АҚШ -тың сайланған президенті Дональд Трамп Панамадан мемлекетінен,
Панама каналындағы алымдарды азайтуды немесе оны АҚШ бақылауына қайтаруды талап етіп, орталық Америка еліне американдық кемелер «шамадан тыс бағалар» төлеп отыр деп айыптады.
«Панама алатын алымдар күлкілі, өте әділетсіз», - деді ол жексенбіде Аризонадағы қолдаушыларға.
«Біздің елімізді толығымен тонау дереу тоқтатылады», - деді ол келесі айда қызметке кіріскеніне сілтеме жасай отырып.
Хосе Рауль Мулино
Оның сөздері Панама президентінің жылдам реакциясын туғызды. Панама президенті, канал мен оның маңындағы аумақтың «әр шаршы метрі» өз еліне тиесілі екенін айтты.
Президент Хосе Рауль Мулино Панаманың егемендігі мен тәуелсіздігі талқылауға жатпайтыны қоса кетті.
Трамп өзінің 2024 жылғы сайлау науқанына айтарлықтай қолдау көрсеткен консервативті белсенділер тобының «Turning Point USA» жақтастарына түсініктеме берді.
Канада мен Мексиканы өзінің бір штаты ретінде қосып алам деп отырған Трамп үшін, Панаманы да бір штат ете салу қиынға түспейтін секілді...
Қалай дегенде АҚШ президенттігіне 20 қаңтардан бастап кірісетін Трамп, сыртқы саясатта көптеген өзгеріс алып келмек.
Соның ішінде Панама каналы арқылы өтетін АҚШ-қа тиесілі кемелерден алынатын төлемақының қымбаттығын атай келе, егер Панама үкіметі АҚШ кемелеріне төлемақыны азайтпаса, каналдың АҚШ қолына тез әрі күмәнсіз өтіп кететінін айтты.
Панама каналының ұзақтығы 82 шақырым. Ол 20 ғасырдың басында салынған. Бастапқы кезде каналды басқару АҚШ қолында болады. 1977 жылға дейін канал АҚШ-тың толық қарамағында болып, тек 1990 жылдан кейін ғана Панама үкіметіне табысталған болатын.
Канал арқылы жылына 14 000 шамасында кемелер өтеді. Соның ішінде автомобильдер, табиғи газ және басқа да жүктерді тасымалдайтын контейнерлік кемелер мен әскери кемелер де бар.
Панама сияқты, сайланған президент Трамп Канада мен Мексиканы да әділетсіз сауда әріптесі деп атады. Ол Мексика президенті Клаудия Шейнбаумды «керемет әйел» деп атағанымен, АҚШ-қа есірткі мен иммигранттарға рұқсат берді деп айыптады.
Трамп өз сөзін мыңдаған адамның алдында елдегі консервативті белсенділердің ең үлкен жиналыстарының бірі - Turning Point жыл сайынғы конференциясында айтты.