АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Иуан патшалығы

Құбылай ханның Қытай елінде ір гесін қалап, құрған мемлекеті Юань патшалығы деп аталды.

 


1259 жылы Мөңке қайтыс болғанда ұлы қағанның тағына мұрагерлері Құбылай мен Арық-Бұға таласады. 1260 жылы Құбылай қол астындағы әскербасылары мен ақсүйектерді жинап, кұрылтай шақырып, өзін сол жерде қаған деп жариялайды. 

Осы кезде Қарақорымда да шұғыл құрылтай өтіп, оның халқы Арық-Бұғаны ұлы қаған тағына отырғызады. Ендігі жерде бақталас екі қаған арасында төрт жылға созылған қырқыс болып, оның соңы Арық-Бұғаның әлсіреп, жеңілуімен аяқталады. 

Бұдан соң батыс беттегі ұлыстар өз алдына бөлектеніп шығып, Құбылайға бағынбайтын дәрежеге жетеді.


Жеңіске жетіп, күшейе түскен Құбылай Қытайдың оңтүстік аудандарын біртіндеп бағындыруға кіріседі. Сун әулеті бүкіл елді қарсы біріктіріп, күреске көтере алмайды. 

Моңғол әскері 1276 жылы оның астанасы - Ханчжоу қаласын алады. Бүкіл Қытай елі 1279 жылы оның толық қарауына көшеді.


1267 жылдан бастап Құбылай хан Чжуңду қаласын астана жасаған болатын. Оны халық сол кезде «¥лы астана» деп атады (қазіргі Пекин). 

1271 жылдан бастап Құбылай өз әулетіне қытайша «Юань» (мағынасы «бастама») атауын берді. 

Ол қытай шенеуніктеріне тікелей тапсырып, екі жылда әзірлеп жасаған басқару жүйесінің жобасын 1471 жылы өмірге енгізеді. 

Ол бойынша барлық билік қағанға тиесілі болып белгіленді. Одан кейін жоғары басқару сатысында үш мемлекеттік кеңесші - «үш гун» отырды.


Бүкіл Қытай аумағы он провинцияға бөлінді. Барлық ірі әкімшілік орындарға тек моңғолдар ғана тағайындала алатын еді. Ал жүз немесе елу үйдің басқарушы қызметіне жергілікті адамдар тартылды. 

Моңғол мемлекетінің әкімшілік жүйесіне жаңаша өзгерістер енгізе отырып, Құбылай тақ мұрагерін бүкіл Моңғолияны билеуге тікелей тағайындады. 


Яғни, Құбылай хан кезеңінен бастап ханзада билігінің басқару ауқымы кеңейтілді және нақтылана түсті. Мұрагерді алдын ала белгілеп қою хан билігін одан әрі тұрақтандырып, феодалдардың сайлауға белсене қатысуын қамтамасыз етті және сол арқылы феодалдық бытыраңқылықтың өріс алуына жол бермеді. 

Бұл қатаң жүйедегі тәртіп Юань патшалығының ақырына дейін сақталды. Әскерді ұйымдастыру ісі айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Құбылай Хан портреті
1294 жылы Құбылай хан қайтыс болады. Оның мұрагерлері Олджей- ту-Темір (1295 - 1305), Хайсан-Хулуг-хан (1307 - 1311), Аюрбарибаде (1311 - 1320) кезінде Моңғолия халқына тиесілі жеңілдіктер мен қолдау көмек беріліп отырды. 

Өйткені, жат жұртты күйзеліске ұшыратып, тек тонаушылықпен байып отырған моңғолдардың ішкі өндірістік күштері тоқырап, мүлдем дамымай қалған күйге жеткен еді.

1337 жылы Қытайда қысымға бұдан әрі шыдамаған халық көтерілісі басталып, 1368 жылы Пекиннен ел билеуші Тогон-Темірді қуып шығады. Юань әулетінің билік құру дәуірі осымен тәмамдалады.

No comments

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар

 


 

Жеке даму бағыты


Іздеу

Шипажайлар

Пікірлер

Байланыс