Қазаққа қандай дін керек?

 «Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған

Тәңірі дегеніміздің өзі – көк аспан. Біздің туымыздың көк түсті болуының астарында да осындай сыр бар...»

Я біз «көктегі Тәңірге» сиынған елміз. Жалауымыздың ортасында күннің жарқырап тұруында да Тәңіршілдіктің киелі белгісі бар. Елтаңбадада Тәңіршілдік белгісінің наным-сенімі бейнеленген.

            Ал Мәңгілік ел боламыз деген тәңіршіліктен алынған. Қорқыт бабаның өлімнен қашып мәңгілік өмірді іздеуі де сол мәңгілік ел идеясымен үндеседі

            Еліміздің байтағы – ел ордасы Астанадағы Бәйтерек идеясыда, қазақтың Тәңіршілдік таным сенімінен алынған.

            Ал осы кезгедейін қалың қазақ істеп, сеніп қолданып келе жатқан:

- отқа май құю

- ұн жағу

- жаңа айға бата қайыру

- аруаққа сеніп құран бағыштау

- жетісін, қырқын, жылын беру

- тұсау кесер, қырқынан шығару, сәлем салу т. с. с. осының бәріде Тәңіршілдіктің наным-сенімдері

Ислам діні 73 мазхабтан, бағыттан тұрады. Мысалы, сунниттер шейіттер, алавиттер, исмалиттер т.с.с. болып бөлініп кете береді. Сауд Арабиясында аруаққа сенбейді, оған құран бағыштамайды.

Арабтар осының барлығын Аллаға серік қосу деп бізге өзінің арабтың наным-сенімін тықпалайды. Ал өздері Меккедегі қара тасқа сиынады. Ол қара тас исламға дейінгі арабтардың ескі дінінің қалдығы...

            Қожа Ахмет Яссауй қазақтың Тәңір діні мен арабтың ислам дінін біріктіріп қазаққа ыңғайлы қазіргі біздегі синкретті (аралас) ислам дінін жасады. Сол үшін Яссауйді таза ислам дінін саттың деп қудалауға түсірген. Оны істеп жүргендер араб миссионерлері болған, Тәңіршілдікті қабылдағысы келмеген. Қазіргі неше түрлі дін ағымдары сияқты ол кездеде неше түрлі ислам бағыттары болған.

            Қазіргі қазақ ұстанып отырған дін жартылай Тәңір, жартылай ислам діні болып табылады. Қазақ ымға түсінбеген дымға түсінбейді демей ме?

Біздің Тәңір дінінде екеніміз осыдан көрініп тұр емеспе?

            Мен өзім жасым 50-ден асқан соң мешітке барып, намазға жығылып Құдайды іздей бастадым. Менің білім деңгейім барлық нәрсені біліп түсініп, жүрегіммен қабылдауға икемделген, тәрбиеленген.

Өзім  кітапты көп оқығандықтан, тарихты терең зерттеп оқимын. Сол әдетіммен діндердің шығу тарихын зерттеп оқи бастадым.

Сауатты адамның кез-келгенінің алдынан шығатын көптеген сұрақ шықты

Мысалы, Біз неге құдайға араб тілінде түсінбей құлшылық етуіміз керек? Тәңірім бізге қазақ тілін не үшін берді, егер ол тілде мінәжат ете алмасам?

Бұл арқылы біз Тәңірді қорлап жүрген жоқпыз ба? Ол, бұларға тіл бердім, маған түсінікті, өзіне түсінікті етіп менімен сөйлессін деп, оның орнына бұлар өздері түсінбеген бірдеңені айтады. Оны түсінбеген соң ол оның жүрегінен шықпайды. Ал жүректен шықпаған сөз құдайға жете ме?

  Күніне бес уақыт намаз оқу ол адамды гипноздаудың технологиясы екенін көп «қарапайым» адамдар біле бермейді. Гипноздалған адам өзін жаруға дайын тұратыны содан. Гипноздалған адам ғана өз Отанына қарсы қару алып (Ақтөбедегідей) бейбіт, кінәсіз адамдарды өлтіреді

Мүмкін содан шығар біз қатты діндар болсақта, Тәңір бізді ұмытып кеткені. Болмаса ол бізді орысқа неге бодан етті, неге 30-32 жылдары аштан қырды. Қай жерде біз Тәңірге баратын жолда қателестік. Неге ол бізді бұлай жазалады?

Құдай сүйікті пендесін жарылқауы керек емеспе?

Мүмкін, Біз қазақтың Тәңір құдайын ұмытып, арабтың Аллах құдайына «сатылып» кеткеннен шығар...

Исламдағы Аллаға құлшылық ету адамды құл саналы болуға тәрбиелейтін сиақты...  

  Қазіргі ислам діні бізді қанағаттандыра алама? Бір кездері ислам әлемі ғылым, білім, жоғары мәдениетті әлемге таратқан «жарықтың» отаны болған.

Ал қазір ислам әлемі соғыс, дамудан артта қалған, ештеңе ойлап таппайтын, әлемнің надан бөлігіне айналып отыр. Осыдан-ақ ислам діні қате жолмен жүріп келе жатқанын көрсетпейме? Қазір Құранды мойындамайтын және оны оқымаған «мұсылмандар» көп. Бірақ солар мұсылман ба?

Бір күні бір мұсылман ортада мен бізге Библияны (Інжіл) оқуға болады ма деп сұрадым, әлгі «оқыған» мұсылман білімпаздардан. Олар бір ауыздан жоқ оқуға болмайды деді

Құранды оқыған мен, Құрандағы Майда сүресінде 68 аятта "Кімде кім Інжілді, Тауратты және басқа киелі кітаптарды оқымаса, өзін дін таптым демесін" – деп жазылған ғой. Сонда сендер Құранға қарсысыңдарма дедім. Сасқан үйрек артымен сүңгиді деген. Әлгі дін таратушы надан: Ол қазір өзгерген деп соқты. Ол қалайша өзгереді десем, қазір басқа кітаптар бар демесі барма...

Осындай надандар ислам дінін бұзып, құбыжық етіп, қазіргі ислам діні адасып жүрген жоқпа деген ой келеді. Ислам әлемінің қазіргі жай-күйі, осылай айтып тұрғандай. Тәңірге сиыну неге араб тілінде түсініксіз өтуі тиіс.

Тәңір бізге қазақтың тілін не үшін берді оған мінәжат ете алмасақ. Оның  қажеті қанша...                              

Бірде бір дүмше молда арабша құлшылық ету он есе сауабы көп қазақшаға қарағанда деп соқты. Сонда менің қазақтың тілін, өзін, өзге халықтан  он есе төмен нашар деп қорлап тұрған жоқ па?

Не деген өзін өзі қорлау...

            Көрші ел Қырғызстанда қоғамдық телеарна бар. Сонда: «Бізге қандай дін керек» – деген «ток шоу» өтіп тұрады. Біз осы басын құмға тыққан түйеқұс сияқты болып жүрген жоқпыз ба? Біздің қазақтың дүниетанымы тәңіршілдік екенін неге жасырамыз. Шын казак кундылыктарынан неге беземиз

Қырықтың бірі қыдыр, қызға қырық үйден тию, дүние кеңге кең, тарға тар, жамандық істесеңде, жақсылық істесеңде өзіңе қайтып келеді, құдайы қонақ, тағы солай толып жатқан тәңіршілдіктен алынған наным-сенімнің несі жаман.

Қазақ адамды өлді демеген, қайтыс болды  деген, яғни қайтты дейді. Адам өмірге қонақ, бір-біріне қонақ деп содан айтқан.

Бұның несі жаман? Яғни өлім жоқ, адам келеді, кейін қайтады. Кез келген дін ол әлеуметтік технология халықты бағыттап басқарып отыратын, белгілі бір керек мінездерді тәрбиелейтін.

Кейбір басқыншы империялар өз мүддесі үшін өзге аңқау халықтарды дін арқылы мінезін өзгерткен, өзіне қызмет еткізуге пайдаланған.

Дін бар болғаны кейбіреулердің қолындағы қару ғана. Дінді жақсыға да, жаманға да пайдалануға болады. Аңқаулықты қоятын ХХІ ғасыр келді деп ойлаймын.

Дін дегініміз не? Дінде Тәңір бар ма? Дінді қалай пайдаланып келеміз? Қазір елімізде дін еркіндігі бар. Қаласаңыз ана дінге, ұнамаса мына дінге, ал болмаса жаңа өз дініңізді жасап алсаңызда әй дейдін «ажа» жоқ.

Бұл негізінен өте дұрыс жақсы нәрсе. Енді бір діннің, ол діннің басында тұрған бір адамның қате көзқарасы, барлық адамға қате, сор болып жабыспайды.

Тарихта қарап отырсаңыз тек христиан дінінде 6 мың бағыт бар екен, ал мұсылманның өзінде 73 мазхаб бар. Бұдан басқа әлемдегі Кришна, Будда, Синто, Ийюда тағы басқа толып жатқан дін «академиялары» бар.

