АрқамандықЕрқайысТоқшылық
🏡 Құдайсыз қазақ болмас

Қай қазақ болсын құдайсызбын демейді

***

Құдайға алғыс айтам деу, құдайды паралап алам деу

***

Құдай бізден шүкір күтеді деу, құдайдың да адам секілді мақтаусүйер деген сөз

***

Құдай жоқ дегендерді құдай қорлайды деу - құдай кекшіл, қастасқанын аямайтын залым деген сөз

***

Құдайға шүкір етсең, құдай молайтып береді деу, даңғаза құдайды мақтап-мақтап асын ішіп кетем деген бишара ой

***

Құдайсыз қурай сынбас десең, құдайдың өзіңде тұрғанын мойында

***

Аспандағы құдайға тыныштық бер, мазалама...

***

Барлық нәрсе адамның өз қолында Егер адамды құдай басқаратын болса, адамға ми, ақыл, сана, өре, кемеңгерлік не керек?

***

Адам өзін-өзі басқарады, өз елін, мемлекетін өз қолымен тұрғызады

***

Құдайшыл болам десең, табиғатшыл бол, құдайды іздесең өзіңе қара, одан ассаң табиғатқа қара

***

Араптың данышпаны үңгірде жатып періштені көрсе, араптар үшін көрді

***

Араптың қу мекиен даласымен, қазақтың жазирасын салыстыруды қой

***

Араптың тілінен қазаққа сөз келді деген ертегіні де таста. Сәлем сөзі қазақтыкі, мәдениет, саясат тағысын тағылар

***

Қайсар, қайрат, дәулет те парсының сөздері емес, таза қазақтыкі Бір әрпіне дейін

***

Қазақ тілінен басқа тілдер бастау алды, қазақ - қассақ - қа сақ - қаз ақ... бәрі да таза қазақы дүниетаным туындылары

***

Құдай адамға адамша тіл қатады деу, құдайды адам деңгейіне түсіру

***

Адамның сөзі бұрмаланады, құдайдың сөзі бұрмаланбайды

***

Құдайдың сөзін естігің келсе табиғатқа бар

------------------------

Менің айтпағымның тоқетері мынау еді:

Құдайды іздеген адам өзіне қарасын. Әрбір адам - Құдай аталуға лайық, егер Тектілік танытса

Әрбір адам - доңыз аталуға лайық, егер тексіздік танытса

****

Сен дегенің Құдай, құдай дегенің - Сен

Сен кіммен бірігесің, кіммен жолдас боласың, бас қосып тірлік жасайсың, өмірің солай өзгеріп отырады

***

Құдай білімді, билікті, мейірімді, даналықты, арды, намыс пен ұятты, еңбекқорлықты адамнан аяған жоқ

***

Құдайлық қасиеттің барлығын Адам баласына берді. Өсіп-өн деді. Ал біз болса, құдай біздің алғысымыз бен шүкірімізді күтеді деп ойлаймыз дағы, шүкір мен тобадан аса алмаймыз

***

Қит етсе құдай ісі дейміз. Олай болса, дүние жүзіндегі бірінші қылмыскер құдай болуы керек еді

***

Бәрін құдай жасаса, онда бізге ерік, жігер, сана, ақыл, ми неге керек?

***

Құдай деген өз ішімізде тұрғанын сезінбей, шалынғаның шалынған қазақ Айтпады деме

***

Құдай саған мені ізде деген жоқ, әруағыңды ізде деді

***

Әруаққа сыйынып қайрат жиясың, әруаққа сыйынып орныңды табасың

***

Құдайға тыныштық бер, әрекетіңді әруағыңа сыйынып жаса, болды сонымен

***

Маған сенбедің деп жағаңнан алған біреу болса, ол құдай емес, ол сайтан

Құдай адамның сеніміне мұқтаж емес...

***

Құдайға сенем деген жылымық сөзге алданатын да құдай емес

***

Құдай - талас-тартыс, кек алу, ашулану деген сезімдерден одағай

***

Құдайды іздесең, өзіңе қара Көп боп біріксең, алып Қағанат құрасың Жеке жүрсең, жем боласың

***

Құдайды көктен іздеме, өзіңнен ізде

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты