Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Оңтүстік Кореяның президенті Юнға импичмент жарияланды

Оңтүстік Корея парламенті президент Юнға импичмент жариялау

туралы заңды қабылдағаннан кейін, "Мен берілмеймін, Кореяның пайдасына жұмыс жасау үшін бір минут уақытым қалған болса да, оны ұтымды пайдаланамын" деді, ендігі жердегі экс-президент.

Телевизиялық үндеуінде экс-президент Юн өзінің импичментін өкінішпен қабыл алып, "Осы уақытқа дейінгі жұмсаған күш-жігерімнің зая кеткені өкінішті-ақ" деді.

Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры дегендей, Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы 2500 АҚШ доллары сомасындағы сөмкені сыйлыққа қабыл алғаны үшін ел халқы наразы болған тұғын.

Президент отбасы жемқорлыққа батқан деген аргументті ұстанатындар ұлғайып, соңы импичмент жариялау туралы мәселе көтеріле бастағаннан соң, бұрынғы президент Юн елде "Әскери жағдай" жариялаған болатын.

Әскери жағдай жариялайтын алғышарттар орын алмаса да, Юн оны "Солтүстік Корея агенттерінің төңкеріс жасау ықтималдығы жоғары. Солтүстік Кореялық агенттер бүлік жасауға оқталуда" деп ақталмақ болды.

Әскери жағдай жарияланғаннан соң, наразы халық парламент қабырғасына жан-жақтан жинала бастады, сонымен қатар 300 парламент депутатының 150-ден астамы әскери жағдайды алып тастауға дауыс беріп, әскери жағдай алып тасталынды.

Осы жағдайдың артын ала, президентке импичмент жариялау мәселесі көтеріле бастады. Діттегені болмай қалғаннан соң, экс-президент Юн, өзін ақтау мақсатында: "жаздым-жаңылдым" деп құтылмақ болған еді.

Президентке импичмент жаиялауға байланысты бірінші дауыс беру кезінде қажетті 300 ден 200 дауыс жиналмай қалды. Бұл жағдайға наразы болған халық, әрбір дауыс берген депутаттың атын-атап, түсін-түстеп, оларды қатал сынға алды.

 

Ендігі жерде импичментті қолдамаған әрбір депутаттың мандатын қайтарып алу мәселесі де қылаң бере бастаған болатын.

Халықтың наразылығынан қорыққан депутаттар ендігі жерде 300 дауыстан, импичментке қажетті 200 дауысты жинап, ақыры президент Юнды тақтан тайдырып тынды. 

Нағыз демократия деген осы болар?..

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты