Алдымен
Тұла бойынан
Бу менен дым бүріккен
Алай-дүлей жел тұрды.
Дүниені басып жатқан
Қара балшықтай қою,
Күйедей қап-қара,
Түнек серпілді.
***
Тәңір жайлы айтпас бұрын, түркілердің (қазақ) дүниетанымы қандай болғанына көз жүгіртіп өтсек.
Жоғарыдағы өлең жолдарынан көргеніміздей, Күлтегін жырында дүниенің жаратылысы жайлы қысқа да нұсқа сөз қозғалады.
Өлең жолдарына келсек:
Алдымен
Тұла бойынан
Бу менен дым бүріккен
Алай-дүлей жел тұрды
осы бөлігін жеке алып қарастырсақ.
Энергетикалық кеңістікте, белгілі бір шектеулі кеңістікте жел тұрады. Жел дегеніміздің өзі жоғарғы атмосфералық қысым аймақтарындағы ауа ағындарының, атмосфералық қысымы төмен жаққа ойысуы. Яғни, қысымның таралуының табиғи құбылысы.
***
Жоғары температураның әсерінен кеңістіктің бір бөлігінде, атмосфералық қысымы жоғары аймақ қалыптасады.
Ал жоғары атмосфералық қысымның пайда болуының себебі, бір жердегі температураның жоғарылай бастауы. Ол жердегі ауа кеңіп, салқындау жаққа қозғала бастайды. Осының нәтижесінде Жел пайда болады.
Өмірдің бастауы жел десек, ол желді жоғары температура туғызды десек, сол температураның көтерілуіне сеп болатын алғышарт - Әруақ! Сондықтан да алғышартты орнатушы Әруақ, алғышарт заңдарын сипаттайтын Құдайдан бұрын айтылады Қазақ дүниетанымында
Енді осы желдің пайда болу заңдылығына келсек.
Жел пайда болуы үшін қажетті температуралық жоғарылау, белгілі бір заңдылыққа бағынатыны сөзсіз. Оның белгілі бір заңдылыққа бағынатынын қайдан білеміз?
Өйткені айнала табиғаттан белгілі бір жүйе, белгілі бір заңдылық көріп отырмыз. Жыл мезгілдерінің ауысуы секілді, себеп пен оның салдарына алып келетін кез-келген табиғат пен қоғамдағы құбылыстың айналымы, белгілі бір заңға бағынатыны бесенеден белгілі.
Ал кейбір кісілер (материалист) айтуы мүмкін: ол кезде заңдылық жоқ еді, ол кезде бәрі кездейсоқ басталды дағы, кейіннен, миллиардтаған жылдар өте келе жүйе, заңдылық қалыптасты деуі мүмкін.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың жетістігі, кездейсоқтықтың өзінің белгілі бір Заңға бағынатынын көрсетіп отыр.
Яғни, кездейсоқ деген нәрсенің өзі кездейсоқтық емес. Оның да бір жүйесі бар. Кездейсоқ деген нәрсе жүйелі салдарға әкеліп жатса, бастапқы кездейсоқтық дегеннің өзі, жүйе қалыптасуының бір бөлігі болып табылатынына дәлел бола алады.
***
Сонымен, шексіздіктің бір нүктесінде, қараңғы түнекте, температураның жоғарылауы байқалады. Ауа ағымдарының бағыты жел қалыптастырды.
Ендігі жерде, ең қызығы, желдің бойынан бу мен дым бүріккендігі.
***
Бу менен дым бүріккен
Алай-дүлей жел тұрды
***
Ауаның бойындағы бу мен дымның материалдық әлемнің негізін құрауына сеп болуын байқаймыз.
Яғни, жер, су, тау мен тастың пайда болуының негізі - бу мен дымда жатыр. Дым дегеніңіз кәдуілгі түтіннің бір атасы. Оттегімен әрекетке түскен (жанған) Заттар кеңістікте еріген күйде, түтін + бастапқы материалдардың толық жанбаған газтәрізді формасында болады.
Энергияның ақпарат екендігі мәлім болып отырғанда, түтін энергиясында бастапқы материалдың бөлшектері мен оның ақпараттық фоны сақталады
Оған мысал, кен өндіру зауыттарының мұржасынан таза түтін ғана емес, балқытылған кеннің микробөлшектерінің қоса ұшуы.
***
Түтін дегеніміз - жану процесінің қосалқы өнімі деуіңіз мүмкін. Балқытылған темірден түтін шығады, ал темір өз орнында қала береді дерсіз.
***
Алайда оттекті ортада темірдің де оттегімен әрекеттесіп жанып кететінін білеміз.
Кеңістікке тарап кеткен темір, ендігі жерде энергияға айналады дағы, темірдің кеңістікке тараған энергиясының өзіндік ақпараттық "ізі" болады.
***
Темірдің ауада балқуынан түтін шығатын болса, оттекті ортада жанған темірдің ақпараттық энергиясы дым күйінде сақталады
(Орыстар дым сөзін қазақтан алғаны осы жерде белгілі болды)
Алғышарттары туындаған кезде, кеңістіктегі дым күйіндегі темір, белгілі бір химиялық және физикалық әсерлердің салдарынан қайта молекулалық құрылымына ие болады. Яғни атомдық байланысы қайта қалпына келеді.
Қазақтың "Дүние кезек, терме тезек" деген сөзі осы жерде дәлелін табады
***
Әлқисса мына мәселені айта кетуіміз керек.
Біз көрген әлемнің 4 элементі
- Тәңір
- Ұмай
- Әруақ
- Құдай
***
1. Тәңір - ғаламдық шексіз Энергия.
***
2. Энергияның күш алатын орны, оның өзін-өзі танытуы - материя арқылы. Ол - Ұмай ана.
***
3. Желді тұрғызатын энергия - Әруақ. Яғни, ғаламдағы шексіз Энергияның жүйеленген, бір мақсатпен қимылдайтын бөлігі.
***
4. Осы үш элементтің өзара әрекетінің жүйелі сипаттамасы, үдерісінің (адамзат көзімен қарағандағы) атауы - Құт + Ұдай (Құдай)
Өйткені, біз барлық үдерістерге өзіміздің субъективті көзқарасымызбен қараймыз.
Ғаламдық процестердің өзімізге оңтайлы, өсіп-өнуімізге қолайлы болғанын қалағандықтан, өзімізге Ұдайы Құт тілейміз.
Біздің әлемдегі физикалық және басқа да заңдылықтар біздің құдайлық сипатымызға тура келеді. Алайда басқа физикалық шарттар мен басқа әлемдерде Құт + Ұдайылық заңдары, қажеттіліктері мүлдем басқаша болуы мүмкін.
***
Желдің құрамындағы бу мен дым - Ұмай (жер, су).
Температураны көтеретін (желдің тұруына себепкер болатын) - Әруақ, барлық процестің суреттемесі - құдай.
Яғни, құдай дегеніміз, барлық процестердің жиылып келіп адам баласының өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасап беру процесі, ол процесті
суреттейтін Заңдылықтың атауы.
Құттың Ұдайылығының арқасында, біз өмір сүріп отырмыз. Құт + ұдайылық.
Құтсыз да ұдайлық бола береді. Ал ұдайылықсыз құт болмайды.
Ұдайылықсыз құттың ұзақтығы қас пен көздің арасында ғана болады. Ал біздің өмір сүріуіміз үшін, Құт Ұдайы болуы қажет.
***
------------------------
Дүниені басып жатқан
Қара балшықтай қою,
Күйедей қап-қара,
Түнек серпілді
Алай-дүлей Желдің әсерінен, қара түнек серпілді. Табиғаттың дуалистік бейнесін қарастырсақ, айналамызда толып жатқан кереғар, қарама-қайшы факторлардың өзара әрекеттесуін көреміз.
Екі қайшылықтың ортасынан, үйлесімділік шығады
Адам жаны да қуаныш пен қайғының ортасындағы нүктеде ғана тыныштық таба алады. Қатты қайғырып кетсе де, қуанып кетсе де, санасы тепе-теңдікте тұра алмайды.
Үйрену мен жиренуді қатар алып жүрген кезде ғана, байыз табуға болады.
- Көп үйреніп кетсе білім ұрады
- Көп жиреніп кетсе надандық ұрады.
***
Қазақылық дегеннің өзі де үйрену мен жиренудің аражігін ажыратып беретін - Дүниетаным.
***
Дүниені басып жатқан... осы жердегі ДҮНИЕ сөзіне мән берсек, табиғи орта деуге келеді. Қателесіп, дүние сөзін парсыдан келеді дегендер баршылық.
Дүние десе байлық деп ұғады кейбіреулер. Алайды дүние сөзінің мағынасы - материалды және материалды емес ортаның біздің миымыздың ішіндегі проекциясы.
Дүние жалған деп, оның өткіншілігін, проекция қуып адасудан сақтануды бір айтса. Екіншіден, бізді айнала қоршаған ортаның жалғанбалы, жалғасатын жүйе, жалғанатын жүйе екенін меңзейді.
Дүниедегі барлық жандықтың өз өмірін жалғастыруға, ұрпағын өрбітуге құштарлығын, жалғанбалылық ( Жалғаса берсін, Жалған! деп тілейміз ) деп атаймыз.
***
Күлтегін жырына сай, дүниені алдымен қара түнек басып жатқан. Оның қара балшықтай қою, күйедей қап-қара екендігі айтылады.