Адам табиғат ананың мыңсан жұмбақтарының алдында, шексіз космос кеңістігінде, көзге әрең көрінетін шаң-тозаңдай нәрсе сезінеді өзін. Тәңірді іздеу кез келген адамның ажырамас бір бөлігі және қажеттілігі

Ал жалпы Тәңір басқа, дін басқа. Дінді адам ойлап тапқан, өзінің қажеттілігін өтеу үшін, ол кейін дами келе белгілі мүдделерге қызмет ету құралына, технологиясына айналған.

Дінді белгілі мақсаттар үшін пайдалану бұрында, қазірде кең етек жайған. Дінді мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін пайдалануға болады. Бізде діннің «ұстаздары» кімдер? Дінді бағзы заманнан бері үстем таптың мүддесін қорғап, қолдау үшін де пайдаланып келеді емес пе?

Дінді өзге халықты жаулап алу үшінде пайдаланған. Дінді өзгені құлдыққа салу үшін де пайдаланады. Бұған мысал өзін-өзі құрбан етіп жихад жасап жүргендер. Бұл құл болудың бір түрі ғана. Соларға бұйрық беретіндер өздерін неге жармайды.

Қазақтың наным сеніміне Аллаға серік қостың деп кінәлайды, ал Меккедегі қара тасты сүйіп, оны жеті рет айналып сиыну аллаға серік қосуға жатпайды ма? Бір аллаға сену қайда қалды...?

Дін идеалогиялық соғыс бұны түсінбеу, дінді өзге шет  мемлекеттің орталығынан  басқарту халықты рухани құлдыратады. Бұрын ең күшті елдер, дін арқылы басқарған халқты, қазір не болып жатыр?....

Тек білім сауаттылық адамзатты қараңғылықтан жарыққа алып шыгады. Дін халықты басқару үшін құрылған технология. Оны пайдалану қандай деңгейде? Пышақпен қолды кесесің дұрыс қолданбасаң, дінде сондай, дұрыс пайдаланбасаң халқың қараңғылықта қалып өзге елге бодан болады.

Дін үш түрлі нәрсеге қызмет етеді

Бірі, Тәңірді табиғат ананы түсіндіреді, тағы бірі саясат: қоғамға қызмет ету, үшіншісі адамның жан жүйесіне өзінше тәртіп орнату... Қазақтың өз жан жүйесі бар Тәңірді тануда, ол қазақтың бұрыннан келе жатқан наным-сенімдері

Қарғыс-наладан қорыққан, жаман қарғыс жеті ұрпағыңа жетеді, жақсы сөз жарым ырыс, қырықтың бірі қыдыр деген.

Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс адамдар әлі де бар. Қазіргі қоғамдағы жойқын құлдырау осындай халқымыздың мыңдаған жылдар жинаған өмір даналығын өзге халықтың құндылығымен ауыстырып алғанымыздан емес пе?

Қазір де, бұрын да соғыстың сан түрі болған, ашық адам өлтіруден басқа құпия жасырын: рухани, экономикалық, интелектуалдық соғыс түрлері бар, жүріп жатыр.

Мысалы, Қырымды Ресей ХVІІІ ғасырда экономикалық қысым жасап әлсіретіп, жаулап алған. Осындай технологияны Ресей бізге де жасаған

Бөліп алып, қарсы қойып билеу әдісінен өзге, рухани әдістерде кең қолданылған өзге халықты жаулауда. Рухани құлдырату саясаты кең қолданылған. Біздің бабаларымызды ашық соғыста жеңе алмаған.

Мысалы, Александр Македонский, Парсы патшалары, араб жаулап алушылары да бізді соғысып жеңе алмаған. Орыс империясы өзінің басқыншылық саясатын біз сендерге өркениетті үйреттік, соны алып келдік деп ақтады.

Ал арабтар өз басқыншылығын «дін тарату» деген желеумен жүргізді. «Өркениет» арқылы бізді қырып-жойды, орыстандыру саясатын жүргізді.

Арабтар арабтандыру саясатын Аллахтың атымен жүргізді. Атымызға дейін араб-еврей аттарына айналды, киіміміз хиджаб болды.созимиз араб созимен алмасты Таным түсінігіміз құлшылық болды. Арғы жағы құл болу жақын тұр емеспе.

