Жапондықтар мен корейлер өздерінің ежелгі түп тамырын Алтай мен Оңтүстік Сібірден іздейді. Алғашқылары өздерінің отанын Күн шығыс елі деп атаса, екіншілері Таң шапағы елі дейді
Жапондықтардың наным-сенімдерінде синтоизм (табиғатқа, ата-бабалар рухына табыну) үстемдікк етсе, қазақтардың тәңір сенімімен көптеген ортақ ұқсастықтары бар
Мүмкін, олар оздерінің шығу тарихын ежелгі үйсіндердің тарихынан іздеп коруі дұрыс-та шығар
Сонымен, жоғарыда айтылған ой-пікірлерімізді А.П.Окладниковтың сөзімен түйінделік:
«Ежелгі түркілік Сібір Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста сияқты... Оның мәдениеті бұрын ойлағанымыздан гөрі анағүрлым байырақ және анығырақ болып шықты
Байкал жағалауларында, Аңғар мен Ленада Шығыс пен Батыстың ежелгі мәдениетінің жолдары табысып, ажыраса берген, сол уақытпен салыстырғанда қуатты әрі өзіндік мәдени ошақтар өмір сүрген, бұны есепке алмаса, Еуразия тарихы түгелдей әрі толық түсінікті болмайды
Табылған заттарға зер сала қарасақ, біздер ... Прибалтикада ... осынау байланыстардың Дон мен Дунайға қарай жетелейтінін аңғарамыз»
(М.Аджидің «Азиялық Еуропа» кітабынан)
Шамамен б.э.д. I мыңжылдықтың ортасында үйсіндердің бір бөлігі Моңғолияға қоныс аударды, сол жактан ғұндардың ізімен іле-шала Қытайдың шекарасына жақындады
Ғұндар Ордосты мекендеп тұрактады, ал үйсіндер Нянь-Шань тауы етегін қоныстанды
Шаньюй Мөденің кезінде үйсіндер бастапқыда Ғұн мемлекеті құрамына енді, содан кейін Нянь-Шаньнан Жетісуға қоныс аударды. Мұнда олар сақ-тиграхаудтарды бағындырды
Сақтардың басым бөлігі үйсіндердің құрамына енді, ал қалғандары Батысқа қарай қашып, бой тасалады
Мөденің билеген кезінен бастап, үйсіндер қытайдың жазба көздерінде әрдайым аталады
Сол кезден бері ақпараттық тұрғыда танымалдығының арта түсуі мейлінше күшейеді
Жетісуда үйсіндер күшті және мықты мемлекет қүрды. Олардың билеушілері барша тайпалар мен руларды бір күшке біріктіре алды
Олар бір мезетте бірнеше ондаған мың ержүрек садақшылардың басын қосуға қабілет-қарымдары жетті. Кейініректе қытай дипломаттары 188 800 жауынгері бар үйсіндердің әлеуеті күшті қуатын бағалай білді
(Википедия. Усунь)
Мемлекеттің орталығы болып Ыстықкөл көлінен оншалықты ұзақ орналаспаған Чигу (Чугучен) белгіленді
Үйсін елі - ежелдегі тиімді мемлекеттік қүрылымдардың бірі. Елдің артықшылығы орнықты және едәуір дәрежеде этникалық тұрғыда біркелкі болуымен ерекшеленді
Үйсін елінің дипломатиясы табыстылығымен және жүзеге асырылған жұмыстардың жемісті атқарылуымен айшықталды
Саяси ауқымда үйсіндер ұзақ ғасырлар бойы сақтар, ғұндар, қытайлар және қаңлылармен ойдағыдай қарым-қатынас орнатып, терезесі тең ел-жұрт екендігін мойындатты
Үйсін елінің қуаты мен күшінің өте айқын болғандығы соншама, қытай үкіметі оның бүкіл әлеуетін зер сала зерттеп, онымен белсенді түрде әрі жан-жақты келісімдер жүргізуді жүзеге асыра бастады
Екі мемлекет арасында сауда-саттық жолға қойылды. Үйсін еліне жібек маталар жөнелтілді, өзге де асыл бұйымдар,
қымбат заттар, қолөнер бүйымдары сауда айналымына түсті
Қытай ханшайымдары үйсін билеушілеріне күйеуге шығуды үдеріске ендірді және мемлекеттің ішкі саясатына сергек араласуға білек сыбана кірісті
"Қытайлықтардың жазуынша үйсіндер орта бойлы, көк көзді және сары шашты болатын..."
Үйсіндіктер сыртқы келбетімен Батыс өлкесіндегі өзге шетелдіктерден мүлдем ерекшеленетін...
... Сондай-ақ үйсіндер біздерге сақтармен және үйеші халқымен араласқан халық ретінде белгілі. Бүл палеоантропологиямен расталады. Кейбір табылған бас қаңқалары жерорталық, сонымен бірге памир-ферғана нәсіліне жатады...
