Дулат руының атауы мен дулат құрамындағы тайпалардың құралуы

Дулат тайпасы ежелгі дәуірден-ақ пайда болып, саяси аренаға көтерілгені мәлім 

 

Бұл тайпа сипатында тарих атты ұлы көште жол шетіндегі күресінге ешқашанда лақтырылмаған және тағдыр талқыларының сан алуан иірімдерінде шаң жұтып, жоғалып қалмаған.

 

Аса мәртебелі ұлы Уақыт бұған куә. Тайпа қашанда тарихи оқиғалардың қалың ортасынан табылып, түрлі халықтардың қуатты әлеуетімен бәсекелестік танытқан

 

Қазірде де дулаттар сенімді түрде жасампаздық жолмен іс-әрекет жасап, тыныс-тіршілік етуде, қатарлары нығаюда. Бүгінгі елдегі демографиялық дүмпулер де дулат тайпасына қатысты екендігін атап айтқан жөн

 

Дулаттардың ұрпағы қазақ халқының ертеңгі келешегі мен игілігі бағытында табысты еңбек етуде

 

Екі жарым мың жылдай уақыт аралығында дулат тайпасы әртүрлі атауларға ие болды.

 

Олар:

- дула

- далу

- дулу

- дуло

- далуг

- дулуг

- тулак

- дуглы

- дулеб

- дулаб

- тулу

- джулұт

- джулат

- доллу

- доллат

- дуулат

- дулукат

- дулакат

- дуклат

- доглат

- дулат деген қалыпта әртүрлі фонетикалық өзгерістерге орай айтылды

 

Солай жазылды да. Әйтсе де, барша атаулардың мәнісі біреу ғана. Әртүрлі айтылып, жазылғанымен осы атаулар бір ғана тайпаны айқындайды, яғни, әрбір атаулар бір атаудың құрамдас бөліктері

 

Былайша айтқанда, Еуразияның ұлан-байтақ территориясында шашырап жатқан және әртүрлі халықтардың тілдік ерекшелігіне сай өзгерістерді бастан кешіп, уақытқа сәйкес жаңарып, жаңғырған

 

Әр халык дулат тайпасын өз үйлесімдігіне байланысты жазған, сол себепті атаулар да әркелкі болған. Бірқатар ғалымдар дулат тайпасы әртүрлі атаулармен белгілі болғанын атап айтады, бұның өзі ақиқатқа қадам жасауда байыпты әрекет болып отыр

 

Қазірде дулат атауын басшылыққа алған ортақ тарихи өлшем қабылданған. Бұл тарихи атаудың түрлі-түрлі айтылуы мен жазылуының сырын ашуда негізгі кілт екендігі мәлім.

 

Дулу, дуло, дуглат атаулары дулат тайпасының әртүрлі атаулары болғандығы қазірде дәлелдеуді қажет етпейді, өйткені бұның өзі тарихи аксиомаға айналды

 

Тіпті, қазақ мектептеріндегі 7-сынып оқушыларына мұндай түсініктеме берілген.

 

Қазақстандық бабалар энциклопедиясында («Тарих ата», «Ежелгі Қазақстан» Аруна. 2002 ж., 1546.) дулу тайпасы 5 рулы:

- Түркеш

- Қойлау

- Шимойын

- Ысты

- Жаныс екендігі атап айтылады

 

***

Дулат атауының әртүрлі айтылуы жөнінде ресейлік ғалым З.З.Мифтахов жақсы түсініктеме береді

 

«Поволжье аудандарына қоныс аударғаннан кейін дуло руы екі бөлікке бөлінді. Оның бір бөлігі Поволжьеде қалды, уақыт өте келе Синдтермен бірге Месопотамияға бағыт алды

 

Өзге бөлігі Имэнстермен (именковтер) бірге шығысқа қарай бет түзеп, Монғолия территориясында тұрақтап қалды

 

Оның аумағындағы өзенді имэндіктер Дуло деп атады. Қазірде бұл өзен Тола деген атауға ие

 

Соңыра Дуло руының осы бөлігі хундардың этножүйесіне еніп, дулаттар деп белгілі болды.

 

Б.э. II ғасырында қытайлықтардың тегеурінімен дулаттар Шығыс Тяньшанның солтүстік етегіндегі аудандарға қоныс аударды.

 

164 жылдар шамасында дулаттардың неғұрлым күшті бөлігі солтүстік хундардың басқа руларымен бірге батыска, солтүстік Кангюйге көш түзеді

 

Дулаттардың әлжуаз бөлігі өздеріне туыстас адбан (атбан) және суан, сондай-ак жалпы атауы жалайыр деп аталатын шыккан тегі әртүрлі рулар бірлестігімен бірге қалды

 

Тарбағатай (Таштау) және орта Тяньшан арасындағы территорияда олар қытай құжаттарындағы қайнаркөздерде Юебань деп аталатын мемлекетті құрады.

