Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
✈ Тоқаев АҚШ сапарының артын ала неге бірден Мәскеуге барды?

Ресей Украинаға әскери шабуыл жасаймын деп, басы бәлеге қалғаны белгілі.

Гуманитарлық, экономикалық, репутациялық шығындарды былай қойғанда (Ресей басшылығы үшін бұл нәрселердің екінші орында екендігіне күмәнім жоқ), ендігі жерде украиндық дрондар мен ракеталардың сәтті шабуылы мен санкциялық қысымның артуы себебінен, ресей билігінің абыройы айрандай төгіліп жатқаны белгілі.

Ресейлік Z қауымдастыққа қайнатылған картоп пен самогон болса болғаны, теледидарға қарап, өздерінің "жеңістерін" өле-өлгенше тойлап өтуге бар...

Ал Қазақстан билігіне бұл не үшін керек? - десеңіз, кез-келген өзгерістің сатылап, жұмсақ өткені абзал. 

(Ыдырап бітсе де, уламай-шуламай ыдырасын)

Әрісін алсаңыз, іргедегі мемлекет ыдыраса, мыңдаған ядролық бомбаға арналған оқтұмсықтардың ашық сатылымға шығып кету ықтималдығы бар екені рас.

Әлемдегі ақшасы бардың бәрі бір-бір ядролық оқтұмсықпен ойнап отырса, қуардақтың көкесі сонда болатыны рас...

Мұндай негативті сценарийді былай қойғанда, украинаға да етек-жеңін қымтап алу үшін, соғысты тоқтатып, есін жинап алу керек екендігі анық.

Қазақстан Президенті Тоқаев АҚШ президентімен кездесті
Қазақстанның АҚШ -пен стратегиялық қарым-қатынасы мұнан әрі қарай да жалғасатыны анық болғаннан соң, ендігі кезекте ресейлік саясаткерлерге АҚШ ұсынған бітімгерлік жолға түсудің тиімді екендігіне сендіріп бағу керек...
***
Украина қарулы қақтығыстан қатты қансырағаны анық, ендігі жерде өр украин халқының ресейге дос көңілмен қарауы да қиялға сыймайтын дүние болмақ.

Мұнан былай Украина ғылыми-техникалық даму негізінде, заманауи қару-жарақтың түр-түрін шығарып, ресейлік "металл сынықтарынан" әлдеқайда қарымды да ақылды техникаға ие болатыны айдан анық.

Кеңес кезіндегі зымырандар мен ұшақтардың, тікұшақтардың қозғалтқыштарын украинада жасағанын еске ұстасақ, украиндықтар мұнан былай қаруланудың көкесін танытатыны сырт көзге де байқалатындай...

Оларға көмек үшін Батыстың қаржы-экономикалық машинасы жұмыс жасайтын болады. 

Ресейдің империялық амбициясын тоқтата алатын жалғыз украин әскері екенін түсінген батыс саясаткерлері, ендігі жерде украиндықтарға қаржылық және техникалық көмегін аямайтыны анық.

Осы жерде, Тоқаев Трамппен кездесе сала, Мәскеуге неге барды? - деген қисынды сұраққа оралсақ...

Ресейлік империялық дәуірдің аяқталғаны анық. Оған уақыт куә. Ол өлді.

"Өлтірсе де қу өлтірсінші"... дегендейін, бауыздау үшін аяқ-қолын жұмсақ арқанмен байлайтын дипломат керек боп отыр.

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


🫶 Басты
☿ Шежіре
👽 Технология
🛸 Арқамандық
💥 Блогтар
🌐 Әлем жаңалықтары
🛰 hi-tech
⭐ Қазақстан жаңалықтары
🎬 Кино, өнер
🎭 Шығарма
📡 Украина жаңалықтары
🌣 Билік
🏢 Технологиялық компаниялар
🥷 Әскер
☂ Халықаралық ұйымдар
🤵 Тұлғалар
🌍 Мемлекеттер
🗺 Жерлер

Жеке даму бағыты