Күйе деген затқа назар аударайықшы. Ол жану процесінің қосалқы өнімі. Жанған заттың бір бөлігі күйеге айналады, бір бөлігі түтінге, бір бөлігі күлге.
Дүниені басып жатқан қап-қара күйедей түнектің не болғаны?
Меніңше антиматерия. Кез-келген физикалық зат атомдық байланыстың арқасында, заттың молекуласын құрайтыны анық. Атомдық байланыстың ерекшелігіне қарай, бір элементтен, қасиеттері диаметралды өзгеше екі зат шығаруға болады.
Оның қарапайым мысалы, алмас пен графит. Бірі борпылдақ жұмсақ болса, екіншісі дүниедегі ең қатты заттардың бірі.
***
Дүниені қара түнек неге басып жатты?
Меніңше қара түнек - антиматерия, дүниедегі барлық заттың атомдық байланысын ыдыратып, оларды субстанция күйіне алып келді.
Былайша айтқанда, дүниедегі заттар қарылып, Қарыма (Карма) болып жатты. Былайша айтсақ, ботқа секілді араласып жатты.
Ендігі жерде, қарымадан қайта әлем жарату керек
Дүние дегеніміз осы жерде - араласып, қарылып жатқан барша элементтер дағы, Әлем дегеніміз, олардың тәртіпке келтіріліп, тіршілік тудыру процесіне кірісуге мүмкіндік беретін орта.
***
Дүниеде органика мен бейорганика астасып жатады. Жанды мен жансыздың рухтары энергия күйінде еркін қозғалыста болса, Әлем жағдайында органика мен бейорганика бөлініп, жан денелерге еніп, шығып кеткен жандар қара түнекке оралып жатады.
***
/* Осы жерде бір ескерте кететін жәйт, қара түнек адам баласын азғырушы, оны жоюшы, қара ниеттің белгісі емес. Қара түнек, сәуленің бастау алуына, дүниеге келуіне жағдай жасап беретін орта. Өйткені, қара түнек болмаса, жарықтың қасиетін қайдан білер едік?
Суық болмаса, жылының қадірін білер ме едік?
Аштық болмаса, тоқтықтың қадірін білер ме едік? */
Қара түнекке оралып жатады деген жерден әрі қарай жалғай түссек. Жандардың денеден босап шығу арқылы қара түнекке қосылуы өмірдің жаңадан туындауы үшін, жаңа дүниелерден жаңа әлем жасауға қажетті ақпарат жинақтауы деп білем.
***
Яғни, орталық серверге қажетті білімді толықтырады. Сол орталық серверге білімді көп жинаған белгілі бір идеяның айналасында топталған адам жанының ақпараттық энергиясы (рухы), жаңа әлем жаратуға алғышарт болып, олар жаңа (келесі бір) әлемнің жаратылуының құдайлық болмысын жазады.
Бұл нені білдіреді?
Адам баласы өмірден білім-ғылым жинайды. Оны әулетімен, елімен, руымен, андасымен алып жүреді. Жан ұшып кеткенде, сол білім-ғылымның көшірмесі, о дүниеге (келесі басып жатқан түнекке) өтеді.
Білім-ғылымның бір көшірмесі осы дүниеде ДНК арқылы қалады... Оны ұрпақтары жалғайды.
Білім ғылымды көшіріп бергеннен ол азаймайды. Файлдарды көшіргеннен олардың кеміп қалмайтыны секілді.
Қара түнекке апарған білім-ғылым кімде басым болса, соның Әруағы келесі Әлем жаратылысының алғышарттарын жасайды. Ол әлемге Құт + Ұдайылық беріп, сол әлемнің Құдайлық ережесін жазады.
***
Қарапайым мысал: осы әлемнің табиғи заңдылықтарын - құдайдың заңы деп айтамыз. Құдайдың күні деп айтамыз.
Біз, белгілі бір заңдылыққа бағынатын, көктен келетін жарық пен жерден келетін құнарға тәуелді бір әлемде өмір сүріп отырмыз. Ал ол Әлем дегеніңіздің өзі, біздің санамызда. Санамыз миымызда емес, қанымызда.
Миының жартысы жоқ адамдар да әлемде өмір сүре алады, өйткені сананың кілті - қанда.
Адамның құдайлығы өз бастауын, қаннан алып отыр.
Бастапқы тұрған алай-дүлей жел, біздің бойымызда ағып жүрген қанымыз болып отыр. Ал қан эмбрионды жасаушы...
***
...Түнек серпілді...
Органикалық өмір басталды деген сөз. Бірклеткалы жәндіктер ортаға шыға бастады...
/**/
Күлтегін жырына кішкене шолу жасай бастадық. Бізбен бірге болыңыздар