Қайда барып,қайтсе Қазақ оңалар,
Былай жүре берсе,түбінде бір жоғалар
Өзіне өзі қожайын боламын демейді,
Қожайын іздеп,малай боламын дейді.
***
Зар заман Қазақтың басынан кетпеді,
Тар заман тарылып,төбесінен өтпеді.
Қашанғы Қазағым зар қақсап жылайды,
Мына тағдырға төзіп,шыдауға болмайды.
***
Елімде жемқорлық барлық салаға жайлады,
Елбасымен қоса,барлық депутатты өтірік сайлады.
Өтірік сайланғандар,билікте жүр күліп тайраңдап,
Қазаққа пайдасы жоқ,масайрап жүр алшаңдап.
***
Шөл-шөлейттен келген сенімге сенсең өлесің,
Арамза молда-имамдарға ерсең,
бұғауланып көнесің.
Құлдың қамытын киіп,бас шұлғып,жүресің,
Айдағанға көніп,уағызға сеніп,
шіріп бітесің.
***
Қашанғы шибөрілер қазба байлығыңды тонайды.
Қашанғы,алтын басыңда әңгір таяқ ойнайды.
Өз еліңде,өгейдің күнін көру,барып тұрған қорлық,
Қазақтың дәулетіне қол жеткізе алмау,барып тұрған сорақылық.
***
Екі қолға бір күрек таба алмай,
Қазағым босып кетті,
Табатын табысы,өмірлік қажетін өтей алмай,қаусап бітті.
Қайда барса да,Қорқыттың күйі зарлап қоймайды
Қашанғы мазақ билік,Қазақты,
алдап қорлайды.
***
Соңғы кезде,Қазақтың көз жанарының оты сөніп барады,
Қайда барып,кімге барып,
басындағы зар-мұңын шағады.
Қашанғы,Қазағымның тауы шағылып,жігері құм болады,
Намысы тапталып, қабырғасы қайысып,ұйыған қан құсады.
***
Сұрағы көп,жауабы жоқ түйінді кім шешеді,
Қазақтың таусылмайтын тауқыметі өзекті өртеді.
Өзің сілкініп оянбасаң,санаңды жаңартпасаң,шірисің,
Көтеріліп!!! нағыз Қазақ билігін орнатсаң ірісің.
***
Қазағым өркениет елдерге қарап бой түзе,
Ырысыңды шашпай,берекеңді қашырмай қой күзе.
Ата-баба аруағы Қазағымды әрдайым қолдасын,
Өсер,өскелең ұрпақ, Қазағымды ылайым сыйласын.
***
Шымкент 12.12.2021
Сағат 03.27.
Туындыгер: Көзшырақ ТОҒАТАЙ.