Джим Керри (толық аты: Джеймс Юджин Керри) 1962 жылы 17 қаңтарда
Канададағы Ньюмаркет қаласында дүниеге келді. Ол қарапайым отбасында өсіп, жас кезінде үлкен қиындықтарға тап болды. Оның әкесі музыкант әрі бухгалтер болған, ал анасы үй шаруасымен айналысқан.
Отбасы материалдық қиындықтарды бастан кешірген, сондықтан Джим мектепте оқи жүріп, тазалықшы болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда, Голливудтың беделді комедиялық актері.
Фильмографиясы
Фильм атауы | Шыққан жылы | Кассалық жиын ($) |
---|---|---|
Маска (The Mask) | 1994 | 351,6 миллион |
Топас және онан әрмен (Dumb and Dumber) | 1994 | 247,3 миллион |
Құдыретті Брюс(Bruce Almighty) | 2003 | 484,6 миллион |
Эйс Вентура: Жануарлар детективі (Ace Ventura: Pet Detective) | 1994 | 107,2 миллион |
Труман шоуы (The Truman Show) | 1998 | 264,1 миллион |
***
Маска. 1994 жылы $351,6 млн касса көтерген. Керемет көрсеткіш
"Топас және онан әрмен" фильмінен кадр. $247,3 млн доллар касса көтеріп отыр
***
Жеке капиталы
2025 жылғы жағдай бойынша Джим Керридің жеке капиталы шамамен 180 миллион долларды құрайды. Оның табыстарының негізгі бөлігі фильмдерден, комедиялық шоулардан және басқа да жобалардан келеді.
Отбасы жағдайы
Джим Керри екі рет үйленген: оның алғашқы әйелі Мелисса Уомер, ал екіншісі Лорен Холли. Екі некесі де ажырасумен аяқталған. Оның Джейн атты бір қызы бар, ол да шығармашылық салада жұмыс істейді.
Эйс Вентура - жануарлар детективі фильмінен
Хоббиі
Джим Керри сурет салумен және мүсін жасаумен айналысады. Оның жұмыстары заманауи өнер көрмелерінде көрсетіліп тұрады. Сондай-ақ, ол йогамен және медитациямен шұғылданады, бұл оған рухани тепе-теңдік табуға көмектеседі.
Труман шоуы фильмінің постері. $264,1 млн. касса көтерген
***
Қазіргі тұратын жері
Джим Керри қазіргі уақытта АҚШ-тың Калифорния штатында тұрады. Ол табиғат аясындағы тыныштықты жақсы көреді және бос уақытын көбінесе шығармашылықпен өткізеді.