АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Қыдыр ата туралы

Ноқта ағасы еліне үйретеді
Өмірлері реттеліп, жүйеленді
Шам елінен болатын Қыдыр бала
Ноқта ағаға бек шәкірт болып еді

***

Шам елі Ар елі деп атанады
Өйткені арын, матамен тұмшалады
Ұят пенен ожданды ерте білді...
Шақпақ таспен тағы да от жағады

***

Оны көріп басқалар тамсанады
Шам елі жарқыраған шамға ұқсады
Қараңғыда жарығын шашқаннан соң
Шамшырақтың бір аты шам атанды

***

Шам елінен шыққан бір зерек бала
Кейіннен аталатын Қыдыр ата
Ноқта ағадан үнемі сабақ алып
Өз бетінше ой түйген оңашада

***

Табиғаттың сырына үңіледі
Бір өзгеріс боларын сезіп еді
Ноқта ағасы уайымын қабыл алып
Кеме жасап қоюды құп көреді

***

Қыдыр бала жасынан зерек еді
Топан судың келерін сезіп еді
Оны сынап Ноқта аға тылсым күшке
Жаңбырыңды аямай жаудыр деді

***

Кемеде адамдардың бәрі тұрды
Ноқта аға байқап тұрды үлкен сырды
Су ортасы көрінген шоқпар тасқа
Кемені ұстап тұрар қазық ұрды

***

Ноқта ағаның шәкірті Қыдыр бала
Табиғатпен сыраласар ерек, дара
Тылсым күшті шақырып құрғатады
Дүлей суды сіңіріп сай-салаға

***

Ноқта ағасы Қыдырға разы болды
Шәкіртінің ісіне көңілі толды
Адамзатқа үнемі себі тиер
Бергені Мәңгі өмірлік бата болды

***

Қыдыр ата әлі күнге тірі екен
Адамдардың санасы оған мекен
Ғылымды талап еткен азаматқа
Жылына бір кезігіп қалады екен...

***

Су тасқынға кемінде 100 мың жыл бар
Ол мезгілде асқар тау аласарар
Кезінде шыңдарымен көк тіреген
Қазық ізін табасың Қазығұрттан

Қазығұрт тауы

Қазығұрт тауы

***

Қазығұрттың басында кеме қалған
Ол әулие болмаса неге қалған?

***

No comments

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар

 


 

Жеке даму бағыты


Іздеу

Шипажайлар

Пікірлер

Байланыс