Содан құлдық сана қалыптасты, тәрбиеленді. Болмаса 260 жылдай неге орысқа бодан болдық? Неге өткен ғасырдың 32-шы жылдарында аштан қырылып, тоз-тозымыз шықты. Сол қайғы-қасірет қайталанбау үшін  не істеуіміз керек, не істеп жүрміз?

Алтын уақытты босқа өткізіп жүрген жоқпызба? Дарақы ойын-сауық, той-томалақ, баянсыз байлық қуып жүрген жоқпыз ба?

Байлық қанша қиын болса да өз мемлекетін де тәртіп орнату емес пе. Өз елінен ұрлап, жинап шетелге қашу бақыт па?

Әлемде үнемі менеджменттік идеалогиялық, экономикалық, технологиялық, инновациялық, білім-ғылым руханиат бағыттарында соғыс жүріп жатады. Бұл соғыста жеңілу ұлынды құл, қызыңды күң етеді.

Осы соғыста жеңілген халық бәрінде жеңіледі...   

Шетелдік «әмірлерінің» берген ақшасын ақтау үшін, олардың бұйрығымен  қандасыңды өлтіру, өз еліңе қарсы қару алып соғысу діннің, Аллаһтың жолы ма?

Бұл дінді пайдаланып есінен адасқан сауатсыз қандастарыңның қолымен сенің еліңді жаулап алу, сенің бауырларыңды «құлдыққа» салу емес пе, бодандық қамытын кигізу емес пе, бізге осы керек пе?

Бізде бостандық пен бодандықты ашып айтып түсіндіріп беретін ғалым жоқ. Оның құндылығын жастарға түсіндірітін ақылы анық, сөзі жанды адам қалмаған ба? Барының өзі басқа бос-нәрсені айтады. Білім сіңбеген адам көп. Бәрі де білімдіге ұқсағысы келеді. Бірақ шын білімді адам жоқ.

Дін қазіргі тілмен айтсақ политтехнология, жаулап алудың универсал құралы. Қазақтың көне жазулары Монғолиядан табылғаны белгілі. Сол тасқа жазылған руникалық әріптер неге Монғолияда сақталган. Қазақстанда неге қалмаған ол жазулар, себебі оларды қиратып тастаған.

Мұсылмандық жетпеген Монғолияда сақталу себебі содан. Басқыншы халықтар бұрыннан істейтін жадысын өшіру әдісі ғой. Өз араб құндылығын енгізу үшін 

Қазір қазақтардың ішінде (олар негізінен жастар және ең сауатсыздар) исламның қазаққа жат ағымына түскендер көбейтіп кетті. Ол өз алдына бір ұйым, обырға айналды. Оларды басқарып, қаржыландырып отырғандар шет ел адамдары. Олар ешқашан іске аспайтын «Ислам халифатын» құрмақшы. Оның бір бөлігі етіп Қазақстанды да кіргізбекші. Қазіргі Қазақстандағы жағдай осыны көрсетіп тұр.

Біз тағы да бір жаңа Араб империясының боданы болуымыз керек пе?

Біздің елден Сирияға барып, жихад соғысына қатысып жүргендер ол жақтан қандай тәжірибе, идеалогия алады, нендей амал-мақсатпен келеді. Діннің апиын екенін осыдан-ақ көрінбей ме. Дінді жөндеп түсінбеу, пайдаланбау қауіпті. Қазіргі барлық дін саясаттың құралы. Құдай атын пайдаланып өз мүддесін іске асыру жолы. Ал шын Тәңір жолы басқа

Бұларды қазірден тыймаса болашақ Қазақстан, Сирия сияқты болып кетпей ме? Сақтансаң сақтаймын демейме Тәңірім

Көрші мемлекет Өзбекстаннан неге үйренбейміз. Өзбекстанда ауылдарда көп мешіттер жабылған, тек аудан орталықтарында бір мешіт қалған деп есітеміз. Радиодан азан шақыру мүлде жоқ

Оның орнына ауыл (қышлақтарда) спортзал, үйірме, кәсіпкерлік, заңды түсіндіру бағытында жұмыстар қолға алынған. Патриоттық тәрбие, спорт, білім, кәсіп кең етек жайып келеді Өзбекстанда.

Өзбекстанда 60 жасқа дейін бетімен сақал қойған адам көрмейсің. Қазіргі дінді әртүрлі жолмен пайдалануға болады. Дінді өркениет жолы я болмаса надандық соқпағы етугеде болады.

Дін деген не, дәстүр деген не? Дін деген ол ислам діні, ал ислам діні деген не? Ол араб халқының құндылықтары.

