын біріктірмекші болып, 1395 жылы Смоленскіні, сосын Рязаньды алады.

 

Бірақ толассыз бұл соғыстар орыстардың Литваға қарсы тұруына әкеп соқтырды. Мәскеу князьдіктерінің Алтын Ордадан басқа күшті одақтасы болмады.

 

Сол себепті олар Тоқтамыспен одағын сақтап, байланысын үзбеген еді. Осының әсерінен Тоқтамыс қиын жағдайда қалды. Ол Литвамен одақ құру арқылы Орданың Орыс князьдіктерімен бірлігін бұзды.

 

Темір-Құтлық Витовттан Тоқтамысты ұстап беруін талап етті. Витовт бұл талаптан бас тартып, оған қарсы Ворскол жағасына әскер аттандырды.

 

Темір-Құтлық тағы да келіссөз жүргізбекке әрекет жасады. Өзін Литва мен Русьтің ұлы князі есептеген Витовт қуат-күшіне барынша сеніп, Темір-Құтлықтың құрған қармағына оңай түсті, келіссөздерге көп уақыт жұмсап, мүмкіндігін жіберіп алды.

 

Осы уақытта Едіге әскерімен келіп үлгереді. 1399 жылы 12 тамызда қатты шайқас басталады. Витовт қарсыласының тегеурініне шыдас бере алмай, жеңіліс табады.

 

Оның ойға алған барлық жоспарын Темір-Құтлық бұзады. Бұл шайқаста Мәскеу де жеңіске жетеді. Витовт пен Тоқтамыстың біріккен одағын осылайша жеңген Темір-Құтлық Алтын Ордада мықтап орнығады, бірақ ол 1399 жылы қайтыс болады.

 

Саяси сахнаға енді Едіге шығады. Темір-Құтлыққа берген көмегі арқасында Едіге оның бас әмір-беклербегі болып тағайындалады. Хан әулетінен тарайтын ұрпақ саналмағандықтан, Едіге де, оның мұрагері Мамай да хан титулын ала алмады.

 

Сондықтан да ол Жошы ұрпағын хан тағына отырғызуға мәжбүр болып, өздеріне ыңғайлы қуыршақ хан арқылы елді басқарып отырды.

Едіге қуыршақ ханның билігімен халықты басқара отырып, Маңғыт ұлысын Алтын Орданың құрамындағы ірі мемлекеттік қуатты бірлестік етті.

 

Темір-Құтлық дүние салғаннан кейін Едіге қуыршақ хан етіп Темір-Құтлықтың жас інісі Шәдібекті тағайындады. Шәдібектің тұсында соңғы рет Алтын Орданың тарихында Жошы ұлысының бұрынғы барлық ұлысы бір орталыққа бірікті.

 

Оның шығарған ақша монеталары Каф, Азак, Қажы Тархан, Дербент, Хорезм шаһарларында соғылды. Шәдібек хан Алтын Орданың бұрынғы дәстүрлерін қайта қалпына келтіріп, Мәскеу князьдігімен достық одақ кұрды.

 

Темір державасының ыдырап, құлағанын естіген Тоқтамыс Сарайды басып алмақшы болады, бірақ Едігенің әскері оны Тобылдың төменгі ағысына дейін ығыстырып, сол жерде қолға түсіріп, 1406 жылы өлім жазасына бұйырады.

 

Тоқтамыстың көзін жойған Едіге Сібірден Хорезм иелігіне қарай алға жылжиды. Оны Темір тағайындаған ел билеуші Мусик басқаратын. Едіге елді оңай жаулап алып, билік басына өз адамын қойды.

 

Едіге Хорезмде соғысып жүргенде, Алтын Орданы Шәдібекке қарсы көтеріліс жалыны шарпыды. Оны Тоқтамыстың баласы Жәлел әд-Дин ұйымдастырған еді.

 

Шәдібек бұл жағдайда өзін парасатты билеуші әрі дана қолбасшы ретінде көрсетті. Ол қайтыс болғанда орнына Темір-Құтлықтың ұлы Полат таққа отырды.

 

1408 жылы ол Литва князінен Тоқтамыстың ұрпақтарын ұстап беруді сұрады. Тиісті жауап ала алмаған Едіге 1408 жылы ашу-ызамен орыс князьдіктеріне шабуыл жасады.

 

Едіге Коломна, Переяславль, Юрьев, Ростов, Дмитров, Серпухов, Нижний Новгород және т.б. қалаларды алды. Осы кезде Сарайға Жәлел әд-Дин шабуыл жасап жатыр деген жаманат хабар жетеді.

 

Едіге әскерін бастап Ордаға қарай асықты. Жәлел әд-Дин Едігенің жақындап қалғанын естіп, Литваға - Витовт князьге барып паналайды. Сол жылы Жәлел әд-Дин мен Полаттың арасында қырғын шайқас басталып, ұрыста Полат қаза табады.

 

Сарайда шонжарлар мен ұлықтар Темір-Құтлықтың баласы Темірді хан етіп сайлайды. Ол Жәлел әд-Динге қарсы жорыққа аттанады. Жәлел әд- Дин 1411 жылы күші басым жаудан жеңіліс тауып, тағы да Литваға кетіп, бой тасалап жүреді.

 

Темір қай уақытта да өзін тәжірибелі саясаткер ретінде көрсетті. Едіге өзінің бас әмірі болған кезде ол үнемі сақ жүру керек екендігін түсінді.

 

Сондықтан ол екеуінің арасында келіспеушілік жағдайлар орын алды. Едіге маңғыт ұлысына - өзінің жақтастарына барып көмек сұрады.

Оны Темір хан Аджан-Баһадүр және Безнай әмірлерімен қоса талқандап, Үргенішке тықсырды.

 

1411 жылы сәуір айында Темір хан Үргенішті алты ай қоршауда ұстады. Темір хан Едігемен ұрыс салып жүрген шақта Тоқтамыстың ұлдары Темір ханның ордасын басып алып еді.

 

Жәлел әд-Диннің билігі Еділдің барлық аумағында үстемдік құрды. Темір хан Үргенішті тастап, Жәлел әд-Динмен жан берісіп соғысқанымен, шайқас кезінде қаһармандықпен қаза табады.

 

Жәлел әд-Дин жеңіске жетіп, өзін Алтын Орданың ханы жариялайды. Жәлел әд-Дин елді аз ғана уақыт басқарды.

 

1412 жылы өзінің бауыры Керім-Бердінің қолынан ажал құшты. Керім-Берді осылайша өзіне жол ашып, хан тағына отырды. Бірақ ол да ұлысты көп уақыт басқара алмады, оны інісі Кепек өлтірді, ал Кепектің түбіне Шыңғыс оғлан жетті.

 

1416 жылы Ерім-Берді Шыңғыс оғлан ханды қазаға ұшыратты. Тоқтамыстың балалары бірін-бірі хан тағы үшін аяусыз өлтіріп жүргенде, Едіге әскер жинап, 1417 жылы Сарайға тұтқиылдан шабуыл жасады.

 

Ерім-Берді Қырымға қарай қашты. Едігенің әскері Ерім-Бердіні өкшелей қуып, Танға шабуыл жасап, қаланы өртке орады.

 

Ерім-Берді Литваға пана іздеп барды. Едіге Алтын Ордадан Тоқтамыстың балаларын бездіріп жіберді. 1419 жылы Тоқтамыстың ұлы Қадыр-Берді Витовттың көмегімен Қырымға келіп, хан болып жарияланды. 1420 жылы мол әскер жинап, ол Сарайға - Едігеге қарсы шықты.

 

Шайқас Жайықтың бойында өтті. Қадыр-Берді шайқаста жан берді. Едіге ауыр жараланып, жан сауғалады. Ол майдан алаңынан сытылып шығып, соғыс барысын барлап қайтуға өз адамын жібереді.

 

Ол қапыда Қадыр-Бердінің әмірлерінің қолына түсіп, Едігенің тығылып жатқан жерін айтып береді. Қадыр-Бердінің әскері Едігені қолға түсіріп, ауыр жазаға бұйырады.

 

Осылайша 63 жасында Едіге дүниеден озады. Тоқтамыстың кенже ұлы Қадыр-Берді қайтыс болған соң және Едігенің өлімінен кейін жоғары билік үшін ақсүйектер арасында жанталасқан күрес басталады.