 

Уақыт өте келе дулат руы: ботпай, шымыр, сиқым және жаныс деген үлкен тайпаға айналды

 

 

V ғасырдың соңында Юебанға гаогюйлер басып кірді. Дулат тайпасының бір бөлігі, соның ішінде ботпай руының бір тобы Солтүстік Кавказ бен Азов маңына кетті

 

Биік арбаның Есік мұражайындағы нұсқасы

Қалған бөлігі бұрынғы территориясында қалып, гаогюйлерге (аудармасы: «биік арба», осынау түркітілді халықты қытайлықтар осылай атаған) өздерінің тәуелділігін мойындаған

***

Тайпаның осы бөлігі тулу атауымен белгілі. Түркілердің қысымымен тукю гаогюйлер Юебаньнан Селенга өзені мағына қоныс аударады. Тулу (дулаттар) Юебаньда қалады

 

VII ғасырда Юебанның бес батыс-түрік аймағы дулаттардың аймағы (аудандары) болатын. Олар Түркі-түкю руына жақын түркеш және кергеш руларымен біргелікте ғұмыр кешті. XIX ғасырда түргештер мен кергештер черневтік татарлар құрамында болды

 

Черневтік татарлар қазіргі Алтайда Телец көлі мен Катунь өзені аралығында өмір сүрді. Черневтік татарларды (йыш-кіші) алтайлықтар туба деп атайды...

 

Азов теңізі маңайына ежелгі Дулат тайпасының қоныс аударуы

Батысқа бет алған дулаттардың бір бөлігі шығыс Азов маңына тұрақтады. 574 жылға таяу батыс хундар тайпасының басына дулу (дулат) руы келеді

 

Осы ру 544 жыл бойы билік басында болды: бастапқыда солтүстік хундар арасында, содан кейін Юебаньда, соңына Азов маңы және Қара теңіз бұлғарлары ішінде, ең ақырында Дунай бұлғарларына билік жүргізді

 

 

Бұлғарлардың көптеген даңкты билеушілері дәл осы рудан еді»

(З.З.Мифтахов. Татар халқының тарихы бойынша лекциялар курсы, 2-лекция). ҺЦр://гц8§еп02.һ1.ги/Ви1§о- Ьесіог/СопіехіЗ .һіт

 

Ғұндардың этножүйесіне дулаттардың арғы ата- бабалары үйсіндердің кіргенін айта кеткен жөн

***

Дулат тайпасы ежелдегі қуатты этникалық құрылыс сипатында ғұндардың этножүйесіне ғана енбей, сонымен қатар:

- түркі

- бұлғар

- славян

- угро-фин

- солтүстік кавказ

- иран

- герман

- роман

- монғол

- маньчжур

- қытай

- қырғыз

- әзірбайжан

- түркмен

- қазақ этножүйесіне кірген.

***

Тайпа өкілдері Азия және Еуропа халықтарының баршасымен шын мәнінде туыстасып кеткен. Бұл үдеріске сонымен бірге патша әулетінің, Азия және Еуропа халықтарының билеушілері мен игі жақсыларының едәуір бөлігі дулат тайпасынан шыққандар болатын

Көне түркі тайпасының ханшайымдары

Олар:

- Аттила

- Кубрат

- Аспарух

- ¥лы Бұлғарияның барша хандары

- Ежелгі Русьтің ұлы князьдары мен патшалары

- Еділ Бұлғарларының

- хазарлардың

- аварлардың

- солтүстік кавказдық халықтардың

- Венгрия мен бірқатар еуропалық мемлекеттердің хандары мен билеушілері,

- Түркі қағанатының қағандары

- бірқатар азиялық елдердің әмірлері

- тіпті, қият-бөржігін руынан шыққан Шыңғысхан әулеті мен

- барлас Темір әулеті.

 

Ежелгі дәуірлерде-ақ дулаттар:

- Хуанхэден Сена мен Рейнге дейін

- Солтүстік Мұзды мұхит пен Үндістан

- Иран алқабы мен Жерорта теңізіне дейінгі орасан зор ұлан-байтақ кеңістікті иемденді

***

Жауынгер және көпсанды тайпа көптеген тайпалар мен халықтар ортасында үстемдік етуші билікті өздеріне камтамасыз етті

 

Ендігіде Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігінде қоныстанған барша дулаттардың өзара байланысын ортақ белгілеріне қарап табу қажет

 

Осы орайда бірінші кезекте айтарлықтай қалыптасқан мәнге ие таңбаларына (белгілерге) назар аударалық

 

Ежелгі дулаттар өздерінің арғы ата-бабалары үйсіндердің таңбаларын пайдаланған

 

Таңбалары мынадай төмендегідей пішінге ие болатын

Үйсіндерден алынған Дулат таңбасы

 

Осы орайда Шәкәрім Құдайбердіұлы былай деп жазады:

 

Шыңғысханды ұлы қаған етіп сайлағанда ол әрбір бекке (басшыға) сол руының төмендегідей айрықша белгілерін тапсырды: жауынгерлік ұран, құс, ағаш және таңба.

