Желтоқсан жарасы жүрегімді сыздатады,
Кеудемдегі ыза кегімді оятып маздатады.
Қыршын кеткен талай боздақ кінәсіз,
Айтыңдаршы!!!
Сонда кім кінәлі? қырғынға,
Қолы қанға малынған,жендет
құзғынға
***
Желтоқсанның ызғарлы қырғыны менің жадымда,
Жүрегім қан жылайды,
ұмытылмастай ойымда.
Рухы биік,өр мінезді менің қайсар замандастарым,
Тел қозыдай,арман қуған менің жайсар құрдастарым
***
Есімде,сол күнгі ауа-райы суық бұлыңғыр,
Зобалаңның нышаны да жоқ, жаналғыр.
Бейқам жастар, шүйіркелесіп пікір алмасты,
Ойындағысын айтып, жылы шыраймен жарасты
***
Әр ұлтқа өз көсемі деп,айқайлап ұрандады,
Дауыстап өлең оқып, көркем сөзбен жалындады.
Шибөрілер өріп жүрді ұлардай ұлып арамызда
Арандатушылар шоқ шоқтап тұрды жанымызда
***
Мінбеге шықты,талай мүйізі қарағайдай марқасқалар,
ИЗМ-ге уланған жағымпаз қансорғыш жарқанаттар.
Сөзінде мән жоқ,басу айтқансып,
жалпақтап жалтақтаған.
Жанашырлық таныта алмай,
мүляйімсіп салпақтаған
***
Ұрып соғу, қуғын-сүргін,екінші күні,түс ауа басталды.
Талай боздақ, ақ қарға қан жоса болып жастанды
Алғы шепте, аламандармен қатар арулар өжеттік көрсетті,
Тайсалмай, намысты қайрап,
батырлықты өршітті
***
Қан болған жігіттер, қор болған қыздар, абақтыға тоғытылды,
Жазықсыз айыптаулар шегінен шығып,аяусыз ағытылды.
Суық күні,малша артып көлікке, қала сыртына лақтырды,
Бұрымды қыздарды, жендеттер
айуандықпен зорлады
***
Осылай аяқталды, ұлт-азаттық көтеріліс,
Бұлт үйірді Қазаққа жын шайтан ібіліс.
Біз жатпайды қап түбінде,
шындық шығар су бетіне,
Халық түкірер,кінәлі жексұрындардың қара сүйегіне
***
Уақыт өтер,тән жарасы жазылар,
жан жарасы жазылмас.
Адуынды ашу,ызғарлы ыза,
кектенген кек басылмас,
Алдымызда күтіп тұр, талай-талай ақиқатты шайқас.
Асыл боздақтарды тарих сахнасында ардақтайық
Сұрапыл желтоқсан нәубетін ешқашанда ұмытпайық
***
Шымкент.қ.09.12.2021.ж.
Сағат.03.47.
Туындыгер:Көзшырақ ТОҒАТАЙ