Дәулет, Қарқараның екінші баласы, ұлдары - Қасаболат, Майлыбай, Бөгенбай, Шынтемір, Жәнібек, Өтеген
***
Қарқараның кіші баласы Дәулет 1694 жылы, Зеңгі ата жерінде туды. Оған бөлінген жер осы өңірден тиген еді. Рыс інісінен 8 жас үлкен-тін. Ағасы мінезге бай, сабырлы, салиқалы жігіт болды, ал Дәулет ерке болып өсті. Ташкентте медресе бітіріп, Зеңгі атаға келді. Диқан өмірі қызықтырып, егіншілікпен айналысты, мал шаруашылығын дамытуға бағыт ұстады.
***
Зеңгі ата кесенесінің шебері Мұсақ ұстаның қызы Зарауқаға үйленді. Ауыл адамдарының қиыстырып айтуымен "Зарауқа" есімі Сарқанға айналып кетті. Дәулеттің кіші әйелі - Қоңыршат, өзге жақтан көшіп келген, Бекасыл диқанның қызы. Екі анадан да ұрпақ өніп-өрбіді.
***
Дәулет атасының шежіресін алғаш рет жазған Саржан Тасыбайұлы болатын. Дос би тарихын қағазға түсіріп, әулеттерді нақты мәліметтерге сүйеніп жіктеді. Оған Дәулет ұрпақтарын тіркеді.
***
Сол шежіре негізге алынып, үрім-бұтақтары өздеріне тән әулеттердің әйелдерін, ұл-қыздарын қосып, толықтырып отырды.
***
Тарихымызды қастерлеуші
- Шадырман Жүнісұлы
- Байғара Оспанұлы
- Молдалы Қоңыратбайұлы
- Сейдалы Әлімбекұлы
- Жүрсінбай Тезекбайұлы
- Ханиалы Үсіпұлы
- Мейірбек Қуандықұлы көне шежіре деректерін жинауға қолқабыс жасады. Олардың архивтерінде сақталып келген бабалар шежіресі жаңа кітапты жазуға көмек әрі негіз болды.
***
Дәулет ұрпағы 1858 жылы Шыршық, Тойтөбе, Зеңгі ата елді мекендерінен Шымкент облысындағы Түлкібас ауданына қарайтын Састөбе дөңінің астандағы Арыс сағасына тұрақты қоныс тепті. Негізінен осында ұрпаққ шашып, өсіп-өнді. Дәулеттің тек Шынтемір ұрпағы ғана Текебай каналының бойында ескі мекенде қалып қойды.
Ал Өтегеннен ұрпақ өрбіген жоқ.