Alphabet's Google компаниясының табыс көзінің негізгі бөлігі - контекстті жарнама.
Жарнама беруші компаниялар мен контент иелерінің арасында делдалдық жасау. Контент жасаушының ресурсына орнатылған жарнамалардан бастап, жарнама берушіден клик басы 1 АҚШ долларын алатын болса, соның 50 центі Google-ға, қалғаны контент иесіне.
Youtube бейнехостингі мен Google почта... секілді ресурстардың барлығы контекстті жарнаманың негізінде табыс тауып отыр.
Смартфон немесе ноутбук шығарушы секілді компаниялар тұтынушыға интернеттен іздеу қызметін ұсынған кезде, алдымен Google контент іздегішін орнатып беретіні өтірік емес.
Бастапқы іздеу операторы болып Google орнатылғаннан соң, оның табатын табысы да жоғары болатыны анық.
Ал бұл жағдай Еуропа мен АҚШ реттеу органдарына ұнай қоймайтыны анық.
АҚШ алпауыттарын тұтынушыға қарай қадам басуына себеп боп отырған осы АҚШ пен Еуроодақтың реттеуші органдары дей аламыз. iPhone -ның type-c қосқыштарына ауысуы да осы реттеуші органдардың еңбегі.
Statcounter порталының іздеу нарығындағы трафик ауқымын есептеуі бойынша АҚШ іздеу трафигінің 90% Google ұстап отырғандығы анық боп отыр.
Осыған орай АҚШ аумақтық соты Амит Мехта Google компаниясы нарықта монополистік жағдайға ие деген шешім жасады.
Осының негізінде компанияға шектеу шаралары қарастырылатын болады.
Осыған орай АҚШ Әділет Департаменті (DOJ) Google Chrome шолғашын сатуы керек деген талап қойып отыр.
АҚШ Әділет Департаментінің (DOJ) шарттарына көнгісі келмеген Google әріптес компанияларға (құрылғыдағы браузерлерге бастапқы іздеуші етіп Google орнататындарға) өз табысынан бөліп беру әрі тұтынушағы әр 12 ай сайын іздеуші операторын өзгерту туралы ұсыныс жасау секілді байламын айтып отыр.
Не де болса, Google -дің монополиялық жағдайы АҚШ үкіметіне ұнап отырған жоқ.