¥лы жүздің үйсін руынан шыққан Майқы биге тап сол сәттен бастап сенің ұраның - салауат, құсың - бүркіт, ағашың - қараағаш, таңбаң - сүргі деп айтқан. Таңбасы былайша (жоғарыдағы суретте) немесе Ш белгіленеді

 

(Ш.Құдайбердіұлы. Түркі, қырғыз, қазақ және хандар әулетінің шежіресі. Алматы, 1990 ж. 21-22-беттер)

 

Шыңғысхан бекіткен сол таңбаны үйсіндер мен дулаттар бұдан бұрын көптеген жүзжылдықтар бойы пайдаланған

 

Болгар ғалымы Васил Томов ¥лы Киев князьдарының өздері иеленген 64 белгісі мен ежелгі болгарлардың 31 белгісін зерттеп, олардың біртектілігіне назар аударды һир://пе\у.сһгопо1о£Іа.ог£/Штоу/1:отоү.рһр

 

Егерде Васил Томов тарапынан ұсынылған белгілерді (таңбаларды) салыстырғанда, онда олардың дулат - үйсіндердің таңбаларымен ұқсастығын байқауға болады

****

Үн қатпаған белгілер еуропалық және азиялык дулаттардың туыстығы туралы анық аңғартқандай ұғынылады

 

Дунай болгарларындағы (бұлғар) Үйсін белгілері

Дунай болгарларында біршама өзгеше мынадай (жоғарыдағы) таңба ұшырасады. Біз осы таңбадан жеті сызықты байқаймыз

 

Таңбадағы төменгі тік сызықтар болмағанда, онда бұл таңба дулаттарға тиесілі болатын, ал қосымша екі тік сызықтар 7 славян тайпаларының конфедерациясы

 

Таңбалардың мәні болгарларға да, славяндарға да түсінікті болатын

 

Дулаттардың арасындағы ежелдегі екітісті таңба

 

Дулат тайпасының үштісті таңбалары

Екі тісті таңбаларды, сондай-ақ үш тісті таңбаларды: дулаттар кең қолданған

Мұндай таңбалар Азия мен Еуропаның әртүрлі түкпірлерінде көптеп саналған

***

 

Біршама кейінірек кезеңдерде дулат тайпасы өзінің жекеменшік таңбасына ие болды

 

Дулаттардың рулық таңбасы

 

Ол күн пішінді шеңберді (жоғарыдағы сурет) құрады

 

Таңба тайпаның ежелгі заманнан бері келе жатқанын ғана емес, Тәңірге табынуды да меңзейтін

 

Шетсіз, шексіз ғаламшар секілді, күнге табыну тәңіршілдіктің басты сипаттарының бірі еді

 

Бұл белгі - патшалық биліктің символы

 

Үйсіндер мен дулаттар өз тақсырын Күніміздің биі (Күнби) деп атаған

 

Қытайда өздерінің билік иелерін Аспан астын билеушілер десе, Үйсіндер мен Дулаттар өз басшыларын өте жоғары бағалап, оларды Күнге теңеген

 

Дулаттар бірінші және екінші таңбамен жиі пайдаланған

 

Дулаттардың үшінші бір таңба түрі

Таңбаның үшінші түрі — (жоғарыдағы суретте) белгісін де тайпа өкілдері колдана білген

 

Таңбаның пайда болу уақыты біздерге беймәлім. Бәлкім, бұл таңба үйсіндер мен дулаттар одағының белгісі болса керек

***

Грумм-Гржимайло дулу тайпасының өкілдері руластарын жерлеу орындарында таңбалы тастарды қоятынын атап айтады

 

Талдықорғанның солтүстік- батыс бөлігінде Дауылбай тауында дулаттардың дөңгелек пішінді және үйсіндердің шаш тарағыш үлгісінде (төңкерілген үш тісті) таңбалар жиі кездеседі

 

(«Алаш айнасы» ғаламтор газеті) немесе Кәрім Бәтішүлы «Айқап» журналы, 1911 ж. №1. ҺПр ://а1а8һаіпа8у.кх/8һе2һіге/8һе)ге—сіиі аі-гиу і -5 3 5 5/

 