 

Нәтижесінде, Алтын Орданың әр аймағында бірнеше хандық ұлыс пайда болды. Алтын Орданың құлауы. Темірдің әскері талан-таражға ұшыратқан, хан тағына таласқан өзара қырқыстардан қалжыраған дала ұлыстары елсіз қалып, қаңыраған өлкеге айналды.

 

Үздіксіз жүргізілген соғыстар Алтын Орданы халықтың өсімі тұрғысынан құлдыратып жіберді.

 

Алтын Орда қуатты мемлекеттен үлкен аумақты алып жатқан аз халқы бар елге айналды.

 

Мемлекеттің қүлдырауының тағы бір себебі - Өзбек ханның билігінің соңғы ширегінде маңызды саналған бүкіл халықтық билік институты - Қүрылтайдың жойылуы еді.

 

Бұл өзгеріс тәртіптің және ұлттық дәстүр мен Жасақ заңының әлсіреуіне алып келді. Бірақ осындай қиын кезеңде хан ұрпақтары мен ақсүйектер мемлекетті құтқару үшін шешім қабылдайтын құрылтай шақыруды қажет деп таппады.

 

Ұлық Мұхаммед 1419 жылы Алтын Ордадағы билікті басып алады. Бірақ оның дұшпандары Саид Ахмет, Кішік Мұхаммед, Барақ хан маңына топтасқан ақсүйектер қарсылығының салдарынан оның билігі ұзаққа бармайды.

 

1423 жылы Ақ Ордада билік Барақтың қолына көшіп, Ұлық Мұхаммедтің билігі уақытша Еділ бойымен шектеледі.

 

Тіпті Сарай да Ақ Орда ханының қолында қалады. Еділ Алтын Орданы екіге бөлді. Еділдің батысында - Ұлық Мұхаммед, шығысында Шайбани мен Орда Еженнің ұрпағы билік етті. 1427 жылы Барақ хан қаза болғаннан кейін, Ұлық Мұхаммед Алтын Орданың көп бөлігін өзіне қаратты.

 

1433 жылы Кішік Мұхаммед Сарай қаласын басып алып, Ұлық Мұхаммедтің кейбір жақтастары оны қолдай бастады.

 

Ұлық Мұхаммед мұндай күшейген қарсыласына төтеп бере алмасын біліп, Еділдің жоғарғы жағындағы бұлғар жеріне кетеді де, сол жақга Қазан хандығын құрады.

 

Кішік Мұхаммед хан Алтын Орда билеуші топтары арасындағы талас-тартыстарды тоқтатуға, мемлекеттің одан әрі күйреуіне жол бермеуге күш салды. Алтын Орданың ықпалын өсіру үшін 1460 жылы ұлы Ахмедті көп әскермен орыс жерлеріне аттандырады.

 

Бірақ бұл жорық орыстар тарапынан тегеурінді қарсылыққа тап болады. 1461 жылы Кішік Мұхаммед ханға Қырым ханы Қажы Керей жорыққа шықты.

 

Кішік Мұхаммед хан қайтыс болған соң, 1459 жылы оның ұлы Махмұд хан тағына отырған. Ол Қырым татарларынан жеңіліс тапқаннан кейін, оның інісі - Ахмед өзін 1465 жылы хан жариялайды.

 

1480 жылы Ахмед хан ноғайлардың қолынан қаза тауып, оның орнына билікке баласы Шейх Ахмед келеді. 1502 жылы Қырым ханы Меңлі Герей Шейх Ахмед ханның әскерін талқандап, Сарай қаласын басып алады.

 

Соңғы билеуші Шейх Ахмед ханның өлімінен соң Алтын Орда мемлекеті біржолата жойылды.

 

Алтын Орда жерінде

Қырым (1428 - 1792)

Қазан (1437 - 1556)

Қасым (1445 - 1681)

Астрахан (1466 - 1557)

Сібір (1563 - 1656)

Башқұрт (1656 - 1738) хандықтары сияқты мемлекеттер пайда болды.  

No comments

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар

 


 

Жеке даму бағыты


Іздеу

Шипажайлар

Пікірлер

Байланыс