Ал дәстүр деген не? Ол қазақ  халқының құндылықтары, басқаша айтсақ қазақтың ғасырлар бойы жинаған даналығы. Бізге қайсысы жақын, әлбетте қазақтың өз құндылығы жақын, өмір сынынан өткен.

Біздің бодан халыққа айналуымыз өз мінезімізден адасып өзге халықтың бізге «қолайсыз» құндылығын алғаннан емеспе? Тәңір әр халыққа өз жолын берген, оның табиғатына сәйкес етіп, сол жолдан адасқан халық дағдарысқа ұшырайды .... 

Бұрынғы ислам жолы надандық жолы болды. Оны біз қазақ елінің 260 жыл бодан болғанынан көріп тұрмыз. 1932 жылдары аштықтан қырылғанымызда надандық, білімсіздіктен. Күшті, сауатты, парасатты ұлт ондайға ұрынбайды. Аллаға баратын жол қате болған; Тәңір жолын дұрыс ұстанған халық ондай қасіретке ұрынбас болар.

Табиғат, Тәңірдің жазып қойған кітабы, Тәңіршілдіктің кітабы табиғат. Оны оқып түсінген, пайдаланған өмірін жақсартада, ұзартады. Адамға «ақылды» Тәңірім мені оқып танысын, білгенін пайдаланып, өмірін жақсартсын деген мақсатпен берген. Табиғат толған мүмкіндік... 

Еліміз аман, болашағымыз жарық болсын десек, балаларымыздың ертеңі тыныш болсын десек, әрбір қазақ белсенді болуы тиіс, жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Ұлтқа әділдік, тәртіп, сүйіспеншілік, еңбек, білім, ғылым, заң керек.

Идеологиялық соғыс жүріп жатыр, ұрпақ ұл болама, әлде құл болама бұны білмеу, көрмеу ұрпағымызды бодан етеді. Оян Қазақ! ....

Comments powered by CComment

⚠ Сатылу жайлы...

Рухани сатылу жайында

Басқа түссе баспақшыл болудың да орны, жолы болады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☘ Бейсенбі күні

Бейсенбі күні әруақтарға арнғалған баталарымыз

Бейсенбіның таңында, төргі бөлмені ертерек жиыстыр. Қонақ келетіндей сәнін кіргіз. Көңіл-күйіңді көтер

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

♨ Бейсенбілік бата

Бейсенбіде әруақтарға арнап жеті шелпек тарату

Қазақтар бейсенбіде әруақтарға арнап иіс шығарады, жеті шелпек таратады

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

🌓 Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

Атымтай ақсақалдың уағыздар әлеміндегі бастан кешкен оқиғалары

****

Атымтай атамыз өмірінде талай мықтымен белдесіп, талай батырды мысы басып, мерейі үстем болған батыр да, ақын кісі болатын

***

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☀ Уа дүние, мен келдім!

Шуылдақ Шадырманның өлеңдері

Соқаның шаңынан
Аттың дүбірін көрдім

Маңдайдан шыққан қара тер...
Елімнің ертеңін көрдім

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Арқамандық шежіре - генеалогиялық технологиялар әлемі

Қазақы шежіренің түйткілдері

Біздің халыққа Қазақ деген атау беріліп, сол атаумен біраз уақыт өмір сүріп келді. Көп қиындыққа тап болды, нақтысын айтқанда өсіп-өне алмады...

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

📱 Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Vivo X100 Pro Dimensity 9300 чипсетімен ұсынылмақ

Dimensity SoC чипсеті орнатылған Vivo X100 Pro Қытай нарығында бәсекелестерінен асып түсуге жақын

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

☕Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Lexus LBX кроссовері Жапон нарығына шықты

Осы жылдың маусым айында таныстырылған Lexus LBX кроссовері Жапон нарығында сатылымға шықты

Write comment (0 Comments)

Ары қарай оқу...

Уағыз тыңдау құлдық сана мен сорлылыққа жетелейді, еліңнің тарихы мен әдебиетін оқу, рухани тұрақтылыққа жетелейді

Өзгенің жетегінде кеткен сиырға ұқсамай, бөрілі байрақ көтерген бабаларыңды ойла

Lazzarini Design Studio Banner
Ferrari  маркасының парақшасы

 

... әйтсе де, қазірге белгілі болғанындай, бүгінде бар-жоғы адамдардың 240 ұрпағының тарихы мәлім...

 

Ием Тәңірім, кием Жер-Ана, Су-Ана деп отырған адамда қайдағы ислам?