Бүл ақпарат дулу және дулат тайпасы бір тайпа екендігін растайды

 

Дулат-үйсіндер хандардың айрықша белгісі бүркіт сияқты таңбаны қолданғанды мәртебе санаған

 

Бүлғар ханы Аспарухтың (Запорожье қаласы маңы) зиратын ақтарған кезде адамдар көптеген табылған заттар арасынан күміс бүркіт түлғасын яғни хандық билік белгісін тапқан

 

Кейінірек қос басты бүркіт Ресей мемлекетінің патшалық әулеті мен қазіргі Ресей елінің елтаңбасына енді

***

Біздің көзқарасымыз бойынша, бір басты бүркіт - бұлар орыстар (славяндар), ал екінші - бұлғарлар

***

Сөйтіп, біз тағы да таңбалық байланыстарды байқаймыз. Ежелгі азиялық және еуропалық дулаттардың бірлігі діни наным-сенімдерде де аңғарылады

***

Мәселен, ежелгі Еділ бұлғарлары, дунай болгарлары, славяндар мен дулаттар бір ғана тәңіршілдік сенім мен нанымды уағыздаған

 

Олардың бәрі де бір ғана нәрсеге, табиғат стихиялары мен табиғат құбылыстарына бас иген, табынған

***

 

Ресейде тәңіршілдік наным мен сенімді пұтқа табыну деп қабылданған

 

Дулаттар, үйсіндер, славяндар болғарлар, фин-угор тайпалары тотемге (хайуандар мен өсімдіктер) табынушылықты қолдаған, қуаттаған

***

Мәселен, түріктердің, үйсіндердің, дулаттардың бөржігіндердін, бұлғарлардың табынатыны қасқыр (көкбөрі) болған. Олардың аңыздарына қарағанда, қасқыр (көкбөрі) олардың бастапқы ата-бабаларын аман сақтап қалған

Қасқыр тотемі. Көкбөрінің рухы

***

Халық арасына кеңінен мәлім орыс ертегісінде сұр қасқыр Иван-ханзадаға және оның қалыңдығына көмек береді, пана болады. Бұл қасқыр - орыс ханшайымын құтқарушы

 

Осынау қасқыр үйсіндер мен дулаттардың Көк бөрісінің жақын бір түрі. Бірі славяндық ортаға қасқыр басты кейіпкер болған сюжетті ендірсе, екіншісі өз кезегінде аңыздарда қайырымды хайуанды бейнелейд

 

Әсіресе, түркі және славян халықтарында жыртқыш аңдар: арыстан, қасқыр, аю, жолбарыс және қыран құстар: бүркіт, сұңқар аса үлкен құрметке ие...

***

Қазақстарда Қоянбай, Түлкібай атты есімдер де баршылық. Орыстарда жан түршігерлік және қорқынышты ертегі кейіпкерлері сипатында Жылан-Қайғы, ал қазақтарда Айдаһар, бұлғарларда — қанатты және аждаһа құйрықты Бараж басты бейнелер дей аламыз

 

Түріктер мен қазақтар әрдайым жылқыны құрмет тұтып, қадірлеген. Қазақтар арасында Жылқыбай, Құлыншақ есімдерінің ұшырасуы тектен-текке емес.

 

Тотемдік сенімді ұлықтау қатарында Сұңқар ерекше орын алады. Мәселен, Ежелгі Русьтегі ұлы князьдік әулеттің негізін қалаған тұлғаның есімі Лашын аталған, яғни, Ежелгі Киев Русін Рюриковичтер емес, Лачиновичтер билеген

 

Келесі тарауларда Рюрик атауы мүлдем болмағандығы жайлы айтамыз

 

Бұл қасақана адастырылған деректер...

 

Осынау қасиеті мол құстың бейнесі шабыттанған немесе қуанған кезде сөздік айналымға емін-еркін еніп отырған

***

Бұл есімдер мен тектердің бәрі де тәңіршілдіктің заңды жаңғырығы және басын ақ шалған көне заман тарихымен тығыз байланыстың айқын көрінісі.

***

Ежелгі дулаттар қай жерде жүрмесін, олардың бәрін дерлік баршасына ортақ басты өзек бір-біріне байланыстырған, жалғастырған

 

Шынында да, дулаттар көне халықтар ма?

Дулу, дуло, дуглат бір тайпа ма?

Ия, дулаттар тарихи аренаға көне дәуірлерде-ақ шыққан

 

Дулу, дуло, дуглат және дулат бір және сол тайпаның әр кезеңдердегі жалғыз атауы

***

Бұлғарлардың табынатыны қасқыр (көкбөрі) болған. Олардың аңыздарына қарағанда, қасқыр (көкбөрі) олардың бастапқы ата-бабаларын аман сақтап қалған