Бар тіршілік сызықтан шыға алмайды
Бастапқы кодын жазып ала алмайды
Әу баста матрицада қалай болса
Онан асып ешқайда бара алмайды
***
Адамға келер болсақ жөні басқа
Санасы тым ерекше жолы қасқа,
Жоғарыға ұмтылса құдай болар
Құлдиласа лас болар доңыздан да...
***
Адамнан басқалардың не шамасы?
Үйлесімге толы ғой айналасы,
Тіршілігін бұзбастан сүре берер
Үйлесімге құрылған ой санасы
***
Адам болса қолымен жаратады
Жақсылықты бәріне таратады
Жолын таппай адасып қалсе егер...
Бүтінді де бүлдіріп сындырады
***
Құдайлықтың бірінші деңгейінде
Адамзаттың болады ол бәрінде,
Аталық пен аналық ұрық қосып
Жаратады өзіндей өз тегінен
***
Адамзаттың дамуын ойланады
Табиғатпен үйлес деп толғанады,
Өмірдің диірмен тасы ауыр болса
Бабалар шөбереден туылады...
***
Даналықтың мұхиты терең екен
Оны қайбір адамзат сезеді екен?
Жер жүзі тірлігінің мақсаты да
Сол мұхитта шектеусіз жүзу екен
***
Даналық мұхитына түссең егер
Досың болған түпсанаң саған ерер,
Жебеп келген әруағың қасыңа кеп
Шексіз сана - Тәңірі бата берер
***
Батаны алсаң Құдайға айналасың,
Жоқтан бар қып галактика жаратасың
Шексіз білім құдыретін пайдаланып
Жаратушы деген әзіз ат аласың
***
Адамның бар мақсаты құдай болу
Данышпандық мұхитын терең шолу,
Шексіз сана - Тәңіріден бата алып
Өмірдің иірімін толықтыру
***
Шексіз сана сүйеді тіршілікті
Бұл өмірде мен оған көзім жетті,
Ұрпақ үшін жан берер ата-ана
Көзсіз сезім балаға - инстинкті
***
Адамзаты дамитын адымды зат
Дәрежесін көтерер ол сатылап,
Бұл дүниеге келгенде мақсаты да
Шығырын тіршіліктің тарту болмақ
***
Сол арқылы данышпан, дана болмақ
Даналықтан ұшқындап, дара болмақ,
Тәңірі жар боп, батасын берсе егер
Галактика жаратар құдай болмақ