Мобильді баннер 1
АрқамандықЕрқайысТоқшылық
Кушан патшалығы

Б.з. I - III ғасырлары аралығында Орта Азияда өмір сүрген мемлекеттердің бірі

- Кушан патшалығы. Ол дәуірлеп тұрған кезінде аумағы қазіргі Ауғанстан, Батыс Пәкістан, Солтүстік Үндістан, Шығыс Түркістан және Қырғызстан мен Өзбекстанның бір бөлігін қамтыған. 

Заманында Рим, Парфия, Хань мемлекеттерімен қатар қанат жайып, аса күшті мемлекет болғанына қарамастан, Кушан тарихының дәл хронологиясы әлі нақты анықталмаған. 

 

Мемлекеттің негізін салушылар - Шығыс Алтай, Жоңғария, Жетісу жерлерін мекендеген көшпелі иозы, тохар тайпалары. 

 

Олар шамамен б.з.б. 135 жылы (кейбір деректерде б.з.б. 128 жылы) ғұндар мен үйсіндердің ығыстыруымен Жетісудан ауып, Грек-Бактрия патшалығын жаулап алған.


Б.з.б. 95 - 70 жылдары ол бес жабғулыққа (иелікке) бөлінген. Б.з.б. 50 жылы Кушан жабғуы Куджула Кадфуз одан сайын күшейіп, қалған төртеуін өзіне бағындырып, Кушан патшалығын құрады. 

Қытай деректерінде патшалық «Даюечжи» (Ұлы иозы) деп аталады. Б.з.б. 24 - 25 жылдардан бастап Кушан ел билеушілері өздерін жабғу емес, махаража (ұлы патша) деп атаған. 

Ол Вима Кадфиз патша тұсында, әсіресе, Канишка мен оның ұлы Кувишка мемлекет басқарып тұрған кезде ерекше күшейді.


Патшалықтың халқы этникалық жағынан ала-құла болды. Дегенмен, негізгі тұрғындары Шығыс Иран тілдес тайпалар және түркілердің арғы аталары - ғұндар мен тохарлар еді.

Кушан патшалығының теңгелеріндегі таңба


Елде бірнеше дін (буддизм, зороастризм, индуизм, эллиндік наным-сенімдер) мен жазу (грек, арамей жазулары) қатар қолданылды. 

Археологиялық деректерге қарағанда, қазіргі Өзбекстан (Хорум), Тәжікстан (Солтүстік Бактрия), Ауғанстан (Баграм), Пәкістан (Такшл), т.б. аймақтарда оның өркендеген заманында қалалар дәуірлеп өсіп, ірі құрылыс жайлар салынған, суландыру жүйелері, қолөнер кәсіпшілігі дамыған. 

Қытай, Парфия, Риммен сауда және елшілік қарым-қатынастар жолға қойылған. Патшалық аумағы арқылы Қытайдың астанасынан Римге, Сирияға, Мысырға баратын Ұлы Жібек жолы өткен, сондай-ақ Рим мен Мысырдан Батыс Үндістан порттарына кеме қатынап, теңіз саудасы өркендеген.


Кушан патшалығы тұсында Үндістаннан келген буддизм діні Орта Азия мен Қиыр Шығысқа жетіп, тарай бастады және оның қайталанбас өнерінің кейбір үздік үлгілері пайда болды (мысалы, Будданы адам бейнесінде мүсіндеу алғаш рет сол кезеңнен көрініс береді).


Кушан патшалығы қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік-шығыс аймақтарымен тығыз байланыста болды. Канцзюй (қаңлы) мемлекетінің ел билеушілері Кушан патшаларының әулетімен құда-жекжаттық байланыста болған. 

Б.з.б. 78 - 84 жылдары қаңлылар оған қарсы көтеріліске шыққан Шығыс Түркістан иеліктеріне кенеттен шабуыл жасады. Патшалық Васудева патша (III ғасырдың аяғы) тұсында біртіндеп әлсірей берді

IV ғасырда ол жеке иеліктерге бөлініп, Сасан әулетінің ықпалында қалды. V ғасырдың ортасында озінің өмір сүруін тоқтатып, біржолата жойылып кетті.

 

 

 

  

 

No comments

Құтты жаңалықтар, құтты өмір

Аналитика, жаңалықтар, бағыттар


Басты бет
☘ Технология
Арқаман
Блогтар
Әлем жаңалықтары
hi-tech
Қазақстан жаңалықтары
Кино, өнер
Шығарма
Билік
Украина
Сирия
Оңтүстік Корея

Жеке даму бағыты