... Осынау зерттеулердің жалғыз ғана дәлелі болып, қытайлық комментатор VII Янь Шу-гудің үйсіндердің дене пішіні болмысының еуропеидтігі туралы айтқан сөзі негіз болды»
(Википедия. Үйсін)
Үйсіндерде бас қаңқасының Жерорта теңізі түрғындарына тән пішіні қайдан келген?
Имендіктер, яғни үйсіндердің ата-бабалары Месопотамияда, содан соң Кіші Азияда және Жерорта теңізі аумағында ғұмыр кешті, бертін келе Оңтүстік Сібір мен Жетісуға қоныс аударды.
Ежелгі үйсіндердің этникалық тегі қандай? - деген сауал әрбір көкейде жүргендігі мәлім
«Қазіргі заманғы қазақстандық зерттеушілер олардың түркілік бастау көзіне талап қоюымен ерекшеленеді, егерде қазақ халқы арасында іргелі түркі рулары үйсіндер мен қаңлылардың бар екендігін есепке алсақ, мұндай болжамның негізді екендігіне еш шүбә жоқ, дәл осындай ой-пікірді синолог (қытайтанушы) ғалымдар:
Ф.Хирт
О.Франке
И.Маркварт және жекелей алғанда
П.Пелльо
сондай-ақ көрнекті тарихшы және түркі халықтарының этнографы Н.А.Аристов
қытайлық Цянь Ханьшу әулетінің тарихында үйсіндердің кейбір лауазымдары мең есімдерін жіктеп түсіндірген
жапон ғалымы К.Ситори қолдап-қуаттауда»
(Википедия. Үйсін)
Сақтар мен ғүндар - бұлар үйсіндерге жақын туыстас тайпалар, олардың өзара ортақ тамыры бар. Бұл көптеген тарихи материалдармен расталуда
Көрнекті ғалым Литвинский өзінің мақалаларының бірінде сақтар мен үйсіндерді бір халық сипатында көрсеткен
(Литвинский. 1967-1977 жылдар. Кеңес ғалымдарының Орта Азияның ежелгі халықтарының тарихын зерттеулері. Археологиялықтезистер. №3-4)
Алматы және Павлодар облыстарындағы сақтар қорғанында түркі тілінде жазылған белгілер табылған
(С.Жолдасбаев. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы. 2012 ж. 43-бет)
Біріншіден, бүл түркі жазуларының ежелден-ақ б.э.д. V ғасырда пайда болғандығын және оны сақтардың қолданғанын меңзейді
Екіншіден, олардың, сақтар мен үйсіндердің, өзара түркілік бірлігін және байланысын айқындайды
Екі халықтың байланыста және тығыз қарым-қатынаста болғандығы олардың мәдениетінде, салт-дәстүрлерінде, тұрмысы мен шаруашылықты жүргізудегі ұқсастықтардан байқалады
Үйсіндер ғұндармен жақсы қарым-қатынас орната алды. Айтпақшы, Ғұн мемлекеті айтарлықтай ала-құла және әр текті халықтардан құралды
Қытайдың жазбаша көздерінде ғұндардың 24 тайпадан құралғандығы және құрамында өздеріне бағынған көптеген рулардың бар екендігі айтылады. Көп тайпалық және көп рулық құрылым мемлекеттік құрылым үшін игілікті болып табылмайды
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Әлібек Асқаров ғұндардың генетикасын зерттеп, олардың
- керей
- уақ және
- сіргелі рулары өкілдерінің гендерімен ортақ екендігін анықтады деп хабарлайды
Арийліктер мен ғұндардың гендері туыстық мәнге ие. Андроновтардың гендері қазақ руындағы табындардың бойынан табылған.
(«Президент және халық» газеті. 30 шілде 2015 жыл)
Ал табындар - үйсіндердің ұрпақтары
Мұндай деректер ғұндардың, сонымен бірге қазақтардың құрамдас бір бөлігі болып табылатындығын нұсқайды. Олардың үйсіндермен туыстығы ешқандай күмән тудырмайды
Даваньдағы қытай елшісі Чжань Цянь үйсіндердің салт-дәстүр бойынша ғұндармен ұқсас екендігін тапқан
(Википедия. Үйсін)
Үйсіндер мен ғұндар билеушілерінің ортақ түп тамыры болған. Сол кезде-ақ әулеттік үлкендік жасау құқы үйсіндердің күнбилеріне берілген
Мәселен, қытай деректерінде ғұнның билеушілері ең құрметті орынға үйсін елшілерін отырғызғандығы жөнінде айтады. Аспанасты елінің өкілдері құрмет танытудың осы деңгейінде төмендеу орындарды иеленген
Ұлы Далада ғасырлар бойында үлкендік дәстүрі басты назарда қадағаланып сақталған. Дәл сондай қытай жазба көздерінде ғұндардың билеушісі Мөде үйсін билеушісінің ұлын тәрбиелеп, қамқорлық көрсеткен, содан кейін оған үйсін халқын басқаруға көмек қолын созған
Бөтендерге мұндай қамқорлық жасалмайды